Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқу стратегияларын қолдану арқылы мәтінге негіздеу принципін іске асыру

Табантал орта мектебі.
Сатбаева М. И.
Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқу стратегияларын қолдану арқылы
мәтінге негіздеу принципін іске асыру
XX ғасырдың басында қазақ зиялыларының бірі Жүсіпбек Аймауытов: «Сабақ беру - үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол - жаңадан жаңаны табатын өнер», - деген екен. Сондықтан қазіргі таңдағы педагогика жаңалықтарын пән ерекшелігіне қарай қолдана отырып күнделікті сабақты жаңарта білу - оқыту мақсатына жетудің бірден-бір жолы.
Оқыту - кешенді үдеріс, ал оқу дегеніміз не?
Зерттеу жұмыстарына жүргізілген талдау оқу нәтижелерінің бес санатын анықтауға мүмкіндік берді:
2-слайд.
Зерттеу жұмыстарына жүргізілген талдау нәтижесінде анықталған
оқу нәтижелерінің бес санаты
1. Оқу білімнің сандық ұлғаюы ретінде . Оның нәтижесі алынған ақпарат болып табылады (негізгі міндет - көп білу) .
2. Оқу есте сақтау ретінде . Нәтиже - қайта өндіруге болатын есте сақталған көлемді ақпарат.
3. Оқу ақпарат жинақтау ретінде . Нәтиже - есте сақталып, қажет болған жағдайда қолдануға болатын факті, дағды және әдістердің айтарлықтай мөлшердегі жиынтығы.
4. Оқу мағынаны ұғыну және оның мәнін анықтау ретінде . Нәтижесі - оқушының пәннің құраушы бөліктері мен шынайы өмір арасындағы өзара байланыстарды анықтай алуы.
5. Оқу шынайылықты өзгеше түсіну және түсіндіру ретінде . Нәтижесі - әлемді өзгеше қырынан қарастыру арқылы танып-білу [1]
Оқу бар, бірақ сонымен бірге оқуды үйрену бар. Оқушыларға оқуды үйретудің тиімді жолы - оқу үдерісінде қазіргі заманғы жаңа технологияларды қолдану. Сондай заманауи технология деп орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал оқыту әдістемелері арасындағы сындарлы (конструктивті) теориялық оқытуға негізделген тәсілді[1] атауға болады.
Сындарлы оқытудың мақсаты - оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету. Сол арқылы оқушының субъект ретінде өзін әр қырынан танытуына, өзгені тануына, сыни ойлауына, өз көзқарасын, пікірін білдіруіне, ойлау қабілеті мен сөйлеу қабілетінің дамуына жағдай туғызу. Ал бұл мұғалімнің оқу стратегияларын қолданудағы шеберлігіне байланысты.
Стратегия дегеніміз - философия, әдістемелік ұстаным. Мұғалім мен оқушы кез келген стратегияның әдіс-тәсілін, қыр-сырын жетік түсіне білуі қажет. Сонда ғана жұмыс нәтижелі болмақ, сонда ғана ғылым негіздері игерілмек.
Мектеп бағдарламасында пән негіздерін меңгеру - мәтінмен таныстықтан басталады. Оқушы мәтінмен танысады, түсінеді, түсіндіреді, талдайды, талқылайды; мәтінмен жұмыс жасау барысында сөйлеу мен ойлау дағдысын дамытады, сөздік қорын молайтады, танымдық қабілетін арттырады, дүниетанымын кеңейтеді.
Сонда, тіл мен сананың, сөйлеу мен ойлаудың бірлігі - әр адамның жеке басы қасиеті мен қабілетінің даралығын танытатын белгі. "Ойлаусыз тілдік қатынас та жоқ. Ойлау тілдік қатынастың тірегі ғана емес, ол - бүкіл сөйлеу әрекетінің өзегі деп саналатын адамзаттың болмысы" (Ф. Оразбаева. Тілдік қатынас теориясы мен әдістемесі. А., 2001,
112-6. ) [2]
Тіл мен әдебиет сабақтарыңда осы бірлікті оқу үдерісінде жүзеге асырудың ең тиімді жолы - мәтін арқылы оқытуда оқу стратегияларын ұтымды қолдану.
Әдіскер-ғалымдар мәтін арқылы оқытудың артықшылықтары ретінде білімді күтілетін нәтижеге сай ұйымдастыруға тірек болатын мынадай мәселелерді атайды:
3-слайд .
Мәтін арқылы оқытудың артықшылықтары ретінде білімді күтілетін нәтижеге сай ұйымдастыруға тірек болатын мәселелер
"Оқу мәтіндері тіл мен әдебиетті кіріктіре оқытуға мол мүмкіндік береді".
(Т. М. Пахнова. "Развивающая тречевая среда как средство приобщения к культуре. "РЯШ", № 5, 2003, 14-6. ) .
"Мәтін арқылы оқыту оқушының сөйлеуді ұлттық мәдениеттің компоненті ретінде меңгеруінің маңызды факторы - тілдік ортаны қалыптастырады".
(Н. П. Шульгина. Работа с текстом как средство формирования личности ученика//"РЯЩ", № 3, 2003. ) .
" Мәтін - білімді дара тұлғаға бағдарлап оқытудың ұтымды құралы".
(А. Аркин. Почему школьники не любят уроки родного словесности//"Нар. образования", № 2, 2001, 15-6. ) .
"Мәтінмен жұмыс оқушының субъект ретінде өзін әр қырынан танытуына мүмкіндік тудырады".
(Г. А. Бакулина. Обучение рус. яз. // "РЯШ" № 3, 2003.
11-6. ) .
"Мәтінмен жұмыс - тілдің барлық пәндермен байланысуын қамтамасыз етудің кепілі".
(С. И. Львова и др. Русский язык в школе: состояние, проблемы и пути их решения. // "РЯШ", №4, 2003. 10-6. ) .
"Мәтінмен жұмыс - оқытудың тәрбиелік сипатын күшейтудің бір факторы".
(А. К. Маркова. Формирование мотивизации учения в школьном возрасте. М., 1983. )
Осы орайда, қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушыны оқыта отырып сөйлету, сөйлете отырып сыни ойлауын дамыту үшін түрлі жұмыстар жүргізуге болады:
Мысалы, оқу арқылы қабылдайтын оқушыларға мәтін мазмұны бойынша талдау тапсырмалары берілсе, жазу арқылы меңгеретін балаларға жұмыс парақтарында берілген сұрақтарға жауап беру, семантикалық карта, сатылай кешенді талдау, композициялық талдау, салыстыру сияқты тапсырмаларды беруге болады.
Осы тапсырмаларды орындау барысында бала бір жағынан, мәтінді игеру деңгейін көрсетсе, бір жағынан, сыни тұрғыдан ойлауына тура келеді. Балалар өз ойларын тек ойлап қана қоймай, қағаз бетіне жүйелеп түсіріп отырады [3] .
Оқушылардың мәтінмен жұмыс кезінде жиі қолданған белсенді оқыту технологиясының «Миға шабуыл», «Аяқталмаған сөйлем», «Ашық сұрақтар», «Жұптық жұмыс», «Өз ұстанымыңды тап», «Нақты жауап», «Пікірлер шкаласы», ал сын тұрғысынан ойлау технологиясының «Бес жолды өлең», «Топтастыру», «Түртіп алу», «INSERT», «Семантикалық карта», «Т кестесі», «Рафт» сияқты стратегиялар сабақты түрлендіріп өткізуге мүмкіндік туғызумен қатар, әр баладан еркін жауап алуға, баланың өзіне сенімділігін арттыруға, бір-бірінің және өзінің жұмысына баға беріп, сын көзбен қарауға итермеледі, сабақ үстіндегі оқушы қызығушылығын тудырып, белсенділігін арттырды . [4]
6-сыныпта М. Мағауиннің «Бір атаның балалары» хикаятын оқып-тануға 3 сағат берілген. Соның бірінші сағатында мәтінмен жұмыс жүргізуде мынадай оқу стратегияларын қолдандым:
4, 5-слайдтар (Сабақ бойынша суреттер)
Сабақтың мақсаты -- жазушының өмірі туралы қысқаша мәлімет беріп, «Бір атаның балалары» хикаятынан үзінді мазмұнын игерту. Сабақтың тақырыбы, мақсаты айқындалған соң
жаңа тақырыпты меңгертуде «Ойлан. Бөліс. Бірік» әдісімен М. Мағауиннің өмірі мен шығармашылығы туралы таратпамен жұмыс жүргіздім. Мәтін үш бөлікке бөлініп, үш топқа берілді. Оқушылар өз тобында өзіне берілген мәтін үзіндісімен танысып, топ ішінде түсініктерімен бөлісіп, бір-біріне түсіндірді, ең негізгі деген ақпаратты бөлік мазмұнына қарай бірінші топ «Белгілі тұлға, екінші топ - «Қоғам қайраткері», үшінші топ - «Жазушы» деп постерлерге түсіріп, топтардың алдында алған ақпараттарымен таныстырды. Осы әдіспен оқушылар мәтінмен өз бетінше таныса отырып жазушының өмірі туралы мәлімет алды.
Бұл жұмыста сабаққа көп қатыса бермейтін, орташа оқитын Шерхан постер құруда, оны қорғауда белсенділік танытып, өзін жақсы көрсете білді.
Хикаят мазмұнын игертудегі мәтінмен жұмыста «Біреуі - үйде, үшеуі - қонақта» әдісін қолдандым. Сыныпта барлығы 10 оқушы, топ оқушыларының саны екі топта үшеу, бір топта төртеу болғандықтан, бұл жұмыстың атын «Біреуі - үйде, екеуі - қонақта» деп өзгерттім. Оқушылар белгіленген уақыт ішінде өздеріне берілген мәтінмен танысып, топ ішінде бір-біріне түсіндіріп, басқа топтарға барып түсіндіріп, мәтін мазмұнын игерді. Бұл әдісті қолдану кезінде бір тақырыпты мағынасын ескере отырып, бірнеше бөліктерге бөліп, әр топта талдату арқылы уақытты үнемдеуге болады. Оқушы оқу үдерісіне белсенді қатысқанда ғана материалды терең меңгере алады, өзіне тиісілі міндетті атқара отырып жауапкершілікке үйренеді.
Сабақтың бекіту кезеңінде оқушылардың мәтін бойынша түсініктерін бекіту әрі байқау үшін «Атыспақ» әдісін қолдандым. Әр топ өздері оқып танысқан мәтін бөліктері бойынша үш-төрт сұрақтан дайындап, кезекпен сұрақтармен атысты. Жауап болмаған жағдайда сұрақ қоюшы жауабын өзі айтып отырды . Оқушылардың қойған сұрақтары негізінен мәтін мазмұнына байланысты анықтауыштық сипатта болды:«Ахмет асырап алған баланың есімі кім?", « Ауылға неше бала әкелінді?», «Зигфридтің неше асығы болды?». Сол сияқты «Зигфридтің неміс баласы екенін біле тұра Ахмет оны неге асырап алды?», «Зигфрид басқа расаның, басқа діннің баласы. Неге Ахмет оны сүндетке отырғызды?», «Неге бала таңдау құқығы бірінші болып Ахметке берілді?» деген мазмұндағы ізденушілік сұрақтар да қойылды. Оқушылардың қойған сұрақтарына, берген жауаптарына қарап мәтін мазмұнын қай оқушының қаншалықты меңгергендігін байқауға болады. Оқушылар сұрақтарға толық жауап беруге тырысты, өз ойларын анық білдірді, өз білімдерін көрсетіп, жетіспей тұрған жерлерін толықтырды.
Сабағымды «Кезбе тілші» әдісімен аяқтадым. Әр топтан бір оқушыдан шығып өзіне роль таңдап, бүгінгі сабақтан тікелей репортаж жүргізді: 1-топ оқушысы телестудиядан оқиға болып жатқан жердегі тілшімен тікелей байланыс жасау сәтін көрсетіп, жиынтық хабар берді. 2-топ оқушысы оқиға орнынан тікелей репортаж жүргізді. 3-топ оқушысы сұхбат алатын куәгер болып, оқушылардан, мұғалімнен сұхбат алды. Жүргізушілердің сұрақтары сабақта қаралған мәтін бойынша, жалпы сабақ барысына қатысты болды. Осы жүргізушілердің ішінен оқушыларға да, маған да ұнағаны - Аружанның сұхбат жүргізгені. Аружан қысылмай, өзін еркін ұстап, әртістік қабілетін, білімін көрсетті. Мұғалімнің өзіне де «Егер құпия болмаса, сабақты осылай қызықты өткізуіңіздің сыры неде?» деп сұрақты ашық қоя білді. Аружанның осы ролі өзіне де ұнады. Ол болашақта өзінің тележүргізуші болғысы келетіндігін айтты. .
Қалған сағаттарда осы шығарма мәтінімен жұмыс жүргізуде «Венн диаграммасын» құру, «Т кестесі», «Тоғысқан пікірталас», «ТВ шоу» әдістерін қолдандым. Осы жұмыстардың барысында оқушылардың мәтінді қаншалықты игергенін байқадым әрі олардың қызығушылықтарын қалыптастыра білдім. Мұндай жұмыс түрлері оқушылардың сыни ойлау қабілетін дамытып, мәтін бойынша білімдерін толықтыра түседі.
Қосымша ақпарат көздерінен ақпарат алдыру мақсатында тақырыптың үшінші сағатында үй тапсырмасын тексеруде «Тоғысқан пікірталас» әдісін қолдандым. Оқушыларға үйге «Қазақтың қара көз балаларын шет елге беру дұрыс па, әлде дұрыс емес пе?» деген проблемалық сұраққа дайындалып келу тапсырылған болатын. «Тоғысқан пікірталас» немесе «Т кестесі» толтырғаннан кейін оқушылар осы сұраққа өзіндік көзқарастарына қарай үш топқа бөлініп, сұрақты топта талқылады. Топтық әңгіменің барысында топтың әр мүшесі проблемалық сұрақты мәтін идеясымен байланыстыра отырып, өз пікірін айтты, сол бойынша ортақ шешімдерін шығарып, топтардың алдында қорғады.
Мәтінмен жұмыс істей отырып, мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастыруда «Жуан-жіңішке сұрақтар», «Ашық сұрақтар», «Сұрақ қою, қайта сұрақ қою» әдістерін қолдану оқушының өз бетінше ақпаратты меңгеріп, мәтінмен өз бетінше жұмыс жасау дағдысын дамытады, оқушы мәтінге сұрақ қою, тұжырымдау, белгілеуге үйренеді. Бұл әдіс оқудың барлық әдістерін меңгеру болып табылады. Өйткені, оқушы алдымен мәтінді қатесіз, түсініп оқуға тырысады, қойған сұрағына өзі жауап беруге дайын тұрады, басқа балалардың сұрақтарын мұқият тыңдап, сұрақ құрастырудың қиын жұмыс екенін біліп, ең үздік сұрақтарға ілтипат білдіреді
"Мәтінмен жұмыс - тілдің барлық пәндермен байланысуын қамтамасыз етудің кепілі".
11-сыныпта Ахмет Байтұрсыновтың «Қырық мысал» жинағы туралы өткен сабағымда Ахмет аудармаларын түпнұсқамен салыстыру жұмысы кезінде 1-топ Аққу, шортан һәм шаян - Лебедь, щука и рак, 2-топ Абай «Қарға мен түлкі - Ахмет «Қарға мен түлкі» мысалдарын салыстырып, венн диаграммасын құрды. Оқушылар екі мәтінді салыстыра отырып, ойлау логикасын дамытады, сабаққа қызығушылығы артады.
6-слайд .
И. А. Крылов.
«Лебедь, щука и рак»
Ахмет Байтұрсынов.
«Аққу, шортан һәм шаян»
1) Түсініктеме сөзден басталады
2) Түсініктеме сөз 3 жол.
3) Негізгі бөлім - 7 жол.
4) Қорытынды ой - 2 жол.
5) Өлең 12 жолдан тұрады.
6) «С покложей воз» (түйілген, буылып арбаға тиелген) .
Түсініктеме сөзінде достар арасындағы бірлік болмаса, іс оңбайтындығы айтылған.
Мазмұн желісі бірдей.
Қорытынды ой бірдей.
Кейіпкерлері - шортан, шаян, аққу.
1) Негізгі оқиғаны баяндаудан басталған.
2) Түсініктеме сөз - 4 жол.
3) Негізгі бөлім - 8 жол.
4) Қорытынды ой - 4 жол.
5) Өлең 16 жолдан тұрады.
6) «Дара жүк» делінген.
Оқушыларды кең ауқымды көркем әдебиетті оқытуға баулу жолындағы қиындықты шешуге «ЖИГСО» немесе «Зигзаг» стратегиясы көп көмегін тигізді. Жаңа тақырыпты меңгеруде, мәтінмен танысуда оқушы өзіне жүктелген міндеттерге жауапкершілікпен қарап, басқа топ мүшелеріне түсіндіру үшін өзіне жүктелген мәтін бөлігімен танысып, оны түсіндіреді, сурет те салады, сахналық көріністер де қояды. Оқушының оқуға деген қызығушылығы артады, ұжымда жақсы қарым-қатынас қалыптасады, ойлау деңгейі жоғарылайды, саналы тәртіп орнайды. Осылайша ұйымдастырылған оқу сабақтары арқылы сауатты оқырман қалыптастыру мүмкіндігі туады.
Оқушылардың оқылған мәтін бойынша ойлау деңгейіне сай әр сабақта сұрақ қою үшін Блумның сұрақ қою өлшемін де пайдаландым. Сұрақтар қарапайымнан терең ойлауға дейін жалғасады. Мұндағы мақсат - оқушы ойын ең төменгі деңгейден терең ойлауға дейін жеткізу. Топтық тапсырмалар ынтымақтастық қарым-қатынас орнатуға, шығармашылық жұмысқа, тақырыпты өмірмен байланыстыруға мүмкіндік туғызады.
Мысалы, Қалихан Ысқақтың «Қоңыр күз еді» повесі бойынша сабақтың 2-сағатында Блум таксоманиясын былайша құрылды:
7-слайд. Блум таксоманиясы.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz