Ток күші мен кернеуді есептеу

Сабақтың тақырыбы: Ток күші мен кернеуді есептеу

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Ток күші мен кернеуді, оның бірліктерін пайдаланып есептер шығарту.

ә) Дамытушылық : Оқушының логикалық ойлау қабілетін арттыру, өздігімен жұмыс істеуге дағдыландыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

б) тәрбиелік : Физика пәніне деген қызығушылығын, икемділігін, дүниетанымын арттыру.

Көрнекілігі; Амперметр, вольтметр, шам, ток көзі, кілт, таратпалы карточкалар

Сабақ түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі : 2- мин

1. Сәлемдесу, түгелдеу.

2. Оқушылардың құрал жабдығын тексеру.

3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Сыныпты топқа бөлу

Үй тапсырмасын сұрау 5-мин

Физикалық диктант

Электр тогы- еркін электр зарядтарын тасымалдаушылардың реттелген қозғалысы

Электр тогының әрекеті - жылулық, химиялық, магниттік, физиологиялық

1Кулон - зарядтың өлшем бірлігі

Ток күші (I ) - электр тогын өлшеу және салыстыру үшін арнайы енгізілген шама.
1 ампер - ток күшінің өлшем бірлігі
Амперметр - ток күшін өлшейтін құрал
Токтың жұмысы (А) - токты тудыратын электр өрісінің жұмысы
Электр кернеуі - токтың атқарған жұмысын анықтайтын физикалық шама
1 вольт - кернеудің өлшем бірлігі
Вольтметр - өткізгіштің ұштарындағы токты өлшеуге арналған құрал .

а) Есептер шығару 15 -мин

№1. Тізбектің бір учаскесі арқылы 10Кл электр өрісі өткен кезде 10Дж жұмыс істейді. Тізбектің осы учаскедегі кернеуін анықта.

Карточка №2 Электр шамының қылсымынан 5 мин сайын 540Кл электр заяды өтеді. Шамдағы ток күші қандай болады?

Карточка №1

Тізбектің бір учаскесі арқылы 1Кл электр өрісі өткенде сол учаскеде 5Дж жұмыс істеледі. Осы учаскедегі кернеу қандай?.

Карточка №2

Электр лампасындағы кернеуі 6В. Осы лампа қылының көлденең қимасы арқылы 2Кл электр өрісі өткенде қандай жұмыс істелінеді?

Карточка №1

Электр шамы арқылы 10мин ішінде 380Кл электр мөлшері өтетін болса электр тогының шамасы неге тең?

Карточка №2

Тізбек бөлігінен 50Кл электр заряы өткенде 800Дж жұмыс жасалатын болса, онда кернеу неге тең?

б) Берілген приборлар бойынша амперметр, вольтметрдің көрсеткіштерін және бөлік құнын анықтау. 5-мин

в) Берілген сұлба бойынша алдарындағы берілген құралдарды пайдаланып электр тізбегін құрастыру. 5-мин

3. Сергіту жаттығуын жасату 3-мин

Сабақты бекіту: 4-мин

  • Шама

Белгіленуі

Өлшем бірлігі
  • Шартты белгісі
Өлшейтін құрал
Формуласы
Шама: Ток күші
Белгіленуі:
Өлшем бірлігі:
Шартты белгісі:
Өлшейтін құрал:
Формуласы:
Шама: Электр кернеуі
Белгіленуі:
Өлшем бірлігі:
Шартты белгісі:
Өлшейтін құрал:
Формуласы:

Оқушылардың білімдерін бағалау 2-мин

Үй тапсырмасы: (шығармашылық тапсырма) : 2мин

1. §36. Ток күші. Амперметр
§37. Электр кернеуі. Вольтметр. Электр тізбегі
2. 78-суреттегі шартты белгілерді жаттап алу
3. А. Ампер, В. Вольта өмірбаянына реферат жазу.

Кері байланыс парағы 2 -мин

Оқушының аты-жөні
Нені білдім?
Нені үйрендім
Нені білмедім?

Қорыта айтқанда: Жас ұрпақты тәрбиелеуде алға қойып отырған негізгі мақсаттарының бірі-қоғамға өзіндік орны бар, өз елінің қамын ойлайтын, үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге қамқор бола алатын мемлекетіміздің болашағы жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру.


Ұқсас жұмыстар
Электр тогының жұмысы мен қуаты. 8 сынып
Электр тізбегіндегі есептеулерге зертханалық сабақ.10-сынып
Электр санауыштар туралы
Тізбек бөлігіне арналған ом заңы, 8 сынып
Ток күші Амперметр. Электр кернеуі. Вольтметр
Токтың жұмысын табыңдар
Сабақ жоспары. Сабақтың басы
Ток күші. амперметр. 8 сынып
Токтың жұмысы мен қуаты
Электр шамының ток күші мен кернеуін анықтау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz