Сабақ жоспары :: Информатика

Файл қосу

Интернет сайттарының мүмкіндігі



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

№56 мектеп-лицейінің 7 «А» сынып оқушысы
Рахим Расулдың
«Интернет сайттарының мүмкіндігі»
тақырыбына жазған ғылыми-зерттеу жұмысы

Астана қаласы

Жетекшісі:
Бекішева Күлзия Есенқызы - №56 мектеп-лицейінің
информатика пәні
мұғалімі.

«Интернет сайттарының мүмкіндігі» тақырыбындағы
ғылыми-зерттеу жұмысы Интернет сайттарының мүмкіндігін дұрыс, мәдениетті
қолдану арқылы сынып оқушыларының білім алу мен тәрбие жұмысындағы
біліктіліктерін электронды бақылауды жүзеге асыру.Басты мақсат ата-ана мен
сынып жетекшісі арасында электронды байланыс жасау ұсынылады. Ата-аналар
сынып сайтынан өз балалары туралы көптеген қажетті мәлімет ала алады және
барлық сынып жетекшілері мен пән мұғалім жұмысында қолдануға болады.

Ғылыми-зерттеу жұмысының негізгі мазмұны

Жұмыстың теориялық бәлімінде:

Қазіргі заман талабына сай Интернет мүмкіндіктерін толық пайдаланудың
қажеттілігі мен әрбір ата-анаға өз баласы туралы толық мәлімет алуға үлкен
мүмкіндік жасайтыны туралы айтылады. Ақпараттық технологияның кеңінен дамып
отырған кезеңінде әрбір ата-ана үйден шықпай-ақ күнделікті сыныптың тыныс-
тіршілігінен, өтіп жатқан шаралардан, өз баласының сынып жетекшісі мен пән
мұғалімдерінен алған мақтаулары мен ескертулерінен (сырт келбеті, оқу-
құралдарының жағдайы, өзін-өзі ұстауы, денсаулығы) хабардар болатыны
ұсынылады. Сонымен қатар сабақ беретін пән мұғалімдеріне де оқушылардың
қорытынды бағасын шығаруда көмегін тигізетіні де ескеріледі.

Жұмыстың практикалық бөлімінде:

[pic]

Мен құрған 7 «А» сыныбының ақпараттық сайты арқылы сынып оқушыларының
тоқсандық үлгерім сапалары, апталық білім деңгейлері, 1 күндік білім-білік
көрсеткіштері, сынып сағаттарында көтерілген мәселелер мен оқушылардың әр
саладағы жетістіктері жарияланыпды. Нәтижесінде, қызығушылық пайда болып,
әріптестерімнің арасында электрондық кері байланыс орнады. Әркім өздерінің
мақалары мен пікірлерін, қызықты тақырыптарға жазылған әңгіме, рефераттарын
жариялауды ұсынды.
Басқа сынып оқушыларын біздің сынып сайтына шақырамын.
Оның адресі: www. 7a-klass.3dn.ru

Ұсыныстар:

Оқушылардың қазіргі заманғы компьютерлік технологияларды меңгеруі өмірге
жаңа көзқарасын қалыптастырып, ой - өрісін жетілдіреді, шығармашылық
белсенділігін, ізденімпаздығын арттырады.
Ақпараттық технологияның даму заманындағы өмір талабының бірі – оқу-
тәрбие үрдісінде мектеп- оқушы-ата-ана арасындағы электронды кері
байланысты пайдалану болса, осыны мен сынып сайты арқылы хүзеге асыруға
болады деп ойлаймын және барлық әріптестерімді өздерінің сыныптарының
сайтын жасауға шақырамын.
Болашақта сайтты жетілдіріп, мүмкіндіктерін кеңейтіп, қызықты
тақырыптарда әртүрлі сайыстар ұйымдастыру. Мысалы: «Менің болашақ
мамндығым», «Менің болашақ қалам», «Болашақтағы ауыл», «Менің шет елдегі
студенттік өмірім», «Мен – болашақ ғалыммын», «Еліміздің болашағы - біздің
қолымызда», «Ақпараттық технология - өмір талабы» т.б.

Ғылыми жаңалығы:

Интернет мүмкіндігін саутты пайдалан отырып, мектеп пен оқушылардың ата-
анасы арасындағы тығыз байланысты қалыптастыру үшін оқушылардың бағалары,
оқушының алған ескертулері, сынып жетекшісінің ңұсқауы, сынып жаналықтары,
қатысатын қосымша сабақтары туралы мәліметтер арнаулы сынып сайттары
арқылы ата-аналарға хабарланып жатса оқу-тәрбие үрдісінде жоғары
жетістіктерге жетуге болар еді. Қазіргі сыныптағы ата-аналардың жиналысқа
қатысу деңгейіне байланысты мектеп сайтымен сілтеме арқылы қосылатын әр
сыныпта өз сайттарын жасауды ұсынамын.

Қорытынды.

Жаңа ақпараттық технологиямен орындалатын қызмет өзінің кез келген
нақты формасында тиімдірек орындалады, адам өркениетті бола бастайды.Ұрпақ
үшін білімнің маңызы қандай болса, ақпараттық технология да оқушы үшін
қоршаған әлемді танудың құралы болып табылады. Олай болса, Ғаламтордың
барлық мүмкіндігін кеңінен пайдалану – бүгінгі күннің кезек күттірмейтін
өзекті мәселелерінің бірі.
Интернеттегі сынып сайттарының тиімділігі әрбір ата-ана өз баласы
туралы нақты мәлімет алып отырады. Сынып оқушылары ата-аналарына алған
төмен бағаларын (үштерін және екілерін) немесе мұғалім тарапынан алған
ескертулерін көрсетпеу үшін әртүрлі әрекеттер жасаулары мүмкін. Мысалы,
олар күнделіктің бетін жыртуы, оны жаңа бетке ауыстыруы немесе
корректормен жөндеп алулары сияқты жағдайлар оқушылар арсынан кездеседі. Ал
олардың алған ескертулерін ата-аналары тек ата-аналар жиналысында немесе
сынып жетекшілерінің телефон арқылы хабарласуы арқылы ғана біле алады.
Егер ата-аналар жиналысы 2 айда бір рет (тоқсанына 1 рет) болатын болса,
сол кезге дейін оқушының барлық ескертулері есте сақталмайды. Сондықтан
ата--аналар өз балаларының оқуын және тәртібін дер кезінде дұрыс бақылай
алмауы мүмкін. Демек, осындай сынып сайттары арқылы ата-аналардың
баласының оқуын және тәртібін әр күн сайын бақылауда алатын орны ерекше
болмақ
.
[pic]

Ұқсас жұмыстар
Шетел тіліне оқытуда интернет мүмкіндіктерін тиімді пайдалану
Интернет технологиялар даму үдерісінің теориясы
Оқытудың ақпараттық технологиясы
Компьютерлік желінің негізгі түрлері. жергілікті желілер. байланыс хаттамалары. желіде жұмыс істеуге арналған жаңа ақпараттық технологиялар
Жергілікті желі
Интернетте ақпаратты іздеу
Бейнеконференция технологиясы қолданылатын онлайн сабақты ұйымдастыру әдістемесі
Мобильді интернет және мобильді қосымшалардың тарихы
Activstudio бағдарламасының сабақ беру үрдісіндегі мүмкіндігі
Электронды оқыту және оның артықшылықтары
Пәндер