Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Су қоймасы өсімдіктері мен жануарлары жайлы ақпарат


Ж. Молдағалиев атындағы № 2 ОЖББМ

Тақырыбы:

«Су қоймасы өсімдіктері мен жануарлары».

Дайындаған: Бисақаева Райса
Тілегенқызы
.

Орал – 2011
Сабақтың тақырыбы:
«Су қоймасы өсімдіктері мен жануарлары»
Сабақтың мақсаты.
1.Білімділік мақсаты: «Су қоймасы» деген ұғымның мағынасын түсіндіру арқылы
еліміздегі көлдер, өзендер, тоғандар туралы білімді еске түсіру. Су
ішіндегі тіршілік жағдайлары, өсімдіктері, жануарларының алуан түрлілігі
туралы білімдерін кеңейту;
2.Дамытушылық мақсаты:
Оқушының сөздік қорын молайту, оқушының ой-өрісін, дүниетанымын кеңейту,
тіл байлығын молайтып, ойлау, көру, қабылдау қабілеттерін дамыту.
3.Тәрбиелік мақсаты:
Бойларына жақсы қасиеттерді жинай білуге, жақсы мен жаман әдет қылықтарды
ажырата білуге, жауапкершілік сезімі бар жеке тұлғаны тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: әңгімелеу, сұрақ-жауап, шығармашылық жұмыстар, түсіндіру,
өзбетімен жұмыс, оқулықпен жұмыс, көрнекілікпен жұмыс, ойын әдісі.
Сабақтың көрнекілігі: тест тапсырмасы, семантикалық карта, интерактивті
тақта, оқулық.

Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
«Қазақстанның өсімдіктері мен жануарлары» тарауы бойынша 10 сұрақтан
тұратын тест тапсырмасын орындату. Тест тапсырмаларын дайын үлгіде
оқушыларға беру.
І слайд
Өзіңді тексер.
І нұсқа
1. Суға тапшы аймақ.
а) дала в) шабындық с) шөл
2. Ормансыз тегіс алқап.
а) дала в) шөл с) құм
3. Шалғын қандай жерлерде өседі?
а) тау етегінде в) өзен аңғарларында с) жазық жерде
4. Пішен дайындалатын жер қалай аталады?
а) шөл в) дала с) шабындық
Орман құсы.
а) шымшық в) бұлдырық с) бөдене
6. Алматы облысы Шелек өзені бойын мекендейтін жануар
а) елік в) доңыз с) бартоғай бұғысы
7. Суыр төмешігінің аумағын көрсет.
а) көлденеңі 1-5м, биіктігі 1м. в) көлденеңі 5-10м, биіктігі 1,5м.
с) көлденеңі 10-15м, биіктігі 1м.
8. Мақта өсірілетін аймақ.
а) Солтүстік Қазақстан в) Оңтүстік Қазақстан с) Шығыс
Қазақстан
9. Даланың неше түрі бар.
а) 3 в) 2 с) 4
10. Шөлді жерді мекендейтін жануар
а) қасқыр в) арқар с) кесіртке
ІІ нұсқа
1. Дала өсімдігін ата.
а) селеу в) жусан с) қарағай
2. Улы өсімдікті белгіле.
а) боз в) бетеге с) сарғалдақ
3. Қайсысы артық?
а) шалғынды, орманды в) дала, шөл с) қала, ауыл
4. Күріш қай облыста өсіріледі?
а) Батыс қазақстан облысы в) Қызылорда облысы с) Талдықорған облысы
5. Шалғын жануары.
а) бөдене в) жапалақ с) шымшық
6. Даланың неше түрі бар?
а) 4 в) 2 с) 3
7. Жылқы сүті қалай аталады?
а) қымыз в) шұбат с) көже
8. Күн сәулесі көп түспейтін орманды тап
а) кайыңды орман в) көктеректі орман с) шыршалы орман
9. Топырағы ылғалды әрі құнарлы өлке.
а) Солтүстік в) Оңтүстік с) Батыс
10. Шөл жануары
а) қосаяқ в) бартоғай бұғысы с) жаман сары

(тест жауабы)
І нұсқа 1с. 2а. 3в. 4с. 5а. 6с. 7с. 8в. 9а. 10с.
ІІ нұсқа 1в. 2с. 3с. 4в. 5а. 6с. 7а. 8с. 9а. 10а.

ІІІ Жаңа сабақ.
1. Қызығушылықты ояту. Жұмбақ
Аяғы жоқ, қолы жоқ,
Бірақ тыныш тұрмайды.
Сақтамасаң қорын тек.
Барша тірлік құрайды.

(Су)
Оқушыларға судың дыбысын тыңдату.
ІІ слайд
Су қоймасы өсімдіктері жануарлары
Қазақстанда үлкенді – кішілі өзен, көлдер көп. Олардың бірнешеуін атап
көрсету. Біз тұрған қала қай өзеннің жағасында орналасқан?
Жайық өзенінің оң жақ бойында орналасқан.

ІІІ слайд
Су өсімдіктері туралы қосымша ақпарат беру.
«Су өсімдіктері»
[pic]

Сарыкөл көлінің қамысты жағалауы.
Біздің өлкеміздегі Жәнібек ауданы маңындағы ұсақ тұзды және кермектеу
келген көлдер бар.
[pic]

Қамыс – Самар көлі
Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы су айдындары. Бұл жерде қамыс
құрақ су өсімдігі кең тараған. Шілдеден қыркүйекке дейін гүлдеп
жемістенеді. Құрақты сиыр, жылқы жейді. Құрақтан себет тоқылады, құрылыста
қолданылады. Химиялық өңдеу жолымен сірке қышқылы қағаз алынады.
[pic]Ақ тұңғиықтар. [pic] Олардың көптеген керемет қасиеттері бар.
Гүлдері жаңбыр алдында жабылып, Саяхатшыларға белгі береді.Жас 2-3 күндік
гүлдер жабылып, суға батады. Күнде таңертең су бетіне шығып, тез ашылады.
Гүлдеп болғаннан кейін күлтелері түспейді, олар жас жемісін зақымданудан
қорғайды.

Балықот

Балдырлар
[pic] [pic] [pic]
«Су жануарлары»
Берілген слайдтағы суреттерге оқулық бойынша мұғалімнің түсіндірмесі.

Инелік [pic] [pic]Сүңгуір қоңыз
Тоспа ұлу [pic]
Мөңке [pic] Құндыз [pic] Кәмшат [pic]
«Су құстары» [pic]
Оқушылардан жаңа тақырып бойынша су өсімдіктері мен
жануарлары туралы түсінгендерін сұрау.
Ой толғаныс.
Семантикалық картамен жұмыс
|№ |Атаулары. |Су өсімдігі. |Дала жануары. |Шөл жануары. |Орман құсы. |
|1 |Түлкі | | | | |
|2 |Балдыр | | | | |
|3 |Қосаяқ | | | | |
|4 |Жапалақ | | | | |
|5 |Шымшық | | | | |

[pic]

Не білдік? Теріп жаз аю, түлкі, тұңғиық, алабұға, қасқыр, тиін, кәмшат,
сарғалдақ, көртышқан, балдырлар, тоспа ұлу, ақбөкен, қарақұйрық, құндыз,
жусан.
Сұрақтар ордасы.

1. Су қоймасының қандай түрлері бар?
2. Құндыз қай өзенде кездеседі?
3. Инелік қандай жәндік оның дәрнәсілі қайда тіршілік етеді?
4. Тұңғиықтардың тамыры қайда бекиді?
5. Су өсімдігінің құрлық өсімдігінен ерекшелігі
6. Сүңгуір қоңыз қандай жәндік?
7. Өз жеріміздегі су қоймаларында кездесетін өсімдіктер мен жануарларды
атап айт.
ІV.Үйге тапсырма: Су қоймасы өсімдіктері мен жануарлары тақырыбын түсініп
оқып келу. Өз жерімізде кездесетін өсімдік, жануарлар туралы мағлұмат
жинау.
V. Қорытынды.
- Бүгінгі сабақта қандай тақырыппен таныстық?
- Нені білдік?
- Нені үйрендік? ( оқушылардың ойларын тыңдау) Сабақты қорытындылау.
Оқушыларды мадақтау. Бағалау.
-----------------------
“Жұбын тап” ойыны

Алабұға
тоспа ұлу
құндыз
сүңгуір
қоңыз
тұңғиық


Ұқсас жұмыстар
Су қоймасы өсімдіктері мен жануарлары
Таулы жер өсімдіктері мен жануарлары.
Таулы жер өсімдіктері мен жануарлары.қорғау.(қысқа мерзімді жоспар).4 сынып
Жас қорық
Сабаққа назарларын аудару
Инелік - қомағай әрі пайдалы жәндік
Сауда қалалары
Пайдалы қазбалардың қасиеттерін анықтау
"Баяндауыш." 3 сынып
Топқа бөлу
Пәндер