Сабақ жоспары :: Сценарилер
Файл қосу
Кел, Жаңа Жыл төріме ертеңгілігі
<<Кел, Жаңа Жыл төріме>> ертеңгілігі
І жүргізуші: ( Біржан С )
Ассалаумағалайкум! Құрметті қонақтар!
ІІ жүргізуші: ( Еркежан)
Армысыздар, ардақты ұстаздар, оқушылар, ата-аналар!
III жүргізуші:( Біржан Н)
Қош келдіңіздер, бастауыш сынып оқушыларының жаңа жылдық
<<Кел, Жаңа Жыл төріме>> ертеңгілігіне құрметті қауым.
I-жүргізуші: Біржан С
Кешімізді бағалайтын әділқазылар алқасын сайлап алайық.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Айжан Нығметқалиқызы
Психолог: Қабдиқызы Айман.
І жүргізуші:Біржан С
Жаңа жыл - жаңа қадам, жаңа бағыт,
Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт.
Қой жылы кеп қалды ортамызға,
Жақсылықпен жалғассын жаңа уақыт.
Құтты болсын жаңа жыл, барша халық.
Қуанышқа, шаттыққа тамсанайық.
Бәрімізге шынайы тілек тілеп,
Бар әлемге бақытпен жар салайық!
<<Қошқар мен теке>> мультфильмнен үзінді ( Біржан С ) Баяғыда ескі жыл, ескі заманда қай жерде екені нақты белгісіз, әйтеуір қазақ даласында мүмкін Сарыарқаның төрінде болар, мүмкін Қазығұрттың етегінде болар Аяз ата мен Ақша қар өмір сүріпті. Аяз атаның қошқар мен текесі алыс сапарға аттанып, жер бетін аралап, түрлі елдердің өнерлерін тамашалауға бел буыпты.Солай олар Абай елінің Архат ауылының жаңа жылдық шыршасына тап болыпты.
Клоундар биі ( оқушылар мен ата-аналар )
ІІ жүргізуші: Еркежан
Жаңа күнде ән қылып,
Тек жүреміз сән құрып.
Көңілдердей қартаймай,
Шырша тұрар мәңгілік! Білесің бе, осы Жаңа жыл әлемдегі ең көп, әрі ең керемет тойланатын мереке екен.
ІII жүргізуші: Біржан Н
Дұрыс айтасың, бұл күні қуанбаған жан қалмайды. Бәрінің жүздерінде күлкі мен шаттық. Әлемнің әр жерінде от шашулар атылып, жаңа жылдық шыршалар бой көтеріп, еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін бақыттың құшағында жүреді екен!
І жүргізуші:Біржан С
Құрметті, ұстаздар, оқушылар! Сіздерді осындай бақытты шақтың қуанышы - Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
ІI жүргізуші: Еркежан
Жаңа жыл тек қана бақыт, қуаныш әкелсін дейміз.
ІIІ жүргізуші: Біржан Н
Жаңа жыл - қайсарлық пен жүректілік,
Баратын болашаққа білек түріп.
Әдемі тілектерге қол соғамыз,
Әлемге жақсылықтар тілеп тұрып.
І жүргізуші: Біржан С
Өзінің жаңа жылдық құттықтауымен келген 3-сынып оқушыларын қарсы алыңыздар
Музыка қосылады. Бірақ әнші әнді айтпайды.( Мөлдір)
Әнші: О, ағайын! Мен ән сала алмаймын. Орталарыңда не Аяз ата, не Ақша қар жоқ. Қалай болғаны? Жаңа жыл деген өзіндік ерекшелігімен болу керек қой. Аяз ата мен Ақша қар келмей, мен ән айта алмаймын.
ІІ жүргізуші: Еркежан
Ойбуууу, ұят болды ғой! Біз шынымен осы Жаңа жылдың иесін ұмытып кетіппіз ғой. Достар, ендеше бәріміз бір ауыздан Аяз ата мен Ақша қарды шақырып алайық. Қалай қарайсыздар?!
ІII жүргізуші: Біржан Н
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды - деп, Абай атамыз жырға қосқандай, ұзақ күттірмей, барлық балалардың қуанышы Аяз атаны ортаға шақырайық.
Аяз ата! Ақша қар! Аяз ата! Ақша қар!
І жүргізуші: Біржан С
Біз бәлкім шын көңілмен шақырмай жатқан болармыз! Кәне, достар, не тұрыс, шын ниетпен, бар күшімізбен Аяз атаны шақырайық! Аяз ата! Аяз ата! Аяз ата!
Аяз ата келеді. Қасында Ақша қары бар. Таяғын тарсылдата кіріп келеді.
Аяз ата:
Сендерге көк жүзінен нұрдай болып,
Жауғанын қапалақтап көріп қардың,
Асыға ұшып келдім құрдай жорып,
Ал, достар алдарыңа келіп қалдым.
Оо, қарақтарым! Мен сендерді сағына жетіп келдім. Шын тілеген ниеттеріңнің арқасында Ақша қар екеуіміз сонау солтүстүтіктен бұғымызға шанамызды жеге салып келіп тұрмыз.
Ақша қар: Аяз ата, дұрыс айтасыз! Иә, достар. Біз келгенше көптеген жерлерде болдық. Әлемнің әр жерінде той-думан болып жатыр.
Жүргізуші: Еркежан
Иә, Аяз ата біздің де той думанымыздың куәгері болыңыз, Шырша төрінен орын алыңыз.
1 жүргізуші:Біржан
Ендеше ортаға әншімізді шақырайық. Ән 4- сынып" Шырша жыры>> Орындайтын : Сүйеуқанова Мөлдір , Қазыбекова Нұрайым. Қарсы алыңыздар!
Би 2 сынып
Би(билеп жатқанда ескі жыл шығады,)
Жылқы жылы:( Нұрдәулет)
Мен ескі жылмын сіздерге молшылық, бақыт әкелдім. Мына келер жылға айтар тілегім.
Қуанышты ортамыз сазға ұласқан
Тілегім болсын мәңгі ашық аспан
2015 жыл қадам басқан
Гүлденіп көркейе бер Қазақстаным.
Келесі жыл бастауын қойға берем
(Сахнаға қой шығады,)
Қой: (нұрбол)
Сәлеметсіздер ме, кешіккен жоқпын ба, мен сондай асықтым, сондай жүгірдім, кешігем деп қатты қорықтым, уақытында жеттім бе?
Жылқы :
Мен тағы бір қонақпын
Он екі жылда оралар
Үлкендерге ақ ниет
Сіздерге де ақниет
Сіздерге де мың рахмет.
Барлығы: Қош бол, жылқы, қош бол.
Ақшақар: Қош келдің жаңа жыл
Аяз Ата: Ал айналайын жаңа жыл, келген қадамыңа нұр бітсін. Мынау менің ұлдарыммен қыздарым, мынау халқым саған аманат. Он екі ай бойы бағып қағу сенің мойныңда. Жақсы жыл бол, жаңа жыл.
I-Жүргізуші: Біржан С
1- сынып Ата-анамен орындалатын номер <<ЖаңаЖыл>> Орындайтындар:Серікжанова Тоғжан Ибраева Жазира
Қарсы алыңыздар
Ән 3- сынып <<Асыл әке >> Орындайтын: Берікжанов Айбар
Жаңа Жылдық құттықтау 4-сынып
Аяз ата:
Бәрекелді жаңа жылым. Төрімізге шық. Бірімізге жаңа бақыт, жаңа қуаныш ала кел.
Қой: ( Нұрбол )
Құрметтеріңізге рахмет. Шын көңілмен жаңа жылдарыңызбен құттықтаймын. Байқаймын барлықтарыңыз да мерекеге жақсы дайындалыпсыздар.
II Жүргізуші: Еркежан
Иә, барша балалар жаңа жылды қарсы алуға келіп тұр.
ІII жүргізуші: Біржан Н
Аяз ата, ортамызға қош келдіңіз. Сіздер келмесе ән салмаймын деп, әншіміз ренжіп отыр. Өздеріңіз бір тілек айтып, ән салдыртсаңыздар.
Аяз ата:
Келтірейін сәніңді.
Бұзба енді мәніңді.
Әнші балам, тоқтама,
Шырқап жібер әніңді.
I жүргізуші: Біржан С
Ән <<Жаңа Жыл>> Ата-анамен орындалатын номер
Манапова Айгүл Алпысбеков Ернұр 4- сынып.
1- сынып <<Гномдар>> биі ұлдар тобы Қарсы алыңыздар!
І жүргізуші: Біржан Н
Аяз ата, көрдіңіз бе, біздің жастар өнерлі. Сіз келеді деп күтіп отырғандары қаншама?! Солардың да өнерін тамашаласақ.
ІІ жүргізуші: Еркежан
Ендеше ортаға биші қыздарымызды шақырайық. 3- сыныптың қазақ биін қарсы алыңыздар!
Аяз ата:
Тамаша, тамаша,
Күн туылды жаңаша.
Тамсанады барлығы,
Өнеріне қараса.
Тамаша, тамаша!!!
Ойын Ақша қар мен Аяз ата жүргізеді.
Ақша қар, сыйлықтар қайда, кәне, берші. Мен мына жастардың жарқын жүздеріне, тамаша өнеріне тамсанып отырмын.
Сыйлықтар беріледі.
IIІ жүргізуші: Біржан Н
Аяз атамыз бүгін сыйлыққа тола келген екен. Өнерлі жастарымыз да бір риза болып қайтатын болды. Аяз ата, бізде ақын жастар да бар еді. Солдардың бірі сізге және Ақша қарға, Жаңа жылға арнаған жүрекжарды жырын оқып берсем деп тұр, қалай қарайсыз?!
Аяз ата:
Мынау жатқан қазақтың жері емес пе,
Ақындарын сыйлаған ел емес пе.
Биылғы келіп отырған жыл да қазақ халқы үшін қасиетті қой жылы! Ендеше бабына келіп отырған жүйрікті жібер ортаға! Өнеріне бір тамсанайық!
Ақындар шығады ( Біржан, Нұрайым)
II жүргізуші: Еркежан
Бәрекелді! Шабытың шарықтай берсін!
Ақша қар: Қандай керемет жыр жолдары!
Аяз ата: Көрдің бе, Ақша қар! Қазақ халқы сөздік қорға бай әрі тілдің майын тамыза сөйлейтін халық деп, саған жол бойы айтып едім ғой.
(Сағат тілі қаттырақ тық-тық етіп қағып кетеді сол кезде)
Аяз ата: Ал, қарақтарым! Менің сағатым соғып жатыр. Мені күтіп отырған қаншама ел мен жер бар. Сонда барайын. Сендерге көп рақмет! Өнерлерің өрге жүзсін. Биік шыңдардан көрініңдер!
Жаңа жыл - жаң бағыт,
Әкелсін далама құт.
Өнерлілерің көп болсын,
Елде уайым жоқ болсын.
Тілектерің ақ болсын,
Бастарыңа бақ қонсын.
Келер жылы келермін,
Өнер тағы көрермін.
Сыйлық әкеп сендерге,
Көптен-көптен берермін.
Жақсылыққа толыңдар,
Тек биікке қоныңдар.
Келесі жылы көргенше,
Амандықта болыңдар!
І жүргізуші: Ал, құрметті достар! Бәріміз бірге Аяз атаны шығарып салайық.
ІІ жүргізуші: Аяз ата, келесі кездескенше аман болыңыз. Біз сізді асыға күтеміз.Аяз ата Ақша қарды ертіп шығып кетеді.
<<Қошқар мен теке>> мультфильмінен үзінді Еркежан
Сапарларының соңында көрген өнерлеріне таң қалған қошқар мен теке елдеріне қайтып өнерпаз бүлдіршіндердің әсем биімен әдемі әнін жыр ғып айтыпты.
Ән 1-сынып <<Ертегілер>> Тұрғазина Нұрсая Жанатбекова Шырай
Би 4-сынып <<Шығыс биі>>
Жаңа жылдық құттықтау 2 сынып
3 сынып Ән: <<Жаңа Жыл>> Дүйсенбаева Мархаба
Оралбаева Ақнұр
Ән 2-сынып
Жаңа жылдық құттықтау 1- сынып
Ата- анамен номер 2-сынып
Би 1- сынып <<Буги-буги>> қыздар тобы
І жүргізуші: Біржан С Құрметті достар!
ІІ жүргізуші: Еркежан Қадірлі ұстаздар, қонақтар!
ІII жүргізуші: Біржан Н
Жаңа жыл! Осы жыл барлық отбасыларыңызға бақыт пен шаттық әкелсін. Еңбектеріңіз жемісті болсын. Табысқа кенеле берейік.
І жүргізуші: Келесі кездескенше сау-саламатта болыңыздар!

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz