Қосарлама қос сөздер

Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы Қаратөбе селосы Мұхит атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ақболатова Тойжан Болатқызы

Қазақ тілі 6-класс

Сабақтың тақырыбы : Қосарлама қос сөздер

Мақсаты : Қайталама қос сөздерді қайталата отырып, қосарлама қос сөздерді меңгерту, сауатты жазуға, сөйлемді дұрыс құрай білуге, қосарлама қос сөздерді пайдалана отырып, дыбыстық талдау жүргізу .

Сабақтың түрі : Жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың әдісі : СТО жобасы бойынша

Пәнаралық байланыс : Әдебиет, математика

Көрнекілігі : Интерактивті тақтадан көрсетілетін слайдты түсіндірме жұмыстармен тапсырмалар .

Күтілетін нәтиже :

  • Оқушы қосарлама қос сөздерді меңгереді;
  • Мысал келтіріп, оның жасалуын ажырата алады;
  • Қосарлама қос сөздерді пайдалан отырып, фонетикалық талдау жүргізеді ;

Сабақтың барысы

1 Психологиялық дайындық :

Оқушының зейінін аудару, түгендеу.

Оқушыларға өздерінің аты-жөні жазылған бағалау парағын таратып, толтырылу ережесімен түсіндіру / Әр жауаптары сайын тапсырмның түріне қарай бөлінген графаға бір балдан қосып отырады .

2 Қызығушылықты ояту : «Кубизм» стратегиясы бойынша / Экранда кубиктің қырына сай сұрақтары шығып отырады. /

1- қырының тапсырмасы : Сөз құрамына қарай нешеге бөлінеді?

2- қырының тапсырмасы : Күрделі сөздердің түрлерін ата

3-қырының тапсырмасы : Қос сөз дегеніміз не?

4-қырының сұрағы: Қос сөздер нешеге бөлінеді, оларды ата ?

5- қырының сұрағы : Қайталама қос сөз дегеніміз не ?

6- қырының сұрағы : Қайталама қос сөздер қалай жасалады ?

3 Мағынаны тану

- Экранда жазулы тұрған өлеңді бір оқушыға оқыту

Арасында құлын-тай

Айнала шауып бұлтылдап

Жоғары-төмен үйрек-қаз

Ұшып тұрса сымпылдап,

Қыз-келіншек үй тігер

Бұрала басып былқылдап

Абай .

  • Кімнің өлеңі ?
  • Осы өлеңде кездесіп тұрған қос сөздерді атайық

Құлын-тай, жоғары-төмен, үйрек-қаз, қыз-келіншек

/ Осы жерде қайталама қос сөздер мен қосарлама қос сөзді салыстырмалы түрде жазып ережесін шығару/

Құлын-тай көре-көре

Жоғары-төмен жарқ- жұрқ

Үйрек-қаз Үйді-үйге

Қыз-келіншек өз-өзіне

  • Бұл сөздер қалай жасалып тұр ?
  • Неше түбірден қосарланған ?

** Екі түбірдің қосарлануы арқылы жасалған қос сөздерді -қосарлама қос сөздер дейміз. / Экраннан көрсету /

  • Енді қосарлама қос сөздер қалай жасалады ? Оны білу үшін мына экранға көңіл аударамыз

Елу түйесі, екі жүздей қой -ешкілері тағы бар .

  • Бұл сөйлемдегі қосарлама қос сөздерді көрсет ? / Екі түбірі де бір-біріне мағыналас сөз.
  • Олай болса, қосарлама қос сөздер, мағыналары бір- біріне жақын/ синоним/ сөздер я қарама-қарсы / антоним /сөздер қосарланады . Мысалы : қысы-жазы, жата-жастана, аға-іні, ауыл-аймақ, ағайын- туыс.

Ол үйдің бала-шағасына дейін тыным таппайды.

  • Бір мағыналары мағыналы, екінші сыңары мағынасыз сөздер қосарланады.

Мысалы: көйлек-көншек, жүн-жұрқа, қыз-қырғын т/б

Шаға, жұрқа, көншек, қырғын сияқты сөздерді көне немесе басқа тілден енген сөздер деп атайды . Себебі бұл сөздер ерте кезде белгілі бір мағынаға ие болып қазіргі кезде ұмытылып кеткен. Мысалы: «Шаға » сөзі «Кішкентай, қызыл шақа» деген мағынаны берген т/б түсінік беріп кету.

Сандалып келе жатты ақсақ киік

Бір тоқтап, анда-манда есін жиып

Ақ бөкен сахараның ботагөзі

Атты екен қандай мерген көзін қиып .

Сәкен Сейфуллин .

  • Екі сыңарыда мағынасыз сөздер қосарланады . Мысалы : анда-санда, оқта-текте, ығы-жығы, некен-саяқ т/б.

Мұғалімдерге оқу -әдістемелік құралдар жіберілді.

  • Кейіңгі кезде қалыптаса бастаған қосарлама қос сөздердің тобы . Олардың сыңарлары әртүрлі тұлғада кейде бір тұлғада келеді . Мысалы : Оқу-әдістемелік, мәдени-ағарту, қазақша-орысша үгіт-насихат т/б .

Оқулықпен жұмыс / ауызша/

№ 93 / Тізбектей отырып, оқушылар ауызша қосарлама қос сөздердің жасалуын талдайды .

№ 95 / Тақтамен жұмыс /

Сөз тіркесін жасайды .

  • Ойын-тойдың сәні, көші-қон қамы т/б .

«Жалғасын тап» ойыны

Дос- . . . Егжей - . . . - Жарақ

Сәлем - . . . - Насихат . . . - Сарсаң

. . . - келбет Қант- . . . Ығы- . . .

Математикалық талдау

3 топқа тапсырма

1-топ : Дос-жаран сөзіне фонетикалық талдау жүргізу

2- топ: Кескін-келбет сөзіне

3- топ : Ығы-жығы сөзіне талдау

Ой толғаныс :

  1. топ : Қосарлама қос сөздерінің анықтамасын айту, мысал келтіру.
  2. Топ : Қосарлама қос сөздердің жасалу түрін айт
  3. Топ : Қосарлама қос сөздердің жасалуына сай мысал келтіру
  4. Үйгетапсырма : №100, ережелерді ереже дәптерге түсіру

Бағалау парағы бойынша топ жетекшілері өз мүшелерінің жинаған балының қорытындысы бойынша журналға түсіру.


Ұқсас жұмыстар
"Күрделі сөздер."
Қос сөздер
Қос сөздер жайлы ақпарат
Қосарлама қос сөздер. 6-сынып
Сөзжасам тарауы
Күшейткіш буын арқылы жасалатын қос сөздер. 4-сынып
Қос сөздер, қайталама қос сөздер жайлы ақпарат
Орта мерзімді, 6-сынып 1-тоқсан
Қос сөздер жайлы
Қайталама қос сөздер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz