Шыншылдық - Адамдықтың белгісі. шыншыл, адал болуға тәрбиелеу

Өзін - өзі тану
Семинар сабақ
Өткізген мұғалім: Аңдамасова Ж
Күні: 12. 2014ж
Сабақтың тақырыбы:
Шыншылдық - Адамдықтың белгісі.
Мақсаты: «Шындық» ұғымының адамгершілік құндылығы ретіндегі маңыздылығын ашу.
Міндеттері:
- шындық пен өтірікті ажырата білуге үйрету;
- өзара адал қарым - қатынас жасау іскерліктерін дамыту;
- шыншыл, адал болуға тәрбиелеу.
Көрнекі құрал: кітап, интерактивті тақта.
Шаттық шеңбері:
Шыншыл болсаң қол жетпес,
Шыңда өскен шынарсың
Адал болсаң аңқылдақ,
Ізгілікке құмарсың
Олай болса балалар, бүгін мен сендермен ғажайыпстанға саяхатқа шығамын. Шығуға дайынбыз ба? Олай болса мына кестеге қарай қойыңдар.
Әдепті болуды
Кішіпейіл болуды
Рахмет айтуды
Сәлем беруді
Кешірім сұрауды
Оны білу үшін сабақтың соңында үйренетін боламыз. Білген жақсы сөздерімізді сандықшаға жинай береміз. Олай болса алғашқы саяхатымыз «Бәрін білгім келеді» еліне барамыз. Саяхатқа бармас бұрын табиғат құбылыстарымен танысып алайық. күн, бұлт, ай, жұлдыз.
Күннің тапсырмасы үйге берілген «Түлкі мен ешкі» ертегісін оқып келу
Түлкі мен ешкі(ертегісі)
Бір түлкі жүгіріп келе жатып, абайсызда бір терең апанға түсіп кетіпті. Шыға алмай тұрғанда, бір ешкі су іздеп жүріп, әлгі апанға кез болып, түлкіні көреді.
- Ей түлкі батыр, не қылып тұрсың?- депті.
- Ой, не қыласың, жаным жай тауып тұр. Қырда әрі сусап, әрі ыстықтап өліп едім, апанның іші әрі салқын, әрі түбінде тұп - тұнық суы бар екен, - депті.
Балалар, сендер қалай ойлайсыңдар, түлкі шын айтып тұр ма
Мұны естіп ешкі: « Мен де салқындайын, әрі су ішейін» деп ойлап, секіріп апанға түсіпті. Сонда түлкіекең секіріп ешкінің үстіне мініп, онан мүйізіне шығып, ырғып апаннан шығып жөніне кетіпті. «Өтірікке алданба, басың бәлеге душар болар» деген осыдан қалыпты.
- Түлкінің әрекеті дұрыс па?
Балалардың жауаптары тыңдалады.
Әңгімелесу:
- Шыншылдық дегенді қалай түсінесің?
- Сеніңше шыншыл бала қандай болады?
- Шындық не үшін керек деп ойлайсыңдар?
- Мінекей балалар бәрін білгім келеді еліне де жеттік. Бұл елде атай бар екен. Ол сендермен ойын ойнағысы келеді. Ойын: «Әдептен озбайық» деп аталады.
- Үлкенді сыйлау!
- Тентек болмау
- Салақ болмау
- Рұхсат сұрау
- Кішіге ізет көрсету (суреттер арқылы әңгімелету) жақсы сөздерді сандықшаға салу.
Келесі баратын еліміз «Білімпаз ата» елі оған бару үшйн айды таңдап аламыз. Атаның тапсырмасы
Мәтінмен жұмыс: «Ағайынды екі қыз» әңгімесі
* Екі қыздың қайсысымен дос болар едіңдер? Неге?
* Біздің сыныбымызда осындай жалған сөйлейтін балалар бар ма?
Келесі баратын еліміз «Мен әдепті баламын» елі
Сергіту сәті. (видеоролик көрсету)
«Ғажайып бақ» елі. Ойын: «Тез ойла»
Шыншыл адам өз cөзіне берік, ісіне адал болады. Оған адамдар сенім білдіреді, сыйлайды. (жақсы сөздерді сандықшаға салу)
Бұлттың тапсырмасы:
Өздеріңнің адал, шыншыл достарың, таныстарың туралы айтып беріңдер
Дәйексөз
Мұғалім тақтаға «Шыншылдық жақсылыққа жетелейді» деп жазып қояды және осы халық даналығын бүгінгі сабақтың дәйексөзі ретінде түсіндіреді.
- Балалар, адам өтірік атқанда өтірігін біреу біліп қоя ма, деп қиналады. Шындық ашылып қала ма, деп сезіктенеді. Расында, өтірік ұзаққа бармайды, шындық қашанда жеңіп шығады да, өтірік айтқан адам ұятқа қалады. Ал шындықты айтқан адамның жүрегі ауырмайды, қашанда жарқын, адамдар арасында сыйлы болады. Сондықтан да дана халық «Шыншылдық жақсылыққа жетелейді», - деп өсиет қалдырған.
Балалар дәптердің соңында берілген «Менің дәйексөздерім» айдарындағы бүгінгі сабақтың тақырыбы көрсетілген бетке осы дәйексөзді жазады.
Тыныштық сәті:
- Балалар денемізде түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғаланып отырыңдар, көздеріңді жүмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Енді көзімізді ашайық.
«Өтірік айтпа» елі
Өз қателігіңді мойындай біл!
Жалған сөйлеуге әуестенбе!
Ойыңды жасырмай айт!
Шектен тыс мақтанба!
Әр кез шындықты айтуға үйрен!
Жағдаяттарды талдау
Балалар, Елдостың берген жағдаятынан шыға аламыз ба?
- Жандостың компьютерде көп ойнап қалуына байланысты математикадан есеп шығаруға уақыты қалмады. Мұнын себебін сұраған мұғалімге Жандос «Басым қатты ауырып, есепті шығара алмадым», -деп айтты.
Жандостың орнында сендер болсаңдар не айтар едіңдер?
- Айнұр таңертең бақтағы қызыл-жасыл гүлдерді ұзақ қызықтап жүріп қалады да, сабаққа кешігіп барады. Мұнын себебін сұраған мұғалімге Айнұр «Мен сағат неше болғанын байқамай қалыппын», -деп айтты.
- Айнұрдың орнында сендер болсаңдар, не айтар едіңдер?
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz