Сабақ жоспары :: Тәрбие сағаты
Файл қосу
Ашық тәрбие сағаты Елін сүйген,елі сүйген Елбасы
Ашық тәрбие сағаты <<Елін сүйген,елі сүйген Елбасы>>
Мақсаты: 1.Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаевтың өмір жолы,туып-өскен,оқып білім алға,қызмет
еткен жерлері туралы мағлұмат беру;
2.Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын ,халқын
сүюге, ержүректілікке,азаматтыққа, патриоттық сезімге
тәрбиелеу;
3.Шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін
ояту,құрметтеу.
Көрнекілігі:слайдтар көрсету,үнтаспа, шарлар,суреттер,буклет << Нұрсұлтан Назарбаев-тұңғыш президент>>
Біздің Елбасымыз-Н.Ә.Назарбаев
Әнұран орындалады.
1- Жүргізуші: Армысыздар, бармысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар және қонақтар!
2- Жүргізуші. Қайырлы күн тәуелсіз елдің қадірменді азаматтары, ұлдары мен қыздары бүгінгі Тұңғыш Президент күніне арналған <<Елін сүйген,елі сүйген Елбасы>> атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.
1-жүргізуші: Алтынбек сен қалай ойлайсын, осы Қазақстан Республикасы осындай дәрежеге жетіп , көк туымыздың астында бейбіт, молшылық, татулықта өмір сүріп жатқанымыз кімнің арқасында?
2-жүргізуші: Әрине Қазақстанның атын сонау шет мемлекеттер танып, астанамыз көркейіп жатқаны Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың арқасы. Жансая сен қалай ойлайсың Қазақстан тәуелсіздігіне міне 24 жыл болады, біздің мемлекетіміз қаншалықты дамыды?
1- Жүргізуші. Иә мемлекетіміз тәуелсіз ел боп жарияланғалы бері әрине дамыды, экономикасы да, білім беру саласы да, медицина саласы да, өндірісі де, шет елдермен байланысы да. Барлығы, елбасымыздың саясатының негізінде емес пе?
2- Жүргізуші Иа дұрыс айтасың Алтынбек, бірақ сол тәуелсіздікке де оңай жете қоймадық қой. Қаншама бабаларымыз, аталарымыз, Қайрат пен Ерболдай ағаларамыз, Ләззаттай әпкелеріміз тәуелсіздік жолында құрбан болды.
1-жүргізуші: Тәуелсіздіктің қайта оралғаны -- біз-дің ата-бабаларымыздың санғасырлық азаттық күресінің заңды өтеуі. Жаратқан Иенің жасаған әділдігі. Ата-бабаларымыздың осыншама байтақ жерді ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап қалғанының арқасы.деп Н.Ә.Назарбаев айтқандай тәуелсіздік қазақ елінің аңсаған арманы қол жеткен мұраты.
1-жүргізуші: 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіз республика болып жарияланды. 1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстанның елбасшысы- Президенттің сайлауы болды. Тұңғыш Президент болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.
2-жүргізуші: Ата Заңымыз бойынша мемлекет басқарушысы - Президент. Латын тілінен аударғанда <<президент>> сөзі <<алдында отырған>> деген мағынаны білдіреді. 2005 жылы 4 желтоқсанда бүкіл халықтық сайлау қорытындысында Н.Ә. Назарбаев қайта Президент болып сайланды.
Туған жердің жайқалған алқабы егін,
Биік сенің мәртебең, дарқан елім.
Пейіліндей қазақтың байтақ далам,
І жүргізуші: Қазақстан
Қазақстан дейтін менің бар елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далада атам қолға ту алған.
Бұл далаға жылап келіп, уанғам,
Бұл даланы көріп алғаш қуанғам,
Бұл далада өскен жанда жоқ арман!
ІІ жүргізуші:
Кең байтақ қой Қазақстан картасы,
Астанамен айшықталған ортасы.
Бүгін бізге таңдай қағар күллі әлем,
Бұның бәрі Елбасының арқасы.
І жүргізуші: Шықты тарап ой-данадан,
Бері қарап жұлдыз беті.
Өзі қалап сайлап алған,
Елімнің бар Президенті
Әділ: Оянады көңілден қайдағы арман,
Бақыт желі ескендей жайлап алған.
Президентім бар менің елі түгел,
Ақ киізге көтеріп сайлап алған.
Тұманбай Молдағалиев <<Есіл ер>>
1-оқушы: Сабина
Сөйлесіп бір жүрген қай сөзінде де халықты биік қоясың,
Халықпен бір ашығасың да,халықпен бірге тоясың.
Жастықтың жалын шақтарыменен бірге айтып арман әндері,
Қазақстанның бақтарыменен бірге жапырақ жаясың. 1- оқушы.
Нұржас
Қасиетті Қазақстаным, мекенім,
Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.
Елім, Жерім, Отаным, бақ-дәулетім,
Болашағым, өнер- білім, өркенім.
2- оқушы. Илияс
Қазақстаным, қастерлі мәңгі дастаным,
Парақтап сені киеңді түсіне бастадым.
Сен менің арым, бағым, барымсың,
Халқыма әр күн бейбіт болсын аспаның!
3- оқушы. Мансур
Желтоқсаннан бастау алған теңдігі,
Қазағымның өркендеді елдігі.
Құрбан болған Тәуелсіздік жолында,
Ағалардың ұмытылмас ерлігі.
4- оқушы. Мирас
Бірде шырқап, бірде төмен құлаған,
Өмір жолы болған қиын бұралаң.
Қазағымды жарқын жолға бастады
Елбасы боп сайланды да Нұр ағам
5- оқушы. Сабина
Естімейік енді елдің жылағанын,
Қайта құлап, бостандық сұрағанын.
Абылайдың жолымен алға басқан,
Құт болсын <<нұрлы жолы >> Нұр ағаның.
6- оқушы. Илияс
Биіктей бер, Нұр аға,
Қыран қанат талмасын.
Қадірлемей тұра ма,
Халық сіздей тұлғасын.
7- оқушы. Әділ
Гүлдене бер, Отаным,
Көтерген туын Нұр ағам!
Көбейткен достың қатарын,
Нұр аға - біздің ұлы адам.
8- оқушы. Нұргүл
Ел басқарған Нұрсұлтандай ағам бар,
Көк алқапты жасыл жайлау далам бар.
Ел бірлігін, ел тірлігін тілеген,
Ақ ниетті халық деген данам бар.
1 жүргізуші Елбасымыздың өмірбаянына тоқталсақ.
Н.Назарбаев-бәрінен бұрын өз міндетін,өз тағайындалуын терең сезінетін, үлесіне тиген міндетті жауапты әрі қажырлықпен атқаратын адам.Ол әр қадамын шын мәнісінде өте мұқият есептейді: ол үшін саясатшы болу-бойға біткен дарынмен қатар күн сайынғы аса ауыр жұмыс және өмір дағдысы.
ІІ жүргізуші
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6-шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған.Балалық шағы кейде айта беретініміздей таршылық жағдайда өтті.Үлкендердің мал бағуына,бау-бақша өсіруне көмек көрсету керек болды,шөпшек теріп,отын жарды.Өзі еске алғандай,өсірген аз-маз өнімдерін сатып,үй-ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол стансасына бару дегенің керемет мереке саналған.Мектепті жақсы оқып,жақсы білім алды.Ата-анасын қатты құрмет тұтты.
Жансаяның орындауында <<Би күйі>>
І жүргізуші
Ол ерте есейді,орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттаннды.Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск қаласына барып металлург - жұмысшы мамандығын меңгерді.Бұл шойын құюшы,домна пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды,ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді.
ІІ жүргізуші
Сол жылдары оның басшылық қасиеттері жарқырап көрінді.Қалалық,облыстық және республикалық көлемде басшы органдарда жауапты қызметтер атқарды.Металлургиялық комбинатында партком хатшысы,Теміртау қалалық,Қарағанды облыстық және республикалықпартия ұйымдарында экономикалық салаға жауап беретін хатшы болды.
І жүргізуші: Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болды.Осылайша оның саяси өмірбаяны басталады.
ІІ жүргізуші .1991 жылы 1-желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайланды
Би <<Бипыл>>
І жүргізуші :1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Жоғарғы сессиясы <<Тәуелсіз демократиялық және құқылық мемлекет>> деп жариялады.
ІІ жүргізуші :1992 жылы 4-маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер Елтаңба,Ту,Әнұран бекітілді.
Елтаңба авторлары:Жандарбек Мәлібекұлы,Шотаман Уәлиханов.
І жүргізуші : Шаңырақ - Отан отбасынан басталады.ортақ шаңырақ биік ,босаға берік болсын деген мағынаны,ал уықтар - үлкен үйдің уықтарын шын ниеттерімен қосыла танытқан елшілес ел жұртқа да бай,қуатты тілеймін дегенді білдіреді.Ай мүйізді ,алтын қанатты қос пырақ-арыстанның жүректілігін,қыранның қырағылығын,өгіздің қара күшін,еліктің шапшаңдығын,қырмызы қызыл түлкінің жауын жер соқтырар айлакерлігін білдіреді.Бес бұрышты жұлдыз <<Бағымыз ашылып,жұлдызымыз жарқырай берсін>> деген асыл арманды арқалап тұр
ІІ жүргізуші :Мемлекеттік Ту-1992 жылы 4-маусымда қабылданып,6-маусымда күшіне енді.Тудың ортасында шұғылалы күн,оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген ,ішкі бұрышты көгілдір матаның сол жағында қызыл өрнегі бар.Жалаудың ұзындығы -2 метр,ені-1метр.Жалаудың жобасын жасаған - суретші Шәкен Ниязбеков.
І жүргізуші :1993 жылы 15-қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық ақшасы - Теңге айналымға енді.
Мадина
Ақшам шықты өзімнің тұңғыш рет,
Білдім дербес елімнің үлгісі деп.
Бейнеленген хан,ақын, ғалымдарым,
Беттерінен көз тартып тұрды сурет.
Теңдікті айтып тұр аты теңге деген,
Құт-береке болшы бір елге келген.
Өз туы,елтаңба,әнұраны бар
Айтындаршы, енді елім кем де неден?
ІІ жүргізуші :
1995 жылы 28-қаңтарында тәуелсіз ҚР - ның тұңғыш <<Ата Заңы>> қабылданды.
Салтанат <<Ата Заң>>
Азат елдің басталған айқын жолы тәрізді,
Ата Заң деп аталған Конституциямыз бар біздің.
Ата Заңмен бекіткен дербестігін еліміз,
Ата-баба мұра еткен, тұтастығын жеріміз.
І жүргізуші :Астана-ҚР-ның саяси,әкімшілік және мәдени орталығы. Елбасы-Н.Назарбаевтың жарлығына сәйкес 1997 жылы мұнда бұрынғы астанамыз Алматыдан Республиканың басшы орындары Президент кеңесі, ҚР-ның Үкіметі және Парламент көшіп келді.Еліміздің басқару жұмыстары осы жерден жүзеге асырылады.
2-жүргізуші:
Елбасымыз саған мәңгі разымыз,
Үлкен-кіші, ағайындар - бәріміз.
<<Ұлтым,елім>> деп қайғырған ұлы жан,
Сіз біздердің піріміз де, әніміз.
1 -жүргізуші:
Халқым айтқан жер көтерер ел даңқын,
Елім айтқан ел көтерер жер даңқын.
Президентім, елбасы, аман болғай,
Мәңгі жаса, жас қазағым, өр халқым!
2-жүргізуші: Төле би сөзімен сынып сағатымызды аяқтаймыз.
Тимирязев жалпы білім беретін қазақ мектеп-интернаты
<<Елін сүйген,елі сүйген Елбасы>>
(Ашық тәрбие сағаты)
Өткізген: Оразалинова Арайлым Амановна
3 <<А>> сынып

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz