Сабақ жоспары :: Қазақ әдебиеті
Файл қосу
Жалқау немере , Мен таңдайтын мамандық
Батыс Қазақстан облысы,
Қаратөбе ауданы,
Алакөл негізгі орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Тулегенова Тансулу Калиевна
Шағын жинақты мектепте ұйымдастырлатын
сабақтың өзіндік ерекшеліктері
Қазіргі таңда қазақстандық білім беру жүйесіндегі негізгі мәселелердің бірі - шағын жинақты мектептердегі оқу-тәрбие жұмысының сапасын арттыру. Себебі, республикамызда шағын жинақты мектептердің саны соңғы 15 жылда екі есеге артып, мектептердің 54,8%-ын құрап отыр.
Оқушылардың терең білім алуға ынта-ықыласын арттыру, өзіндік білім алу және алған білімін күнделікті өмірде тиімді пайдалану қабілеттері мен дағдыларын қалыптасыру - қазіргі шағын жинақты мектеп қызметінің басты міндеттерінің бірі.
Шағын жинақты мектептердің жалпы білім беретін орта мектептерден айырмашылығы - мұғалімнің әртүрлі жастағы балаларға бір мезгілде сабақ өткізуі. Қосарланған сыныптардағы оқушылардың бағдарлама материалын сапалы меңгеруі олардың өзіндік жұмыстарды орындауымен тағыз байланысты. Мұндай жағдайда мұғалім оқушылардың өздігінен орындайтын жұмыстарын, оған жұмсалатын уақыт пен мұғалімнің басшылығымен жүргізілетін жұмыстардың көлемін анықтап алуға тиіс. Шағын жинақты мектептегі оқушылардың өздігінен орындайтын жұмыстары басым болады да, мұғалім оларға бағыт-бағдар сілтеуші рөлін атқарады.
Шағын жинақты мектеп ұйымдастырылатын сабақтың өзіндік ерекшелігі - оқу үдересін бір мезгілде екі сыныпта бірге ұйымдастыру. Бұл - мұғалімді әр сыныпқа сабақ уақытының жартысын ғана жұмсауына мәжбүр етеді. Көбінесе, қазақ тілі, әдебиеттік оқу, математика, дүниетану пәндері тақырыптарының мазмұны мен көлеміне байланысты қиындықтар туындайтындықтан. Біріктіліген сыныптарда сабақты ұйымдастыруды жаңаша құру көзделеді. Осыған орай білім берудің формалары мен сабақтың түрлерін өзгертін отыру тиімді.
Жаңа сабаққа байланысты жаттығулар мен тапсырмаларды жас ерекшеліктеріне қарай әрбір сыныптың білім деңгейіне лайықтап, саралап бере отырып, оқушылардың әрқайсысына жеке орындату негізінде дамыта оқыту көзделеді.
Дамыта оқыту технологиясы арқылы ұйымдастырылған сабақтың құрылымы 3 бөлімнен, 3 кезеңнен тұрады:
І. Кіріктірілген бөлім. Бағдарлау-мотивациялық кезең.
Бұл кезеңде мұғалім оқушылардың қызғушылығын арттыру мақсатында екі сыныптың оқушыларына ортақ тапсырма орындатады, жаңа тақырыптың міндеттерін түсіндіреді. Мұғалім тарапынан оқушылардың білім теңестіру мақсатында өткен тақырып пен жаңа тақырыпты байланыстыратындай проблемалық жағдаяттар тудырып, өзіндік жұмыстар беріледі. Оқушылар берілген тапсырмаларды орындау арқылы ойтүйін жасап, жаңа сабаққа байланысты өзіндік пікірлерін айтуға және оны дәлелдеуге үйренеді.
ІІ. Сараланған бөлім. Операциялық-орындаулық кезең.
Оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастырудың жеке тұлғаны дамыту мен тәрбиелеуде, білім берудің басымдығын түбегейлі өзгертуде, оқушының жалпы психологиялық дамуының жеткілікті деңгейіне қол жеткізуге маңызы өте зор. Сондықтан бұл кезеңде тапсырмалар сыныптағы әр оқушыға жеке беріліп, олардың өзіндік жұмыс жасауына негізделеді. Оқушылар өзіндік жұмыстар орындау барысында шығармашылық деңгейіне көтеріледі. Әр сынып оқушылары өз оқулықтарындағы тапсырларды орындайты, сонымен қатар бұл кезеңде оқулықтан тыс қосымша тапсырмалар беріледі. Олар сабақтың негізгі мазмұнын және проблемалық жағдаяттарды шешуге жол ашады.
ІІІ. Кіріктірілген бөлім. Рефлексиялық-бағалау кезеңі.
Бұл кезеңде біріктірілген сыныптарға ортақ тапсырмалар беріледі. Тапсырмалар тақырыпты бекітуге бағытталған рефлексиялық ойын, түрлі жаттығулар, тестілерден тұрады. Әр тапсырманың жауабы тексеріліп, жиналған ұпай санына байланысты оқушы өзін-өзі бағалайды. Сабақта өзін-өзі бағалай жүйесін енгізу нәтижесінде әр оқушы өз білімін бағалауға үйренеді. Сол арқылы алған білімдерін өмірде қолдану және өз ой-пікірлерін дәлелдеуге үйренеді. Бірнеше сыныпты қатар оқыту барысында мұғалімнің уақыты үнемделіп, білім мазмұнын жүйелеу арқылы оқушылардың берілген білімді тиянақты меңгеруіне және оның нәтижелі болуына жағдай туғызылады.
Сабақтың тақырыбы: <<Жалқау немере>> 2-сынып
Ө.Ақыпбекұлы <<Мен таңдайтын мамандық>> 4-сынып
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға шығармалардың мазмұнын таныстыра отырып, өмірмен байланыстыра түсіндіру.
Дамытушылық: Шығармаларды оқыта отырып, оқушылардың сөздік, тілдік қорын байытып, байланыстыра сөйлеуін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды жалқаулық тәрізді жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу. Өз мамандықтарын таңдай білуге бағыт-бағдар беру.
Қолданылатын әдістер: Сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау, кубизм, эссе, топтастыру, т.б.
Түрі: Кіріктірілген сабақ
Көрнекілік: Тақырыптық суреттер, автор портреттері, мамандық түрі, Күләш Байсейітова, Әміре Қашаубаев, А.Винакуров, Қаныш Сәтбаев, Тоқтар Әубакіров, Ж.Түймебаев, ауыл кәсіпкерлерінің суреттері.
Сабақтың барысы
І. Кіріктірілген бөлім: Бағдарлау - мотевациялық кезең
Оқушылардың қызуғушылығын ояту.
<<Бір-бірінің жақсы қасиеттерін айтып мадақтау>>
Балалар дөңгеленіп отырады. Жүргізуші <<сиқырлы таяқшаны>> отырғандардың біріне ұсынады. Ол жанындағы баланың жақсы жақтарын айтып, мадақтайды да, таяқшаны оған береді. Ол таяқшаны осы тәртіппен келесі балаға ұсынады. Ойын осылай жалғаса береді. Ондағы айтылған жағымды сөздер мынандай болуы мүмкін: Айгүл, сенің даусың қандай керемет! Гүлнұр, сенің жүзің сондай мейірімді көрінеді! Марат, маған сенің ақкөңілділігің ұнайды т.б.
Балалар бір-біріне рахмет айтып тарасады.
Бүгінгі сабағымызда адам бойында кездесетін еңбекқорлық сияқты жақсы қасиеттермен қатар, жаман қасиет жалқаулық және өзіміз таңдайтын мамандықтар туралы әңгімелейміз.
ІІ. Сараланған бөлім. Операциялық-орындаушылық кезең
2-сынып
4-сынып
Мұғалім басшылығымен жұмыс
<<Жалқау немере>> еретегісін тізбектей оқып, сөздікпен жұмыс жүргізу
Күзгі салым - күзге жуық уақыт
Өзіндік жұмыс
Ө.Ақыпбекұлының <<Мен таңдайтын мамандық>> өлеңін іштей оқып, сөздікпен жұмыс жүргізеді
Ғұмыр - өмір
Ғанибет - игілікті іс
Өзіндік жұмыс
Ертегіні іштен оқу
1 тапсырма. Ертегіні бөлімдерге бөліп ат қою
Үлгі:
І бөлім. Жүгері алқабында
ІІ бөлім. Нөсерлі жаңбыр
ІІІ бөлім. Жаңбырдан соң
Мұғалім басшылығымен жұмыс
1 тапсырма. Сұрақтарға жауап беру
1. Өлеңде қандай мамандықтардың аты аталады?
2. Осы мамандықтарға тағы қандай мамандық түрін қосасыз?
3. Өлеңде Күләш пен Әміре деп кімдерді айтып отыр?
4. Қандай ауыл кәсіпкерлерін білесіңдер?
5. Вело-спортшы Қазақстандық олимпиада чемпины кім?
6. Қазақстандағы алғаш геолог-ғылым?
7. Тұңғыш ғарышкер?
8. Өлеңде өз таңдаған мамандығын бар ма?
Мұғалім басшылығымен жұмыс
2 тапсырма Мәтіннің мазмұнын талдау
1. Ертегі не туралы?
2. Әженің егін егу туралы ойына немересі қалай жауап береді?
3. Әжесі мен немересі неліктен ашықты?
4. Немересінің еңбек етуіне не әсер етті?
5. <<Еңбектің наны тәтті>> деген мақалды қалай түсінесің?
6. Неліктен <<жалқаудың жаны тәтті>> дейді?
Өзіндік жұмыс
2 тапрсырма
С ә й к е с т е н д і р у
Әнші Қ.Сәтбаев
Кәсіпкер А.Винакуров
Вело-спортшы Т.Әубакіров
Геолог-ғалым Х.Октяброва
Ғарышкер К.Байсейітова
Дәптермен жұмыс
3 тапсырма
Жалқаулықтың салдарынан адамға келетін зиянды топтастырып жазу.
Мұғалім басшылығымен жұмыс
3 тапсырма
Суретпен жұмыс
(түрлі мамандықтарға байланысты)
Ойтұжырым.
Жалқаулық, еріншектік - адамды аздырып, адам болуға кедергі келтіретін жағымсыз әдеттер.
Мамандықтың бәрі жақсы, оны таңдай білу керек.
ІІІ. Кіріктіліген бөлім. Рефлекциялық - бағалау кезеңі.
Өзін-өзі бағалау.
Мұғалімнің берген ұпайына сүйене отырып, оқушылар бағалау парағы бойынша өзін-өзі бағалайды.
Тест тапсырмалары.
1. Ертегіде адам бойында кездесетін қандай қасиеттер туралы айтылған?
А) Жағымды қасиет
Ә) Жағымсыз қасиет
Б) Ортақ қасиет
2. Адамды адам еткен не?
А) Оқу
Ә) Еңбек
Б) Достық
3. Еңбектің ... тәтті.
А) дәмі
Ә) бәрі
Б) наны
Тест тапсырмалары.
1. <<Мен таңдайтын мамандық>> өлеңінің авторы?
А) Ө.Тұрманжанов
Ә) Қ.Мырза Әли
Б) Ө.Ақыпбекұлы
2. Парижде, Германияда ән салған қазақ әншісі кім?
А) К.Бәйсейтова
Ә) Ә.Қашаубаев
Б) Е.Хасангалиев
3. Тұңғыш қазақ ғарышкері.
А) Ю.Гагарин
Ә) Т.Мұсабаев
Б) Т.Әубакіров
4. Ел мен елді дос етер, ... болғым келеді
А) Саяхатшы
Ә) Мұғалім
Б) Елші
Үйге тапсырма
Ертегіні түсініп оқу. Еңбек туралы 5 мақал-мәтел жазу
Үйге тапсырма
Өлеңді мәнерлер оқу. <<Мен таңдайтын мамандық>> тақырыбында эссе жазу

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz