Т дыбысы мен әрпін оқытуға арналған сабақ жоспары

Т т дыбысы және әрпі

Сабақтың мақсаты:1. Білімділік. Т т дыбысы мен әрпін таныстыру. Т дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасауға үйрету. Буын туралы түсінігін кеңейту, 2. Дамытушылық. Балалардың тілін ойлау қабілетін дамыту 3. Балаларды тапқырлыққа, адамгершілік қасиеттерге баулу. Сабақтың көрнекілігі:Суреттер, дөңгелекшелер, әріптер жинағы. Сабақтың түрі:Жаңа сабақ Сабақтың әдісі:Ойын, сұрақ -жауап. Сабақтың барысы:І Ұйымдастыру бөлімі. Оқушылармен амандасу, түгелдеу. Сабаққа назар аударып, ашық сабақты хабарлау. ІІ Өткен сабақты пысықтау: 1. Өткен әріптерді қайталау. 2. Ә дыбысы бар сөзді айту ІІІ Жаңа сабақ Ой қозғау. (Тақтаға Дымбілместің суреті ілінеді) -Мынау кім? -Ол қандай бала? -Оған көмектесе аламыз ба? -Оның дорбасында не бар екен?(бірнеше тапсырмалар жазылған парақшалар) 1-тапсырма:Жұмбақ шешу Иір-иір денесі, Сахараның кемесі. Ащы шөптер тамағы, Шөлге шыдап бағады. -Ол не? -Түйе -Түйе дегенде қандай дыбыс бірінші естіледі? -Т дыбысымен таныстыру, әндетіп айттыру, ауада, тақтада жазу. Т әрпінен келетін сөздер айттыру.

2- тапсырма:Оқулықпен жұмыс Буындарды хормен оқыту. Тау, бұлт сөздеріне түсінік беру, суреттерін көрсету. Буын санын анықтау.

3-тапсырма:Суретпен жұмыс -Суреттегі кімдер -Атасы мен немересі. -Немересіне Т әрпінен келетін ат қояйық. -Толғанай -Екеуі не істеп отыр? -Дастархан басында отыр. -Дастарханға қойылатын тағамдарды атайық. -Торт, құрт, қант. -Немересі қандай қыз деп ойлайсыңдар -Тәртіпті, тәрбиелі, әдепті.

4-тапсырма:Сергіту сәті. Тербеледі ағаштар, Алдымен жел еседі. Кіп-кішкене ағаштар Үп-үлкен боп өседі.

5-тапсырма:Дәптермен жұмыс. Балапан дәптеріндегі Т дыбысын жазу.

6- тапсырма: «Шашылған буындар» ойыны. Шарты:Буындарға басқа буындарды жалғау арқылы жаңа сөз жасау.

ША ТА ТИ НА ШУ

ІҮ Сабақты бекіту: -Бүгін қандай дыбыспен таныстық? Т дыбысы қандай дыбыс? Т дыбысын қандай түсті үйшікке орналастырамыз?

Ү Үйге тапсырма:Кітаптағы сөздерді оқып келу.

ҮІ Қорытындылау:Балалардың білімдерін геометриялық фигуралармен бағалау (жұлдызша-5, төртбұрыш-4, үшбұрыш-3) Дымбілмеске көмектескендері үшін тәттілермен марапатталады.


Ұқсас жұмыстар
Ғ дыбысы мен әрпін оқытуға арналған сабақ жоспары
Г дыбысы мен әрпін оқытуға арналған сабақ жоспары
Х дыбысы мен әрпін оқытуға арналған сабақ жоспары
Ж дыбысы мен Ж әрпін оқытуға арналған сабақ жоспары
С дыбысы мен әрпін оқытуға арналған сабақ жоспары
В дыбысы мен әрпін оқытуға арналған сабақ жоспары
Балабақшада В дыбысы мен әрпін оқытуға арналған біріккен сабақ жоспары
Х дыбысы мен әрпін оқытуға арналған ертегі түріндегі сабақ жоспары
1-сынып: Т дыбысы мен әрпін таныстыруға арналған сауат ашу сабақ жоспары
Х х дыбысы мен әрпін оқытуға арналған бастауыш сынып сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz