Мерекелік сабақ жоспары: Алтын күз келді бақшама - күз туралы түсінік пен дағдыларды дамыту

Хайрушева Мақпал Насиевна

Батыс Қазақстан облысы

Бөкей ордасы ауданы

Саралжын ауылы

Қ. Сағырбаев атындағы ЖОББМ-балабақшасының тәрбиешісі

Тақырыбы: «Алтын күз келді бақшама» (мерекелік сабақ)

Білімділік мақсаты: Балалардың күз туралы түсініктерін қалыптастыру. Мерекелік көңіл - күй сыйлау.

Дамытушылық мақсаты: Қоршаған ортадағы табиғат өзгерістері, күздің белгілерін атау, ауа райындағы өзгерістерді байқауға талпындыру. Қойылған сұрақтарды тыңдап, дұрыс жауап беруге тәрбиелеу.

Сабақ барысы: Арайлап бүгін атты күн

Шашып бізге шапағын

Тілейміз сізге ақ таңның

Қунышын шаттығын

Қайырлы таң, қайырлы күн

Қуанатын күн бүгін

Тәрбиеші: - Балалар біздер қайда келдік?

  • Қазір жылдың қай мезгілі?
  • Күз айларын атаңдаршы?
  • Балалар сендер бәріңде әдемі болып киініп келіпсіңдер.
  • Сендер «Алтын күз» дегенді қалай түсінесіңдер.
  • Сендер саяхатқа шыққанды ұнатасыңдар ма?
  • Ендеше «Поезд» болып ойнайық .
  • Алтын күзді тамашалауға барамыз.

«Күз» әні

Жұмбақ: Бұлттар төніп

Ызғар сеуіп

Дымқыл тұман басады

Шөп сарғайып

Өңі тойып

Дала сұрғұлт тартады

Бой жаза алмай

Ойнай алмай

Денең мұздап тоңады

Бөбектерім айтыңдаршы

Бұл қай кезде болады.

(күз)

- Балалар сендер жұмбақты шештіңдер. Ендеше бізге Алтын күз қонаққа келеді, қолымызды шапалақтап Алтын күзді қарсы алайық.

Алтын күз: Сәлеметсіздер ме? Балалар!

Сәлеметсіздер ме? Қонақтар

Мен -Алтын күзбін.

Жайдары, жарқын күзбін

Қонаққа келдім сендерге

Сәбіз, картоп, тәтті алма

Оған достым таң қалма.

Жапырақта сиқырлы

Ойын ойнап әр түрлі

Жүргізуші: Рахмет, саған Алтын күз!

Қабылдадық сыйды біз

Отырыңыз жайғасып

Ал, ендеше балалар

Бекер қарап тұрмаңдар

Жапырақ пен сиқырлы

Ойынды тез ойнаңдар

(«Кім тез» жапырақтар жинау)

Алтын күз: Жарайсындар балалар. Тағы қандай өнерлерін бар.

Балалардың тақпақтары. «Күз туралы»

Зарина: алтын күз жанға жайлы қоңыр салқын

Қайыппен жомарт күз деп тауып атпен

Ақ бидай, арпа, сұлы дала аруы

Сан түрлі жемістерді жейтін халқы

Ақзира: Тоңазып атырап

Көп жеміс піседі

Сарғайып жапырақ

Саудырап түседі.

Айдана: Көк майсалы көрікті

Алқаптағы көпегін

Бұл күндері киіпті

Сары жібек көйлегін

Нұрдана: Ағаштардан жамырап

Ұшты кенет жапырақ

Ой, алақай, тамаша!

Шашу шашты жапырақ

Сабина: Күзде жауын . Бұлт. Тұман

Сары жапырақ жауады

Сары құйын ұйытқан

Сапырады ауаны

Дият: Тапталады табанға

Судыр - судыр жапырақ

Өрттей сары бояуға

Малынғандай атырап.

Саян: Күздің қыркүйек айында

Алма, алмұрт піседі.

Жапырақтар сарғайып

Сыбдыр - сыбдыр түседі.

Ақнұр: Келді қазан айында

Құбылды ауа райы да

Жинап алған егінді

Уайым жоқ диқан ойында

Айназар: Алтын сары, қызыл көк

Алуан - алуан, жапырақ

Күзгі бақта күлімдеп

Көз тартады атырап

О, алақай, тамаша!

Шашу шашты жапырақ

Айкөркем: Жемісі мол теретін

Күз дос екен бізбенен

Бәрін тауып беретін

Жомарт екен күз деген

Мансур: Аспанда сырғұлт бұлт,

Жан - жақтан шабады.

Күн бірте суытып

Жауын көп жауады

Мирас: Суық желмін желпініп,

Ысқырынып күз келді

Жалаңаштап ағашты

Жапырақтарынан бөлінді

Әділхан: Мерекелі күз келді

Берекелі күз келді

Жаттығу жасап көңілді

Жапырақтарынан бөлінді

«Туған жер»

Би: «Айгөлек»

Көкөністер:

Сакен (пияз) Асханадан шықпаймын

Атым - пияз, бұқпаймын

Көзден жасты шығарам

Тұмаудан бірақ сақтаймын

Санжар (қызанақ) Тал шыбығым бұралып

Бақшаларда қызарып

Тұрған ол мен - қызанақ

Күнге қарап ұялып.

Ақзира (қос картоп) Картоп біздің атымыз

Жер астында жатырмыз

Бір тамырдан тараған

Ағайынбыз бәріміз!

Балғынбек (сәбіз) Өсіретін бойынды

Дамытатын ойынды

Қоянға да азықпыз

Сәбіздерміз жазықсыз

Елнұр: үстіне тігіп көк шатыр

Астында қызыл дәу жатыр

Жемістер:

Айназар: Нарттай қызыл алмамын

Мәз болады алғандар

Жазда әдемі киінем

Тілді балдай үйірем

Мансур: қара өрік деген атым бар

Менен де дәм татындар

Дәрі орнына жүретін

Кейде менің хақым бар

Ертөре: шиемін мен шиемін

Піскенше той жиенім

Бала келсе қасыма

Басымды мен иемін

Райгул: мен алмұртпын, алмұртпын

Аузындамын бар жұрттың

Елнұр: Мен жүзіммін, жүзіммін

Моншақ болып тізілдім

Сары күзде үзіліп

Себепке кеп тізілдім

Нұрдана: Мен алмамын, алмамын

Таңдай жұлар бар дәмім

Мансур: мен өрікпін, өрікпін

Табиғатқа көрікпін

«Солдат болам мен ертен», «Әже»

Дәнді дақылдар

Сабина: Нан атасы бидаймын

Елге астық сыйлаймын

Дәмім толық піскенде

Қауызыма сыймаймын

Зарина: Күміс мұртты арпамын

Ырыс құтты арпамын

Еңбек етіп баптаған

Еліме сый тартамын

Диат: Ақ, қарамын, сарымын

Мен өнімді тарымын

Халқым еңбек сіңірсе

Қайтарамын қарымын.

Мирас: Күнді сүйген күрішпін

Күллі жұртқа ырыспын

Арсын деп ел мол өнім

Ала жаздай су іштім

Би: «Қуыршақ»

«Шалқан» ертегісін кейіптендіру.

Шал - Диат

Кемпірі - Сабина

Қызы - Айназар

Иті - Ақнұр

Мысығы - Айдана

Тышқан - Ертөре

«Шалқан» - Мирас

Мерекелік сабақ аяқталды. Марапаттау


Ұқсас жұмыстар
Алтын күз тақырыбындағы балабақша сабақ жоспары: күз туралы түсінікті дамыту, тілдік дағдылар мен дидактикалық ойындар
Армысың, алтын күз: 13 қазанға арналған мерекелік сабақ жоспары
Ересектер тобына арналған Келді міне Алтын күз ертеңгілігінің оқу-әдістемелік сценарийі
Жаңажол НЖББМ-нің Алтын күз мерекелік ертеңгілігінің сценарийі
Астыққа бай - Алтын күз: балабақша мерекелік-білім беру сценарийі
Гүлдер бөбекжайының Жайдарлы - Алтын күз мерекелік сценарийі: тәрбиелік және дамытушылық мақсаттары
Семей қаласы №22 жалпы орта білім беретін мектебінің Аяулы күз, Алтын күз мерекелік-сайыс бағдарламасы
Алтын күз: балабақшадағы күзгі мерекелік ертеңгіліктің сценарийі мен тәрбиелік мақсаттары
Мектепішілік Аяулы күз, Алтын күз 2018 байқауының сценарийі мен ұйымдастыру жоспары
Сабақ жоспары: Алтын күз - табиғат белгілерін бақылау, тіл дамыту және шығармашылық жұмыстар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz