Бастауыш сынып әдебиеті: С. Сейфуллиннің Туған ел өлеңін оқу және талдау

Ақтөбе облысы

Шалқар ауданы

Шалқар қаласы

№5 орта мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі
Бақтыбаева Гүлшат Санақбайқызы

Әдебиеттік оқу

Сабақтың тақырыбы: С. Сейфуллин "Туған ел"

Мақсаты: Окушыларға С. Сейфуллин туралы жалпы мағлұмат беру. Өлеңдегі автордың берген ойын, идеясын ашу. Мәнерлеп, сауатты оқуларын жетілдіру. Туған елін, жерін суюге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: слайдтар, нақыл сөздер

Сабақтың типі: Жана білім енгізу

Түрі: дәстүрлі

Әдісі: көрнекілік, сұрақ - жауап, түсіндіру.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

а) Сынып оқушыларының оқу-құралдары түгелденіп, дайындықтары тексеріледі.
ә) Сабақтың тақырыбы, мақсаты хабарланады.

II. Психологиялық тренинг

  • Балалар жер бетіне жылу не арқылы таралады?
  • Күн болмаса жербетінде не болар еді? (оқушылардың жауаптары тыңдалады)

- Олай болса, Күн анаға тілек айтып көрейік.

1-слайд.

Көк аспанда күн күлсін!

Бірге күлсін бүлдіршін.

Көк аспанда Күн күлсін,

Жерге ұдайы нұр құйсын!

Күн анаға ризашылығымызды білдіре отырып, күннен алған шуақты жүрегімізбен сезініп, бір-бірімізге жылы, мейірімді тілектер айтып көрейік.

(«Жүрек» арқылы бір-біріне жақсы тілектер айтады)

-Осындай жылы тілектерді бойымызға қабылдай отырп, сабағымызды бастайық.

III. Үй тапсырмасын тексеру

Үйге берілген «Үш бақытым», «Туған тілім» өлеңдері жатқа сұралады.

Бекіту сұрақтары:

- М. Мақатаевтың өлеңі неліктен «Үш бақытым» деп аталған.

- Д. Әбілевтің өлеңі не туралы?

- Екі өлеңнің ұксастығы мен айырмашылығын Венн диаграммасы арқылы көрсету.

2-слайд

Үш бақытым

- Екі өлеңде де ақын ұлтжандылыққа, Отан сүйгіштікке шақырады. Жалпы Отан дегеніміз не?

Отан дегеніміз - туған жер. Туған жерін жырламайтын ақын-жазушы жоқ.

3-слайд:

. . . Туған жерін сүймейтін адам жоқ. Тек өз сезімін әркім әр түрлі жеткізуі мүмкін. Суретшілердің тілі - бояу, музыканттардың тілі - музыка, ол ақын, жазушылардың тілі - сөз.

- Сондай бір туған жерін тебірене жырлаған аса көрнекті ақын, жазушы, белгілі қоғам қайраткері - С. Сейфуллин.
4 - слайд.

(С. Сейфуллиннің суреті, кітаптары, өлең шумағы. )

  • С. Сейфуллин туралы толықырақ мәлімет алу үшін бізді Әйгерім ақынның өмірбаянымен шығармашылығымен өзінің дайындап келген мәнжазбасы арқылы таныстырады.
  • Бүгін осындай көрнекті ақынның "Туған ел" өлеңімен танысамыз. Өлең мәнерлеп оқылып, мазмұны түсіндіріледі.

(Туған жер, табиғат туралы сурет)

5-слайд

Оқу түрлері: жеке оқу, тізбектей оқу, абзац бойынша оқу. «Туған ел» туралы мәнжазба тыңдалады.

IV. Дәптермен жұмыс.

а) Тақырып, авторы жазылады. «Ой толғау».
ә) Туған ел туралы 2-3 сөйлеммен шағын әңгіме құрастыру.

V. Туған жер, Отан туралы мақал-мәтелдер айту.

VI. Поэзия минуты. (Өлең құрастыру)

Сарғайды . . .

Сап - сары . . .

Соңғы әнін . . .

Құс кетті . . .

VII. Туған жер, табиғат байлығын тиімді пайдалана білуге міндетті, - деген болатын Қазақстанның Республикасының ата заңында. Сондықтан табиғатты, туған жерімізді қорғау - бәріміздің борышымыз. Өйткені қазір суымыз тартылып, орманымыз кесіліп, құнарлы жерлесіміз сортаңданып қалды, жан- жануар, өсімдіктеріміз "Қызыл қітапқа" ене бастады.

"Қызыл кітап"туралы мәнжазба тыңдалады.

Ал, енді, балалар, біз әруақытта табиғаттағы әрбір тіршілік иесінің қамқоршысы бола білейік, Туған жерімізді қорғай білейік.

VIII. Бекіту.
- Қандай өлеңмен таныстық?
- Авторы кім?
- Өлеңде не туралы айтылған?

IX. Бағалау.

X. Үйге тапсырма.
Өлеңді жаттау


Ұқсас жұмыстар
Интерактивті әдебиет сабағы: Сәкен Сейфуллиннің Сыр сандық өлеңін оқу және талдау
Сәкен Сейфуллиннің Туған ел өлеңі: туған жерге сүйіспеншілік пен табиғатты қорғауға тәрбиелеу
Сәкен Сейфуллиннің Сыр сандық өлеңін талдау бойынша әдебиет сабақ жоспары
С. Сейфуллиннің Сыр сандық өлеңін талдауға арналған сабақ жоспары
Сәкен Сейфуллиннің Туған ел өлеңіне арналған ана тілі сабағы: мақсаттар мен әдістемелік жоспары
5-сыныпқа арналған кіріктірілген әдебиет сабағы: Сәкен Сейфуллиннің Ақсақ киік өлеңін талдау
С. Сейфуллиннің Көкшетау және М. Жұмабаевтың Батыр Баян поэмаларындағы Абылай, Адақ пен Баян бейнелерін салыстырмалы талдау
7-сынып Қазақ әдебиеті: Әбділда Тәжібаевтің Сырдария өлеңін талдау және сабақ жоспары
Бастауыш сыныпқа арналған сабақ жоспары: Наурыз өлеңін талдау және М. Дулатов пен С. Сейфуллин шығармаларын салыстыру
Бастауыш сынып әдебиеті: Мысық пен тышқандар ертегісін мәнерлеп оқу және мазмұнын талдау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz