Сабақ жоспары :: Математика

Файл қосу

10 санының құрамы туралы

Сабақтың тақырыбы: 10 санының
құрамы

Сабақтың мақсаты: а) 10 санының құрамымен оқушыларды
таныстыру.
Мәні 10-ға тең
қосындылармен және 10 санынан
басқа сандарды
азайтумен айырмалар құру біліміне
машықтандыру
ә) Математика пәніне
деген сүйіспеншілік сезімдерін
ояту, зейін, ойлау,
есте сақтау қабілеттерін дамыту.
б) Оқушыларды
ұқыптылыққа, тез ойлауға,
достарына қайырымды
болуға тәрбиелеу

Сабақтың түрі: Топпен жұмыс

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру

1. Шаттық шеңбері
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де.
Қуанайық достарым,
Арайлап атқан әр күнге.

2. Өткен сабақты пысықтау
І топ Тура санау (1-10)
ІІ топ Кері санау (10-1)
ІІІ топ Арифметикалық таңбаларды қайталау (+,-,=, >,<)

3. Кеше біз қандай санмен таныстық? (10)
(тақпақтарын айтқызу)

4. а) сандарды көрсетіп тұрып 8-ден кейін тікелей қандай сан келеді? 9-дан,
5-тен кейін
ә) 4 және 5 сандарының арасында қандай сан тұр?
б) 9,8,7 сандарының құрамын ажырату.

5. Ой қозғау
а) балалар көзімізді жұмайықшы.
ә) енді көз алдымызға ғарышты елестетіп көрейік.
б) не көрдіңдер, көз алдарыңа не елестеді, ойларыңа не келді?
в) әрине, аспан, ғарыш кемесі, жұлдыздар көз алдымызға келетіні белгілі.

6. Жаңа сабақ.
- Балалар бүгін біз «ғарышқа саяхатқа барамыз». Онда бізді әр түрлі қызықты
істер күтіп тұр. Сендер мысалдар орындайсыңдар және 10 санының құрамымен
танысатын боламыз. Тапсырмаларды орындай алмасақ, біз бүгінгі алға қойған
мақсатымызға жете алмаймыз. Ғарыштан өз тобымызға берілген қорапшаларымызды
жұлдызшаларға толтырып қайтуымыз керек. Сондықтан мен сендерді
тапсырмаларды орындай алатын, ақылды балалар, білімді болады деп сенемін.

7. Саяхатқа бару үшін бізге зымыран керек. Олай болса әр топ өзінің
«зымыранын» құрастыру крек. Ал қазір дайын тұрған геометриялық пішіндерден
«зымыран» құрастырайық.

8. Балалар «зымыран» құрастырады.
Бірінші болған топқа жұлдызша беріледі.

9. «Зымыран» дайын болса ғарышқа ұшу үшін бірінші тапсырманы орындауымыз
керек. (Жаңа сабақ)
- Қазір жылдың қай мезгілі? (қыс)
- Құстардың көбі жылы жаққа ұшып кетті. Кейбір қыстап қалған құстар бар.
Олар: қарға, сауысқан, суық торғай.
- Қандай торғайларды көбірек көресіңдер? (суық торғай)
- Оларға қыста тамақ тауып жеу қиын, сондықтан жемшашар жасаймыз.
- Алдарыңдағы 9 жемшашарда неше суық торғай қонып отыр?
- Неше суық торғай ұшып келе жатыр?
- Барлығы неше торғай болды? (10)
- Оны қалай шығарып алдыңдар? (9+1) қостық
- Енді өздерің ойлаңдар, 10 санын тағы қандай сандардың көмегімен шығарып
алуға болады? (8+2, 9+1, 6+4, 7+3, 5+5)
- Әр топ жауап береді.

10. Оқулықпен жұмыс
- Ғарыш әлеміне қону үшін оқулықтағы тапсырмаларды орындаймыз.
- №1 тапсырма.
- Ойыншықтарды екі қорапқа салудың әр түрлі әдістерін көрсету. Бос
әйнекшелерге сандар қою.

11. Сонымен біз ғарышқа қондық.

12. Сергіту сәті.
1,2,3 қарлығаш боп ұш.
4,5,6 қарлығаш боп қалқы.
7,8,9,10 қарлығаш боп қон.

13. Дәптермен жұмыс.
№1, №2

14. Жерге қонуға дайындаламыз (жапсыру).
- Қызыл жұлдызшаны ақ қағаздың дәл ортасына жапсыру.
- Жасыл үшбұрышты оң жағына орналастыру
- Көк үшбұрышты сол жағына жапсыру.
- Астыңғы оң бұрышқа сары төртбұрышты жапсыру.
- Қызыл жұлдызшаның үстіне сары дөңгелекті жапсыру.

15. Көзімізді жұмып жерге қонуға дайындаламыз.

16. Алған жұлдыздарымызды санаймыз.

17. Ең жақсы экипажды анықтаймыз.
Сабақты бекіту,қорытынды.

Сонымен:
1 дегенім – Қазақстан халықтарының бірлігі.
2 дегенім – Желтоқсан құрбандарының ерлігі.
3 дегенім – Ауылым туған жерім – Ұштаған.
4 дегенім – Батырлар алып берген кеңе далам.
5 дегенім – Жарқылдап ойнап күлген балалар.
6 дегенім – Адал да мейірімді аналар.
7 дегенім – Атырау, Алматыдай бай қалам.
8 дегенім – Президент, халқымыз қолдап сайлаған.
9 дегенім – Елтаңба, Әнұран мен Туымыз
10 дегенім – Оң болсын бейбітшілік жолымыз.

Ұқсас жұмыстар
Орта мерзімді жоспар, математика. 1 сынып
Сөйлемдер білдіретін сөздерді сөйлемнен табу
8 санының құрамы
Балалардың ойлау әрекетін дамытуға ықпал ету
9 санының құрамы
Сан құрамы
Дауысты дыбыс әріптері
7 санының құрамы жайлы ақпарат
Есептерді салыстыру және шығару
Сабақтық тақырыбы
Пәндер