Сабақ жоспары :: Қазақ тілі

Файл қосу

Алғашқы қазақ басылымдары

Қарағанды облысы
Осакаров ауданы
<<Батпақ селосының №6 орта мектебі>> КММ
Қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі Акишева Жансәуле Өмірзаққызы
Сабақтың тақырыбы: Алғашқы қазақ басылымдары.(10 сынып)
Сабақтың мақсаты: Алғашқы қазақ басылымдары туралы мәлімет беру, балалардың тілін, ой-өрісін дамыту, сөздік қорларын молайту, әдемі көркем жазуға дағдыландыру, пәнге деген сүйіспеншілігін арттыру, басылымдар туралы кеңінен білуге тәрбиелеу.
Сабақтың міндеттері:
Мәтінді сауатты, түсініп оқуға дағдыландыру, бұрынғы өткен сабақтан алған мәліметтерін тереңдету, ойда қалғандарын нақтылау; сөйлемнің бірыңғай мүшелерін практикалық жолмен меңгерту;
Оқушылардың өз бетінше білім алу мүмкіндігіне сүйене отырып, олардың танымдық қызығушылығын арттыру;
Сауаттылыққа, дұрыс сөйлей білуге, адами қасиеттерге тәрбиелеу;
Күтілетін нәтиже:
Алғашқы қазақ басылымдары туралы түсініктері кеңейеді.
Мәтінмен танысып, сөздікпен жұмыстану арқылы сөздік қорлары көбейеді.
Түрлі тапсырмаларды орындау арқылы талдау дағдылары жетіледі.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, баяндау, әңгімелеу, топтық жұмыс, ой қозғау, түсіндіру, топтастыру.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақтадағы слайдтар, грамматикалық кестелер, суреттер.
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, тарих.
Сабақтың түрі: қайталау сабағы
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сабақтың тақырыбымен таныстыру, мақсатын айту.
ІІ. Үй жұмысын тексеру.Ережені қайталау (114-б,5-тапсырма)
ІІІ. Мәтінмен жұмыс.
<<Алғашқы қазақ газет-журналдары>> атты мәтінді түсініп оқу, аудару.

Алғашқы қазақ газеттерінің бірі-<<Түркістан уәлаяты газеті>>1870 жылы Ташкент қаласында қазақ және өзбек тілдерінде шығарылам бастаған, ол Түркістан генерал-губернаторлығының баспасөз органы болған. 1888 жылы
Омбыда Дала гегнерал-губернаторлығы <<Дала уәлаяты газетін>> шығара бастады. Бұл газеттер Ресей империясының қазақ өлкесіндегі саясатын түсіндірумен айналысты. Олар негізінен ақпараттық-анықтамалық сипатта бола тұрса да, оларда қазақ халқының тарихы, этнографиясы және ауыз әдебиеті туралы материалдар жиі жарияланып тұрды. Осы газет беттерінде
Қазақ зиялыларының көшбасшылары Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы, Мұстафа Шоқай және басқалардың мақалалары жарияланды.
ІV. Топпен жұмыс. Мына сұрақтарды топ болып талқылау.
* Қазақ газет-журналдары қай ғасырда пайда болды?
* Алғашқы қазақ басылымдары қалай аталады?
* Алғашқы қазақ газет-журналдарының мақсаты қандай еді?
* Қазақ тілінде шығарылған газет-журналдардың ұйымдастырушылары кімдер болды?
1.Сөздердің синонимдік қатарын жалғастыру.
* уәлаят-аймақ-...
* көкейкесті-өте маңызды-...
* ақпарат-мәлімет-...
* қолжазба-шығарма-...

2. Сандарды сөйлет. Әр топ үш сөйлемнен құрастыру.
Тақтада берілген кестені толтыр.Қай газет - журнал қай жылы шыққанын айтып, дәптеріңе жазу.

Жылы
Газет-журналдың аты
1870

1888

1911

1914

1918

VI. Грамматикалық тақырыппен жұмыс.
Сөйлемнің бірыңғай мүшелері - сөйлемнің бір ғана мүшесінің қызметін атқаратын, бір ғана сұраққа жауап беретін, көбінесе бір тұлғада, бір сөз табынан жасалып, бір ғана сөзге қатысты болатын сөздер тобы. Сөйлемнің барлық мүшелері де сөйлемнің бірыңғай мүшелері бола алады.
Бірыңғай бастауыш: Жаз келер, қыстыгүні қысым етіп, Қар, суық, аяз, боран -- бәрі кетіп (Шәкәрім). Бірыңғайбаяндауыш: Ат міндім, атан алдым, шекпен кидім, Жөнім жоқ сені мақтай сөйлемеске (Жамбыл). Бірыңғайтолықтауыш: Бай бейілін, мейірін, Сән, салтанат сейілін, Ақыл күшін, зейінін, Ең ақыры, төбетін, Күймен, жырмен мадақтап, Бәйіт қылып беретін (Жамбыл). Бірыңғай анықтауыш: Тапқыр, адал, ақ ниет адамдардың Алданбайсың артынан ерте берсең (Шәкәрім). Бірыңғай пысықтауыш: Ол мойнын бұрып жан-жағына қарады да, түйеніңтабанындай аяқ-қолдарын асықпай, табандықта сермеп жүзіп жүре берді (Б. Момышұлы). Сөйлемнің бірыңғай мүшелері жалғаулықсыз да, жалғаулықтар арқылы да байланысады. Негізінен, мұндай реттерде ыңғайлас жалғаулықтар, қарсылықты жалғаулықтар және талғаулы жалғаулықтар қатынасады: Арбада, дөңгелектер де, адамдар да, олардың ойлары да қызғылт шаңның ішінде (М. Жұмабаев); Бірыңғай мүшелерідің алдында немесе соңында жалпылауыш сөздер болады. Ондай қызметті есімдіктер, сияқты, тәрізді сөздер, сондай-ақ сан есімдер де атқарады: Арқаға аяқ салып түскен барып Екі оттың -- орыс, қытай арасына (М. Жұмабаев).
1.Берілген сөйлемдерден бірыңғай мүшелерді тауып, дәптерлеріңе көшіру
* Сарбонна(Париж) университеті зерттеушілерінің мәліметінше, <<Тарихшылар,педагогтер,лингвистер мен ақындардан құрылған тамаша ұжымның арқасында <<Айқап>>журналы өте жақсы көркемделген 20 бетболып басылып тұрды>>.
* 1905 жылдан бастап Әлихан Бөкейханов,Ахмет Байтұрсынұлы, Райымжан Мәрсекұлы және басқа да алдыңғы қатарлықазақ оқығандары жалпыхалықтық <<Қазақ>>газетін шығарумен айналыса бастады.
* Мектеп сахнасында біз ән шырқап, күй толғап, баяу ырғақпен би билеп, өнерімізді көрсеттік.
* Газет қолдан-қолға, ауылдан-ауылға өтіп, тозып, жыртылғанша оқылады.
2.Сөздерді мағыналарына және құрамына қарай топтастырып жазу.
Үлгі: Уәлаят-көнерген сөз; қолжазба-біріккен сөз, т.б.
І-топ. Баспасөз,генерал- губернатор,империя,этнография,көшбасшы,баспагер,редактор,
ІІ-топ.Прозашы,журналист,көкейкесті,мәдени-ағарту,орган,ағартушы,драматург.
VІІ. Бекіту.
. 1.Сөйлемдердің дұрыс не бұрыс екенің тексеру.

Сөйлем
Дұрыс
Бұрыс
1.
Жалпы ұлттық <<Қазақ >>газеті 1913 жылы жарық көрген.

2.
Газет Омбы қаласында шығарылып тұрған.

3.
Басылымның шығуына қазақ зиялылары көп үлес қосты.

4.
<<Қазақ>> газетінің негізін қалаушы ұлы ғалымАхмет Байтұрсынұлы болды.

5.
<<Қазақ >>газеті ұлттық-саяси және ғылыми-әдеби басылым болды.

6.
Газет тіл мен әдебиет, мәдениет пен тәрбие мәселелерін қарастырған жоқ.

7.
Газеттің таралымы 5 мың данадан 10 мың данаға дейін жеткен.

VIІI. Балалардың білімін бағалау.
ІХ. Қорытындылау.
Х.Үй жұмысы:118б,7-тапсырма /пікірлесу/

Ұқсас жұмыстар
Сегізінші қарасөз
Абайтану таңдау курс бағдарламасы 9 сынып
Сағат саны Уақыты
«шешендік өнер» арнайы курстың күнтізбелік жоспары
Абайдың шығармалар жинағы
Төрт ана
Өсімдіктер мен жануарлардың «қызыл кітабы»
Орыс тілінде жаз
Аймақтық кошмпанентті пайдалану
Бағдарлама тақырыбы
Пәндер