Жеті қазынаның бірі ертегісі негізінде тіл дамытуға арналған оқу-тәрбие жоспары

Күні: 15. 02. 2016ж Қаралды:

Білім беру саласы: Қатынас

Пәні: Тіл дамыту

Тақырыбы: «Жеті қазынаның бірі» ертегі

Мақсаты: Балаларға жеті санының киелі екенін ұғындыру. Жеті қазынаға не жататынын түсіндіру арқылы халқымыздың осындай таным түсініктері көптігін айтып, оларды тәрбиелік мәнін ұғындыру.

Көрнекілігі: Суреттер, мақал-мәтелдер.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет барысы:

Іс-әрекет бөлімдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Іс-әрекет бөлімдері:

Ынталандыру.

Сезімді ояту.

Тәрбиешінің іс-әрекеті:

Шаттық шеңберін ұйымдастыру.

Қуан шаттан алақай,

Қуанатын күн келді.

Қайырлы таң!

Қайырлы күн!

Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Балалардыңіс-әрекеті:

Өлең жолдарын

қайталап сәлемдеседі.

Іс-әрекет бөлімдері:

Ізденістер.

Ұйымдастыру

Тәрбиешінің іс-әрекеті:

1. Бүгінгі күнімізді бір-бірімізге жақсы тілектер айтудан бастайық. Балалардың назарын сабаққа аудару.

2. Жаңа сабақ

-Балалар бір аптада неше күн бар санайық:

Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі,

жұма, сенбі, жексенбі.

-Неше күн екен?

Яғни, жеті күн бар екен.

Біздің ата-бабаларымыз жеті атасын білу міндет! - деген.

Қане, кім біледі екен?

Жеті атамыз:

1. Ата 2. Әке 3. Бала 4. Немере 5. Шөбере

6. Шөпшек 7. Немене.

Барлық жерде «жеті саны» жиі кездеседі ия балалар?

Мысалы жеті ата, жеті шелпек, жеті күн, жеті қазына.

Олай болса тыңдаңдар:

Балалар біздің қазақ халқы жеті санын « қасиетті, киелі сан» -деп есептейді.

3. Ертегі оқу.

Арыстан барлық аңдарды жинап кімнің күшті, ақылды, епті екенін білгісі келеді. Барлық аңдар өз пікірлерін айтып, ең күшті ақылды деп арыстанды айтады. Бірақ ит үндемейді. Оған арыстан сен неге үндемейсің депті, ит оған ең ақылды, қайратты-адам депті. Арыстан оған ашуланады. Ит осылай аңдардан бөлініпті. Содан бері ит адамның досы, серігі, қорғаушысы болыпты.

4. Сөздік жұмысын жүргізу:

Мадақтау -біреудің жақсы қасиетін мақтап, көкке көтеру, дәріптеу.

Аластау -біреуді ығыстыру, қуып тастау.

Жағымпаздана- жағыну, жарамсақтану, жалбақтау

5. Сурет бойынша жеті қазына туралы мағлұмат беру. Қазақ халқы жеті қазынаны ер жігіттің өмірімен байланыстырып, оның ұғымына мыналарды жатқызады.

1. Жүйрік ат-қанаты.

2. Құмай тазысы- абыройын асырар сенімді серігі.

3. Қыран бүркіт-қуаты.

4. Берен мылтық- қақарлы оты.

5. Қақпан- серті.

6. Майланғыш ау- әдіс айласы.

7. Өткір кездік-сұсы.

Қазақ халқы жеті қазынаны жеті ырыс деп те атайды.

6. Сергіту сәті:

Сәл тынығып алдық, сабақты жалғастырамыз.

7. Ертегіні сахналау:

Арыстан, түлкі, қасқыр, ит

8. Жеті саны туралы мақал-мәтел:

1. Ақылды адам айтқызбай біледі.

Қыран қаққызбай іледі.

2. Жеті атасын білмеген жетесіз.

9. «Адасқан сандарды ретімен орналастыр» ойыны.

Шарты:

-Балаларға тақтаға ілінген сандардың орынын тапқызу.

Балалардыңіс-әрекеті:

7 күнді бәрі бірге жатқа айтады.

Тәрбиешіні мұқият тыңдайды.

Балалар кейіпкер маскаларын киіп рөлдерде ойнайды.

Сандарды өсу ретімен орналастырып шығады.

Іс-әрекет бөлімдері: Қорытындылау:
Тәрбиешінің іс-әрекеті:

Сұрақтарға жауап алу:

1. Ертегі қалай аталады?

2. Жеті қазынаны ата?

3. Арыстан өзі туралы не білді?

4. Ит арыстанға қандай жауап қайтарды. (мен үшін дүниедегі ең қайратты, әрі ақылды ол тек-адамзат)

Сұрақ -жауаптармен пысықтау, белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау.

Балалардыңіс-әрекеті: Сұрақтарға жауап береді.

Ұқсас жұмыстар
Тіл дамыту: Жеті қазынаның бірі ертегісі арқылы сөйлесуді, түсінуді және мәнерлі сөйлеуді дамыту
2-сынып әдебиеттік оқу сабағы Жеті қазынаның бірі - ертегілер түрлері мен сыни ойлауды дамыту
1-сыныпқа арналған сабақ жоспары: Ж ж дыбысы мен әрпі - Қасқыр және жеті лақ ертегісі негізінде
Кіріктірілген сабақ: Жеті лақ ертегісі негізінде білімді жүйелеу және дағдыларды дамыту
3-сынып: Әқиллиқ Патимә ертегісі арқылы тіл байлығын дамытуға арналған сабақ жоспары
Тіл дамытуға арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Үй жануарлары
Жеті лақ пен қасқыр ертегісі бойынша тіл дамыту сабақ жоспары (театрландырылған көрініс, Айналайын балабақшасы, Ақсу қаласы)
Мектепке дейінгі тәрбие үдерісінде тіл дамытуға арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Табиғат анамыз
Қарлығаштың құйрығы неге айыр? ертегісі негізінде бастауыш сыныпқа арналған сабақ жоспары
Құстар - біздің досымыз: экологиялық тәрбие мен тіл байлығын дамытуға арналған сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz