Сабақ жоспары :: Мектеп алды білім беру, бастауыш сыныптар

Файл қосу

Табиғат-ана


[pic]

ШУИНШАЛИЕВА АҚТОТЫ ЖАҚЫПБЕКҚЫЗЫ
Қазалы қаласындағы № 1 «Ақерке» балабақшасының әдіскері

Білім беру саласы: Таным, Денсаулық
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Өзін-өзі тану
Тақырыбы: Табиғат-Ана
Мақсаты: «Табиғат» құндылығының маңыздылығы туралы түсінік беру. Табиғат
пен адамның үйлесімділігі туралы түсіндіру. Табиғат байлықтарын бағалауға,
қадірлей білуге, табиғатқа қамқорлықпен қарай білуге тәрбиелеу. Салауаты
өмір салтына тәрбиелеу. Табиғат әсемдігін қабылдай білу дағдыларын
қалыптастыру.
Методикалық әдіс-тәсілдері: сұхбат, әңгіме, ойын
Көрнекілігі: хрестоматия, теледидар, ДВД, табиғаттан бейне көрініс немесе
табиғат туралы бейне көріністер, гүлдер, балалардың санына қарай қалам
салғыштар және түрлі – түсті қаламдар, дәптер, Білгішбек, Көгершіндер.
Алдын – ала жүргізілетін жұмыс: Табиғатқа саяхат.

|Әрекет кезеңі |Тәрбиешінің іс-әрекеті |Балалардың іс-әрекеті |
|Мотивациялық |Шаттық шеңбері | |
|қозғаушы |Балалар мен сендерді көргеніме өте | |
| |қуаныштымын. Балалар біздің топқа | |
| |көптеген қонақтар келді.Бүгінгі күн | |
| |ерекше әрі тамаша. | |
| |(Көгершіндер сұлбасына жапсырылған | |
| |бірнеше хаттар жоғарыда ілінеді) |Құстар, көгершіндер |
| |Балалар не байқап тұрсыңдар?Топта бір| |
| |ерекшелік бар сияқты.Мен осы | |
| |құстардың тұмсығынан керемет | |
| |гүлдерді, жүректерді байқап тұрмын. | |
| |Рұқсат етсеңдер сол жүректерді алып | |
| |көрейікші. | |
| |1-хат | |
| |Қамқоры болам баланың | |
| |Дер кезінде бақшаға барамын |Балабақша меңгерушісі:|
| |Мектепке баруға дайынба? |Лаура Қуанышқызы |
| |Бақылап әрдайым сұраймын. | |
| |Мұны бізге кім жазды екен? | |
| |Тәрбиелеп бүлдіршінді | |
| |Бақылаймын күнде-күнде | |
| |Ойын-сауық мерекелер |Балабақша әдіскері |
| |Көтерсін деп көңілді |Ақтоты Жақыпбекқызы |
| |Мұны бізге кім жазды екен? | |
| |Баланы сүйемін мен деймін | |
| |Оларды үнемі емдеймін | |
| |Ауырмау үшін қашан да, |Балабақша мейіркеші: |
| |Шынығу керек азанда. |Сәуле Төреханқызы |
| |Мұны кім жазды екен? | |
| |Күнде тұрып ертемен | |
| |Балаларға тамақ пісірем | |
| |Қайнап жатқан тамаққа |Аспазшы Көркем |
| |Тезірек, тамақ піс!-деймін |Жұмажанқызы |
| |Балақай, тез өс деймін. | |
| |Мұны кім жазды екен? |Тәрбиеші |
| |Білім беріп ойнатады, |Мира Закарияқызы |
| |Тентек болсақ ұялтады. | |
| | |Толғанай Маратқызы |
| |Көңілді билеп, ән саламыз, | |
| |Балаларды қарсы аламыз | |
| |Ықыласпен қуанып, | |
| |Ыдыстарды жуамын. |Кенжегүл Әбілбайқызы |
| |Өйткені нағыз тазалық | |
| |Денсаулық үшін жан азық. | |
| |Өзіңді жақсы көретін, қамқор болатын | |
| |адамдардың бар екенін білу, үнемі | |
| |жақсы сөздер айтып, естіп жүру қандай| |
| |жақсы. |Рахмет жазған |
| |Ендеше бәріміз қол ұстасып, бізге |хатыңызға |
| |осындай махаббатқа толы хат жолдаған |Жылы махаббатыңызға |
| |адамдарға ризашылығымызды білдірейік.|Бақшамызға асығамыз. |
| | |Достарменен қауышуға. |
| | | |
|Іздену |Армандайық |Күз мезгілі. Қазан |
|ұйымдастырушы |Балалар қазір мен сіздерге керемет |айы. |
| |бір бейне көрсетемін. Қане бәріміз | |
| |экранға назар аударайық. | |
| |Үзінді көрініс | |
| |Балалар біз не көрдік? | |
| |Ал енді сендер қай жерде болғыларың |Табиғат бейнелерін. |
| |келетіні туралы армандайық. | |
| |Маған кім айтып береді кім қандай | |
| |жерді армандады? |Балалар жауаптары |
| |Әңгімелеу | |
| |«Табиғат-Ана» ертігісін оқу. | |
| |Әңгімелесу | |
| |Табиғат ананың ұлдары қандай игілікті| |
| |істер жасады. | |
| |Табиғат – Ананың сұлулығын сақтау | |
| |үшін адамдар не істеуі керек? |Балалар жауаптары |
| |Балалар! Табиғатпен Адам бір-бірімен |тыңдалады. |
| |байланыста екен. Адамның табиғатсыз | |
| |тіршілігі жоқ. | |
| |Бізді қоршағанның бәрі – табиғат, ол | |
| |жазира дала, биік таулар, көгілдір | |
| |көлдер, мөлдір өзендер мен бұлақтар. | |
| |Неліктен табиғатты анаға теңеп | |
| |«Табиғат Ана» деп атайды? | |
| | |Ауаны жұтамыз |
| | |Күн жылулығын, жарығын|
| | |береді |
| | |Жер-Ана біздіазықпен |
| | |қамтамасыз етеді. |
| |Балалар бір керемет қонақпен |Сусыз тіршілік жоқ. |
| |кездескілерің келеме? | |
| |Онда 10-ға дейін санайық. |Кездесеміз. |
| |Білгішбек келеді. |12345678910 |
| |Сәлеметсіңдер ме балалар |Саламатсызба Білгішбек|
| |Кане маған қараңдар |ағай |
| |Достарыңмын Білгішбек | |
| |Немен келдім, не айтпақпын кім | |
| |шешпек. | |
| |Сендерге ненің керегін | |
| |Бәрін де айтып беремін | |
| |Ауа керек сендерге күнімен | |
| |Өсуге күннің нұрымен | |
| |Күш жинау үшін құрыштай | |
| |Қанша су ішкен дұрысты, | |
| |Түсіну үшін барлығын, | |
| |Ізденіп өтсін әр күнің | |
| |Балалар бізге ауаның не үшін қажет | |
| |екенін білгілерің келеме? |Білгіміз келеді. |
| |Олай болса тәжірибе жасап көрейік. | |
| |Терең дем алып, аузымыз бен | |
| |мұрнымызды қолымызбен жауып, демді | |
| |іште сақтайық. Қиналып кеткенде | |
| |демдеріңді шығарыңдар, дем ала |Ауасыз дем алу қиын |
| |бастаңдар. |Жоқ |
| |Ауасыз қандай қиын екенін сездіңдер | |
| |ме? |Әрине апай |
| |Біз ауасыз өмір сүре аламызба? | |
| |Қане Білгішбек біздің балаларымызбен | |
| |ойын ойнағың келеме? | |
| |Тренинг ойын – «Табиғатпен сырласу». | |
| |Авторы Г.Таласбаева. | |
| |Отырған сыйқырлы орындығымыз арқылы | |
| |табиғатқа саяхатқа барамыз. Көз | |
| |алдарыңа туған жерімізді, оның әсем | |
| |табиғатын елестетіңдер.Сулар | |
| |мөп-мөлдір ағып жатыр, гүлдер жайнап | |
| |өсіп тұр. Табиғатты тамашалап келе |Балалар қимылмен |
| |жатсақ алдымыздан таза мөп – мөлдір |көрсетеді. |
| |Бұлақ кездеседі. Сол бұлақтан су | |
| |ішеміз. Ол үшін: | |
| |1. Алға иілу 2. Аламыз. 3. Ішеміз 4. | |
| |Рахат-ай | |
| |Алма ағашы кездеседі. Сол ағаштан | |
| |алманы алып жейміз. | |
| |1.Оң аяқ алға, сол аяқ өкшесі | |
| |көтеріледі. 2. Алу 3. Қырт етіп | |
| |тістеу 4. Тәттісін-ай | |
| |Раушан гүліне кездесеміз. | |
| |1.Алға иілу. 2. Аламыз 3. Иіскейміз. | |
| |4. Қажет емес ауаны сыртқа | |
| |шығарасыз. | |
| |Балалар: |Білгішбекпен қоштасу |
| |Бұлақ-денсаулық, | |
| |Алма-рухани байлық |Суретті бояп, |
| |Гүл – бақыт құсын сыйлайды. |әңгімелеп береді. |
| |Білгішбек: Ой балалар мен қайтайын. | |
| |Сендер өте ақылды екенсіңдер. | |
| |Табиғатты аялаңдар. Менің кітап | |
| |оқитын уақытып таяп қалды. Сау | |
| |болыңдар. | |
| |Дәптермен жұмыс. | |
| |Суретті әдемілеп бояп, әңгімелеп | |
| |беріңдер. | |
| |Ғажайып сөздер. | |
| |Балалар бүгінгі біздің үйренетін | |
| |ғажайып сөздеріміз: Күн, су, ауа – | |
| |табиғаттың бізге берген сыйы. | |
|Рефлексивтік |Қорытындылау. | |
|коррекциялау |Балалар біз бүгін табиғаттың не | |
| |екенін білдік. Оны аялаудың, | |
| |қадірлеудің қамқорлыққа алудың | |
| |қажеттігін түсіндік. «Табиғат - Ана» | |
| |деп халқымыз бекер айтпаған. Сол | |
| |себептітабиғатты, қоршаған ортаны | |
| |қорғап, қамқорлық көрсетіп, аяласақ, | |
| |ол біздің Отанды, елімізді, туған | |
| |жерімізді қорғағанымыз екен. | |
| |Жүректен-жүрекке |Күн, сәуле шашқаның |
| |Қанеки, енді табиғатқа ризашылығымзды|үшін рахмет! |
| |сөзбен жеткізейік. Шеңберге тұрып, |Аспан Таза ауаң үшін |
| |рахметтерін айтады. |рахмет! |
| | |Бұлт, жаңбыр сепкенің |
| | |үшін рахмет! |
| | |Ағаш, көлеңкең үшіе |
| | |рахмет! |
| | |Табиғат сұлулығың үшін|
| | |рахмет! |
| | | |
| |Ал енді балалар табиғат-Ана |Ризамын бүгінге, |
| |рахметімізді білдіріп, ән салайық. |Ризамын бүгінге, |
| | |Ризамын бүгінге, |
| | |Ризамын қазірге, |
| | |Ризамын бүгінге, |
| | |Ризамын бүгінге, |
| | |Ризамын бүгінге, |
| | |Ризамын қазірге. |

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: Табиғат құндылығының маңыздылығы.

Қандай түсініктерді игерді: Жер, су, ауа, Табиғат-Ана.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Табиғатты аяулау, қадірлеу,табиғат
пен адамның үйлесімділігі.

Ұқсас жұмыстар
Табиғатты аялайық. Табиғат пен адам арасындағы байланыс табиғатты қорғаудың маңыздылығы туралы
Сен гүлсің
Табиғатты қорғайық
Табиғат - адам өмірінің негізі
Табиғат саз әлмінде
Табиғатым - тал бесігім
Соңғы бөліміміз Табиғат - алтын бесігім
«Аққулар ұйықтағанда» М.Мақатаев
Тіршіліктің тірегі сен –Жер Ана
Ана тобына
Пәндер