Химия пәнін тиімді әдістер арқылы оқыту

Ақтөбе облысы Шалқар қаласы № 2 мектеп-гимназиясы
Химия пәні мұғалімі Мырзалы Самия Ыбырайымқызы
Баяндама
«Химия пәнін тиімді әдістер арқылы оқыту»
Оқушылардың алатын негізгі білімдерінің сапасы оқыту дәрежесіне тәуелді. Себебі, көптеген жаңа ақпараттар ағымы, жаңалықтар бала санасына әсер етпеуі мүмкін емес. Осындай қоғамға лайықты жеке тұлғаны қалыптастыру үшін сапалы білім мен саналы тәрбие қажет. Біздің Отанымыз- Қазақстан өркениетті дамыған ел қатарына қосылу үшін ұрпақ біліміне басты назар аудару, оқушы белсенділігін арттыру үшін жаңа инновациялық технологияны қолдауымыз қажет.
Соның ішінде пәнге тиімді әдісті таңдаған жөн. Осы орайда ІХ сыныпта «Азот қышқылы, нитраттар» тақырыбын оқушыларға игерту мақсатында сын тұрғысынан ойлау әдісі арқылы өткізген аралас сабағымды ұсынып отырмын.
Сабақтың мақсаты азот қышқылдарының алынуы, зертханалық, өнеркәсіптік, физикалық қасиеті, химиялық қасиеті, тұздары, қолданылуы туралы жаңа білім беру: оқушыға жаңа тақырыпқа сай материалды ойлауға мүмкіндік жасай отырып, ой-өрісін дамыту, пәнге қызығуын арттыру.
Сабақты ұйымдастыру кезеңінен соң үйге берілген тапсырмаға шолу жасадым.
1. Азоттың қандай оксидтерін білесіздер? ( N +1 2 O, N +2 O 2, N +3 2 O 3, N +4 O 2, N +5 2 O 5 , )
2. Азот(ІІ) оксидінің физикалық қасиеті қандай? (түссіз, иіссіз, оңай тотығатын газ)
3. Азот(ІV) оксиді зертханада қалай алынады? Реакция теңдеуін жазып көрсетіңіз. (Cu+4HNO 3 конц) = Cu(NO 3 ) 2 +2NO 2 + H 2 O)
4. Азот (ІV) оксидінің құрылымдық формуласы қандай? ( О=N=О)
5. Азот(ІV) оксиді сілтімен әрекеттескенде не түзеді? Реакция теңдеуін жазып көрсетіңіз ( 2NO+2NaOH NaNO 3 +NaNO 2 +H 2 O)
Жаңа сабақты түсіндіруге арналған технологиялық карта.
- зертханада
2) өнеркәсіпте
- күрделі заттармен әрекеттесуі
- қолданылуы
- физикалық қасиеті
- химиялық қасиеті
- қолданылуы
Азот қышқылының құрылымдық формуласын жазып көрсетеміз.
Индикаторларды (метилоранж, лакмусты) қызартатыны, күн сәулесі әсерінен оңай ыдырайтыны айтылып, рекация теңдеуі жазылады. Сабақ барысында реакция теңдеулерін оқушылардың өздері теңіестіреді.
4HNO 3 = 4NO 2+ O 2 +2H 2 O
Азот қышқылы суда жақсы ериді, нәтижесінде диссоциацияланады.
HNO 3 = Н + +NO3 -
Алынуы
Зертханада: 2Na NO 3 +H 2 SO 4 конц =Na 2 SO 4 +2HNO 3
Өндірісте:
NH 3 +5O=4NO +6H 2 O
2NO+O 2 =2NO 2
4NO 2 +O 2 +2H2O=4HNO 3 +Q
Химиялық қасиеттері:
2HNO 3 +CaO=Ca(NO 3 ) 2 +H 2 O
2HNO 3 +Cu(OH) 2 = Cu(NO 3 ) 2 +2H 2 O
2HNO 3 +CaCO 3 = Ca(NO3) 2+H 2 O+CO 2
Cu+ HNO 3 конц = Cu(NO 3 ) 2 +2NO 2 +2H 2 O
HNO 3сұйық +3Cu= Cu(NO 3 ) 2 +2NO+4H 2 O
4Zn+10HNO 3 сұйық =4Zn(NO 3 ) 2 =NH 4 NO 3 +3H 2 O
Концентрлі азот қышқылы темір, хром, алюминиймен әрекеттескенде олардың беті оксидтік қабыршақпен қапталады. Ол пассивтену деп аталады. Асыл металдар алтын мен платина азот қышқылымен әрекеттеспейді. HNO 3 :HCI=1:3 болса, «Патша сұйықтығы» деп аталады. Au = HNO 3 + HCI=AuCI3+NO+2H2O концентрірлі азот қышқылы бейметалдармен де әрекеттеседі
(Р, С, S)
Қолданылуы:
НNO3 бояулар
дәрілер
қопарғыш заттар
тыңайтқыштар
Азот қышқылының тұздары нитраттар деп аталады:
NANO3 ceлитралар
CA(NO3) 2
Нитраттар қатты, кристалды, суда қатты еритін тұздар.
Химиялық қасиеттері:
1) 2KNO3=2KNO2+O2
2) HgNO2=Hg+2NO2+O2
Тұздары тыңайтқыштар ретінде қолданылатындығы айтылады.
Жаңа сабақты оқушылар қалай меңгергенін білу мақсатында,
«ББҮ»кестесін қолдандым. Кестені мынадай түрде толдырады.
а) жеке; ә) екеуара; б) топпен.
Кестені толтыру барысында оқу мақсаты жүзеге асады. Әуелі «Білемін» бағанасы, одан кейін «Білгім келеді», «Үйренгім келеді» бағана толтырылады.
Оқушылардың білім деңгейінің қаншалықты сәйкес келетінін тексеру үшін «Азот қышқылы, нитраттар» мәтіні беріледі. Оқушылар мәтінді оқып, қарындашпен шартты белгілерді дәптердің шетіне қояды.
V - білемін
+ - мен үшін жаңалық
- келіспеймін
? - осы туралы білгім келеді.
Сергіту сәтінде ортаға кубик лақтырылады. Кубиктің әр қырында нөмір бар: 1, 2, 3, 4, 5, 6.
Әр оқушыға қай нөмір түссе, сол нөмірлі есепті шығарады.
Сабақты қорытындылау үшін «Блумның жүйесі» бойынша бір-біріне сұрақтар қояды. Содан кейін мұғалім сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалайды.
Жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланып химия пәнін түрлендіріп оқыту оқушының пәнге деген қызығуы мен қабілетін арттырады. Окушыларды күрделі бейорганикалық қосылыстардың бір-біріне айналу заңдылықтарымен таныстыру, заттардың химиялық қассиеттерін сипаттайтын реакцияларды жасап, оның теңдеулерін жаза білуге баулу, генетикалық қатарды құра білуге үйрету мақсатымен, 8-сыныпта төмендегідей сабақ өткіздім.
1. Күрделі заттардың негізгі кластарының химиялық қасиеттерін 4 оқушы тақтаға жазып, түсіндіреді.
1-оқушы. Оксидтердің химиялық қассиеттері:
1. CaO + HOH=Ca(OH) 2
2. CaO+SO 3 =CaSo 4 + H 2 O
3. CaO + H 2 So 4 = CaSO 4 + H 2 O
4. H 2 O +SO 3 = H 2 SO 4
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz