Сабақ жоспары :: Қазақ тілі
Файл қосу
Тақырып - Жұрнақ пен жалғау
Күні:25.01.2016 жыл
Сабақтың тақырыбы: Жұрнақ пен жалғау. 292-296 жаттығу
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларға қосымшалардың қызметтері әр түрлі болатыны туралы түсінік бере отырып, олардың қызметіне қарай жұрнақ және жалғау бөлінетіні туралы түсінік беру.
2. Қисынды ойлау, алған білім , білік, дағдыны қолдану дағдыларын дамыту. Сөз, сөздердің жазылу емлесі туралы алған білімдерін дамыту.
3. Еркін сөйлеуге, бір-бірін сыйлауға, үлкендерге құрмет көрсете білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: кесте, суреттер, сөзжұмбақ, слайд, видео
Сабақтың әдіс-тәсілдері: суретпен жұмыс, әңгімелесу, сұрақ-жауап, ойын, талдау, жинақтау.
Түрі: дүниетану, ана тілі
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі.
-Сабаққа назарын аудару
-Кезекші мәліметі
Психологиялық дайындық.
Сыныпта біздің тыныштық,
Естілмейді дыбыс түк
Мұны біз де қоштаймыз
Кешіккенді тоспаймыз
Күнделікті қызықты
Кезекті сабағымызды бастаймыз.
Балалар, саяхатқа шыққыларың келе ме? Олай болса, мына мультфильмге назар аударайық. <<Ғажайыпстанға саяхатқа>> шығамыз. Саяхатқа шыға отырып біз әртүрлі елдерге барамыз. Алдымен <<Бәрін білгім келеді>> еліне барайық. Оған бару үшін мына тұрған табиғат денелеріне тоқталамыз. Күннің тапсырмасын орындайық. Ол үйге берілген 291 - жаттығуды орындау.
- Балалар біздің өткен тақырыптарымыз қосымша, жұрнақ, жалғау тақырыптары.
- Жақсы, балалар, олай болса барлығымыз қане есімізге алып жіберейікші - түбір сөз, қосымша, жұрнақ, жалғау дегеніміз не екен?
Ережелер айтылады.Енді, балалар, барлығымыз ережелерді есімізге түсіріп <<Бәрін білгім келеді>> еліне жеттік. Атаймен бірге ойын ойнайық. <<Ұйқасын тап>> ойыны.
Үй, үйлер, үйшік Дәрі, дәрілер, дәрігер балық, балықшы
Әрі қарай саяхатымызды жалғастырамыз.
Жаңа сабақ. Жаттығу жұмысы.
Келесі айдың тапсырмасын орындайық. Бұл тапсырманы орындасақ <<Білімпаз атаның>> еліне барамыз.
292- жаттығуға қарайық. - Мәтінді мәнерлеп оқып, қарамен жазылған сөздердің жұрнағы мен жалғауын ажырату керек.
- Сиырдың, саздан, балшық, ойыншық, күзетші, күзекке, досы, баласы. (тақтаға орындату)
Шоқан Уәлиханов туралы қысқаша айтып өту, суретін көрсету.
Шоқан Уалиханов - ұлы ағартушы - демократ, қазақтың ғұлама ғалымы, шығыстанушы, тарихшы, Этнограф, фольклорист Шоқан Шыңғысұлы Уалиханов қазақ мәдениеті мен әдебиетінің тарихында ерекше орын алады. Аса дарынды қазақ халқының ғалымы және ағартушының өмірі мен қызметі ерекше таң қалдырады. Өзінің қысқа өмірінің ішінде ғылым саласында орасан зор табыстары сол кездегі өзінің орыс достары мен жолдастарын, орыс ғалымдарын таң қалдырды.
Міне, біз <<Білімпаз атаның>> еліне келдік.
- Енді, балалар, біз Елдостың тапсырмасын орындайық. Елдос екі қатарға тапсырма берген ребусты шешу, яғни 294 - 296 жаттығуларды орындау.
- Балықшы сөзі. Балықшының ауына көп балықтар түсті.
- Татулық сөзі. Әңгіме құрау.
Менің өте тату, бақытты отбасым бар. Біздің үйде әкем , анам , апам , мен бәріміз бір-бірімізге көмектесеміз. Мен күн сайын әкеме көмектесемін. Анама апам күн сайын ыдыс жуып көмек береді. Кешке таман бәріміз дастархан басында жиналамыз. Әңгіме, көрген-білгенімізді айтып көңілді отырамыз. Біз тату отбасымыз.
Балалар келесі баратын еліміздің аты <<Мен әдепті баламын>> елі. Бәріміз бірге серігіп алайық.
Сергіту сәті:
Балалар біз енді келесі елге аттанамыз ол үшін жұлдыздың тапсырмасын орындасақ. <<Ғажайып бақ>> еліне жетеміз.
295-жаттығуды ойын түрінде өткізейік. Оқушылар, осы қай мезгіл?
- Қыс мезгілі.
- Қай ай?
- Қаңтар айы.
- Далада қармен біздер не жасаймыз?
- Аққала.
Олай болса ойынның аты "Аққала" деп аталады. Бұл ойынның шарты -сөздерге жалғауларды дұрыс жалғау, сонда аққала құрастырылып шығады.
наурыз+да, бала+ға, қала+ның, көмір+ді.
- Не себепті жалғау жалғанып тұр?
- Себебі жалғау сөз бен сөзді байланыстырады.
-Балалар енді бұлттың тапсырмасын орындаймыз. Ол үшін алдарыңда берілген сөзжұмбақты шешсек келесі елге жетеміз. Сөзжұмбақ
Қ О С Ы М Ш А
1.Тілі жоқ өзінде,
Сөзі бар ізінде (қалам)
2.Төрт қырлы өзі аппақ,
Тақтадағы ізі аппақ.(бор)
3.Жылт-жылт еткен
Жырадан өткен(су)
4.Өзі ала ,сұр
Тілінің ұшында уы бар
Ол не? (жылан)
5.Көлдің беті көк әйнек.
Сырғанауға тым әйбәт (мұз)
6.Жазда да,қыста да,
Өзгермейтін бір түсте (шырша)
7.Қыста ғана болады,
Ұстасаң қолың тонады (қар)
Сонымен балалар, бізден кеткен ескі жыл қандай жыл еді?
-Жылқы жылы.
Жылқы деген сөзге сұрақ қояйықшы. Не? Енді осы жылқы сөзіне -шы жұрнағын жалғасақ қандай сөз шығады? -Жылқышы. Енді осыған -лар жалғауын жалғасақ - жылқышылар деген сөз шығады екен.
ҮІ.Рефлексиялық - бағалау кезеңі
<<Алма>> жинау ойыны.
Кел, балалар, ойнайық!
Тектен текке тұрмайық.
Жемістерді жинайық.
Үзіп алып бақтардан
Достарымызға сыйлайық.
Ойынның шарты:Алма ағашындағы алма суреттері. Сол алмада жазылған сөздерді жұрнақ жалғанған сөзді Елдосқа ,жалғау жалғанған сөзді Аяжанға береміз. Қай қатар шатаспай орындайды сол жеңіске жетеді.
ҮІІ.Қорытынды.
-Бүгінгі сабақтан не үйрендік?
-Не білдік?
Тест тапсырмасы
ҮІІІ.Үйге тапсырма. 296 - жаттығу - ребусты шешіп, шешуіндегі сөзге үйден әңгіме жазып келеді.
ІХ.Бағалау. смайлкилер
Ойын - оқу үрдісіндегі оқытудың әрі формасы, әрі әдісі ретінде дербес дидактикалық категория. Сонымен бірге ойынды мұғалім мен оқушылардың бірлескен оқу әрекетінің өзара байланысты технологиясы ретінде қолдануға болады, қазақ тілі сабағында ойын формаларын еңгізу барысында интерактивті тақтаны да қолданудың маңызы өте зор. Бастауыш сынып оқушыларының мектепке келгенге дейінгі негізгі әрекеті - ойын болса, оқу-тәрбие үрдісінде олар біртіндеп ойын әрекетінен оқу әрекетін орындауға бейімделуі тиіс. Ол сабақ барысында пайдаланылатын дидактикалық ойындар арқылы жүзеге асады.
Ойынның мақсаты - бағдарламада алған білімдерін қалыптастыру, тиянақтау, пысықтау.
Міндеті - баланың қызығушылығын ояту, белсенділігін арттыру.
Дидактикалық ойындар - балалардың білімдерін арттырудың құралы. Сабақта ойындарды қолданудың түрлі жолдары бар. Дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндетті шешеді.Ойын сабақтың басында - өткен сабақты еске түсіреді.
Сабақтың ортасында - көңіл-күйін сергітеді, ерік-жігерін дамытады, сабаққа ынтасын арттырады. Сабақтың соңында - тақырыпты бекіту, сабақта алған білімді жинақтау мақсатын көздейді. Ойын - оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыратын құрал. Сондықтан бастауыш, дайындық сыныптарында оқушылар сабақ үстінде ойынды көп қажет етеді. Оларға пайдаланылатын ойындар оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай күрделеніп отырады. Мысалы, дайындық сыныбында қарапайым ғана ойын түрлерін ойнатсақ, сыныбы үлкейген сайын баланың жас ерекшелігіне сай болып күрделенгені дұрыс. Олай болса, ойынды пайдаланудың маңызы зор. Мұндай ойынның көптеген түрлері бар. Сондықтан ойын балалардың жас ерекшеліктеріне және өтілетін сабақтың тақырыптарына мазмұнына сай етіліп таңдалып алынғаны дұрыс. Бала ойын іс-әрекеті үстінде білімді қалай игеріп жатқанын, ал оқу үрдісінің қалай ойынға ұласып кеткенін аңғармай қалуы тиіс. Сонда ғана ойын және іс-әрекеттері табиғи бірлікте болып, пәндік білім, білік және дағдыны игеруге толық ықпал жасайды. Мысалы, дайындық сыныптарда сан санауға заттарды санап және олардың екі тобын салыстыруға, өлшеміне, пішініне және түстеріне қарай ажыратуға үйрету мақсатында түрлі ойындарды ойнатуға болады. Ойын да халық педагогикасының құрамдас бір бөлігі болып келеді. Ұлттық ойындар халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайларына байланысты туып, дамығанына қазақ халқының ойындарымен таныса отырып, көзіміз әбден жетеді. Халық ойындарын сабақтарда пайдалану оқушының алған білімін күнделікті өмірмен берік ұштастыруға қолайлы.
Ойын - бала әрекетінің негізгі бір түрі. Бала үшін ойын - өмір сүрудің белсенді формасы, сол арқылы ересектерге еліктейді, олардың іс-әрекеттерін, қарым-қатынастарын үйренеді, еңбектің мәнін түсіне біледі, адамгершілік нормаларын игереді, әлеуметтік рөлдер атқарады. Сабақ үстінде жүргізілетін жұмыс түрлері, тақырыпқа сай алынған тәрбиелік мәні бар ойын элементтері оқушылардың ойлау белсенділігін керек етеді. Сондықтан мұғалім әр сабағында ойын түрлерін орнымен қолданып, оны қызықты ету арқылы олардың білімге ынта-ықыласын, пәнге деген сүйіспеншілігін қалыптастыруды мақсат етеді. Демек, мұғалім сабағын баланың қабілет-қарымына, психологиялық ерекшелігіне сай байланыста жоспарлау керек. Сонда ғана сабақ тартымды, жеңіл болады, оқушыларды жалықтырмайды.
Оқушылардың ойын кезіндегі белсенділігі көбінесе жарыс нәтижесін дұрыс есепке алуға байланысты. Оқушылар ойындағы өз жетістіктері мен кемшіліктерін біліп отыруы тиіс. Ойын нәтижелерін есепке алу түрліше: әрбір дұрыс орындалған грамматикалық ойын үшін ұпай есептеу, әрбір ұтылыс үшін кем ұпай беріледі, оқушылар тақтаға жазылған тиісті команда бағанындағы сөз немесе сөз тіркестерін жазып отыру; ол сөздерді есепке ала отыру; қол көтеріп немесе тиісті орфограммалар жазылған карточкаларды
көтеру арқылы білімдерін анықтау; жаттығуға жіберілген уақытты есепке алу.
Педагогикалық ғылым тарихына көз салсақ, балалар ойынына қатысты мәселелерге соқпай кеткен ағартушы, педагог болмаған екен. Тұлғалы, кезіндегі прогрессивті ұлы педагогтар Я.А.Коменский, Ж.Ж. Руссо, И.Г.Песталоцций халықтық ойынға назар аударып, қолданып, халықтық ойындардың теориялық негізін жасауға талпынған. Ойынның балалардың денін сауықтыратынын, ақыл-ойын белсенді ететін және барлық ағзаларын икемді қозғалуға баулитын мәнін Я.А.Коменский дәріптеген. Ж.Ж.Руссо пікірінше білім алу ойынның ойынның балалар өмірінде кезектесіп, алмасып отыруы бір-бірімен сабақтаса байланысуы бала дамуындағы қажетті шарт болады.
Қазіргі Қазақстан мектебіндегі жаңа өзгерістер әлемдік білім беру тәжірибелерін пайдалана отырып, баланың жеке-дара күшінің дамуын қамтамасыз ететін жаңа технологияларды іздестіру және оларды қолдануға бағытталған.
Инновациялық оқу оқудың түсіндірмелі-иллюстрациялық түрінен әрекетшілдікке ауысу арқылы жүзеге аса отырып, оқушының оқу әрекетінің белсенді субъектісі болуына мүмкіндік береді. Оның өзі сабақты әртүрлі технологиялар бойынша жобалауды қажет етеді. Ойындық технология мәнді өмір жағдаяттарын үлгілеу және оның шешуін іздестіруге құрылады. Ойынның ұйымдастырылу түрлері: іскерлік ойындар, рөлдік және оқиғалық ойындар, саяхаттық және білімдік ойындар.
Қазақ тілі сабағында әр түрлі ойын элементтерін пайдаланамын. Мысалы: "Синонимін табайық" ойыны.
Ойынды "Синоним" тақырыбын бекіту сабағында немесе сабақтың мақсатына қарай өткенді еске түсіре отырып өткізуге болады.
Ойынның мақсаты. Оқушылардың "Синоним" тақырыбынан меңгерген білімдерін тексеру, жылдам ой қорытуға баулу, сөздік қорын байыту.
Ойынға синонимдік қатар түзуге болатын мақсаттағы сөздерді интерактивті тақтаға еңгіземін. Ойынның шарты. Оқушыларға бір уақыт аралығында синонимдік қатар тузу тапсырылады.
Ойын соңында синонимдік қатардан сөйлемдер құралады.
Қазақ тілі сабағында әр түрлі ойын элементтерін пайдаландым. Сөз құрамы тақырыбын жүргізгенде <<Орамал тастау>> қазақтың ұлттық ойынын ойнаттым.
Бұл ойынның шарты: Сыныптағы қатар бойынша 2 топқа бөлдім. 2 топ арасы он адымдай белгіленген. Екі сызықтың бойына қарама-қарсы қатарға тұрады. Ойын жүргізуші қолындағы орамалын 1-ші топтың өз жағындағы шеткі ойыншыға береді. Ол өзінің қарсыласының біреуіне тастайды да <<қала>> - деп дауыстайды, ол қағып алып <<шық>> - дейді немесе <<ны>>, <<ға>>, <<ның>> - дейді. Сонда <<қалашық>>, <<қаланы>>, <<қалаға>>, <<қаланың>> тағы басқа сөздер шығады. Айтылған сөзге қосымша жалғау керек, мысалы: <<ойын>> - деп дауыстаса - <<ойыншық>>, <<ойынды>>, <<ойындар>> т.б. Орамалды қағып алған ойыншы түбір сөзге қосымша жалғап немесе уақытында тауып айтылмай қалса, онда ортаға шығып өнер көрсетеді.
<<Мұғалім қай жерде қателесті?>> ойынын жүргіземін. Бұл ойынның шарты: Мұғалім тақтаға бірнеше жұрнақ жазады, ал сендер жұрнақ болмай тұрған сөздерді табасыңдар.
Мысалы: Жұмысшы, жазғы, т.б.
Мұғалім енді тақтаға бірнеше жалғау жазады, ал сендер жалғау болмай тұрған сөзді табасыңдар.
Қазақ тілі сабағында бір буынды, екі буынды сөздерді оқу, буындарға бөлу тақырыбын ашу үшін <<Сақина салу>> қазақтың ұлттық ойынын жүргіздім. Мен бір оқушының алдына сақина қоямын да <<май>> - деп дауыстаймын. Сақинаны алған оқушы <<мыл>>, <<шам>> - деп дауыстайды. Сонымен маймыл, майшам, майда сөздері шығады. Айтылған бір буынға, екінші буын жалғау керек, мысалы: мы-сық, ма-са, ал-ма, жү-зім.
<<Кім тез?>> ойынын жүргіздім. Интерактивті тақтада он екі суретті көрсеттім. Әр қатардан 4 оқушы сурет бойынша сөйлем ойлап айтты. Интерактивті тақтадағы суреттерді (қозы, аңшы, бор, нан, алма, бота, күн, қыз, сүргі, ай, тышқан) қатыстырып тез сөйлем ойлады. Қозы, аңшы, бор, нан т.б. сөздерден дыбыс құрамын, нан т.б. сөздерден дыбыс құрамын, буын санын айтты. <<Достасқан буындар>>. Қатар отырған оқушылар ауызша орындайды. Орындау тәртібі бойынша бірінші оқушы қа буынын айтса, екінші келесі буынын тауып сөз құрауы керек. Ойын - оқу үрдісіндегі оқытудың әрі формасы, әрі әдісі ретінде дербес дидактикалық категория. Сонымен бірге ойынды мұғалім мен оқушылардың бірлескен оқу әрекетінің өзара байланысты технологиясы ретінде қолдануға болады.Сонымен қатар, қазақ тілі сабағында ойын формаларын еңгізу барысында интерактивті тақтаны қолданудың маңызы өте зор. Қорыта келгенде, ойын - балалардың негізгі іс-әрекеттерінің бір түрі. Бала өмірі ойынға байланысты. Бала ойынсыз өсіп өркендей алмайды. Бұл - өмірдің заңдылығы. Сондықтан да қазақ тілі сабағында ойын элементтерін пайдаланудың оқушылардың ой белсенділігін арттырудағы маңызы зор
<<Ақжігіт орта мектебі>> ММ - сі
Әдістемелік баяндама
Тақырыбы:
<<Қазақ тілі сабағында
ойын түрлерін қолданудың ерекшелігі>>
Бастауыш сынып мұғалімі: Ж. Аңдамасова
2016 жыл

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz