Ұлыбритания (1945-2006 жж)

Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы,
№43 жалпы орта білім беретін мектеп
Қаресова Гүлмира Қанатқалиқызы - тарих пәні мұғалімі
§22. Ұлыбритания (1945-2006 жж)
Тақырыпты оқытудағы мақсат:
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Ұлыбританияның саяси жағдайына талдау жасай келіп, екі саяси консерваторлар мен лейбористер партиясы арасындағы ұзақ жылдардағы билік тартысына және іс- қимылдарына сипаттама беру.
Білімділік міндеті:
Бұл партиялардың басқару кезеңіндегі елдің саяси, әлеуметтік, экономикалық салаларда болған өзгерістерді ашып көрсету.
Дамытушылық міндеті:
Оқушыларды саяси партияларды салыстыру барысында өздігінен пікір таластыруға, мәселені шиеленістіре отырып, оны шешуге мүмкіндік жасау.
Тәрбиелік мақсаты:
Оқушыларды елдің даму ерекшіліктерін салыстыра отырып, тарихи алғышарттарға сын көзбен қарау.
Көрнекі құралдар :Дүниежүзінің саяси картасы, портреттер, тірек схемалар, белсенді тақта, слайдтар, тестілеу құрылғысы.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: тірек схемалармен жұмыс, іздену, картамен жұмыстандыру, белсенді тақтамен
тапсырмалар орындау, қосымша мәліметтермен жұмыстану, пікірлесу.
Сабақтың барысы :
Ұйымдастыру кезеңі:
Сабақтың құрылымы:
І. Үй тапсырмасын тексеру
ІІ. Жаңа сабақтың жоспарын құру
ІІІ. Жаңа сабақты меңгеру
1. Ел туралы жалпы мәлімет
2. Жаңа сабақ бойынша жетекші ұғымдар мен түсініктер
3. Жаңа сабақты тірек схемалар арқылы талдау.
4. Консерваторлар мен лейбористер партиясының қызыметіне талдау жасау
5. . Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы байланыс
6. . Пікір түзу. Дискуссиялық өрнек толтыру
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту. Тест орындау.
Ү. Сабақты қорытындылау.
ҮІ. Бағалау
ҮІІ. Үйге тапсырма беру.
І. Үй тапсырмасын тексеру әдісі: сұрақтарға жауап алу арқылы тексеру және картамен жұмыстану.
Белсенді тақтамен жұмыс жүргізу.
1. Екінші дүниежүзілік соғыстың шығу себептері, сипаты.
2. Қатысқан елдердің мақсаттары қандай?
3. Германияның Польшаға, Францияға, Англияға қарсы соғыс әрекеттері ?
4. 1941-1945жж Кеңес Одағындағы Ұлы Отан соғысы?
5. Тынық мұхит соғысы ?
6. Екінші дүниежүзілік соғыстың қорытындысы?
Оқушыларды үй тапсырмасы бойынша бағалау.
ІІ. Жаңа сабақтың жоспарын құру:
- Екінші дүниежүзілік соғыстың зардабы.
- Лейбористер партия сы үкімет басында
- Консерваторлар партиясы үкімет басында
- Екі саяси партияның саяси қызметіне талдау жасау.
ІІІ. Жаңа сабақты меңгеру кезеңі:
3. 1. Ел туралы жалпы мәлімет:
1. географиялық орны: Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландияның Біріккен Корольдігі еуропаның солтүстік батысындағы британ аралдарында орналасқан. Елді осындағы ең үлкен аралдың аты бойынша Ұлыбритания немесе басты тарихи бөлігінің атауымен Англия деп атайды.
2. Астанасы - Лондон.
3. Мемлекеттік құрылымы - конституциялық монархия
4. Мемлекет басшысы-королева
5. Үкімет басшысы- премьер-министр
6. Заң шығарушы орган-парламент
7. Басты партиялар - консерваторлар, лейбористер.
8. Мемлекеттік тілі - ағылшын тілі
9. Ұлттық валютасы -фунт стерлинг
10. Халықаралық ұйымдарға қатысы- Британия ынтымақтастығы, Солтүстік Атлант блогы, Оңтүстік Шығыс Азия елдері,
3. 2. Жаңа тақырып бойынша жетекші ұғымдар мен түсініктер:
Империализм- (лат- билік, басқару) басқыншылық саясатты, бөтен аумақты басып алу, өзге жерді билеудің үстемдігін білдіреді. «империализм» термині «отаршылдық» терминінің синонимі.
Британия ынтымақтастығы - бұрынғы Британ империясының құрамындағы елдердің саяси және экономикалық бірлестігі. ( Канада, Австралия Одағы, Жаңа Зеландия, Үндістан, Бангладеш, Шри-ланка, Гана, Малайзия, Сингапур, Кипр, Нигерия)
Консерватор партиясы- 19ғ ортасында тори партиясы негізінде құрылды
Лейбористер партиясы- 1924ж лейбористер үкіметін Р. Макдональд құрды
Доминион- 19ғ ІІ жартысында -20 ғ басында еуропалықтар отарларды осылай атаған. Доминиондар өзін-өзі басқаруға құқық алды. (Канада, Австралия, Оңтүстік Африка Одағы)
Маршалл жоспары - 1948ж АҚШ -та әзірленген. Жоспар бойынша соғыс жылдары зардап шеккен Еуропа елдеріне экономикалық көмек көрсетуді қарастырды.
Лендлиз- 1941 ж 1 қазанда АҚШ, Англия, КСРО елдері арасында болған келісім. Келісім бойынша қару-жарақ, оқ-дәрі, шикізат. Азық-түлік пайдалануға қарызға берілді.
Солтүстік Атлантикалық Шарты (НАТО) -әскери-саяси одақ, 1949ж 4 сәуірде құрылды. (АҚШ, Франция, англия, канада, Италия, Бельгия, Голландия, португалия, дания, Норвегия, Испания, Туркия, Грекия, ГФР. )
Еуропалық Одақ -1992 ж құрылды. Еуропалық елдердің экономикалық топтасуы.
3. 3. Жаңа тақырып бойынша тірек схемелармен жұмыс:
Консерваторлар мен лейбористер партиясының билікте болуы
1945-1951жж К. Эттли лейбористер
1951-1954жж У. Черчилль консерватор
1955-1957жж А. Иден консерватор
1957-1963жж Г. Макмиллан консерватор
1964-1970жж Г. Вильсон лейбористер
1970-1974жж Э. Хитт консерватор
1974-1979жж Вильсон -Каллагэн лейбористер
1979-1990жж М. Тэтчэр консерватор
1990-1997жжДж. Мейджор консерватор
1997-2006жж Э. Блэр лейбористер
Лейбористер партиясы үкімет басында
басшылар
саясаты
1945-1951жж
К. Эттли
1964-1970жж
Г. Вильсон
1974-1979жж
Вильсон-Каллаген
1997-2006жж
Э. Блэр
«Дәулетті мемлекет»
Үндістан, Бирма, Цейлон елдеріне тәуелсіздік беруге мәжбүр болды.
«Лейбористер және ғылыми революция»
«Ниет туралы Декларация»
«Баға мен Кіріс саясаты»
Әлеуметтік келісімшарт
«кәсіподақ + өкімет»
Мейджор саясатын жалғастырды.
3 бағытты қамтитын конст құқық реформа іске асырылды
Эк-қ салалар мемлекет қамқорлығына көшті, жұмысшыларға
қарсы заң жойылды, денсаулық, әлеуметтік реформалар жүргізілді.
1965ж ұлттық экономикалық жоспары қабылданды.
1967ж қара мет-я
мемлекет меншігіне берілді, әлеуметтік-экон-қ реф-р жүргізілді.
Лендлиз тоқтатылды, Канада-н қарыз алды. 1946ж маршалл жоспары қабылданып, 1950ж
бас тартты.
АҚШ саясатын қолдады.
Қырғи қабақ саясатына жол ашты. 1946ж атом бомбасын жасау туралы шешім қабылдады, 1949ж НАТО құрушылардың бірі болды.
ЕЭО-та өз рөлін көтеруге тырысты.
ОАР және Родезиямен ымыраға келу саясатын қолдады
АҚШ саясатын қолдайды,
НАТО-ның шығыс елдеріне қарай кеңею саясатын қолдайды
Қаржы дағдарысы.
Отарларынан айырылды
1965ж «Еуропалық экон қоғамдастық» тобына кіру сәтсіз аяқталды. Франция қарсы болды.
Әлеуметтік қайшылықтар пайда болды, жастар қозғалысы, ұлттық және нәсілдік мәселелердің шектен шығуы, Солтустік Ирландия котоликтер мен протестанттар арасындағы қақтығыс(1968ж)
Солтүстік
Ирландия мәселесі шиеленісті
Консерваторлар үкімет басында
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz