Берілген шығарманы талдау арқылы бірінші сынып оқушыларының домбырадағы музыкалық сауаттылығын арттыру

Сабақтың тақырыбы: Берілген шығарманы талдау арқылы бірінші сынып оқушысының музыкалық сауаттылығын арттыру.

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділігі: музыкалық сауаттылығын жетілдіру.

2. Дамытушылығы: Баланың есте сақтау қабілетін және домбыра ойнау шеберлігін шыңдау.

3. Тәрбиелігі: Елге деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттыққа баулу.

Сабақ түрі: Жаңа сабақ.

Көрнекілік: Домбыра, кесте, ноталар.

Барысы: I. Ұйымдастыру бөлімі.

- Сәлематсың ба?

II. Үй тапсырмасын тексеру:

- Үйге қандай тапсырма берілді. (күнделікті тексеру)

По дорози жук шығармасын алдымен жеке тексеріп, ойнату. Оның таза ойнауын және нота ырғақтарының дұрыс ойнауын қадағалау. Содан соң күйсандықтың сүйемелдеуімен бірге ойнау. Оң қолдың қағысына арналған жаттығуды тексеру.

Мысал келтіру: Білезік буынға байланысты. Оң қолдың қағысының еркін серпілтіп, ойнауын қадағалау. Содан соң үйге берілген Жастар биі күйін тексеру.

-күйдің авторы кім?

- дұрыс халық күйі.

- күй қалай орындалып тұр?

- көңілді, тез.

- шығарманы қай түрге жатқызамыз?

- дұрыс мажорлы, себебі күй көңілді орындалып тұр.

Күйдің бас жағын тез екінші жолын жай орындаған жағдайда оны дұрыстап, оған мысал келтіру, яғни күй ырғағы бұзылса, онда мазмұны бұзылатынын түсіндіру керек. Мысалы: тегіс жолдан қыратты жолға түсіп кеткен жағдай немесе жай жүрістен жылдам жүріске ауысу т. б.

- ырғақ (ритм) дегеніміз не, жалпы қалай түсінесің?

- мысалы жүректің соғысы, сағаттың тілі, жаяу бірқалыпты жүріс т. б. Кестеде нота ұзақтықтарын көрсету. Түсіндіріп болған соң, күйді берілген жерге дейін қайта ойнатып шығу. Оқушыға санатып ойнатқан жөн.

III. Жаңа сабақ.

Жастар биі күйінің жаңа буынын үйрену. Үйренбес бұрын нота ұзақтықтарын есептеп, қолмен шапалақтау. Содан соң, домбырада ноталардың орналасуын тауып алу қажет. Ол үшін кестені пайдаланамыз.

- бас бармақпен қандай нотаны басамыз?

- дұрыс соль нотасын.

- нешеге санап ойнау керек?

- екіге санап орындалады.

Кестеде көрсетілген ноталармен жұмыстану. Әр тактіге бөліп санап ойнатқызу.

- Енді үйренген буынды толық ойнап көрелік. ( пернені дұрыс, таза басуын және оң қол алыстарын қадағалау) .

- Күйдің өткен сабақта үйренген буынымен жаңа буынды бірге қосып орындаймыз. (Арасында пауза болмауын қадағалау) .

- Ал, енді күйді басынан бастап бүгінгі үйренген жерге дейін толық бір ойнап шығамыз.

- Біздің келесі үйренетін шығармамыз Г. Бренстің " этюді". Бұнда өлшем 2/4. Үш нота ұзақтығы; төрттік, сегіздік және он алтылық ноталары кездеседі.

- Алдымен санап қолымызбен шапалақтаймыз.

- Енді домбырамызды алып, бірінші тактаны асықпай санап шығарып көрелік. Оқушыға шығарманы екі-үш қайтара ойнату қажет. Орындау кезінде қол қойылымдарының дұрыс болуын, дыбысты таза, анық орындауын қадағалап отыру қажет. Сонымен бірге домыраның мойны төмен түспеуін, оң қол шынтағының домбыраның арт жағына жылжып кетпеуін қадағалап отырған жөн.

Жаңа сабақты қорыту:

- Бүгінгі үйренген жаңа буынның өткен сабақтардан қандай айырмашылықар бар?

- Ал қандай ұқсастықтар байқадың? Қағыстары өзгерді ме?

- Бүгінгі бастап үйренген "этюдтің" авторы кім?

Бүгінгі үй тапсырмасына байланысты оқушыны бағалау.

Үйге тапсырма беру: Бүгінгі өткен жаңа буынды асықпай санап, таза, анық орындап келу. Этюдтің бірінші екі тактасын қарап келу.

Сабақ аяқталды сау бол.

Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы

Дарынды балаларға арналған мамандандырылған С. Сейфуллин атындағы №11 облыстық

қазақ мектеп-интернат кешенінің

өнер бөлімі мұғалімі

Қаратаев Ерлан Мәлікұлы


Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларының жазу сауаттылығын арттыру: мониторинг, қатені саралау және пәнаралық тәсілдер
Диалогтық оқыту арқылы бастауыш сынып оқушыларының белсенділігін арттыру
Ойын арқылы бастауыш сынып оқушыларының қызығушылығын арттыру әдістемесі
Бірінші сынып оқушыларының Әліппемен қоштасу салтанаты
Жаңа технологиялар мен ойындық тапсырмаларды енгізу арқылы бастауыш сынып оқушыларының білім сапасын арттыру
Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту: ұлттық іс-қимыл жоспары мен педагогикалық әдістер
Қазақстанда бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту: TIMSS және Ұлттық жоспар аясындағы әдістемелік негіздер
Қашықтықтан оқытуда бастауыш сынып оқушыларының оқу ынтасын арттыру әдістері
PIRLS-2016 мен 2011-2020 жылғы Мемлекеттік бағдарлама аясында бастауыш сынып оқушыларының оқу сауаттылығын дамыту: әдістемелік-шығармашылық тәжірибе
Ата-аналардың педагогикалық-психологиялық сауаттылығын арттыру: баланы оқып-жазуға дайындау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz