Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Ағаш тостақ

<<Бекітемін>>
Оқу ісінің орынбасары:
Сабақтың тақырыбы: Ағаш тостақ.

Сабақтың мақсаты: мәтін мазмұнын мән бере оқу; өткен сабақтармен байланыстыа талдау.

Күтілетін нәтижелер:
Пәндік нәтиже: мәтінді зерттей оқып, бөлімдерге бөлу; кейіпкер бейнесіне талдау жасау арқылы қорытынды ой айту.

Сабақтың көрнекілігі: ұлттық ыдыс-аяө үлгілері, отбасы, отбасының сыйластығы тақырыбындағы нақыл сөздер.

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Үй тапсырмасын қорытындылап өту.

І.Қызығушылықты ояту.
Лездеме сұрақтарға жауап бер.
Әкесінің баласы атасына кім болады?
Ананың сүті-..., (бал)
Баланың тілі-... .(бал)
Ана алдында -... , (құрмет)
Ата алдында - ... .(қызмет)
Атадан жақсы ... туса, (ұл)
Есіктегі басын... сүйрер. (төрге)
Атадан жаман ... туса, (ұл)
Төрдегі басын ... сүйрер. (есікке)
-Отбасындағы бағалатын басты құндылықтар не?

Бірін-бірі бағалау Сыйластық

Қадірлеу Құрмет тұту
-Отбасыңда айналысатын сүйікті істерің не?
-Егер отбасының құнды, бағалайтын заттарынан музей құрастыр деме, ең алдымен нені қояр едіңдер?
Оқушылар <<Т>> кестесін құрады.Оқу.
-Жәдігерлік бұйымдары көздерінің қарашығындай ұрпақтан-ұрпаққа мұра ретінде қалдыруға өз үлестеріңді де қосыңдар.
ІІ.Мағынаны тану.
Мәтінді жүргізіп, елестете отырып оқу.
-Атасы мен немересі арасында қандай байланыс бар?
<<Екеуінің қарым-қатынасы, бір-біріне деген жақындастықтары қандай?>> деген сұрақтарға жауап табуға бола ма? (<<Оны неден байқадың? Олай айтуыңа не себеп болды?>> деген жетелеуші сұрақтардың да болуы шарт).
Қорытынды жаса.Сол себепті немересі ...
Сұрақ-тапсырмалармен жұмысты атқарып барып қана, <<Екі түрлі түсініктеме күнделігі>> әдісі арқылы кестені толтыру:
Мәтіндегі қатты әсер еткен
тұстар
Әсер еткен үзінділер
Жайлы пікір

Күнделікті толтырып болған соң, жұпта, топта сыныппен талқылау ұйымдастыру. (Мұндағы еркерер жайт, оқушы уақыттың шектеулі екенін үнемі біліп отыруы керек.Яғни топтық жұмыстарды орындау барасында берілген уақыттан асырмай, жұмысты тоқтатып, шешімдерін ортаға салуды талап ету.Әрине, дайын болған топтар бірінші бастайды).
Топтардың пікірлерің тыңдап, талдаудан кейін, мұғалімнің алдын ала даярланған жетекші сұрақтарының болуы шарт.
Сергіту сәті:
Әдеп сақтап аманда,
Әрбір адал адамға,
Жасасаң бір жақсылық
Қайтарады саған да.
Кішілерді аяла,
Кісілерден аянба.
Адамдығың көрінсін
Анадай жан саяңда.

ІІІ.Ойтолғау.
Шеберхана және шебер туралыы сурет көрсету.
-Суретке зер сал.Бұл суретте не болып жатыр деп ойлайсың?
-Шеберханада болып көріп пе едің?
-Бұл суретке мән беріп қарасаң, ағаштан ұлттық ыдыстаржасау үстіндегі шеберді көресің.
-Қалай ойлайсың, ата-анасы баласыныңжасаған ағаш тостағын естелікке сақтап қояр ма екен? Неліктен?
-Ендеше, осы мәтіндегі қандай заттарды естелік музейіне қояр едің?
-Мәтінді көзбен жүгіртіп оқу арқылы, керекті заттарды түртіп алу.
-РАФТ әдісі арқылы осы құрастырған музейімізге шақыру билетін құрастырайық:
Р (рөл)-немересі
А (аудитория)- туған-туыстары.
Ф (форма)- шақыру билеті
Т (тақырып)- музейдің ашылуы.
Оқушылардың жұмыстарын тыңдау.
Сабақты қорытындылау ретінде сабақтың мазмұнын ашатындай нақыл сөз таңдап алуыңызға болады.

Ұқсас жұмыстар
Тақырып Атамекен - алтын бесік
Жануарлардың балықтар, қосмекенділер және жорғалаушылар топтарымен таныстыру
Сұраулы сөйлемнен кейін
Сабақ жоспарлары мен тәрбие сағаттары
Ұлттық ойындар жинағы
Ақ сұлу құймағы. құймақ қамырын дайындау
Қазақ тілінің сөз байлығы
Сыни тұрғыдан ойлау дағдылары
Білім басы - әліппе
Технологиялық карта бойынша ағаштан бұйым жасап шығару
Пәндер