Сабақ жоспары :: Сценарилер
Файл қосу
Қош бол, сүйікті Әліппем атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер
Қош бол, сүйікті Әліппем!
Мақсаты:
Оқушылардың әліппеден алған білімдерін ортаға салу. Бүкіл ғылым дүниесінің алғашқы есігі, білімге бастайтын "Әліппенің" қадір - қасиетін ұғындыру. Оқушыларды ана тілі оқулығымен таныстыру және өзін-өзі басқаруға үйрету.
Мұғалім:
Армысыздар құрметті ата-аналар, ұстаздар!
<<Қош бол, сүйікті Әліппем!>> атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер.Осыдан 4 ай бұрын мектеп есігін толқи ашқан бүлдіршіндер әріп танып,оқып ,жаза алатын болды. Балалардың алғашқы шығатын биік белестерінің ең алғашқысы-<<Әліппемен қоштасу>> Білім жолындағы белестерге қанаттары талмай көтеріле берсін деп тілек білдіргім келеді.
1 - жүргізуші:
Армысыздар, жаны жайсаң қазақ елі!
2 - жүргізуші:
Қайырлы күн аяулы ұстаздар, қымбатты ата-аналар!
1 - жүргізуші:
Көз салып қараңызшы бойымызға,
Ортақ болып бүгінгі ойымызға.
Қош келіпсіз ұстаздар, ата-аналар,
Әліппемен қоштасу тойымызға!
2 - жүргізуші:
Әліппемен қош айтысып қалдық біз,
Енді қолға басқа кітап аламыз.
Ата-ана қуанышқа ортақ бол,
Сауатты боп шықты, міне, балаңыз!
Ән <<Әліппе>> Алдажар Ахмадтың орындауында қабыл алыңызлар!
Музыка ойналады.
Мұғалім:
Нұрлы үмітін арқалаған арқаға,
Жан сәулесін тарататын баршаға.
Шын пейілмен құрметімді көрсетіп,
Бүлдіршіндерді шақырайық ортаға
( Оқушылар шығады)
Балалар бүгін арамызда алғашқы күннен қолымызға алып оқыған, дәл бүгінгі күні өздерін қоштасқалы отырған сүйікті де, сүйкімді кітаптарың <<Әліппе >>де бар.
Айтыңдаршы,
Іші толған әріпке
Білімдегі жарық не?
Хормен: Болашаққа жол бастар
Ол - сүйікті әліппе!
1 - жүргізуші:
Енді, бүгінгі тойдың басты қонағын ортаға шақырсақ қайтеді?!
2 - жүргізуші:
Дұрыс айтасың, Тоғжан олай болса, бәрімізге ең қымбат "Әліппені" ортаға шақырайық!
Хормен: Әліппе! Әліппе! Әліппе!
Әліппе: (Оралбекова Үміт 5 сынып оқушысы)
Армысыздар, жас достар!
Армысыздар ата-ана.
Болашаққа жол бастар,
Әліппең келді ортаға.
Білім деген ғажаптың,
Әліппесін меңгерген
Келешегі қазақтың
Басталады сендерден.
Таудай болса талабың
Айтары көп әріптің
Қуанышы халықтың
Жақсы білім көрімдік,
Болсын бізге халайық.
Не үйреніп, не білдік,
Қане, ортаға салайық!
Олай болса Әліппе оқушылардың өнерін тамашалаңыз.
Кезекті жыр шумақтарына берейік.
1-оқушы: Елнұр Б
Әліппем менің Әліппем,
Сені қолға алып мен.
Есігін аштым мектептің,
Ертеңгі сәуле жарықпен.
2-оқушы: Алдияр
Келгенде алғаш мектепке,
Білмеуші едік әріпте,
Оқимыз қазір ертек те,
Үйреткен оны Әліппе!
3-оқушы: Ахмад
Әліппе деген алтын жол
Апарар сені алысқа.
Жеңіл емес ауыр жол
Тырысып бақ намысқа.
4-оқушы: Ұлту
Ана, әке атын сен,
Бізге үйреттің, Әліппе.
Бәрін нағыз жақсының,
Сенен білдік, Әліппе
Амантаева Мадинаның орындауында " Әнші балапан " әнін қабыл алыңыздар
5-оқушы: Мадина
Бар кітапқа бас болған
Әліппе-ғылым анасы
Әліппеден басталған
Даналықтың данасы
6-оқушы: Тоғжан
Алфавиттің
А тұрады басында
Әрқашан да
Ә тұрады қасында
Байқадың ба?
Б тұрады үшінші
Ал осының
Сыры неде?
Түсінші:
А деген ол-аналар ғой ардақты,
Ә деген ол-әкелер ғой салмақты,
Б деген ол-балалар ғой әдемі.
Біздің елде үшеуі де кәделі.
7-оқушы: Айдана
Талпынып өмір өріне,
Ойынын тастап бақшаның.
Мектептей білім төріне,
Білім жолын бастадым.
8-оқушы: Айым
Достастырып әріптермен,
Білімге жол салып берген.
Алдымнан шам жағып берген,
Айналайын Әліппемнен.
Ән <<Әрқашан күн сөнбесін>> Мұхтар Тоғжанның орындауында қабыл алыңыздар!
Әліппе
Рахмет балалар! Әріпті танып тақылдап сөйлей аласыңдар!
Енді сауатты жазумен бірге мәнерлеп оқытатын досыммен таныстырайын да, сендерді табыстырайын .Ол ана тілі пәні.
Ал қош болыңдар, үнемі биіктен көріне беріңдер!
Ана тілі ( Әзімханова Еркежан)
Сәлем достар,
Сөйлетер сөзді шеберлеп,
Өзіңнің ана тіліңмін.
Байыппен жақсы оқысаң,
Негізі болам білімнің.
Ана тілің-арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте!
-Балалар, енді сендер мені оқитын боласыңдар, ынтамен оқысаңдар көп нәрсені үйренесіңдер. Мен сендерге жұмбақтар жасырайын, сендер шешіңдер:
5 жұмбақ жасыру.
Шығыс биі ( Тоғжан, Айым, Мадина)
Ойын: Ата-аналардың қатысуымен өтеді
Мұғалім:
Әріп біткен шығыңдар.
Орындарыңа тұрыңдар,
Бастайық кәне айтысты
Жібермейік намысты.
1-оқушы Ахмад
Адам аузын ашқалы
А-дан сөзін бастады.
Ата,ана , ақыл,ар
Ана тілмен сусындар
Қазағымның жастары.
2-оқушы Айдана
Ә-дегенің Әліппе
Бастауы бар білімнің
Әріп шашу шашайық
Әліппені ортаға ап
Ән думанға басайық!
3-оқушы Елнұр
Бесік-өмір бастауы
Бүлдіршінді тербетер
Біз байтақ ел жастары
Білім алып ер жетер.
4-оқушы Алдияр
Велосипед тебетін
Мен спортшы боламын
Олимпиада төрінде
Ел намысын қорғаймын.
5-оқушы Ұлту
Самғады аспанға
Ер Талғат ағамыз
Күні ертең біздер де,
Ғарышкер боламыз.
6-оқушы Айым
Г деген ол гүлменен
Бірге түлеп бүрленген
Ал, балалар өмірде,
Жауқазын ғой гүлденген.
7-оқушы Тоғжан
Бұл й-дің сөз басында
Болмайды көп керегі
Дауыстыдан кейін ол
Қысқа й боп келеді.
8-оқушы Мадина
Игі іске батыл бол.
Игілікке жақын бол.
Мұғалім:
-Балалар, сендер үшін түн ұйқысын төрт бөліп, қуансаң-қуанып, ренжісең-жұбататын асыл адам - Ана!
-Ана- біз үшін ең ардақты адам. Ананы сыйлау-біздің парызымыз.
Әліппені меңгертуге, жазуға, санауға үйреткен ата-аналарымыздың үлесі бар. Ата-аналарыма ризашылығымды білдіремін.
Ата-аналардың құрметіне арнап 4 сынып оқушылары Берікжанов Айбар мен Оралбаева Ақнұр <<Қос бәйтерек >> әнімен қабыл алыңыздар!
Топтық би
Хор <<Әліппе>>
Мұғалім:
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз,
Шәкірттерге арналсын тілегіңіз,- дей отыра, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Айман Ибрагимқызы мен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айжан Нығметқалиқызына сөз береміз.
Мұғалім:
Жақсы шәкірт азамат атанады,
Халқынан, ата-анадан бата алады.
Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін,
Шақырайық ортаға ата-ананы.
Ата-аналар атынан Алдиярдың апасы Күлзия тәтені ортаға шақыру.
1 - жүргізуші: Тоғжан
Шашу, шашу шашайық,
Ақ сандықты ашайық.
Бұл мереке, бұл тойдың,
Бастаңғысын жасайық!
Шашу шашуды 1-сыныптың апалары ( Жаңыл тәте, Күлзия)
Мұғалім:
Балалардың білімі құтты болсын!
Денсаулығы әрқашан мықты болсын!
Білімдерін әрі қарай дамытатын,
Ерінбейтін еңбекқор, мықты болсын!
Осымен ертеңгілігіміз аяқталды.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz