10-а сынып алгебра: Туындыға есептер шығару сабақ жоспары

Алгебра - 10 «а» Мерзімі: 22. 01. 2016ж.

Сабақтың тақырыбы: Туындыға есептер шығару

Сабақтың мақсаты: Туынды табуға есептер шығару дағдысын қалыптастыру. Қарапайым функциялардың туындысын табу формулаларын есте сақтауға дағдыландыру.

Сабақтың міндеттері:

  1. Туынды табудың негізгі ережелерін: дәрежеден, күрделі функциядан, тригонометриялық функциядан туынды табу формулаларын қолдана білу.
  2. Логикалық ойлау қабілеттерін, өз бетімен жұмыстану, өздерін және бір-бірін бағалау, тыңдай білу дағдыларын дамыту.
  3. Жауапкершілікке, еңбексійгіштікке, ұқыптылыққа, пайдалы жұмыспен шұғылдануға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: білім, білік дағдыларын кешенді пайдалану сабағы.

Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, флипчарт, кесте

Сабақтың құрылымы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй жұмысын тексеру. Сұрақ - жауап

ІІІ. Қызығушылықты ояту

«Доп лақтыру» ойыны (қарапайым функциялардың туындыларын табу)

VІ. Мағынаны ашу

а) Туынды табу ережелерін еске түсіру.

ә) Туынды табу ережелерін есепке қолдану.

б) Семантикалық кесте толтыру. Функцияның берілген нүктедегі мәнін табу

V. Ой толғаныс.

ҰБТ-да келетін тапсырмаларды шығару

Берілген функцияның туындысын пайдаланып теңсіздіктер шешу

VI. Үйге тапсырма беру № 179, № 185

VII. Сабақты қорытындылау, бағалау.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі 1 мин

Сыныпты түгендеп, сабақтың мақсатын беру.

ІІ. Үй жұмысын тексеру. Сұрақ - жауап 5 мин

  1. Дельта х-ті аргумент өсімшесін қалай табамыз?
  2. Дельта у функцияның өсімшесі неге тең?
  3. Туынды дегеніміз не?
  4. Туындының анықтамасын айтыңыз?
  5. Туынды табу амалы қалай аталады?

4. Қандай нүктеде f(x) =3x 2 -2х+3 туындысы неге тең?

5. Туынды белгілеулерін алғаш қолданған қай ғалым?

ІІІ. Қызығушылықты ояту. 7 мин

«Доп лақтыру» ойыны. (қарапайым функциялардың туындыларын табу формулаларын еске түсіру)

Ойын шартымен таныстыру. Мұғалім допты алып бір оқушыға лақтырады, да оған сұрақ қояды. Допты ұстаған оқушы сұраққа жауап беріп, келесі допты ұстаған оқушыға сұрақ қояды. Осылай жалғастыра береді.

VІ. Мағынаны ашу

а) Туынды табу ережелерін еске түсіру. 5 мин

Туындының ережелерінің көрнекілігі болатын плакатты өз қолымызбен толтыру.

1. Қосындының немесе айырманың туындысы

2. Көбейтіндінің туындысы

3. Бөліндінің туындысы

4. Тұрақты сан мен функцияның көбейтіндісінің туындысы

ә) Осы ережелерді есеп шығаруда қолдану.

Берілген тапсырманы таңдап ала отырып тақтаға есептер шығару.

Функциясының туындысын табыңдар 10 мин

1. y=3x 2 +2x+5

2. y=4-x 4

3. y=(3x-7) (x 3 +2)

4. f ( x ) = x + 2 2 x + 1 f(x) = \frac{x + 2}{2x + 1}

5. f(x) =2x 4 -x 8

6. f(x) =9x- 1 3 \frac{1}{3} x 3

7. y=

8. y=

б) Семантикалық кесте толтыру. 7 мин

Функцияның берілген нүктедегі мәнін табу

Функция f(x)
f *(x)
f *(2)
f *(3)
f *(2) + f *(3)
Функция f(x): f(x) = 3x 3 +6x-7
f *(x):
f *(2):
f *(3):
f *(2) + f *(3):
Функция f(x): f(x) = -2x 4 + 1 3 \frac{1}{3}\ x 3 +8 x 2
f *(x):
f *(2):
f *(3):
f *(2) + f *(3):
Функция f(x): f(x) = 1 4 \frac{1}{4} x 4 +3 x 3 -11x 2
f *(x):
f *(2):
f *(3):
f *(2) + f *(3):
Функция f(x): f(x) = 5x 2 +6 x+ 100
f *(x):
f *(2):
f *(3):
f *(2) + f *(3):

V. Ой толғаныс. 8 мин

ҰБТ-да келетін тапсырмаларды шығару

Берілген функцияның туындысын пайдаланып теңсіздіктер шешу

№ 1853 f(x) =16x- 1 3 \frac{1}{3} x 3 f * (x) ≥ 0

№ 1857 f(x) = 5x 3 -12x 2 +15 f * (x) > 0

№ 1922 f(x) =x 4 -12x 2 f * (x) < 0

№ 1923 f(x) =x 4 +8x 2 - 4 f * (x) < 0

VI. Үйге тапсырма беру № 179, № 185 1 мин

Әр жылғы тест жинағынан туынды табуға 5 есеп теріп шығару

VII. Сабақты қорытындылау, бағалау . 1 мин

:
:

Ұқсас жұмыстар
10-сынып математика сабағы: Туындыға есептер шығару - іскерлік пен дағдыларды қалыптастыруға арналған сабақ жоспары
Тригонометриялық теңсіздіктерге есептер шығару: 10 а сыныпқа арналған сабақ жоспары
10-сынып: Ньютон биномы бойынша есептер шығару - сабақ жоспары
Туынды: 10-сынып Алгебра және анализ бастамалары - сабақ жоспары мен есептер
10-сынып: Туынды табу ережелеріне есептер шығару
7-сынып алгебра: Қысқаша көбейту формулаларын қайталау және есептер шығару
10-сынып: Комбинаториканың негізгі элементтері бойынша есептер шығару
7А сынып: Алгебра - Бірмүше мен көпмүшенің көбейтіндісіне есептер шығару және ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару
Сабақ жоспары №53: Математика, 6-А сынып - Теріс сандарды қосуға есептер шығару
8-сынып алгебра: квадрат теңдеулердің түбірлерін табу формуласын қолдана отырып есептер шығару
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz