Ақыл мен бақыт: бастауыш сыныпқа арналған әдеби-танымдық сабақ

Жамбыл облысы Сарысу ауданы Саудакент ауылы

Байқадам Қашқынбаев атындағы орта мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі Маламанова Айман Үшкемпірқызы

Сабақтың тақырыбы: Ақыл мен Бақыт

Сабақтың мақсаты:

1. Ертегі мазмұнын ашу

2. Ойлау есте сақтау қабілеттерін арттыру.

3. Ақылдылыққа дұрыс шешім қабылдай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдіс -тәсілдері: Сұрақ -жауап, түсіндір, жарыс, өз ойын еркін жеткізу.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі 1. Сәлемдесу, түгендеу жаңа сабаққа назарларын аудару.

2. Үй тапсырмасын сұрау. Бұғышақ пен оның серігі.

1. Әке -Бұғы Бұғышақтың сапарға шығуына неге алаңдады?

2. Бұғышақтың серігін сипатта.

3. Әке-Бұғы Бұғышақ серігінің қай қасиетіне ерекше риза болды?

3. Жаңа сабақ.

Ақыл мен Бақыт.

Сөзжұмбақ арқылы жаңа сабақтың тақырыбы ашылады.

1. Менің атым Қожа мәтінінің авторы кім?

2. Қыс көркі

3. Кел балалар оқылық мәтінінің авторы кім?

4. Бұғышақ пен оның серігі қасқыр нені қуалап жүргенін көрді?

5. Білім ордасы

6. Оқымысты бала мәтініндегі кейіпкер баланың аты.

7. Өзін-өзі жеңген бала мәтініндегі кейіпкер баланың аты.

8. Ұшқан ұя мәтінінің авторы.

9. 8 санының квадраты.

10. Адамдардың барлығы неге бірдей ақылды емес мәтініндегі -Анаси жер бетіндегі бүкіл жиған даналықтарын қандай ыдысқа жинады?

11. А. Байтұрсынов жазған мысалда көзілдірікті қандай хайуан сындырды?

12. Өзін-өзі жеңген бала бала мәтініндеАрман қуанышты сәтін кіммен бөлісті?

Мәтінді дауыстап оқып беріп, оны талқылаймыз. Ертегідегі басына бақ қонған бала орнында сендер болғанда не істер едіңдер?

Балаларды топқа бөлу. 1-ші Байлық. 2-ші Бақыт 3-ші Ақыл

Балалар ақылды болу дегенді қалай түсінесіңдер? Сендер өмірлеріңде ақылға жүгініп, дұрыс шешім қабылдаған кездерің болды ма?

Балалар кезекпен «Мен Ақылды баламын, өйткені ойланып сөйлеймін . . . Мен ақылды баламын өйткені сабақты жақсы оқимын . . . мен ақылды қызбын үлкенді тыңдаймын . . . солай балалардың барлығы айтып шығады.

Балаларға мәтінді тізбектеп оқытамын.

Топтық жұмыс: Әр топқа тақырыптарына байланысты сұрақтар беріледі.

Ойын:Кім жылдам Тақырыпқа байланысты мақал-мәтелдер жазып соны өз топтарының астына жапыстыру.

Сергіту сәті: тақырыпқа байланысты мулътфилм көрсету.

Тақырыпқа байланысты сұрақ-жауаптар (қима қағаздар таратылады.

Кері әсер парағы. Бүгін не үйрендіңіз? Бізге не ұнады не ұнамады?кез келген сұрақтарыңыз

IV. Сабақты қорытындылау:

Ең ақылды адам өзінің шамасын білетін адам. Ақылың көп болған сайын өмір сүру қиындай түседі. Ақылды болуға жетелейтін күш бар:1-ші тәжірибе жолы ең ащы жол 2-ші ұқсау жолы ең жеңіл жол. 3-ші жолы ең таза жол дейді ежелгі қытай мақалында. Ақылды адам ғана ыңғайсызжағдайға түседі, өйткені ақылсыз ыңғайсыз жағдайға түскенін де сезбейді. Жақсы адам көргенде оған теңелу жайында ойлан да ал, жаман адамды көргенде өзіңді өзің зертте деген екен Конфуцийй.

Адам бойындағы ең тамаша нәрсе»Білім мен Ақыл» Ақыл бар жерде бақытта, байлықта, бірлікте, ынтымақта түгел. Ақылмен бәрін ойдағыдай басқаруға, атқаруға тындыруға болады. Ақылдың еңбек деген сүйеніші, тіреуі тұтқасы бар. Оның алмайтын қамалы, қол жетпейтін биігі жоқ. Сондықтан ақылды болып еңбек еткен адам баласы бақытқа да, байлыққада кенеліп мәнді де сәнді өмір сүре алады. Ж. Баласағұн.

V. Ертегіні түсініп оқып келу.

VI. Балалардың білімдеріне қарап сабақты бағалау


Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сыныпқа арналған сабақ: Байлық пен ақыл ертегісі және қазақ ертегілерінің түрлері мен ерекшелігі
Байлық пен ақыл (ертегі): қазақ ертегілерінің ерекшелігі мен тәрбиелік мәні - бастауыш сыныпқа арналған сабақ жоспары
6-сыныпқа арналған тәрбие сағаты: Ақыл жастан - ақыл мен әдептілік тәрбиесі
Бастауыш сыныпқа арналған Атажұрт танымдық ойын сабақ жоспары
Бастауыш сыныпқа арналған қазақ әдебиеті мен оқылым сабақтарының жоспарлары: Байлық пен ақыл, Күз, Алғыс, Анна апайдың бақшасы
Абай шығармашылығына арналған әдеби-танымдық кеш
Абай Құнанбаев шығармашылығын кешенді талдау: әдеби-танымдық сабақ жоспары
Ақұштап Бақтыгерееваның 70 жылдығына арналған Жырымен әлдилеген Ақжайығым әдеби-танымдық кеші
Қайым Мұхамедханов: әдеби-тарихи және ғылыми-танымдық конференция
Өзін-өзі тану сабағы: бақыт құндылығын зерделеу - 9-сыныпқа арналған сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz