Кешірімділік - көңіл кеңдігі: 8-б сыныпқа арналған өзін-өзі тану пәнінің сабақ жоспары

Северный орта мектебі

АШЫҚ САБАҚ

Тақырыбы:

«Кешірімділік көңіл кеңдігі»

Өткізген: Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Идирова Н. Ж.

8 «б» класы

2010-2011 оқу жылы

Күні: 18. 11. 2010 ж

Пәні: Өзін-өзі тану.

Класы: 8 «б»

Тақырыбы: Кешірімділік - көңіл кеңдігі

Мақсаты: 1. Оқушыларға кешірімділік туралы терең білім беру, кешірімді болудың

пайдасы туралы түсіндіру.

2. Өз ойларын еркін айта білуге үйрету, сөздік қорларын дамыту, өмірге деген

көзқарасын қалыптастыру.

3. Оқушыларды кешіре білуге және кешірім сұрай білуге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілі: Түсіндіру, пікір алмасу, тренингтер.

Көрнекілігі: слайд, гүлдер, үнтаспа.

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

-Оқушылармен амандасу, оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындау.

Үй тапсырмасын тексеру:

-Сұрақ-жауап әдісін пайдалана отырып тексеріп шығу.

Жаңа сабақ:

Сабақтың мақсатымен таныстыру. Оқушыларды шаттық шеңберіне шығарып «Адам» әнін орындау.

-Балалар сендер кешірімділік, кешірімді болу деген сөздерді қалай түсінесіңдер?

-Өкпелеп, ренжігенде өздеріңді қалай сезінесіңдер?

-Сені қандай жағдайлар өкпелетіп, ренжітеді?

-Басқаларға деген өкпе-назыңа үңіліп көрдің бе? т. б.

Дәйексөзбен жұмыс: «Сүйегі жоқ балық болмайтыны сияқты, кемшілігі жоқ адам да болмайды».

-Балалар осы дәйексөзді қалай түсінесіңдер? (Балалар жауабы)

- Енді балалар дәптерлерімізге адам бойындағы қандай кемшіліктерге жол бермеуі керек деп ойлайсыңдар соны тізбектеп жазыңдар.

Жаңа ақпарат.

Адам адам болған соң қателеспей тұрмайды, қателескен жағдайда біз көбінесе кінәліні іздейміз. Өзгелерге кінә қойып өкпе-реніш танытамыз. Қателеспейтін адам болмайды сондықтан кешіре де білу керке. Ал кек сақтау адамдарға деген жек көрушілік, сенімсіздік туғызып, жағдайды ушықтырып жібереді. Өкпе, реніш адамдар арасындағы жағымды қарым-қатынасқа нұқсан келтіріп, өзара түсінбеушілік туғызады. Сол себепті өкпе, ренішке бой алдырмай, адамдарға түсіністікпен, ізгілікпен, құрметпен қарауға ұмтылу керек.
Өкпе, реніш-адамның көңіл күйіне, денсаулығына кері әсер етеді. Айналаңа ылғи өкпелеп, ренішпен қарау, риза болмау түрлі ауруларға шалдықтырады.

Жағдаятты шешу.

Нұрбол мен Арман бір үйдің балалары. Олар біраздан бері бір-біріне өкпелеп, сөйлеспейді. Үйде үнсіз ғана әрекет жасайды. Нұрбол үлкендігін ойлап, Арманды кешіре салғысы келгенімен, інісінің кішілік көрсету керектігі есіне түскенде, бұл ойынан айнып қалады. Ал Арман болса, ағасы үлкендік танытып, оны үнемі қамқорлыққа алуы тиіс деп, кішірейетін емес. Бүгін ауылдан анасы телефон шалды. Телефон тұтқасын көтерген Арман ағасына ертең анасын вокзалдан күтіп алу керектігін қалай айтарын білмей тұрып қалды.

Тапсырма: Берілген өлең жолдарын оқыңдар. Ондағы ой тұжырымдарды

Көзқарас

Себеп

Мысал

қорытындылау

әдісін пайдаланып, өз пікірлеріңді айтыңдар.

- Балалар адам өмірде кешіре білуі ғана емес кешірім сұрай білуіде керек, яғни адам өз кінәсін мойындай білуі керек.

- Қалай ойлайсыңдар кешірім сұраған оңай ма әлде кешірген оңай ма?

Ойын: Кешірім гүлін сыйлау.

  • Балалар сендер гүлдерге соңғы кезде ренжіткен адамдарыңа кешірім сөздерін жазып сыйлаңдар. (Балалар бір-бірінен және мұғалімдерден немесе ата-аналарынан кешірім сұрап кешірім гүлін сыйлайды. )

Сабақты қорыту:

Топтастыру әдісімен жаңа сабақты бекіту.

Балалар берілген сөздерді барлығы хормен айтады.

Мейірімділік

Ақылдылық

Ізгілік

Кешірімділік Рақымшылдық

Адамгершілік

Азаматтық

Ақкөңілділік

Үйге тапсырма:

Дәптерде 21-22 беттердегі тапсырмаларды орындап келу және «Достарым » әнін жаттап келу.

Жүректен жүрекке шеңберіне тұрып, оқушылар «Мен ризамын . . . » атты тренингте бір-біріне ризашылықтарын білдіреді.


Ұқсас жұмыстар
8-сынып, 10-сабақ: Кешірімділік - көңіл кендігі
5-сыныпқа арналған өзін-өзі тану сабақ жоспары: Жақсы көңіл күй - жан шуағы (сүйіспеншілік, мейірімділік, жауапкершілік, кешірімділік)
Кешірімділік - көңіл кеңдігі: ІІ тарау Қарым-қатынас жарастығы, 9-сабақ
4-сыныпқа арналған Өзін-өзі тану пәнінің сабақ жоспары: өзін-өзі таныту және адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру
Ой-өріс кеңдігі мен ақыл-парасат: Өзін-өзі тану пәні бойынша сабақ жоспары
Өзін-өзі тану пәнінің сабақ жоспары: Өзіңмен үйлесімділікте
5 сыныпқа арналған Өзін-өзі тану пәнінің сабақ жоспары: Адам еңбекпен шыңдалады
Көңіл-күй суреті жаттығуы: өзін-өзі тану және бағалау
8 «Б» сыныбына арналған ашық сабақ: Іздегенде табылатын қасыңнан (Өзін-өзі тану)
4-сыныпқа арналған Өзін-өзі тану пәнінің ашық сабағы: Адал достық
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz