Әнші әңгімесіндегі Әмірқан бейнесі туралы

Сабақтың тақырыбы: Ж. Аймауытов . « Әнші » әңгімесіндегі Әмірқан бейнесі. Сабақтың мақсаты: Білімділік: Әңгіменің тақырыбы мен идеясын ашу, тілі мен мазмұнына талдау жасату, әңгіме мазмұнын терең меңгерту арқылы әншінің азаматтық, адамдық бейнесін жан-жақты таныту. Дамытушылық: Оқушыларды дербес жұмыс жасауға, өз ойларын еркін жеткізуге дағдыландыру, танымдық ой-өрістерін, шығармашылық ойлауын дамыту. Тәрбиелік: Әңгіменің мазмұны арқылы оқушыларды адалдыққа, шынайылыққа, әнді, өнерді сүюге тәрбиелеу, өнерге деген құштарлықтарын арттыру, халықтың біртуар перзенттерін құрметтеуге тәрбиелеу. Сабақтың түрі: жаңа сабақ Сабақтың әдісі :сұрақ-жауап, сын тұрғысынан ойлау, топтастыру стратегиясы, деңгейлік тапсырмалар, талдау-жинақтау. Сабақтың көрнекілігі: Ж. Аймауытов пен Ә. Қашаубаев портреттері, слайдтар, видеофильмдер, оқулық, кеспелер. Пән аралық байланыс: тарих, музыка, география, қазақ тілі. Сабақтың барысы: Амандасу, оқушыларды түгендеу, оқушылар зейінін сабаққа аудару. Сабақтың өту барысымен таныстыру, топқа бөлу ат қою, әр топтың басшысын сайлау.
Мұғалім сөзі: Ұйымдастыру кезеңі. -Сәлеметсіздер ме балалар? -Отырыңдар. -Сыныпта кім кезекші? -Сабақта кім жоқ?
1 слайд (А. Құнанбаевтың портреті)
Сабақтың ұраны: Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,
Ақылың мен еңбегің екі жақтап.
А. Құнанбаев
-деп ұлы атамыз Абай Құнанбаев айтқандай бүгінгі сабақта балалар өздеріңнің ақылда-рың мен білімдеріңізге сенулеріңіз керек. Балалар естеріңде болса І тоқсанда шешендік сөздермен танысқанда Әз-Жәнібек хан өзінің 61 биіне «Дүниеде не өлмейді?» деген сауал қойған еді ғой, сондағы Жиренше шешеннің берген жауабы естеріңде ме?(Жақсының аты өлмейді, Ғалымның хаты өлмейді) . 2 слайд (Ж. Аймауытовтың портреті мен қысқаша өмірбаяны) Сонымен балалар «жақсы» деп кімдерді айта аламыз?(Ж. Аймауытов) Демек, қазақ елінің қалыптасуына ерен еңбек сіңірген бес арысымыздың бірі Жүсіпбек Аймауытовты да осындай игі жақсылардың қатарына қоса аламыз.
Ақын (Сарыарқаның сәлемі, Нұр күйі поэмасы т. б. )
Ағартушы-ұстаз, педагог-драматург Жүсіпбек кім? Публицист-аудармашы
(Шернияз, Қанапия мен Шәрбану, (Гоголь «Ревизор», Пуш-
Ел қорғаны т. б. ) кин «Тас мейман», т. б. )
Сыншы (Абайдан соңғы ақындар; Жазушы ( «Қартқожа», «Ақ-
Мағжанның ақындығы; Аударма білек», «Күнекейдің жазығы»)
туралы)
Ғалым (Тәрбие жетекшісі, Психология т. б. ) ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Кеспемен жұмыс. Міне балалар өткен сабақта біз Жүсіпбек Аймауытовты өткен болатынбыз, енді сол сабақты қайталап еске түсірейік. Өткен сабақты кеспе жұмысы арқылы қайталайық. 1. Әншімен алғашқы кездесу қай жерде өтті?(Шәкет үйінде) 2. Әмірқан Шәкет үйінде қандай аспаппен ән шырқады?(Гармонмен) 3. Жастар сауықты қандай мерекеге орай ұйымдастырды?(Наурыз мерекесіне) 4. Әңгіме кейіпкерлерін ата?(Әмірқан, Рахымбек, Мәржім, Жәлен, Әбіжан, Дәулетжан) . 5. Әмірқанның ұстазы кім?(Жұмабек әнші) (Жарылғапберді Жумабаев) 6. «Үріп ауызға салғандай» деп жазушы кімді сипаттайды, ол туралы айт?(Ақтамақ) 7. Әмірқан мен Ақтамақ қандай ойында тіл табысып кетті?(Орамал тастау) 8. Қарақшылардан Әмірқан қалай құтылды?(Ол ұрылар туралы ән салып берді. Исақ-Ермектің, Иманжүсіптің, Балуан Шолақтың, Мәдидің әндерін салып берді) ІІІ. Жаңа сабақ. Ж. Аймауытов «Әнші» әңгімесіндегі Әмірқан бейнесі. Міне, балалар «Өлді деуге бола ма ойлаңдаршы, өлмейтұғын артында сөз қалдырған» Жүсіпбек өнерінің көп қырының бірі әншілік, сахнагерлік. Жүсіпбек халқының әншілік өнерін аса қадірлеп, өзі де ән салған. Қазақтың ұлы әншісі жайлы «Әнші» деген классикалық әңгімесінен аңғарарымыз ән халықтың тарихын, өткен өмірін көрсетеді. Сонымен балалар прототип дегеніміз не? 3 слайд (Ә. Қашаубаевтің портреті мен қысқаша өмірбаяны) Прототип- әдеби шығармалардағы белгілі бір көркем бейненің негізі етіп алынған адам. Әңгіменің басты кейіпкері Әмірқанның бейнесіне прототип етіп атақты әнші Әміре Қашаубаевтың өмірі алынған. 4 слайд Балалар тақтаға назар аударайық. (Ә. Қашаубаев туралы бейнефильм көрсетіледі) Енді балалар «әнші»әңгімесіне блум технологиясы бойынша жұмыс жасаймыз. «Әнші» әңгімесін Блум технологиясы бойынша талдау
І деңгей. Білу
5 слайд «Дудар-ай» әні орындалады
1) «Әнші» әңгімесі не жайлы?
2) Әңгіме жанрының ерекшелігі неде?
3) Әмірқанның прототипі кім?
4) Жезтаңдай әнші Әміре Қашаубаев туралы не білесіз?
1) Әңгіме Әмірқан атты әнші жігіт туралы, әңгімеде оның өнері, өмірі жайлы сөз қозғалады.
2) Әңгіме дегеніміз қара сөзбен жазылған шығарма. Бір ғана оқиғаны айтып баяндайтын көп қабаты жоқ, оқиғасы аз, кейіпкерлері де көп емес шағын шығарма.
3) Әмірқанның прототипі- Ә. Қашаубаев. Прототип дегеніміз - түп тұлға, әдеби шығармада кейіпкер бейнесін жасауға негіз болғатын өмірде болған адам, тарихи тұлға.
4) Ә. Қашаубаев - қазақ музыкасын халықаралық деңгейде танытқан дарынды жезтаңдай әнші. Ол 1925 жылы Парижде дүниежүзілік көрменің этонографиялық концертіне қатысып, «Дудар-ай», «Қараторғай», «Қызыл бидай», «Үш дос» әндерін орындаған. 1927 ж. Германияның Майндағы Франкфурт қаласында өткен көрмеге қатысқан.
1) Әңгіменің тақырыбы мен идеясын ашып беріңіз
2) Әңгіме бөлімдеріне ат қойыңыз
3) Жазушы әншілік өнерді қалай суреттейді? Мәтіннен тауып оқыңыз
4) Өнерді дәріптеген басқа ақын-жазушылардың қандай шығармасын білесіз?
ІІІ деңгей Қолдану
6 слайд «Наурыз»
(Наурыз мейрамы туралы фотосурет-тер көрсетіледі)
7 слайд «Семей» (Семей қаласы жай-лы фотосуреттер көрсетіледі)
Жазушының тіл шеберлігі. Топтық жұмыстар. 1) Әңгімеде қазақ халқының қандай әдет-ғұрпы, салт-дәстүрлері суреттелген? 2) Шығармадағы тұрақты тіркестерді тауып, мағынасын түсіңдіріңіз 3) Әңгімедегі теңеулерді табыңыз 4) Шығармада қала тіршілігі қалай бейнеленген?
1) Кейіпкерлерге мінездеме беру. (Әмірқан, Ақтамақ) жазбаша
2) Әмірқанды өнерге баулыған кім?
3) Әмірқан әнді қалай салады?
4) Әмірқан мен Ақтамақтың махаббаты жайлы әңгімелеңіз?
Жақсы, балалар тапсырманы орындап болсақ, бекіту сабағына көшейік. Бекіту сабағын тест тапсырмалары арқылы орындаймыз. Бекіту. Тест сұрақтары арқылы бекіту. 1. Жүсіпбектің романын ата? А) “Әнші” В) “Күнікейдің жазығы” С) “Нұр күйі” Д) “Ақбілек” 2. “Жетішатыр” қаласының екінші аты? А) Семей В) Павлодар С) Өскемен Д) Қызылжар 3. “Бір шерік қымыз” деген қанша? А) бір бөтелке В) бір шелек С) бір кесе Д) бір тегене 4. Шәкеттікіне кіріп келген жігіт қайда отырды? А) жерге В) орындыққа С) керуетке Д) сандыққа 5. - Әмірқанды үйден ұстай алмайсыңдар. Ол - бір …. А) көлеңке В) сағым С) елес Д) тұман 6. Мінбеге шығып сөз сөйлеген кім? А) Әбіжан В) Жәлен С) Рахымбек Д) Жүсіпбек 7. Сахнада ән салғанда “әсем- әсем нақысы” қандай болды? А) сыбызғының үніндей В) айдынның сұлу қуындай С) тас бұлақтың суындай Д) Арқаның қоңыр желіндей 8. Әнші құжырасындағы ең асыл бұйымы не? А) қызыл қоңыр домбыра В) үлкен ақ сырнай С) саз сыбызғы Д) үкілі сары домбыра 9. Әйелін қалай таныстырады? А) жампоз В) тұлпар С) сұлу Д) бастық 10. “Қорлан” әнін шығарушы кім? А) Жаяу Мұса В) Балуан Шолақ С) Естай Д) Мәди Тест жауаптары:
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz