Математика, информатика - ақыл - ой гимнастикасы

Тақырыбы: Математика, информатика - ақыл - ой гимнастикасы
(сыныптан тыс іс - шара 10 сыныптар)
Мақсаты: Оқушылардың білімдерін бақылау, талаптарын ұштау, тапқырлыққа баулу, өз бетінше дұрыс ойлап, қисынды пікір айта білуге дағдыландыру. Кез - келген кезеңде тығырықтан шығудың жолын таба білуге, өзін-өзі басқара білуге бағыттау. Ұжым арасында ұйымшылдыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: сайыс сабақ
Көрнекілігі: интерактивті тақта, плакат
Сабақ әдісі: іздену; шығармашылық; сұрақ - жауап; топтық жұмыс
Сабақ барысы:
Қайырлы кеш, құрметті мұғалімдер, әділ қазылар, оқушылар.
«Ғылымдар патшалығына саяхат» атты математика, физика, информатика пәндері онкүндігіне орай өткізгелі отырған «Математика, информатика - ақыл-ой гимнастикасы» атты сайысымызға қош келдіңіздер!
Сайыс 10- сынып оқушыларының арасында өтеді. Әр сыныптан 5 оқушыдан қатысады.
Оқушыларға қораптан ақкөңіл, пысық, жарқын жүзді сөздерін таңдатып, қолдарындағы сөздерді оқушыларды сипаттау арқылы бір-біріне беру.
3 топ құралады. І топ - Алғырлар тобы. ІІ топ - Даналдар тобы. ІІІ топ - Ойшылдар тобы.
Негізгі бөліммен танысып алсақ:
І тур - «Дешифратор» әдісі
ІІ тур - «Тарихи сандар»
ІІІ - тур - «Саналы тәрбие»
IV - тур - «Ұшқыр ойлы топ»
V - тур - «Судоку»
VI- тур - «Сөздік домино»
І тур. «Дешифратор» әдісі.
Әр топқа 1 минутта 15 сұрақ оқылады. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беріледі. «Иә», «жоқ» деп жауап беруі керек.
«Даналар» тобына сұрақтар:
- Y=cosx жұп функция. (Иә)
- Жад ішкі және сыртқы жад деп бөлінеді. (Иә)
- Ромбының әрбір ішкі бұрышы 90 градусқа тең. (Жоқ)
- Visual Basic - те Pset әдісі нысанға сызық салуға мүмкіндік беретін функция. (Жоқ)
- Квадраттың екі диогналы перпендикуляр қиылысады. (Иә)
- Visual Basic - те графикалық файлдарды қолдануға болады. (Иә)
- Сканер - ақпаратты қағаз бетіне басып шығаратын құрылғы. (Жоқ)
- Үшбұрыштың медианалары бір нүктеде қиылысады. (Иә)
- Параллеграмның ішкі бұрыштарының қосындысы 360 градусқа тең. (Иә)
- Информатика - ақпаратты алу, жинақтау, сақтау, жөнелту, пайдалану туралы ғылым. (Иә)
- 24 санның 25 пайызы 6-ға тең. (Иә)
- Y= arccosx тақ функция. (Жоқ)
- Драйвер - дыбыс құрылғысы. (Жоқ)
- 1, 2, 3 санының арифметикалық ортасы 3 -ке тең. (Жоқ)
- Паралелепипедтің көлемі V = abc - ға тең. (Иә)
«Ойшылдар» тобына сұрақтар:
- Visual Basic - те Run мәзірі арқылы программаны іске қосуға болады. (Иә)
- Y= sinx функциясының графигі координаталар басына симметриялы болып келеді. (Иә)
- Принтер - ақпаратты компьютерге енгізуге арналған құрылғы. (Жоқ)
- Y=tgx және ctg x шектелген функция. (Жоқ)
- Жад - ақпаратты сақтауға арналған құрылғы. (Иә)
- 200 санның 25 пайызы 10-ға тең. (Иә)
- Үшбұрыштың биссектрисасы қарсы қабырғаны қақ бөледі. (Жоқ)
- Модем - Интернет желісіне қосылу үшін керек. (Иә)
- Цилиндрдің көлемі V = 2πh\text{πh}- қа тең. (Жоқ)
- Үшбұрыштың биіктігі қарсы қабырғасын тең бөледі. (Жоқ)
- Сығу коэффициенті дегеніміз - оң таңба. (Иә)
- Параллель түзулердің ортақ нүктесі бар. (Жоқ)
- Файл - біртиптегі байттар тізбегі. (Иә)
- Қиылысқан түзудің бір ортақ нүктесі бар. (Иә)
- Транслятор - программа тілін машиналық тілге ауыстыратын аудармашы программа. (Иә)
«Алғырлар» тобына сұрақтар:
- Y= sinx тақ функция. (Иә)
- Кубтың сегіз беті бар. (Жоқ)
- Шеңбердің ауданыπr\pi r2. (Иә)
- Байт - ақпаратты өлшеудің ең кіші өлшем бірлігі. (Жоқ)
- Сервер - компьютерлік желілердің орталық торабы. (Иә)
- Цилиндрдің жаймасы квадрат па? (Жоқ)
- Аналық тақша - ақпаратты сақтау құрылғысы. (Жоқ)
- Шар бетінің ауданы 3πr\ \pi r2. (Жоқ)
- Қатты диск - ақпаратты ұзақ уақыт сақтауға арналған құрылғы. (Иә)
- «Пифагор теоремасы» тікбұрышты үшбұрыштар үшін қолданылады. (Иә)
- Visual Basic - те Line әдісі нүкте салуға мүмкіндік береді. (Жоқ)
- Тікбұрышты үшбұрыштың бір катетін айналдырғанда конус пайда болады. (Иә)
- Операциялық жүйе - компьютердің жұмысын басқаратын басты программа. (Иә)
- Y=tgx функциясының ең кіші оң периоды 2π\pi- ге тең. (Жоқ)
- Пиксель - компьютер экранындағы суреттің ең кіші элемент і. (Иә)
ІІ тур «Тарихи сандар»
- Қазақстанның ең алғаш валютасы “теңге” шығарылған жылмен Астананың 10 жылдығы аралығындағы жылдардың ішінде 10-ға бөлінетін неше сан бар?
Жауабы: 10-ға бөлінетін сан: 2000
- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы, Әнұраны бекітілген жылы 3-ке бөліне ме?
Жауабы: Бөлінеді 1+9+9+2=21
- Мектебіміз мүшел жасқа қай жылы толады?
Жауабы: Биыл мүшел жаста
- Неміс Қайта Өрлеуінің ең ірі шебері Альбрехт Дюрер (1471-1528 ж. ж. ) болды, ол ұлы кескіндемеші, нақышшы (гравер), Германиядағы бірінші ренессанс типіндегі универсал суретші болды. Дюрер бейнелері күшті және зерделі, сонымен қатар қалың ой мен күмәнға толы. Суретші шығармашылық жолының басында гравюра өнерімен көп айналысқан. Дюрер жауһарларына «Апокалипсис» нақыштары сериясының 15 беті жатады, онда ақырзамандағы сәуегейлік бейнеленген. 15 жылдан соң «Салт атты, өлім және жын-пері», «Қасиетті Иероним» және «Меланхолия» атты мыстағы атақты гравюралар пайда болды. Осы «Меланхолия» атты мыстағы гравюрасында «Сиқырлы квадрат» салынған. Осы квадраттың сиқыры неде, яғни сыры неде?
ІІІ тур. «Саналы тәрбие»
«Саналы тәрбие» деп аталатын бөлімде тек құрамында саны бар мақалдарды кезек-кезек айту барысында мүдірмеу керек. Бір мақал екінші рет қайталанбау керек.
IV топ. «Ұшқыр ойлы топ»
Логикалық сұрақтар қойылады. Әр дұрыс жауапқа 3 ұпай
- Бір аю әр күні алдыңғы жеген күніндегіден 6 балық артық жей отырып 5 күн ішінде 100 балық жейді. Аю бірінші күні қанша балық жеген. Жауабы: 8 балық
- 3 конфет және 2 шоколад 29 теңге тұрады. 4 конфет және 1 шоколад 27 теңге тұрады. 1 конфет қанша тұрады? 1 шоколад қанша теңге тұрады? Жауабы: 1 конфет - 5 теңге, 1 шоколад - 7 теңге
- Қашан теңеседі?
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz