Сабақ жоспары :: Тәрбие сағаты

Файл қосу

Менің Отаным - менің болашағым

А.Құсайынов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-балабақшасы

Менің Отаным - менің болашағым!
(2а -сынып)

ІІІ деңгей бойынша сертификатталған,
І санатты бастауыш сынып мұғалімі
БҚО, Бөкей ордасы ауданы, Мұратсай ауылы
А.Құсайынов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-балабақшасы
Сугралиева Гулбагида Таубаевна

2015-2016 оқу жылы

Тәрбие сағатының тақырыбы: <<Менің Отаным - менің болашағым!>>
Мақсаты: Балалардың Отанға деген сүйіспеншілігін оята отырып, Қазақстанның жарқын болашағы барын ұғындыру, өз елін мақтаныш етуге үйрету, достықты нығайтуға тәрбиелеу. Патриоттық сезімін ояту. Қазақстанның келешегі өздері екеніне көз жеткізу.

Ашық сабақтың көрнекілігі: Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың суреті, мемлекеттік рәміздер, әнұранның фонограммасы, слайд.

Ашық сабақтың әдіс-тәсілі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, өлең, би, сергіту.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны орындалады.

Психологиялық дайындық:

Амансын ба, көк аспан!
Амансын ба, жер-ана!
Амансын ба, достарым!
Сендерді көрсем қуанам.
- Қазақстан Республикасы тәуелсіз, егеменді мемлекет. Еліміз тәуелсіздікті 1991жылы алды. Қазақстан мемлекеті өз егемендігін алған соң 30-тамызда 1995 жылы өз Ата Занымыз қабылданды. 30 тамыз - мемлекеттік мереке Конституция күні деп аталды. Еліміздің тәуелсіздігін дәлелдейтін өз рәміздері бар.

Мемлекеттің барлық азаматтары үлкендерде, балалар да мемлекеттік рәміздерді, олардың символикаларын білуі және түсінуі тиіс. Өз еліңнің Туын, Елтанбасын және Әнұранның құрметтеу-өз Отаныңды құрметтеу және сыйлау.

Сұрақтар қойып, << Шаңырақ>> әдісі арқылы топқа бөлу
- Балалар, бүгін қандай күн? - Білім күні - Балалар, біздің туған жеріміз, кіндік қанымыз тамған жер қалай аталады?
- Мұратсай
- Біздің өз туған жеріміз Мұратсайды сағынған кезіміз болды ма?(тыңдау) - Балалар, біз қай елде, Республикада тұрамыз?
- Қазақстан Республикасында тұрамыз.
- Қазақстанның елордасы қай қала?
- Астана.
- Елбасымыз кім?
- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
- Біз Қазақстан Республикасының рәміздерін білеміз бе?
- Иә. Олар: Әнұран ,Ту, Елтанба.
Топтық жұмыс: Үш топқа әнұран, елтаңба, ту бойынша өз түсінгендерін постер бойынша жауап беру.

oo Дұрыс, балалар сендер рәміздер туралы өте жақсы біледі екенсіңдер, енді туған жер, рәміздер туралы тақпақтар, мақал-мәтелдер білесіндер ме?

1-оқушы: Қатар шапқан қос тұлпар,
Ай үстінде Қазақ үй.
Қалықтаған жас сұнқар.
Шарықтаған таза күй.
Бұл танбасы елімнің,
Елдігімнің белгісі.

2-оқушы: Отан туы желбіреп,
Көз тартады құбыла.
Біз қараймыз елжіреп,
Туған жердің туына.

3-оқушы: Әнұраным-жан ұраным,
Айтар әнім, сөйлер сөзім.
Туған жерім сағынарым,
Мәңгі бақи шырқалады,
Республика әнұраны.

Cергіту сәті:
Көтеріліп шанырақ,
Уықтары шаншылар.
Керегелер керіліп,
Өрімдей боп өрілер,
Бәріміз жүрсек айналып,
Киіз үй боп көрінер.
Cлайд көрсету.

Мұғалім: Білім күні баршамызға құтты болсын! Еңсесін асқақтатқан Қазақстанымыз жайнап, гүлдене берсін дей отырып, <<Менің Отаным - менің болашағым!>> тақырыбындағы тәрбие сағатымызды аяқтау.

Ұқсас жұмыстар
Менің тұңғыш президентім
Үлгі бізге аталардың ерлігі
Елбасы сенімі- ел сенімі
Жасай бер, жаса, тәуелсіз ел- Қазақстан
Менің Қазақстаным - менің болашағым 4 сынып
Әлем таныған тәуелсіз ел-Қазақстан әдеби танымдық кеші
Қазақстан - менің отаным. 2 орыс сыныбы
Ашық тәрбие сағаты Елін сүйген,елі сүйген Елбасы
Хандыққа 550 жыл
Баланың денсаулық сақтау құқығы
Пәндер