Уақытты текке өткізбе, тез хабар бер 101-ге

Уақытты текке өткізбе

Тез хабар бер «101»-ге.

Мақсаты: Өрттен сақтану, өртті болыдырмау жөнінде түсініктер беру.

Ойын арқылы өрттен сақтану туралы дағды қалыптастыру.

Жауапкершілікке, ептілікке тәрбиелеу.

Коррекциялық мақсаты: сөздік қорларын дамыту, сөздерді анық айтуға үйрету.

Көрнекіліктер: -Балалардың өрт туралы суреттері.

-Өрт сөндіру құралдарын салу.

-Суретті плакаттар.

-«Өртке қатысты»жаднамалар.

-Лозунгтер.

Жүру-барысы. І. Өтетін оынды безендіру, жасақтау.

І. 2. Балалардың дайындығын пысықтап, киімдерін ретке келтіру.

І. 3. Қажетті көрнекі құралдарды түгендеу, сайыс кезеңі бойынша рет-ретімен қою.

ІІ. Сайыстың басталуы.

Қайырлы күн ұстаздар, қонақтар, оқушылар!

Мектепішілік « Уақытты текке өткізбе, Тез хабар бер «101»-ге. » атты шарамызға қош келдіңіздер! От: досың әрі жауың. Оттың адам өмірінде алатын орны өте ерекше. Егер, отты тым асыра дұрыс пайдалана алмасақ, біз үшін орын толмас зор қайғы-қасірет әкелері хақ. Сондықтан да осы отырған әрқайыссымыз отты пайдаланғанда аса сақ болуымыз керек. Тұрмыста отты үнемділікпен, жауапкершілікпен мұқият ережелерді сақтай отырып пайдалану керек.

Балалардың отпен ойнауы-өрт шығуының кең таралған себептерінің бірі болып табылады. Жалғыз қалған балалар көбіне сіріңкемен ойнап, оның арты қайғылы жағдайға әкеледі. «Өрт -тілсіз жау» деп бекер айтылмаған.

«101»-ге ХАБАРЛАСУДЫ ҰМЫТПАҢДАР!

Шарамызға қош келдіңіздер! Ортаға жеңіске деген жігермен алға ұмтылған топтарды ортаға шақырамыз.

( Екі топ ортаға келеді. )

Сайысқа қатысушы топтардың іс-әрекетіне баға беретін әділ-қазылар алқасын таныстырып өтейін.

Төрайымы.

Мүшелері:

ІІ. 1. Сайысымыздың алғашқы кезеңі « Сәлемдесу. »

«Алау» тобы. Ұраны: «Тату болсаң, жеңіске жетесің!»

«Жалын » тобы. Ұраны: «Жеңіске жетуге талпынамыз!»

Төс белгілерін алмастырады.

2. «Кім тапқыр?» сұраққа жауап беру.

Жалын тобына:

-Өрт сөндіру қызметін шақыру үшін неге «101» нөмері таңдалынып алынған?

(себебі, ол-қарапайым, әрі оңай. Есте сақтауға жеңіл. Екіншіден, ол қысқа, қараңғы жерде де теруге ыңғайлы. )

-Өрт сөндіру қызметін шақыру кезінде 101-телефоны арқылы қандай ақпараттар беру қажет.

(өрт болған нысанның орналасқан мекен-жайын, өрттің шығу орны мен өзінің фамилиясын дереу хабарлау қажет)

-Өрт сөндірудің алғашқы құралдарына нелер жатады?

(2 көпіршікті өртсөндіргіштер, 2 шелек, күрек пен балта, багор, лом. Қалқан жанында құм салынған жәшік болуы керек. )

-Өрт болып жатқан үйдегі немесе пәтердегі терезені сындыруға бола ма?

( Болмайды. Себебі, сынған терезе арқылы үйге ауа келеді де, ол өрттің иодан әрі күшеюіне әкеледі) .

Алау тобына:

-Егер үйде газ ашық қалып, үйге таралған жағдайда электр жарығын қосу керек пе?

( электр қосқышты, разетканы пайдаланған кезде жалын шарпуы мүмкін, осының нәтижесінде газдың жарылысы болады) .

-Өрт сөндірушінің қызмет киімі қандай қызмет атқарады?

( өрт сөндірушіні судан, жоғарғы температурадан, өрт сөндіру кезіндегі түрлі травмалық жарақаттардан қорғайды) .

-Пешке от жағу кезінде қандай өрт сөндіру ережелерін сақтау қажет?

(отынды бензинмен, керосинмен жағуға болмайды. Пешке жанармай материалдарын салуға және балалардың отты тұтатуына болмайды. . )

-Төгілген бензинді қалай сөндіруге болады?

( құм төгіп тастау қажет немесе қалың матамен жауып өшіру керек) .

3. «Тез әрі епті » ойыны.

Шарты: кедергілер арқылы жүгіріп өтіп, болып жатқан өртті өшіру керек. Жүгіріп келіп, келесі ойыншыға эстафетаны жалғастырады.

АЛҒАШ БОЛҒАН ТОП ЖЕҢІМПАЗ АТАНАДЫ.

4. ОТ ПЕН СУ ТІЛСІЗ ЖАУ -СУРЕТШІЛЕР БАЙҚАУЫ.

Әр топтан 1-1 суретші шығып, сурет салады. Жұмыстарын таныстырып, қорғайды.

Топтың басқа мүшелеріне жұмбақ қойылады.

Жалын тобына:

-Жаурағанды күлдірер,

Өз еркіне жіберсең,

Дүниені бүлдірер. (от)

-Бір үйде тұрады екен 50 батыр, Үй сыртына сүйкенсе-ақ, өліп жатыр. (сіріңке)

-Көрмедім ешкім үйінде,

Қолданбас бұл бұйымды

Жазып қыртыс-қыртысын

Қонымды етер киімді. ( үтік)

-Жалт-жалт етер,

Жалмап кетер. (от)

-Қалпағы бар, Жиегі жоқ

Аузы бар, иегі жоқ. ( шәйнек)

Алау тобына:

-Бар екен бір жалмауыз жалғанда артық

Жүреді, жүрген шақта өзі шалқып

Темір мен топырақ, тас суды жемес.

Басқаны жеп қояды қойсаң артып. (от)

-Кішкентай ғана мүсәтір,

Ол мүсәтір жоқ болса

Елдің бәрін мүсәпір. (сіріңке)

-Тұмсығы мықты,

Қыр мен ойды тегістеп шықты. (үтік)

-Желден желігеді,

Судан шегінеді. (от)

-Түймесін басқан,

Сәулесін шашқан. (электр шамы)

5. «Ептілер» ойыны.

-Ойын шарты: Ойынға қатысушы арқасында өрт сөндірудің алғашқы құралдары жапсырылады. Ойыншы артына қарамай тез табу керек.

Шарты: Ойынға қатысушының арқасына өрт сөндірудің алғашқы құралдары жапсырылады. Ойыншы артына жапсырылған құралды дәл таба білуі қажет.

( слайд арқылы сурет көрсетіледі)

6 . «Алғашқы жәрдем» көрсету.

- сынған, қан кету, жарақат кездегі алғашқы жәрдемді айтып түсіндіру.

7. Жағдаяттар

Алау тобына:


Ұқсас жұмыстар
Мектеп ұстаздары
Сіздердің бала
Өрт кезіндегі қауіпсіздік
Кел, Жаңа жыл ортаға
Миф әлемінде 5 кластар үшін
Үйге тапсырма
Ақпарат қасиеттері
Химия пәні бойынша ұбт-ге дайындау
Жылдамдық. уақыт. қашықтық
Алдымда толған мақсат, толған таңдау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz