Практикалық жұмыс: графикалық ақпаратты өңдеу - бейнелерді масштабтау, трансформациялау және үзінділермен жұмыс

Сабақтың тақырыбы: Практикалық жұмыс. Графиктік ақпаратты өңдеу (бейнелерді масштабтау, трансформациялау), үзінділермен жұмыс.

Сабақтың мақсаты: Ү зінділерді шағылдырып бейнелеуді, бұруды, созуды және еңкейтуді үйрету;

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: слайдтар, компьютер.

Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: оқушыларды түгендеп, оқушы көңіл күйін бағыттау, сабаққа деген ынтасын ояту.

І. Қызығушылықты ояту.

Өткен тақырыпты қайталау:

  • Үзінді дегеніміз не?
  • Үзінділерді белгілеу жолдары қандай?
  • Үзінділермен қандай әрекеттерді орындауға болады?
  • Үзінділерді көшіру және жылжыту әрекеттері қалай орындалады?
  • Үзіндіні жою әрекеті қалай орындалады?

Мағынаны тану

Кескіннің детальдарын дәлдеу масштабтың көмегімен жасалады. Windows-тегі

барлық амалдар сияқты, масштабты әртүрлі тәсілдермен өзгертуге болады. Мыналарды пайдаланыңдар:

  1. Түр (Вид) тіркеме бетінің саймандарын;
  2. Негізгі тіркеме бетіндегі Масштаб сайманын;
  3. Жай-күй жолындағы Масштаб жүгірткішін;

«Трансформация» сөзі латын тілінен түрлену, алмасу деп аударылады.

Үзіндіні бейнелеу немесе бұру әрекеттері:

1. Үзіндіні белгілеу

2. Рисунок менюіндегі немесе қосымша менюдегі Отразить/Повернуть командасын орындаймыз

Бұл команда арқылы үзіндіні тік (вертикаль) немесе көлденең (горизонталь) осьтеріне қатысты 90, 180, 270 градусқа бұруға болады.

Үзіндіні еңкейту немесе созу әрекеттері

1. Үзіндіні белгілеу

2. Рисунок менюіндегі немесе қосымша менюдегі Растянуть/Наклонить
командасын орындаймыз.

Тапсырмалар:

Компьютердегі тәжірибелік жұмыс

Суретке “Менің сыныбым” мәтінін орналастырыңдар. Суреттің масштабын өзгертіңдер. Түспен толтыру сайманын пайдаланып, әр әріпті өз түсіне қайта бояп шығыңдар.

Компьютердегі тәжірибелік жұмыс

1. Саңырауқұлақ суретін салыңдар.

2. Кескінді бірнеше рет көшіріңдер.

3. Суреттің мөлшерін барлық мүмкін тәсілдермен өзгертіңдер.

4. Әр өзгертуді дәптерге жазып, белгілеңдер.

5. Суретті сақтаңдар.

Сабақты бекіту сұрақтары:

  • Трансформация дегеніміз не?
  • Үзінділерді бұру әрекеті қалай орындалады?
  • Үзінділерді еңкейту немесе созу әрекеті қалай орындалады?
  • Суретті басып шығаруға жіберу үшін пернелердің қандай тіркемесі қолданылады?

• Суреттің фрагментін қалай ұлғайтуға болады?

Үйге тапсырма : Өткенді қайталау.

Бағалау.


Ұқсас жұмыстар
5-сынып информатикасы: Графиктік ақпаратты өңдеу және графикалық редакторлармен практикалық жұмыс
7-сынып: Графикалық ақпаратты өңдеу және Paint графикалық редакторымен жұмыс
Paint графикалық редакторында үзінділермен жұмыс жасауға арналған сабақ-саяхат
Paint графикалық редакторымен жұмыс: сабақ жоспары және практикалық тапсырмалар
PAINT графикалық редакторында үзінділермен жұмыс істеу мүмкіндіктері - 7 а сыныпқа арналған ашық сабақ
Информатика 5-сынып: Дыбыстық ақпаратты өңдеу және Фонограф бағдарламасымен жұмыс
7-сыныпқа арналған графикалық ақпаратты компьютерде өңдеу сабақ жоспары
Paint графикалық редакторында жұмыс істеу: практикалық сабақ және оқыту әдістемесі
7-сынып информатикасы: үзінділермен жұмыс - көшіру, көбейту, жылжыту және бұру операциялары
5-сынып информатикасы: ақпарат, ақпаратты өңдеу, практикалық жұмыс, компьютер құрылғылары, пернетақта, программалық қамтамасыз ету және операциялық жүйе - қысқа мерзімді сабақ жоспарлары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz