Алгебралық бөлшектерді көбейту және бөлу: 7-Б сыныпқа арналған ашық сабақ жоспары

С. Ерубаев атындағы жалпы орта мектебі
«Алгебралық бөлшектерді
көбейту және бөлу».
(ашық сабақ)
7 «Б» сынып
Пән мұғалімі: Жұмабаева Раушан
Сынып: 7 «Б»
Оқушыларды алгебралық бөлшектерді көбейтуде және бөлуде көпмүшені жіктеу тәсілдері мен қысқаша көбейту формулаларын қолдануды үйрету.
есеп шығару дағдысын қалыптастыру, ережелерді тиімді қолдана білуді меңгерту, есеп шығаруда ойлау, ауызша есептеу, ой қорыту қабілеттерін дамыту.
оқушыларды жауапкершілікке, жүейлі ойлауға, нәтижеге қол жеткізе білуге, өзіне сенімділікке тәрбиелеу.
Сабақ бойынша мұғалім жазбалары
Мұғалімнің
іс-әрекеті
Оқушының
іс-әрекеті
Оқушылармен сәлемдесіп, кезекші арқылы оқушыларды түгендеу, сыныптың сабаққа дайындығын, сабаққа қажетті құрал - жабдықтардың барлығын анықтау.
Психологиялық дайындық: Көңіл күй стратегиясы
- Кәнеки балалар, бүгін барлығымыз бір-бірімізге не тілейміз?
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Алгебралық бөлшектерді көбейту және бөлу. »
Балалар, біз бүгінгі сабағымызда алгебралық бөлшектерді көпмүшені жіктеу тәсілдерін және қысқаша көбейту формулаларын қолдану арқылы көбейтуді, бөлуді үйренеміз.
Оқушы тақтаға шығып есепті шығарады. Жай бөлшектерді көбейту ережесін айтады .
Демек, алгебралық бөлшектерді көбейту амалдары жай бөлшектерді көбейту ережесі бойынша орындалады .
Жай бөлшектерді дәрежелеуге оқушы шығып, есепті шығаруға қолданған ережесін айтады .
Алгебралық бөлшектерді дәрежелеудің формуласы мен мысал қарастырылады .
Алгебралық бөлшектерді қысқаша көбейту формуласын қолдану арқылы көбейтуге мысал қарастырылады .
Оқулықпен жұмыс
№447-451