2-сынып математикасы: 4-ке қосу және азайту, ондықты аттап шығу және екі амалдық есептерді қайталау

Математика 2- сынып
Сабақтың тақырыбы : Қайталау. + 4.
Сабақтың мақсаты : 1. Санды 4-ке қосу, азайтуды, ондықтан аттап қосу, азайтуды, екі амалмен шығарылатын есептерді шығаруға үйрету. Өз бетінше есеп- мысалдар шығаруға дағдыландыру.
2. Логикалық ойлау, есте сақтау, шығармашылық- танымдық қабілеттерін дамыту.
3. Адамгершілікке, еңбексүйгіштікке, табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі : Аралас сабақ.
Сабақтың көрнекілігі : Семантикалық карта, ішіне-сыртына стратегиясы, суреттер.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру: Оқушылардың зейінін сабаққа аудару, тыныш отыруын қадағалау.
ІІ. Өткенге шолу. - Балалар өткен сабақта үйге не берілген еді? Үйге 6-мысал. Мысалды оқушыларға оқытып, мәнін тақтадағы шығарылған жасырын мәнді суретті алып тастай отырып тексеремін.
7+4=11 11-4=7
17+4=21 21-4=17
27+4=31 31-4=27
37+4=41 41-4=37
47+4=51 51-4=47
57+4=61 61-4=57
ІІ . Жаңа сабақ
1. Қызығушылығын ояту. Сандар мен таңбаларды пайдаланып тура теңдік құру.
2. Мағынаны тану.
1-мысал. «Ішіне-сыртына стратегиясы » бойынша теңдіктің мәнін табу.
8+4
9+4
12-4
13-4
4+8
4+9
12-8
13-9
4
4
13
12
9
8
13
12
2-мысал. Семантикалық картаны толтыру.
3-мысал. Өрнекті жаз және оның мәнін тап. а+4 мұндағы а= 50; 53; 9.
а-4 мұндағы а= 54; 57; 13.
4 Есепті шығар.
Жүк машинасы-9 Жүк машинасы-9
Жеңіл машина- 4 Жеңіл машина- 4 ?
Жөнделгені-3 9+4=13
Жөндеу керек- ? Жауабы: барлығы: 13 м
(9+4) -3=10
Жауабы: Жөндеу керек- 10м
«5 таңба» тесттік диктант
+ - ( + =
5-есеп.
Қызыл шар-10 Қызыл шар-22
Сары шар-12 Бергені-2
Бергені-2 Қалғаны-?
Қалғаны-? 22-2=20
(10+12) -2 =20
Жауабы: Қалғаны-20 ш Жауабы: Қалғаны-20 ш
ІV. Үйге: 2-мысалдың 2, 3-бағандары.
V. Қорытынды: ББҮ стратегиясы
Білгенім: Санды 4-ке қосу, азайтуды, екі амалмен шығарылатын есептер шығаруды.
Логикалық тапсырма:
VІ. Бағалау