Сабақ жоспары :: Қазақ тілі

Файл қосу

лексика туралы

Сабақ мақсаты: лексика тарауынан өткенді кайталап,нақты мысалдау келтіріп,оқушы білімін сарапқа салу.
Міндеттері: білімдік-оқушыларды сөз мағынасына мән беруге,сөздерді лексикалық жолымен
Талдай білуге үйрету.
Тәрбиелік:туған тіл әр халықтын ұлттық мақтанышы екенін ұғындырып,келтірілген мысалдар
арқылы елін,туған тілін сүйе білуге тәрбиелеу.
Дамытушылық-ойлау,пайымдау қабілеттерін дамыту,сөйлеу шеберлігіне,ой ұшқырлығына баулу
Типі:қайталау сабағы.
Пән аралық байланыс:тарих, әдебиет,биология,музыка.
Көрнекіліктер:нақыл сөздер,таблицалар,сөздіктер.

Оқыту стратегиялары:
Ой шақыру
Топтастыру
Кубизм
Еркін жауап
Түсініктеме күнделігі
Ой-толғаныс.

Әр стратегияның мақсатын сабақ барысында түсіндіремін.
Ұйымдастыру:
Оқушыларды 3 топқа бөлу.
I.Ой шақыру. Адам мен маймылдың суретін көрсету, салыстыру.

II.Топтастыру әдісі. Алдарындағы дайын қағазға лексика туралы ойында қалған сөздер мен
Сөз тіркестерін жазады (топпен жұмыс). Әр топпен бір-бір оқушыдан шығады да жазғандарын
Топтастырады. Топ атынан шыққан оқушы сөздің анықтамасын толық айтып кетеді.

III.Кубизм. Тақырыпты жан-жақты қамтуға мүмкіндік туғызатын оқыту стратегиясы. Кубиктің алты жағы бар.
Суреттеп беріңіз
Салыстырыңыз
Зерттеңіз
Қолданыңыз
Бұл туралы ойлағанда көзіңізге не елестейді? (ауызша)
Талқылаңыз, қолданыңыз,қарсы шығыңыз.
Әр топтың мүшелері кубикті шиіріп тастау керек.

IV.уреттеңіз:тұрақты сөз тіркесі
мақал-мәтел
диалект сәздер.

V.Салыстырыңыз: омоним мен синонимді;
синоним мен антонимді;
антоним мен омонимді.

VI.Зерттеңіз: әр топқа бір-бір сөзден беріледі. Мысалы,ұшақ, наубайхана,ауқат.Оқушылар
осы сөзді зерттей отырып өз білгендерін ортаға салады. Осы сөздер өздеріне ұнай ма, дұрыс
қолданыста жүр ме, қолдану аясы қандай? деген сұрақтарға жауап беруі тиіс (топпен жұмыс).
Венн диаграмасы:Адам мен маймылды салыстырыңдар.
Адам Маймыл

Еркін жауап: <<Қалай деп айтады?>>
1.Жөнімен істейтін істі бүлдіріп, қырып-жойып келетін адамды тұрақты сөз тіркесі арқылы
қалай деп айтуға болады?(шаш ал десе, бас алады).
2.Бірдемені амалсыздан әзер істеу (қолының ұшымен ғана қимылдайды).
3.Біреу өзіне тәуелді етіп алуы туралы (ашса алақанында, жұмса жұдырығында).

Мына сұрақтарға мақал-мәтел мен жауап бер:
1.Қарғыстың ең жаманы не?(Өзің білме,білгенің тілін алма ).
2.Тауық түс көре ме?(Тауықтың түсіне түсіне тары кірелі).
3.Қандай бас аяққа тыным бермейді?(Ақымық бас аяққа тыным бермейді).
4.Әдепті бала-арлы бала,ал әдепсіз бала ше? (Әдепсіз бала-сорлы бала).
5.Ананың сүті мен баланың тілі бірдей (ұқсас) дейді.Сонда қалай? (Бал).
6.Не қорқақ, не батыр?(Көз қорқақ,қол батыр).

Түсініктеме күнделігі: қазақ тілі, 57-бет, 134-жаттығу.

Ой-толғаныс:ән тыңдату,Мақпал Жүнісова,<<Бір ауыз сөз>>.

Үйге тапсырма:<<Сөз құдіреті>> деген тақырыпқа шығарма жазып келу.

Ұқсас жұмыстар
Лексика әлемін шарлау
Тілге қатысты достарымен пікірлесу
Лексиканың салалары
Диктант Демалыс орындары
Табу сөз
Тақырыпқа қатысты мәтіндер
Диалогтік мәтіндер
Лексикадан өткенді қайталау туралы ақпарат
Сөзжасам тарауы
Қазақ тілі сабағында
Пәндер