Ана - өмір шуағы сценарий

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Ана - өмір шуағы»
Сабақтың мақсаты:
1. Балаларға 8 - наурыз туралы түсінік беру. Жанұядағы ана мен бала арасындағы қарым - қатынасты, анаға деген бала махаббатын нығайту.
2. Балаларды ұятқа тән жақсы қасиеттерді білуге, үйренуге және олардың логикалық ой - өрісін, тіл байлығын, сөздік қорын, ойлау қабілеттерін бала бойындағы өнері мен дарындылығын дамыту.
3. Балаларды мейірімділікке, аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге, анасын сүю арқылы еліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Суретті плакаттар, қабырға газеттері, нақыл сөздер, гүлдер, шарлар
Барысы:

І. Мұғалімнің кіріспе сөзі

Ана деген сөзге лүпіл қақпайтын жүрек, мөлдіремейтін жанар жоқ. Әрбір ана отының өшпеуін, бақытының көшпеуін, шаңырағының құламауын, сәбиінің жыламауын, сұм соғыстың болмауын тілейді. Ана - тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі. «Ат биеден, алып анадан туады» дейді халқымыз. Дүниеде анасыз адам жоқ. Қаламы жүйрік жазушы да, данышпан ғалым да, ел бастаған көсем де, сөз бастаған шешен де ана көкірегінен нәр алып өскен. Ана - барлық өмірдің бастауы. Ол өз сәбиін мәпелеп өсіреді, жақсы болуын қалайды. Адам бойындағы барлық асыл қасиеттер күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен дариды. Ана - ұлы адам, қасиетті жан. Тіпті айта берсең сөз жетпейді. Ана бір қолымен бесікті тербетсе, бір қолымен әлемді тербетеді деген. Расымен, анасыз өмірді, әлемді елестету мүмкін емес. Әрбір жұмыр басты пенде бұл өмірге келгені үшін анасына қарыздар. Құдайдан кейінгі құдірет иесі - Ана. Сондықтан мына жарық дүниеге әкелген ана алдында бәріміз басымызды иеміз.

Ардақты, аналар, әжелер мен апалар! Сіздерге осынау мерейлі мереке тек қана игі жақсылықтар әкелсін. Деңдеріңізге саулық, бала-шағаларыңызға амандық тілейміз. Жүздеріңізден күлкі қуаныш пен шаттықтың нұры кетпесін. Еңбектеріңіз табысты болып, шаңырақтарыңызға құт - береке дарысын! Аспанымыз ашық, мемлекетіміздің іргесі берік болсын.

Айнәзік қолшатырмен шығады (жаңбыр жауып тұрған секілді)

Ескендір Айнәзікке :- неге қолшатыр ұстап алғансың?

Айнәзік: - Далада жаңбыр. Білесің бе ?Қазақстаннның кейбір өңірлерінде

жаңбыр, қар жауып жатыр. Менде өзімді сондай көңілсіз сезініп тұрмын.

Ескендір:- қолшатырыңды түсір. Айналаға қарашы.

Айнәзік: -Ой кешіріңіздер, айнала жап-жарық, далада күн нұрын төгіп, ортамыздағы аналарымыз мейірімін шашып отыр екен ғой.

Ескендір: -Ия бүгін аналар мерекесі, көктем мерекесі.

Айнәзік:

1. Ендеше аналарымыз Ескендір:

3. Күн шуақты болсын 2. Бақытты болсын

5. Ұрпағы өмірлі 4. Көктем көңілді

7. Отбасының бағын тілейміз 6. Жүрегіне жалын

Бірге. Мерекелеріңіз құтты болсын, АНАЛАР!!

1-жүргізуші: Ақнұр

Аналар, арулар мен сұлу қыздар

Мәңгі әсем гүл болып қалыңыздар.

Шын жүректен құттықтаймыз сіздерді,

Кең дүниенің биігінде тұрыңыздар.
2-жүргізуші:
Гауһар Жүздеріңнен көрем шаттық арайын,

Болсын сенің әрбір күнің, әр айың.

Мерекеңіз құтты болсын, АРУЛАР!

Мерекеңіз құтты болсын, ағайын!

1-жүргізуші:

Ана әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы, ақ сүтін емізіп аялаған, жанын да аямаған ардақтысы. Мен ана деген сөзді қанша айтсам да жалықпаймын. Өйткені ол дүниедегі ең ардақты жанАна баланың амандығын бақытты, абыройлы болуын тілейді.

2-жүргізуші:

Бойымыздағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Дүниеде ананың көз жасынан салмақты, одан ауыр таразы басын басатын ештеңе жоқ. Өйткені ананың көз жасы өзінің киесімен ауыр. Ана-тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі. Ендеше, анамызды сыйлап, құрметтейікші достар!

1-жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті аяулы аналар, мейірімді әпкелер, көктемдей құлпырған сұлу да, сымбатты ару қыздар! Бүгінгі «Ана-өмір шуғы» атты мерекелік жиынымызға қош келдіңіздер. Сіздерді 8- наурыз халықаралық әйелдер күні мерекесімен

Екеуі бірге: ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Ақнұр: Ананың сүті - бал,
Гауһар: Баланың тілі - бал.
Ақнұр: Күннің шуағы - жылы,
Гауһар: Ананың құшағы - жылы.
Ақнұр: Ана - үйдің берекесі,
Гауһар :Бала үйдің - мерекесі.
Ақнұр: Ана сүтін ақтамағанды,
Гауһар: Ешкім мақтамайды.
Ақнұр: Ана - өмір себуші.

Минара Бәрі де, ана, бір өзіңнен басталды

Сен деп жаздым алғаш өлең-дастанды

Қуандым ба, өзің бар деп қуандым,

Жыладым ба, өзің жоқ деп жас тамды.

Қайыржан Бәрі де, ана бір өзіңнен басталды.

Жанарыңнан көрдім алғаш аспанды

Еркелесем, бір өзіңе еркелеп,

Жасқандым ба, тек өзіңнен жасқандым.

2 -жүргізуші: Сіздерге әрқашан сыр бермес денсаулық, өмірдің шапағатын тілейміз. Бұл күні өздеріңізге бағытталған тілектер періштенің құлағына шалынсын. Әрдайым мейірім шуағын шашып жүре беріңіздер.

Айнәзік Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,

Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың

Өміріме нәрін берді ақ сүтің,

Кең құшағың аясындай гүл бақтың.

Ринат Ер жеткізіп елге берген баласын,

Ақылдысың, ардақтысың, данасың!

Қарайтыным қас-қабағың бір сенің,

Қайратыңнан қайта көрме, анашым,

1-жүргізуші:

Анам менің, асылым, лағыл әнім,

Кең кеудеңе гүл болып тағыламын,

Жұлдызындай көгінде жағыламын.

Алыс кетсем аңсаймын сағынамын -демекші

Құрметті де ардақты, аналар! Адамға өмір нәрін себуші құдірет иесі Сіздер! Біз мәңгілік Сіздердің алдарыңызда борыштармыз. Бүгінгідей мерекеде балапандарыңыздың қызметін, құрметін қабыл алыңыздар! Бүгінгі ән, би, бәрі де Сіздер үшін.

Хор: «Ақ мамам»

2-жүргізуші:

Қазірет пайғамбарға бір адам келіп:

-Мен бір зор күнә істедім. Енді мен үшін тәубе ету мүмкін бе?-деп сұрайды.

Сонда пайғамбар:

-Анаң бар ма? -деп сұрайды.

-Бар, -дейді әлгі адам.

-Онда анаңа қызмет көрсет, -деген екен пайғамбар. Олай болса шәкірттеріңіздің аналар жайлы өлең шумақтарын тыңдайық.

Мейіржан Әркімнің де өмірден аласы бар,

Аласы бар адамның анасы бар.

Мерекесін құттықтап аналардың,

Ән жолдайтын апалардың баласы бар.

Дильназ Ананың әлпештеген әні қымбат

Ақ жаулығы желбіресе сәні қымбат.

Күлімдеп, ұмыттырса мұң көңілді,

Бәрінен де иісі сіңген шәлі қымбат

Ерасыл Бас қосты бүгін жиынға

Аналардың қауымы

Таусылмасын әрдайым

Отбасының сауығы

Айсана Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым

Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың

Өміріме нәрін берді ақ сүтің,

Кең құшағың аясындай гүл бақтың.

Ермерей Бала, бала, бала деп,
Түнде шошып оянған;
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған;

Жақсылық Жамандықтан сақтандырып,
Жақсы ісімді мақтан қылып.
Мәпелелеген ақ мамамды,
Жүрсем деймін шаттандырып.

Асылжан Еркелесем, күлімдейтін,
Ұрысқаны білінбейтін.
Маңдайымнан иіскеп менің,
«Құлыншағым, күнім», - дейтін.

Мәншүк Аяулысың, ауылымның асылдары,

Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.

Сендер үшін ән менен күй, өлең мен би,

Сендер үшін мереке шашулары.

Арман Әлемдегі ақылды адам,
Бәрінен сол жақын маған!
Ол жанымда жүрсе, мен де,
Батырларша батылданам.

1 -жүргізуші: Сахналық көрініс ( Минара, Ескендір ) Қабдікәрім Ыдырысов. «Әжесі мен Бағлан»
- Жүрегім кім менің?
- Мен!
- Тірегім кім менің?
- Мен!
- Сәнім кім менің?
- Мен!
- Ботақаным, бағлан қозым,
Не деген тәтті баласың өзің!
Ой, қарғам менің!

- Жоқ, әже, қарғаң мен емес!
Жо . . . жоқ, қарға болмаймын,
Керегі жоқ ондайдың.
Қарға «қарқ-қарқ» етеді,
Алысқа ұшып кетеді.
Қасыңда боп әрдайым,
Мен ешқайда бармаймын.

2-жүргізуші:

Дүниедегі ең кемеңгер дананы

Ана табады, аялайды, бағады.

Сол үшін де құдіретіне бас иіп,

Құрметтейік қасиетті ананы!

1-жүргізуші: Әлемдегі ең асыл жан ол - Ана десек, жүрегімізде сүйікті жанға деген маххабат сезімі оянады. Ана бұл аяулы да мейірімді жан. Ару - ана, Ару - асыл жар, Ару - көңілдің гүлі, Ару - өмірдің жыры, тіпті айта берсең сөз жетпейді.

2-жүргізуші: Жанұяның жылуын суытпай, тал бесікті тербей отырып, тебірене толғар бесік жыры арқылы аңыз ертегілері мен жақұт жырлары арқылы ұрпағының бойына адамдық қасиеттерді дарытып отырған аналардың құдіретті сезімдеріне арналған әсем әнді қабыл алыңыздар.

1-жүргізуші: Білесің бе, Гауһар? Менің анам үйде барлық тірлікті істеп, одан қала берсе жұмысқа да барып үлгереді

2-жүргізуші: Дұрыс айтасың, Ақнұр. Мен мектептен келсем тамағым да дайын, үй іші жып-жылы,

үй де жинаулы. Мұның бәрін қалай үлгереді екен?

1-жүргізуші:

Иә, Гауһар . Біздің аналарымыз бәрін өз қамқорлығына алады, олар барлық шаруаны бітіреді, сонымен қатар олар біздің әр ойымызды айтқызбай табады, біздің бар сырымыз оларға әрқашан да белгілі

2-жүргізуші: Олай болса, Ақнұр. Аяулы аналарымызды бір сынап көрсек қайтеді?

1-жүргізуші:

Көрсек, көрейік!

Сұрақтар қою :

  1. Мектептің мекен-жайы? (Ақнұр)
  2. Балаңыз қай мектепте оқиды? (Гауһар)
  3. Балаңызға ағылшын пәнінен беретін мұғалім кім? (Ақнұр)
  4. Асханадағы самсаның бағасы? (Гауһар)
  5. Сәрсенбі күннің сабақ кестесі? (Ақнұр)
  6. Балаңыздың сыныптастарыңыздың жасы нешеде ? (Гауһар)
  7. 5-ші сабақ нешеде аяқталады ? (Ақнұр)
  8. Мектебіміз неше қабаттан тұрады? (Гауһар)
  9. Балаңыз нешешінші қатарда, нешінші партада отырады? (Ақнұр)
  10. Дүйсенбі күннің сабақ кестесін айтып берсеңіз? (Гауһар)

1-жүргізуші:

Көңілің Алатаудың ақ қарындай,

Мейірімің күннің шуақ шақтарындай.

Қалайша аяулы ана тына алармын

Ән болып сағыныштан ақтарылмай, -деп абзал аналарымыз бен қырмызы қыздарымыздың құрметіне Гауһардың орындауында «Аяулы ана» атты әнін қабыл алыңыздар.

2-жүргізуші:

Әлемнің жарығын,

Сыйладың сен маған.

Даланың әр гүлін,

Жинадың сен маған.

Тіршілікке нәр берген ана сүті қандай құдіретті. Әлемдегі жақсылық көзі, адамдық қасиет, ақ тілек мейірбандықтың бәрі ана деген сөзбен астасып жатыр.

1-жүргізуші:

Дүниедегі ең кемеңгер дананы

Ана табады, аялайды, бағады.

Сол үшін де құдіретіне бас иіп,

Құрметтейік қасиетті ананы.

2 -жүргізуші:

Анашым ақ сүт беріп өсіріп ең

Қатемді менің кешіріп ең

Төрт бөліп түн ұйқысын әлдилеткен

Айналдым «ана» деген есіміңнен

1-жүргізуші:

Халық арасында ананы қадірлеу, ананың орны туралы даналық сөздер көп. «Кімде-кім ата-анасының ризалығын алған болса, соның өмірі ұзартылады», «Жұмақтың кілті - ананың табанында». Менің ойымша, Гауһар, осы сөзден кейін есі бар, жер басып жүрген бүкіл адамзаттың анаға бас иіп, тағзым етпеуі үлкен қателік болар еді.

2-жүргізуші:

Сенің ойыңды дұрыс деп есептеймін, Ақнұр? Себебі әр адам жарық дүниеге келгенде мейірімді, жүрегі жылы жанды көреді. Ол - Ана. Балапаның қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай бауырына басып, біз үшін жанұшыра шырылдайтын да - Ана.

Мәншүк

Барша ана құтты болсын мерекеңіз,

Әрқашанда ана сізбен берекеміз.

Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам,

Сонда біз кісілікке теңесеміз.

Ербөбек

Ана -жұмақ, мен -шуақ саябағы.

Ана-шырақ, мен-сұрақ санадағы.

Ана-теңіз, мен қайық тербеті

Ана-бұлақ, мен құрақ жағадағы.

Дильназ

Бәріде қызық бола қоймас бұл өмірде,

Ана мейірімін шашпаса кең дүниеге.

Бақыт та, балалық та алақаны,

Ананың әлпештеген әлдиінде.

Айсана О, аналар, осындайсың бәріңде,

Қасиет тұнған жасыңа да, кәріңе.


Ұқсас жұмыстар
Анамыздың жүрегі
Аналардың жүрегі
Ана - өмір шуағы туралы ақпарат
Ана - күннің шуағы
Ана өмір шуағы жайлы ақпарат
Ана -өмірдің шуағы. ертеңгілік, ересек тобы
Аналар мерекесіне құттықтау айт
Құтты болсын апатай, Құтты болсын мерекең
Ана – гүл, ана – өмір шуағы
Ана махаббатымен әлем тербелген..
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz