Сабақ жоспары :: Сценарилер
Файл қосу
Әріпті алдым танып мен, Қош бол, алтын Әліппем
Алматы облысы
Кербұлақ ауданы
Тастыөзек орта мектебі
Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Бастауыш сынып мұғалімі
Тилеулинова Айжан Сембайқызы
Әріпті алдым танып мен, Қош бол, алтын Әліппем!
<<Әліппемен қоштасу>> ертеңгілігінің жүрісі
Мақсаты:өткен әріптерді, алған білімді бекіту; оқушылардың тілін дамыту; кітапттарға ұқыптылықпен қарауды үйрету; бір-біріне көмектесуге, қарым-қатынас жасауға үйрету; оқушылардың талантын ашуға ықпал ету.
Мұғалім: Армысыздар, құрметті қонақтар, оқушылар! Шәкірттердің қолдарына тұңғыш рет ұстап, бетін ашқан оқулығы - Әліппе. Барлық ғылымның атасы, болашағымыздың негізі - әліппені бітіру тойына қош келіпсіздер дей отырып, ертеңгілігімізді бастайық.
(Ұшақтың даусы естіледі.)
Дауыс: Құрметті жолаушылар, <<Әліппе>> аэропортынан <<1 А>> ұшақ рейсіне отырғызу басталды. Сіздерге ұшақ әуе серіктері Әділханқызы Алина мен Болатқызы Аружан қызмет көрсетеді. Алдымен жолқұжаттарыңызды көрсетіп, орындарыңызға жайғасу сұралады.
1 әуе серік: Құрметті жолаушылар! Біздің ұшағымызға қош келдіңіздер!
2 әуе серік: Ұшағымыздың білім кеңістігіне көтерілуіне аздаған ғана сәттер қалды. Осы сәтті қызықты да, көңілді өткізу өзімізге байланысты. Алдымен сіздермен таныс болайық!
1 әуе серік:
Қане, әріптер, шығыңдар!
Орындарыңа тұрыңдар!
Бастайық, қане айтысты,
Жібермейік намысты.
<<А>>: А дегенің ана ғой,
Ана деген дана ғой. (Абылай)
<<Ә>>: Әжем әнге басады,
Әтеш ұйқы ашады. (Жұлдыз)
<<Б>>: Б дегенің бала ғой,
Жұмсаса апаң бара ғой. (Алихан)
<<Г>>: Г әрпімен гүлденер,
Қызғалдақты қырат, тау. (Аяулым)
<<Ғ>>: Ғ әрпімен бір келер,
Ғылым атты ұлы тау. (Нұрәлі)
<<Д>>: Д әрпінен басталар,
Дархан, дария, далам бар. (Іңкәр)
<<Е>>: Е-ні ұмытпас ешқашан,
Елін сүйген жарандар. (Мақсат)
<<Ж>>: Ж дегенің жөргегің,
Туып өскен жерлерің. (Елназ)
<<И>>: И дегенің - иманың,
Адалдықтың асқары. (Балғын)
<<К>>: К дегенің - күй-дарын,
Домбыраның дастаны. (Жасмин)
<<Қ>>: Қартқа қол бер,
Жасқа жол бер. (Балауса)
<<О>>: Отан - жерім, отан - суым,
Отан қуат нәр береді.
Отан - ұран, отан - туым,
Отан мәңгі гүлденеді. (Амина)
2 әуе серік:
АРУЖАН , қарашы, сүйкімді әріптер боп экипажымызға келген біздің жолаушыларымыз қандай әдемі!
Өсті, міне, бойларың,
Өсті ақыл-ойларың.
Қуанышқа ортақпын,
Құтты болсын тойларың.
1 әуе серік Құрметті жолаушылар! Ұшуға дайындықтарыңызды тексеру үшін сіздерге қояр сұрағым бар:
Іші толы әріпке,
Білімдегі жарық не?
Хормен:
Болашаққа жол ашар,
Ол - сүйікті Әліппе!
Ол - сүйікті Әліппе!
2 әуе серік: Олай болса, бәрімізге ең қымбат, <<Әліппе>> аэропортының бас директорын ортаға шақырайық!
Хормен: Ә-ліп-пе! Ә-ліп-пе!
<<Әліппе>> әнінің әуенімен ортаға <<Әліппе>> келеді.
1 әуе серік
Самғамақ боп білімнің көгіне біз,
Жақсыдан артқа қалар мәңгілік із.
Білімнің белесіне жетелейтін,
Әліппеге алғыс деп бас имекпіз.
(Оқушылар бас иеді.)
Әліппе: Армысыздар, жас достар,
Армысыздар, ата-ана!
2 әуе серік: Әліппе, әріппен таныстырып, оқуды үйреткеніңіз үшін сізге біздің жолаушыларымыз дән риза! Өзіңізге арналған әнімізді қабыл алыңыз!
Хор : <<Рахмет саған Әліппе>>
Жасмин :
Бар кітапқа бас болған,
Әліппе ғылым данасы
Әліппеден басталған,
Даналықтың данасы
Абылай:
Әліппем, менің, Әліппем!
Сені қолға алып мен.
Есігін аштым мектептің,
Ертеңгі сәуле жарықпен.
Амина:
Келгенде алғаш мектепке,
Білмеуші едік әріп те.
Оқимыз қазір ертекті,
Үйреткен оны Әліппе!
Нұрәлі:
Әліппе деген алтын жол,
Апарар сені алысқа.
Жеңіл емес ауыр жол,
Тырысып бақ намысқа
Аяулым:
Бұрқыраған білімің,
Қайнар көзің көріп пе ең?
Том - том қалың кітаптың
Басы болған, Әліппе!
Балғын:
Ең алғаш алғанымда әліппені,
Қызығып қарай бердім әліппені.
Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді,
Ұстазым оның кілтін ашып берді
Балауса:
-Әліппе оқуға,
Үйреткен әр күні
-Үйретіп санауды,
Көп еңбек сіңірген
Мұғалім апай ғой!
Мақсат:
Бүкіл қазақ баласы дәріптеген
Қоштаспақпыз сүйікті әліппемен.
Ризамыз бәрімізді таныстырған,
Сөз бен дыбыс, әр түрлі әріптермен.
Іңкәр:
Әліппемен қош айтысып қаламыз,
Енді қолға Ана тілін аламыз.
Ата-ана қуанышқа ортақ бол
Сауатты боп шықты міне балаңыз
Алихан:
Әліппе даңғыл жол ашты,
Жаңадан пәндер жалғасты.
Әліппе сырын ұқтырған
-Рахмет, ұстаз алғашқы!
Елназ:
Қош бол, құтты <<Әліппем>>
Көп нәрсені үйреттің
Таныстырып әріппен
Тақылдатып сөйлеттің
Жұлдыз:
Таныстырған 42 әріппен
Қош бол менің қасиетті әліппем
Сенің арқан оқи жаза білгенім
Сауатты адам санатына кіргенім
Абылай:
Анам менің, әкем де
Атам менен апам да
Шопан, ұшқыш, ғалым да
Небір мықты дарын да
Тіл сындырып әріпке
Ашқан алғаш әліппе.
Елназ:
Барлық әріп бағалы,
Айттық әділ бағаны.
Әріпсіз сөз болмайды,
Буын онсыз толмайды.
Адам барлық әріпті,
Ардақтайды, қо
Хор: <<Әліппе>> әні
Әліппе: Рахмет, балалар! Өнерлі, талапты екенсіздер! Дымбілмес болмай, Білгішбек болыңыздар! (Дымбілмес келеді)
Дымбілмес:
- Лә-лә-лә! Лә-лә-лә!
Мен Дымбілмес, Дымбілмес!
Тазалықты сүймеймін,
Мен ештеңе білмеймін.
- Мыналар неге жиналып тұр, а? Менің атымды атаған қайсың?
Әліппе:
Сәлеметсің бе, Дымбілмес?! Алдымен амандасқан жөн. Сенің атыңды атаған менмін. Бүгін балалар менімен қоштасып, <<Білімпаздар>> ұшағымен білім кеңістігіне ұшқалы тұр.
Дымбілмес:
Не дейді? Ұшақ дей ме? Менің де ұшаққа мінгім келеді.
Әліппе:
Дымбілмес, бұл ұшаққа тек білгір, ұқыпты, әдепті балалар ғана мінеді. Ал, сен, әріп танымайсың ғой.
Дымбілмес:
Неге білмейм, білем. Мынау - доңғалақтың суреті. Ал мынау - рогатка. Мынау - есік. Бұлардың бәрін мен Әліппені оқымай-ақ білемін.
1 әуе серік:
Ол не дегенің, Дымбілмес?! Бұлар - О,Ү,П әріптері. Дегенмен, балалар, Дымбілместің сөзінің жаны бар. Әрбір әріп бір нәрсеге ұқсас.
2 әуе серік:
- Балалар, сендер үшін түн ұйқысын төрт бөліп, қуансаң - қуанып, ренжісең - жұбататын асыл адамдар ата - ана!
- Ол кісілер біз үшін ең ардақты адамдар. Ата - ананы сыйлау - біздің парызымыз - АНА сөзіне байланысты өлең шумақтарын тыңдаңыздар:
Жұлдыз:
Дүниеге әкелген, ол да сенің анашың,
Ақ сүт беріп өсірген, ол да сенің анашың.
Тіл алмасаң кешірген, ол да сенің анашың,
Мәпелеген баласын, аман болсын анашым!
Іңкәр:
Өмірде бір - біріне серік болып,
Отбасының бақытына берік болып.
Ұрпағының амандығын тілеген
Әкелерім аман болсын көреген!
Балауса:
Баланың да тірегі,
Дананың да тірегі.
Шаншылмасын ешқашан,
Аналардың жүрегі.
Амина:
Ақыл құйған санама,
Күннен де артық расында.
Күн-алыста, ал анам,
Ылғи менің қасымда.
Балалар хормен:
- Ата - анаға мың рахмет
1 әуе серік:
Алпамыс Балғынның орындауында <<Сенің анаң алтын>> әнін қабыл алыңыздар.
2 әуе серік: Ендеше, ата-аналардың ыстық лебізді тілегін естіп, батасын алайық! Ата-аналар атынан сөйлеу үшін ортаға ата-ана комитетінің мүшесі Ақыбаева Назым Нұржұмақызын шақырамыз.
(Ата-ана сөз сөйлеп, шашу шашады.)
1 әуе серік: Бізді осы күнге жеткізіп, бірге қуанып, бірге ренжитін, әріптерді меңгеріп оқуымызға көмектескен ата-аналарымызға айтар алғысымыз шексіз!
Дымбілмес:
Әй, бәсе, балалар, сендерге ата-аналарың көмектескен екен ғой. Сендер 4 айда оқу, жазуды үйренсеңдер, мен 4 күнде-ақ үйреніп келемін. Мен кеттім, пока, чау!
(Дымбілмес кетеді де, Білгішбек келеді.)
Білгішбек:
Армысыздар, халайық?!
Бармысыздар , халайық?!
Не үйрендің, не білдік?
Қане, ортаға салайық!
Мен Білгішбек боламын. Сендердің білімдеріңді сынап, қолымдағы қоржынды толтырып, сіздерге беріп жіберуге келдім.Бұл қоржынға жақсы оқушыға лайықты сипаттама сөздер салынуы керек. Ендеше, бастайық. (ортаға шарлар тастайды. Әр шар ішіндегі сөзді оқи отырып, балалар қоржынға салады )
Білімді. Тапқыр. Зерек. Зерделі. Әдепті. Сауатты. Өнерлі.
Білгішбек:
Міне, балалар, қоржындарыңды толтырдық. Енді маған арнап өз өнерлеріңізді көрсетсеңіздер қалай болады?!
2 әуе серік: Білгішбек, жолаушыларымыздың <<Менің Отаным>> әнін қабыл алыңыздар.
Білгішбек:
Балалар, мен сендерге ризамын. Қоржындарыңыз тек игі жақсы сөздер мен істерге тола берсін. Жолдарыңыз болсын! Білім әлемінің биігіне қанаттарың талмай, самғай беріңіздер! Сау болыңыздар! (Білгішбек кетеді)
Әліппе:
Балалар, 4 ай бойы өздеріңізбен бірге болдым. Мені ұқыпты ұстағандарыңызға, ерінбей оқығандарыңызға көп рахмет! Сендердің келешекте сауатты болатындарыңызға сенемін.
1 әуе серік: Құрметті, Әліппе! Сіздің досыңыз, көрші аэропорт директоры <<Ана тілі>> байланысқа шығып тұр.
Әліппе:
Балалар, сендер менімен қоштасып, енді келесі аэропортқа ұшқалы отырсыздар! Ол <<Ана тілі>> деп аталады. Ендеше, оның сөзіне құлақ түрелік! Сәлем, Ана тілі!
Ана тілі(экраннан):
Сәлем, Әліппе!
Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Туған елдің тілімін,
Ақылыммен танылам.
Түсіндірер бәріне,
Ана тілі мен болам.
Менің сендерге үйретерім көп. Қазақ тілінің қыр-сырын ұғындырамын. Ақын-жазушылармен , олардың шығармаларымен таныстырамын. Жаттығулар орындап көбірек жазатын боламыз. Сендер оған дайын екендіктеріңе сенімдемін. Ең бастысы, табандылық пен шыдамдылық керек.
Мен сендерді күтемін, балалар. Кездескенше!
Әліппе:
Ал, балалар, жол болсын!
5 болсын алар бағаңыз,
Білімнен бақыт табасыз.
Өнер, білім көп тоқып,
Өсе берсін санаңыз.
Сіздерге <<Әліппені>> оқып бітіргендерің үшін рахмет айтамын.
Хормен:
Қош бол, құтты Әліппе!
2 әуе серік:
- Әріптерді үйретіп,
Жақын болған кім бізге?
Жамандықтан жирентіп,
Ақыл берген кім бізге?
1 әуе серік
- Әліппені оқуға,
Үйреткен әр күні.
Үйретіп санауды
Көп еңбек сіңірген.
Ол кім?
Хормен:
Ол - мұғалім апай ғой.
Жұлдыз:
Ұстаз ана - болашақтың анасы,
Ұстаз ана - ақыл-білім панасы,
Жүзіндегі пәк мейіріміді көргенде
Әр шәкірттің оянады санасы
Алихан:
Алғашқы ұстазымыз анамызбен тең келеді,
Бар асылын бізге жиып , мол береді.
Қанатымен су себелеп асыл жан,
Әр шәкіртін баласынан кем көрмейді.
Елназ:
Ақылшы асыл, ұстазым
Жолымды айқын нұсқадың,
Қасыма кеп, қанша сен
Қамқор боп қалам ұштадың.
Нұрәлі:
Өз аузына қаратқан
Ұстаз үнін ұғамын.
Сөйтіп әрбір сабақтан
Сәл есейіп шығамын.
Аяулым:
Жүзің жылы, құшағың кең
Сенен түлеп, ұшамын мен.
Өзің берген біліміңмен
Биіктерге шығамын мен.
Мақсат:
Ұстаздықты сүйіп, қалап таңдаса
Өнегесін жас ұрпаққа арнаса
Нағыз ұстаз міне осы дер едім.
Қиыны мен қызығына қанбаса.
Іңкәр:
Бойымызда бұлан күш
Еркін өскен ұланбыз.
Оқу білім үйреткен,
Ұстаздарға мың алғыс.
Балғын:
Күмбірлеген күй тыңдатып
Ән салып күй тартқызды.
Мұхит ағай жалықпай
Әуелетіп ән айтқызды.
Амина:
Алғашқы әрпін тыңдатып,
Өзге тілді сөйлеткен.
Анар апай
Ағылшын тілін үйреткен.
Алихан:
Ұстаздар-ұлттың тілегі
Ұстаздар - мектеп жүрегі
Ұрпаққа жетер ұстазбен
Халықтың ұлы тілегі
Мақсат:
Дәнекер боп дамыл таппай арада
Әліппені ұялатқан санаға
Ұстазымыз сізге алғыс айтамыз
Үйретуден жалықпаған балаға
Балғын:
Бәрімізді сүйіп өткен,
Балаларға үйреткен.
Әліппе мен ұстазға
Бас иеміз құрметпен.
(Барлығы бас иеді.)
Хор: <<Ұстазым менің>>
2 әуе серік:
Бәріңізді табыстырған Әліппе!
Әріптермен таныстырған Әліппе!
Бұл өмірде білім алған адамның,
Болашағы әрқашанда жарық де! - дей келе Әліппені бітіру туралы куәлік тапсыру үшін ортаға мектеп директоры Дархан Серікұлын шақырамыз.
1 әуе серік:
Келесі концерттік нөмірлер ұстазымызға және бізді шығарып салуға келген баршаңызға арналады. Қабыл алыңыздар!
2 әуе серік:
Ұрпақпен өмір жолы жалғанады
Көңілді күндер тусын алдан әлі
Ән-шашу әсем бимен түрлі өнер
Бүгінгі күн сіздерге арналады - дей келе Елубай Жұлдыздың орындауында <<Көңілді күн>> әнін тамашалаңыздар.
1 әуе серік:
Көрмеген артық сөйлеп, артық күліп,
Шәкірттерін баулиды тәртіпті қып.
Қоштасамыз біз бүгін әліппемен
<<Бастауыш вальсін>> билеп тұрып.
2 әуе серік:
Құлақтан кіріп бойды алар
Әсем ән мен тәтті күй
Көңілге түрлі ой салар
Әнді сүйсең менше сүй - дей келе Ерланұлы Дамирдың орындауында <<Ұстазым>> әнін қабыл алыңыздар.
1 әуе серік:
Теңіздей тербетіліп көл бетінде,
Бишілер билеп кетті тербетіле.
Аққудай қалықтаған теңіздегі,
Бишілер өнерлерін көрсетуде,- алдарыңызда мың бұралған қыздарымыз өзбек биімен қарсы алыңыздар.
2 әуе серік:
Көңілің Алатаудың ақ қарындай,
Мейрімің күннің шуақ шақтарындай.
Қалайша аяулы ұстаз тына алармын
Ән болып сағыныштан ақтарылмай,-деп ұстаздар мен ата-аналарымыздың құрметіне
1 сынып оқушыларының орындауында <<Бала тілегі>> атты әнін қабыл алыңыздар.
1 әуе серік:
Бірге өсіп, ел жайлаған ұл менен қыз
Асыға сәлем жолдап жүректен біз.
Тәтті күй, асқақ ән мен әсем биді
Сізерге тарту етіп ұсынамыз,-дей келе ұлдардың орындауында орындауында <<Теңізшілер>> биін тамашалаңыздар.
2 әуе серік:
Арайлы ақ тілекпен
Ән жолдаймын өзіңе
Сағыныш сазды жүрекпен
Жыр арнаймын өзіңе,-дей келе Ерланұлы Дамирдың орындауында << >> әнін қабыл алыңыздар.
1 әуе серік:
Бишілер бар бізде қыздар мен ұлдар тобы,
Мерекеге өнерімен келген бүгін.
Таң қалдырып, қанекей би билеші,
Қол соғып, демеу берсе көрермендер!-деп <<Орыс>> биін тамашалаңыздар.
2 әуе серік:
Мың бұралып билеген
Аруды кім сүймеген
Күміс күмей аруға
Кімдер басын имеген - дей келе Қапалбаева Шырынның орындауында <<Астанам>> әнін қабыл алыңыздар.
1 әуе серік:
Күмбірлей күй естілсе домбырадан
Көңілге шаттық сезім қондырар ән.
Шымырлай шыққан кезде шырқау көкке
Елітіп тұла бойың балбыраған,-деп 1сынып оқушыларының орындауында <<Біз өмірдің гүліміз>> әнін қабыл алыңыздар.
2 әуе серік:
Үкілі кәмшат, бүрмелі көйлек.
Тұрғандай өзі, қимылсыз билеп.
Иықтан шашып, төгіліп жерге,
Күмісті шашбау, жарасып белге деп ақын ағаларымыз жырлағандай келесі кезекте мың бұралған бишілерде. <<Қазақ биі>>
1 әуе серік:
Ана тілім-елдігім,
Ана тілім-ерлігім.
Ана тілім-болмаса
Бүтірделмес кемдігім - деп Құрметті жолаушылар, осындай көтеріңкі көңіл күймен <<Ана тілі>> аэропортына жолға шығамыз!
Ата-аналар келгендеріңізге көп рахмет! Сау болыңыздар! Ұшағымыз ұшуға дайын. Сәт, сапар, жас бүлдіршіндер!
(Ұшақтың ұшқан дыбысы естіледі.)
Осымен ертеңгілігіміз аяқталды.
Көңіл қойып, тыңдағандарыңызға көп рахмет!

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz