§1. Ежелгі тас дәуірі

10 сынып. Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: §1. Ежелгі тас дәуірі

Сабақтың мақсаты:

Жер бетіндегі алғашқы адамдардың пайда болуы мен дамуына тоқтала отырып, Қазақстан жеріндегі ежелгі тас дәуірі кезеңдерінің ерекшеліктерін көрсету.

Оқушылардың өздігінен жұмыс істеуі арқылы олардың ой-өрісін дамытып, өзіне деген сенімін, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Отанын сүюге, тарихи-мәдени ескерткіштерді қадірлеп, мақтанышпен қарау сезімін ояту.

Сабақтың түрі: Жаңа білімді игеру

Әдісі: интерактивті

Сабақтың көрнекілігі:

  1. «Дүние жүзінің саяси картасы».
  2. «Қазақстан б. з. б. VII-б. з. VI ғасырларында »картасы
  3. «Қазақстан Республикасының саяси картасы».
  4. «Адам баласының қалыпты даму кезеңдері»,
  5. «Ежелгі тас дәуірі», т. б. тірек-сызбалар.
  6. Техникалық құралдар.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу
  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

Өткен жылға материалдарды қайталау.

Сабақтың жоспары:

  1. Адам баласының пайда болуы және оның дамуы.
  2. Ежелгі тас дәуірі
  3. Орта палеолит
  4. Соңғы палеолит
  5. Ежелгі тас дәуіріндегі адамдардың қоғамдық құрылымы.

.

Әр топқа берілетін сұрақтар.

  1. Орта палеолот кезеңі адамзат дамуының қай кезеңіне сәйкес келеді?
  2. Бұл кезеңнің тұрақтары Қазақстанның қай аймақтарынан табылған? Картадан көрсетіңдер.
  3. Адамдар құрал жасаудың қандай жаңа тәсілдерін меңгерді?
  1. Соңғы палеолит кезеңін ғалымдар адамдардың шын мәніндегі тарихи өмірінің басталуы деп не себептен айтқан, дәлелдеңдер?

Пысықтау сұрақтары арқылы сабақты бекітіп, үйге тапсырма беремін.

Бағалау:

Үйге тапсырма: § 1 бойынша сұрақтарға жауап дайындау. Картамен жұмыс.

10 сынып. Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы. § 2. Соңғы тас дәуірі

Сабақтың мақсаты:

  • Соңғы тас дәуірінің үш кезеңге бөлінетінін, оның ерекшеліктерін, табиғаттағы өзгерістердің адам тіршілігі мен өміріне әкелген жаңалықтарын көрсету.
  • Шаруашылық түрлерінің дамуын, алғашқы металл- мысты пайдаланудың зор маңызын түсіндіру. Үш кезеңнің мәдени ескерткіштеріне тоқталып өту.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті

Сабақтың көрнекілігі:

  1. «Қазақстан б. з. б. VII-б. з. VI ғасырларында» картасы
  2. «Қазақстан Республикасының саяси картасы».
  3. Тірек-сызба, суреттер, кестені пайдалану.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу
  • Әнұран орындау, «Хабар»
  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

  1. Орта палеолот кезеңі адамзат дамуының қай кезеңіне сәйкес келеді?
  2. Бұл кезеңнің тұрақтары Қазақстанның қай аймақтарынан табылған? Картадан көрсетіңдер.
  3. Адамдар құрал жасаудың қандай жаңа тәсілдерін меңгерді?

Сабақтың жоспары:

  1. Мезолит
  2. Неолит
  3. Неолит кезеңінің ескерткіштері
  4. Энеолит

Негізгі мазмұн

Қай жерден табылды
Тұрақтар
Зерттеудегі жаңалықтар
№: 1
Қай жерден табылды: Оңтүстік Қазақстан обылысы
Тұрақтар: Қараүңгір (б. з. б. 6-5 мыңжылдық)
Зерттеудегі жаңалықтар:

Үңгір-екі бөлмелі.

Тастан жасалған құрылыстар, сүйектен ине, біз. Қыш ыдыстар

№: 2
Қай жерден табылды: Маңғыстау облысы
Тұрақтар: Ойықты, Төлес
Зерттеудегі жаңалықтар: Тұрмыста теріні, сүйек, ағаш өңдеу кеңінен қолданылды. Қыш ыдыстар, сыртына геометриялық өрнектер салынған.
№: 3
Қай жерден табылды: Қосқұдық (б. з. б. 5-4 мыңжылдық)
Тұрақтар: Шақпақ шәне жай тастардан жасалған көптеген бұйымдар. Тарақ тәрізді өрнекпен өрнектелген қыш ыдыстар
№: 4
Қай жерден табылды: Ақмола облысы
Тұрақтар: Атбасар мәдениеті- Қарлыға, Жабай
Зерттеудегі жаңалықтар: 200-ге жуық тұрақ табылған. Жартылай көшпелі шаруашылық
№: 5
Қай жерден табылды: Торғай облысы
Тұрақтар: Маханжар, Тұздыкөл, Дүзбай, Сор
Зерттеудегі жаңалықтар: Ыдыстар ерекшелігі-жіңішке қылта мойын, конус тәрізді. Өрнектері-тарақша

Сабақты бекіту:

  • Соңғы тас дәуірінің кезеңдерінің хронологиясын анықтап, қысқаша айтып беріңдер.
  • Мезолит кезеңі адам өміріне қандай жаңалықтар алып келді?

Бағалау: Үйге тапсырма беру: § 2. Соңғы тас дәуірі

10 сынып. Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: § 3-4. Қола дәуіріндегі Қазақстанның археологиялық ескерткіштері

Сабақтың мақсаты:

  • Қола дәуірі туралы түсінік бере отырып, б. з. б. 2-мыңжылдықтың соңы мен 1-мыңжылдықтың басында далалық өңірде көшпелі мал шаруашылығының дами бастағынын көрсету.
  • Адамдардың қоғамдық қатынастырының өзгеруіне, бұл кезеңнің зерттеген мәдени ескерткештеріне тоқталу.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті

Сабақтың көрнекілігі:

  1. «Қазақстан Республикасының саяси картасы».
  2. Тірек-сызба, суреттер, кестені пайдалану.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу
  • Әнұран орындау, «Хабар»
  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

Көрнекілікке карта, суреттер, сызба, кесте пайдалану.

Үй тапсырмасын сұрау:

  1. Соңғы тас дәуірінің кезеңдерінің хронологиясын анықтап, қысқаша айтып беріңдер.
  2. Мезолит кезеңі адам өміріне қандай жаңалықтар алып келді?
  3. Мезолит кезеңінің тұрақтары қай жерден табылды, олардың өздеріне тән ерекшеліктері қандай?

Сабақтың жоспары:

  1. Қола дәуірі туралы түсінік және оның ерекшеліктері
  2. Андронов және Беғазы-Дәндібай мәдениетінің зерттелуі
  3. Орталық Қазақстандағы ру-тайпаларының қола дәуіріндегі ескерткіштері.
  4. Солтүстік және Батыс Қазақстан ру-тайпаларының археологиялық ескерткіштері
  5. Шығыс Қазақстан ру-тайпаларының қола дәуіріндегі есерткіштері
  6. Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу ру-тайпаларының археологиялық ескерткіштері
Қару-жарақ
Металлург мамандығының жетілуі
Мүлік теңсіздігінің өсуі
Қару-жарақ: Еңбек құралдары
Металлург мамандығының жетілуі:

Қола дәуірінің ерекшелігі

Өндірістік өнім өндіру

Мүлік теңсіздігінің өсуі: Отбасылық меншіктің кеңеюі
Қару-жарақ: Мал шаруашылығының дамуы
Металлург мамандығының жетілуі: Көшпелі мал шаруашылығы
Мүлік теңсіздігінің өсуі: Аталық рулық қатынас

Сабақты бекіту:

  • Қола дәуірі және оның ерекшеліктері туралы не білесіңдер?
  • Қоланың пайда болуының адам өмірінде тарихи маңызы қандай?
  • Андроном мәдениеті туралы не білесіңдер?

Бағалау: Үйге тапсырма: §3-4

10 сынып. Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: § 5. Қола дәуіріндегі ру-тайпалардың шаруашылығы, қоғамдық қатынастары және мәдениеті

Сабақтың мақсаты:

  • Қола дәуірінде Қазақстан аумағында көшпелі мал шаруашылығының және жер шаруашылығының дами бастағанын түсіндіру.
  • Кәсіп түрлерін соның ішінде металл өндіру кәсібін жоғары меңгергенін көрсету. Қола дәуіріндегі қоғамдық қатынас пен діни наным-сенімдердің адам өміріндегі рөліне тоқталу.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті

Сабақтың көрнекілігі:

  1. Карта
  2. Тірек-сызба, суреттер, кестені пайдалану.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу
  • Әнұран орындау, «Хабар»
  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

Көрнекілік: карта, суреттер, сызба, кесте .

Үй тапсырмасын сұрау:

  • Қола дәуірі және оның ерекшеліктері туралы не білесіңдер?
  • Қоланың пайда болуының адам өмірінде тарихи маңызы қандай?
  • Андронов мәдениеті туралы не білесіңдер?
  • Беғазы - Дәндібай мәдениеті Андронов мәдениетінен несімен ерекшеленеді?

Сабақтың жоспары:

  1. Шаруашылықтың дамуы
  2. Қола дәуіріндегі металл өндіру
  3. Қоныстар мен тұрғын үйлер
  4. Үй кәсібі мен қолөнердің дамуы.

Үшінші

Сабақты бекіту:

  • Қола дәуірінде шаруашылықтың қандай түрлері дамыды?
  • Қола дәуіріндегі металл өндірудің дамуын неден көреміз?
  • Қола дәуіріндегі ру-тайпалар қоныстар мен үй-жай салуда қандай тәсілдерді қолданды?

Бағалау: өзін-өзі

Үйге тапсырма:§5.

10 сынып. Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: § 6. Қазақстанда темір дәуірінде өмір сүрген тайпалардың зерттелуі

Сабақтың мақсаты:

  • Б. з. б. VIII-VII ғасырларда Қазақстан аймағында мекендеген тайпалар темір құрал-сайман жасай бастағанын, осы кезде өмір сүрген сақ тайпалары туралы ғылыми деректерді, олардың археологиялық ескерткіштерінің зерттелуінің маңызын түсіндіру.
  • Бәсекеге барынша қабілетті білімді азамат тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті

Сабақтың көрнекілігі:

  1. Карта
  2. Тірек-сызба, суреттер, кестені пайдалану.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу
  • Әнұран орындау, «Хабар»
  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

Үй тапсырмасын сұрау:

  • Қола дәуірінде шаруашылықтың қандай түрлері дамыды?
  • Қола дәуіріндегі металл өндірудің дамуын неден көреміз?
  • Қола дәуіріндегі ру-тайпалар қоныстар мен үй-жай салуда қандай тәсілдерді қолданды?
  • Үй-жай кәсібі мен қолөнердің дамуы неге байланысты болды?
  • Қола дәуіріндегі қоғамдық қатынастардың дамуын неден байқауға болады?
  • Қола дәуірінде діни наным-сенімдердің шығуы неге байланысты болды? Осы наным сенімдердің бізге жеткендері бар ма?

Сабақтың жоспары:

  1. Тас дәуіріне сипаттама
  2. Жазба деректер
  3. Дәуірдің тарихнамасы
  4. Сақ тайпаларының археологиялық ескерткіштерінің зерттелуі.

Парсы жазба деректері бойынша сақ тайпалары үш үлкен тайпаға бөлінеді:

  1. Тиграхауда сақтары- шошақ бөрік киген сақтар;
  2. Хаомаварга сақтары-хаома сусынын қайнатушылар;
  3. Парадарайя сақтары-теңіздің ар жағында тұрушы сақтар.

Бекіту:

  • Темір дәуіріне сипаттама беріңдер.
  • Сақтар туралы жазба деректер қандай грек, парсы ғалымдары мен философтарын білесіңдер? Олардың қалдырған деректерінен не білуге болады?
  • Сақтар туралы қытай деректері қандай мағлұматтар береді?
  • Анахарсистің әлем философиясындағы алатын орны қандай?

Бағалау: өзін-өзі.

Үйге тапсырма:§6.

10 сынып. Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: §7. Сақтардың қоғамдық құрылысы және мәдениеті

Сабақтың мақсаты:

  • Сақтардың қоғамдық құрылысы, шаруашылығының дамуы, кәсібі, бейнелеу өнерінің дамуы туралы түсіндіру. Діни наным-сенімдерді, антропологиялық зерттеулерді атап өту.
  • Бәсекеге барынша қабілетті білімді, адамгершілігі жоғары жеке тұлға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті

Сабақтың көрнекілігі:

  1. Карта
  2. Тірек-сызба, суреттер, кестені пайдалану.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу
  • Әнұран орындау, «Хабар»
  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

Көрнекілік: карта, суреттер, сызба, кесте.

Үй тапсырмасын сұрау:

  • Темір дәуіріне сипаттама беріңдер.
  • Сақтар туралы жазба деректер қандай грек, парсы ғалымдары мен философтарын білесіңдер? Олардың қалдырған деректерінен не білуге болады?
  • Сақтар туралы қытай деректері қандай мағлұматтар береді?
  • Анахарсистің әлем философиясындағы алатын орны қандай?
  • Соңғы кезде темір дәуіріне байланысты қандай жаңалықтар болды?
  • Қазақстан жеріндегі темір дәуірінің ескерткіштерінің зерттелуі туралы не білесіңдер?

Сабақтың жоспары:

  1. Сақтардың қоғамдық құрылысы
  2. Сақ тайпаларының шаруашылығы
  3. Қолөнер мен зергерліктің дамуы
  4. Бейнелеу өнері
  5. Діни наным-сенімдер
  6. Сақтардың антропологиялық өзгерістері

«Сақтардың шаруашылығы», «Қолөнер мен зергерліктің дамуы» тақырыпшалары негізнде мәтінмен жұмыс жасату. Оқушыларды төрт топқа бөліп, сұрақтар таратылып беріледі. Дайындалуға уақыт беріліп жауап алынады.

І

  1. Сақ тайпаларында шаруашылықтың қандай түрлері дамыған? Көшпелі мал аруашылығының екі түрін ажыратып көрсетіңдер.

ІІ

  1. Шаруашылықтың, өндіргіш күштердің дамуы қоғамдың әлеуметтік жағдайына қалай әсер етті?
  2. Малдың қай түрлері көп өсірілдіЮ Оның тиімді жақтарын айтып беріңдер.

ІІІ

  1. Сақтарда қолөнердің қандай түрлері дамыған?
  2. Сақ шебері жасаған ерекше бұйым деп нені атауға болады?

IV

  1. Сақ шеберлері металл бұйымдар жасаудың қандай тәсілдерін білген?

Сақтардың діни наным-сенімдеріне тоқтала отырып, мәтіннің негізгі мазмұнын талдап, дәптерлеріне жазғызу.

  • Жерлеу салты;
  • Отқа табыну;
  • «Көсемдерге сыйыну»,
  • Аспан денелеріне сыйыну;
  • Анимизм, тотемизм, магия-ежелгі діни ұғымдардың сақталуы.

Сақтардың антропологиялық жағындағы өзгерістеріне тоқталғанда: «Қола дәуіріндегі ру-тайпалар және сақтар алғашқыда еуропеидтік пішінде болып, кейін сақтардың ұрпақтары монғолоидтік пішінге түсе бастауына не себеп болды?»-деген ғалымдардың пікірлерін келтіре отырып, оқушылардың өз ой-пікірлерін де ортаға салып, талдауға мүмкіндік беру.

Сабақты бекіту:

  • Сақтардың қоғамдық құрылысы мен әлеуметтік жағдайлары қандай болған?
  • Сақ тайпаларының шаруашылығы туралы археологиялық деректер мен жазба деректерді салыстыра отырып, айтып беріңдер.
  • Темір дәуіріндегі қолөнер мен зергерлік туралы не білесіңдер?
  • «Аң стилі» дегенді қалай түсінесіңдер?
  • Сақтардың діни-нанымдары
  • Сақтардың антропологиялық жағынан монғолоидтік пішінге айнала бастауының себебі неді?

Бағалау: өзін өзі

Үйге тапсырма:§7.

10 сынып. Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: § 8. Қазақ халқы қалыптасыуының ежелгі және орта ғасырлардағы тарихи кезеңдері

Сабақтың мақсаты:

  • Қазақ халқы қалыптасуының еделгі және орта ғасырлардағы тарихи кезеңдері жөнінде оқушыларға толық түсінік беру, ерекшеліктеріне тоқталу.
  • Түркі этнонимінің пайда болуы жөнінде тоқтала отырып, түркі тілдес халықтардың қоныстанған аумағыжәне түркі тілдес ұлттардың қалыптасу кезеңдері жөнінде оқушыларға тиянақты білім беру.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті

Сабақтың көрнекілігі:

  1. «Қазақстан Республикасының саяси картасы».
  2. Тірек-сызба, суреттер, кестені пайдалану.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу
  • Әнұран орындау, «Хабар»
  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

Көрнекілік: карта, суреттер, сызба .

Үй тапсырмасын сұрау:

  • Сақтардың қоғамдық құрылысы мен әлеуметтік жағдайлары қандай болған?
  • Сақ тайпаларының шаруашылығы туралы археологиялық деректер мен жазба деректерді салыстыра отырып, айтып беріңдер.
  • Темір дәуіріндегі қолөнер мен зергерлік туралы не білесіңдер?
  • «Аң стилі» дегенді қалай түсінесіңдер?
  • Сақтардың діни-нанымдары
  • Сақтардың антропологиялық жағынан монғолоидтік пішінге айнала бастауының себебі неді?

Сабақтың жоспары:

  1. Ежелгі ру-тайпаларының этностық дәрежеге жетуі
  2. Қазақ халқы негізінің қалыптасуының ерте орта ғасырлардағы тарих кезеңдері
  3. Түркі тілдес халықтардың ата-бабасы қоныстанған жерлер. Қазіргі түркі тілдес халықтардың алып жатқан аумағы.
  4. Түркі тілдес этностардың қалыптасу кезеңдері

Сабақ жоспарының бірінші мәселесін мына тірек нүктелері арқылы түсіндіру.

Оқушылардың тақырыпты қалай түсінгенін тексеру үшін мынадай сұрақтар қою:

  1. Этнос сөзінің мағынасын түсіндіріңдер.
  2. Антрополог О. Исмағұловтың пікірі бойынша қазақтарда этностық үдеріс қай кезеңде басталды?
  3. Соңғы зерттеулерде қазақ халқының тілі түркі тілдес халыққа жататындығын немен дәлелдеуге болады?

Сабақ жоспарының екінші мәселесі бойынша қазақ халқы негізінің қалыптасуының ерте орта ғасырлардағы тарихи кезеңдерінің ерекшеліктеріне тоқталу керек. Яғни, үйсін, қаңлы, ғұн тайпаларының араласуы этностық құрамның антропологиялық және тілдік ерекшеліктеріне едәуір өзгерістер енгізді. Осы ру-тайпалар біздің заманымызға дейінгі қазақ халқының алғашқы этностық негізін құраған этносаяси қауымдастықтар екенін айту.

Қазіргі түркі тілдес халықтардың алып жатқан аумағы туралы мәселені оқушылардың өз бетімен оқып, төмендегі кестені толтыру ұсынылады. Төменде кестенің дұрыс толтырылған нұсқасы.

Аймақ
Түркі тілдес ұлттар
№: 1
Аймақ: Еділ-Жайық өңірі
Түркі тілдес ұлттар: Татар, башқұрт, чуваш, қырым татарлары
№: 2
Аймақ: Кавказ үстіртінде
Түркі тілдес ұлттар: Әзірбайжан, қарашай, балқар
№: 3
Аймақ: Тұран ойпатында
Түркі тілдес ұлттар: Қазақ, қырғыз, өзбек, түрікмен, қарақалпақ
№: 4
Аймақ: Шығыс Түркістан
Түркі тілдес ұлттар: Ұйғыр
№: 5
Аймақ: Сібір және Шығыс Азия
Түркі тілдес ұлттар: Саха(якут), шор, хақас, алтай қырғыздары
№: 6
Аймақ: Кіші Азия
Түркі тілдес ұлттар: Түрік ұлты

Түркі тілдес этностардың қалыптасу кезеңдері деген төртінші мәселені мына кесте арқылы толтыруға болады.

Түркі тілдес халықтардың үш кезеңінің ерекшеліктеріне тоқтала отырып, мынадай негізгі ұғымдармен қорытындылау: XVғасырдың ортасында түркі және басқа халықтардың күресі халықтардың бір-бірінен бөлінуіне әкелді. Мысалы, XV ғасырда түрікмен халқы қалыптасты. 1356 жылы әзірбайжан халқы қалыптасты. XIV-XV ғасырларда Кіші Азия мен Балқан түбегін түркілердің бағындыруына байланысты, Осман империясы құрылды. Бұл мемлекет түркі тілінде ең көп санды түрік халқын қалыптастырды деп ой түю.

Қазақ этносы халық болып қалыптасуының барысы:

  • Төрт мың жылға жуық уақытқа созылды;
  • Төрт түрлі тарихи кезеңде тілдік, этностық, антропологиялық, мәдени-тарихи дамуды басынан кешті;
  • Сақ, үйсін, қаңлы, қыпшақ, найман сияқты этностық топтар қазақ этносының негізін құрады;
  • Осындай тарихи даму кезеңдерін басынан өткізген ру-тайпалар XV ғасырдың басында қазақ халқының қалыптасуына негіз болды.

Сабақты бекіту:

  • Қазақ халқының негізін құраған ежелгі тайпалар мен рулар туралы не білесіңдер?
  • Қаңлы, үйсін тайпалары қазақ халқының қалыптасуында қандай рөл атқарды?
  • Ерте орта ғасырларда қандай этностық өзгерістер болды?
  • Орта ғасырларда қандай этностық өзгерістер болды?
  • Қазақ халқы өзінің қалыптасу тарихында мәдени-тарихи дамудың қандай кезеңдерін бастан өткізді?
  • Қазіргі кездегі түркі тектес халықтардың қалыптасу кезеңдері туралы айтыңдар
  • Осман империясының негізінде қандай ірі халық қалыптасты? Оның өзіне тән қандай ерекшеліктер бар?

Бағалау:

Үйге тапсырма

  1. §8 соңындағы 5-7 сұрақтарға ауызша дайындалу
  2. Қазақ халқы қалыптасуының үш кезеңіне қысқаша сипаттама жазуды тапсыру (қосымша деректерді, баспасөз материалдарын пайдаланып кеңінен қамтып жазу керек. )

10 сынып. Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: § 9. Қазақстан жеріндегі ерте орта ғасырлардағы мемлекеттер (VI-IХ ғғ. )

Сабақтың мақсаты:

  • Қазақстан аумағындағы алғашқы мемлекеттерге, олардың қоғамдық құрылымдары мен саяси жағдайларына тоқталу.
  • Алған білімін одан әрі дамыту.
  • Бәсекеге барынша қабілетті білімді, шығармашыл жеке тұлға қалыптастыру.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті

Сабақтың көрнекілігі:

  1. Карта
  2. Тірек-сызба, суреттер, кестені пайдалану.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу
  • Әнұран орындау, «Хабар»
  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

Көрнекілік: карта, суреттер, сызба.

Үй тапсырмасын сұрау:

  • Қазақ халқының негізін құраған ежелгі тайпалар мен рулар туралы не білесіңдер?
  • Қаңлы, үйсін тайпалары қазақ халқының қалыптасуында қандай рөл атқарды?
  • Ерте орта ғасырларда қандай этностық өзгерістер болды?
  • Орта ғасырларда қандай этностық өзгерістер болды?
  • Қазақ халқы өзінің қалыптасу тарихында мәдени-тарихи дамудың қандай кезеңдерін бастан өткізді?
  • Қазіргі кездегі түркі тектес халықтардың қалыптасу кезеңдері туралы айтыңдар
  • Осман империясының негізінде қандай ірі халық қалыптасты? Оның өзіне тән қандай ерекшеліктер бар?

Сабақтың жоспары:

  1. Қазақстан аумағындағы алғашқы мемлекеттер.
  2. Алғашқы мемлекеттің қоғамдық құрылыстары мен саяси жағдайлары.
  3. Алғашқы мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық жағдайлары.

Сабақ жоспарының бірінші мәселесі бойынша хронологияны негізге ала отырып, тірек нүктелері арқылы түсіндіруге болады.

  • 552-603 жж.
  • Түрік қағанаты империясының құрылуы
  • 603-704жж батыс және Шығыс
  • Қара түркештер
  • 704 ж. Түркеш қағанаты құрылды
  • Қытайлар оларға жиі-жиі шабыл жасады
  • Қарлұқтар мен арабтар бірігіп Қытайларға 751 жылы Талас өзенінің түбінде соққы берді. Нәтижесінде 756-940 жж. Қарлұқ қағанаты орнады.

Жоспардың бірінші мәселесі бойынша ІХ ғасырдың соңында: «Оңтүстік Қазақстанда Сырдарияның орта және төменгі ағысында, Арал мен Каспий теңізі аралығында Оғыз мемлекеті, ал Шығыс және Орталық Қазақстанда Қимақ қағанаты құрылған. Сөйтіп, бес ғасыр ішінде Қазақстан аумағында бес мемлекет өмір сүрген»-деп қорытынды жасау.

Жоспардың екінші мәселесін түсіндіру барысында мына кестені пайдалану.

Қаған билігі атадан балаға мұра ретінде қалды.

Қазақ жерінде алған құрылған мемлекеттер Батыс пен Шығыстың арасын байланыстырушы рөл атқарған. Осыны картаны пайдалана отырып түсіндіріп, қазақ жерінде Тараз қаласынан табылған археологиялық қазба жұмыстарының ерекшеліктеріне тоқталу.

Жоспардың үшінші мәселесін оқушылардың өзіне оқытып, мына сұрақтар бойынша жауап беруін және оқыған мәтіндер бойынша жоспар жасауын тапсыру.

  1. Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс қазақстанда шаруашылықтың қандай түрлері дамыды?
  2. Ыстыкөл аймағынан Оңтүстік Қазақстанға дейін қандай қалалар өркендеп дамыды? Картадан көрсетіңдер.

Сабақты бекіту:

  • ҮІ-ҮІІ ғасырларда Қазақстан аумағында қандай мемлекеттер өмір сүрді? ҮІІІ-ХІ ғасырларда ше?
  • Алғашқы мемлекеттер Қазақстанның қай аумағында орналасты?
  • Алғашқы мемлекеттердің қоғамдық құрылысы қандай болды?
  • Алғашқы мемлекеттер қандай елдермен саяси қарым-қатынастыр жасады.
  • Алғашқы мемлекеттердің Оңтүстік-Шығыс Қазақстанда шаруашылықты жүргізудің қандай түрлері болды? Олардың негізгі қайнар көздері не?

Бағалау:

Үйге тапсырма:§9.

Мәтін соңындағы сұрақтарға жауап беру

10-сынып. Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: Бақылау жұмысы.

Сабақтың мақсаты:

  • І жартыжылдықта өтілген материалдарды қайталай отырып, алған білімдерін пысықтау. Ұлтжанды, білімді жеке тұлға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қайталау

Әдісі: интерактивті

Көрнекілік: карта, сызба

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу
  • Әнұран орындау, «Хабар»
  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

  • ҮІ-ҮІІ ғасырларда Қазақстан аумағында қандай мемлекеттер өмір сүрді? ҮІІІ-ХІ ғасырларда ше?
  • Алғашқы мемлекеттер Қазақстанның қай аумағында орналасты?
  • Алғашқы мемлекеттердің қоғамдық құрылысы қандай болды?
  • Алғашқы мемлекеттер қандай елдермен саяси қарым-қатынастыр жасады.
  • Алғашқы мемлекеттердің Оңтүстік-Шығыс Қазақстанда шаруашылықты жүргізудің қандай түрлері болды? Олардың негізгі қайнар көздері не?

Пысықтау сабағының материалдар:


Ұқсас жұмыстар
ТАС ДӘУІРІ
тоқсан (18 сағат)
Тас дәуірін қорытындылау
6-ші сыныптарға арналған тарих сабағына жоспар
Адамдар тастан
«Ерте темір дәуіріндегі Қазақстан» Көшпелі мал шаруашылығы
Қазақ халқының материалдық мәдениеті
Ежелгі тас ғасыры
Кім көп біледі Интеллектуалдық сайыс
"көшпелі мал шаруашылығы – өнімді шаруашылық" ашық сабақ 6 сынып
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz