Сабақ жоспары :: Сценарилер

Файл қосу

Ана тілі жайлы

Ана тілі оқулығы: Сәлеметсіңдер ме, достар! Мен сендердің қуаныштарыңды бөлісуге келдім. Бүгін сендер үшін сендер үшін ерекше күн. Сендер бүгін мектеп кітапханасына оқырман ретінде қабылдандыңдар. Мектеп кітапханасына қош келдіңіздер!
Туған елдің тілімін,
Ақылымен танылам.
Түсіндірер бәріне
Ана тілі мен болам.
Ана тілің арың бұл ,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте.
Балалар, мен сендердің келешекте кітапты көп оқып, сауатты да білімді азаматтар болатындарыңа сенемін! Қанеки, балалар айтыңдаршы, кітап оқығанды жақсы көресіңдер ме?
Кітапханашы: Сәлеметсіздер ме, құрметті оқушылар, ұстаздар! Мінеки кеше ғана мектебіміздің алғаш табалдырығын атта, 1-сынып қатарына қабылданған оқушыларымыз мектеппен, мектеп сыныбымен, алғаш ұстаздармен, дене шынықтыру залымен, асханамызбен танысып, бүгінгі күні кітапханамен таныстырғалы отырмыз. Балалар, Библиотека <<библио>>-кітап, <<тека>> сақтаубұл кітаптардысақтайын орын немесе кітаптар тұратын үй деп аталады.
Абонемент - кітапты үйге оқуға беретін бөлім.
Оқу залы - мұнда газет, журналдардың жаңа сандарын, сөздіктер мен энциклопедиялар пайдалынылады. Оқу залында кітап үйге берілмейді.
Кітапханашы - кітапхананың иесі (меңгерушісі), сенің ең жақын досың. Кітап сөресі - оған кітап қойылады.
Оқырман формуляры - оқырманның алған кітаптарын жазып отыратын құжат. Міне бүгін сендерді Ана тілі оқулығымен бірге кітапхананың ғажайып әлемінде қарсы алып отырмыз! Бүгінгі ертеңгілікке ертегілер елінен келген кейіпкерлермен таныс болыңдар.
-Ана тілі, сен біздің ертеңгілікке ертегілер елінен келген достарыңды таныстырасың ба?
<<Ана тілі>>оқулығы: Әрине, бүгінгі мерекеге менің сүйікті достарым да келіп отыр.
Алдар көсе: О, құрметті қонақтар! Мен сендерге ертегілер елінен келіп тұрмын.
-Мені тандыңдар ма?
Мен Алдармын, Алдармын,
Досымын адал жандардың
Жақсыларға талай серік боп,
Жамандарды талай алдадым.
Менің қоржынымда мереке келе алмаған ертегі кейіпкерлерінің жедел хаттары бар. Енді хаттарды ашып, оқып көрейік.
1. <<Мерекеге келгім келді, бірақ құйрығымды біреу кесіп алып, құйрықсыз келе алмадым>> Мысық
2. <<мерекеге сондай барғым келді, бірақ Африкадағы аңдар ауырып қалды, соларға жедел түрде баруым керек болды>> Айболит
3. <<Кешірерсіңдер, мерекеге барғым келді, бірақ мен күнді көремін деп түйенін басынан түсе аламай жатқаным>> Тышқан
4. <<Асығып сендердің ертеңгіліктеріне атам мен әжемнен қашып, түлкінің аузына тап болым>> Бауырсақ
5. <<ертеңгілікке келем деп, әкеме өтірік айтамын деп мұрыным өсіп кетіп, жете аламай қалдым>> Буратино
6. <<Ренжімендер, достар, мен мында қарлығаштың балапандарын, сұр жыланнан қорғап жатырмын>> Дәуіт
/Ортаға кітап оқығанды жақсы көретін бала шығады/
Мен кітап оқығанды сүйетін баламын, ал балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын, шешіп көрңідерші:
Білімнен мол сый-асы
Балғындардың ұясы (мектеп)

Қобдиында қайырлы,
Қазынаның бәрі бар.
Тауыссаң көз майыңды,
Қалағаның табылар. (кітап)

Көреді бәрін өзгенің
Көрмейді бірақ өздерін (көз)

Білімнің дәнін тереді
Балаға тәлім береді (ұстаз)

Тілі бар, үні жоқ,
Өзін адам түсінген
Жүрегі бар да, қаны жоқ.
Сөйлеп тұрған ішінен (кітап)

Бұдан кір қорқады
Судан бұл қорқады (сабын)

Балалар сендер жұмбақты жақсы шешеді екенсіңдер ал, енді жаңылтпаш айта аласыңдар ма?
Доп теп,тек
Дөп кеп теп.

Жақсы қайшы,
Қайсы қайшы?

Кітапханашы: Бүгінгі мерекеге әрине кітап ханшайымы да келіп отыр. Балалар, сендерсендер оларды көргілерің келе ме? Олай болса кітап ханшайымынортаға шақырайық.
Кітап ханшайымы: О, Құрметт і достар, мен өте қуаныштымын! Жан жақтарыңа қараңдаршы, кітаптар патшалығы қандай әдемі, үлкен жарық. Менің патшалығымның тұрғындары тек тыныштық сақтайды. Тағы бір досыммен таныстырғым келеді. О, ол әне өзі де келе жатыр екен ғой.
Дәрігер: Мен - дәрігермін, кітаптардың досымын. Кітаптарды емдеймін. Иә, иә таңқалмаңдар, біздің кітаптар ауырады. Сарғаяды, беттері жыртылады. Кітаптыңарасынан түседі, сонда көмекке мен келемін. Кітаптарды емдеймін, беттерін түзеймін, ал кітаптар бізге ренжімесін десеңдер, онда балалар мыеа кеңестерді айтамын:
1. Кітапты таза қолмен ұстаңдар.
2. Кітаптың беттерін жыртпаңдар
3. Тамақ ішіп отырып, кітап оқыма
4. Кітап және оқулықтар жақсы күйде сақталуы үшін оның сыртын қаптап ал.
5. Кітапқа шимайлап, сурет салуға болмайды.
6. Кітаптың арасына қалам, қарындаш салуға болмайды.
7. Кітапты оқып болғаннан кейін кітапты уақытында тапсыр.
<<Көрініс>> науқас кітап
/бірде оқушының кітабы нуқастанып қалып дәрігерге әкеледі.
Оқушы: Сәлеметсіз бе, дәрігер!
Дәрігер: Сәлеметсің бе?
Оқушы: Дәрігер мен сізге кітабымды әкелдім. Ол қатты науқас.
Дәрігер: Жарайды, алдымен диагнозын анықтап алайық.
Оқушы: Мен үйде жоқта кішкене балалар ұстап, осындай күйге жеткізіпті./жыламсырайды/
Дәрігер: Мұңайма, емдеп жазамыз. Кітабыңа су тиген, беттері жыртылған.
Мен мынадай кеңестер жазып беремін, үнемі есіңе сақап жүр.
-Кітап беттерінің бұрыштарын бүктеме
-Кітап беттерін жыртпа
-Тамақ ішіп отырып кітап оқыма
- Оқушы: Жарайды, дәрігер. Кеңестерңізді үнемі есте сақтап, орындаймын.
Оқулығым, құралым,
Жағар білім шырағын.
Баса алмайсың ешқашан
Онсыз алға бір қадам.
Кейбіреулер ерігіп,
Бос жүргеннен зерігіп.
Бетімді тек ашады,
Әңгімеге басады.
Жолдарымды сызады,
Шырқымды да бұзады.
Онымен іс бітпейді,
Беттерімді бүктейді.
Көп жерімді жыртады,
Қайшымен де қырқады.
Налымаймын мен неге,
Бұл секілді пендеге?

Кітап ханшайымы: Балалар, бұл ережелерді ұмытпаңдар. Мінеки, сендер енді кітапты қалай пайдалануды, ұқыпты ұстау керек екенін білесіңдер.
Кітапханашы: Бүгінгі еретеңгіліктен ескерткіш ретінде мына бір ашық хатты сыйлаймыз.
Қымбатты жас оқырмандар! Бүгіннен бастап, сендер біздің мектеп кітапханасының оқырмандарысыңда.р. Мен сендерді құттықтаймын. Ал сендер енді кітаптарға анет беру керек сіңдер! Сендер тек мұқият тыңдап, Ант берем деп бір дауыспен жауап бересіңдер.
Кітаппен арқашанда дос боламыз
Кітапты аялаймыз
Жақсы оқимыз
Үйде әрдайым кітап оқимыз
Кітапты ренжітпейміз
Ал балалар сендерге мен үлкен рахмет айтым, әрдайым біздің кітапханаға келіп, кітапты үнемі оқып тұрыңдар. Ерінбесеңдер, өскенде үлкен маман боласыңдар. Қызықты кітаптаер сендерді әр дайым тосуда.

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы атындағы жалпы орта білім беру мектебі



Кітапхана-білім мен ғылым ордасы
/1-сыныпты оқырман ретінде қабылдау рәсімі/

Дайындаған: М.К.Икешова

2015-2016 оқу жылы

Ұқсас жұмыстар
Ғ. қайырбеков «ана тілі»
Ана тілін құрметтейік
Жанды математика
Мемлекеттік тіл
Ана. Баубек Бұлқышев
Орыс тілінде жаз
Төлеген Айбергенов Ана өлеңі
Ана жайлы
Ана. Баубек Бұлқышев жайлы
Мағжан Жұмабаев сүйемін өлеңі жайлы ақпарат
Пәндер