Есептегіш техника кабинетіндегі қауіпсіздік техника ережесін сақтау

САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»
Оқу ісінің меңгерушісі
«» 20 ж
Класы: 10«А», 10 «Б»
Пән аты: КДП (КОМПЬЮТЕРМЕН ІС ҚАҒАЗДАРДЫ ЖҮРГІЗУ КУРСЫ)
Сабақтың тақырыбы: Есептегіш техника кабинетіндегі қауіпсіздік техника ережесін сақтау.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Бала бойынша бүгінгі тақырыпты өту барысында білімдерін арттыру.
Тәрбиелігі: Әр оқушының іскерлікке, нақтылыққа, ынтымақтыққа тәрбиелеу.
Дамытушылығы: оқушының әрбір сабаққа ынтасы мен қабілетін біріктіріп, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың өту әдісі: сөздік, көрнекті
Сабақтың көрнектілігі: компьютер
Дидактикалық материалдар: оқулық дәптер
Сабақтың барысы:
а) ұйымдстыру кезеңі
б) сабақ сұрау
в) бағалау
г) жаңа сабақ
д ) бекіту
е) үйге тапсырма
ж) қорытынды
Қоңырау соғылып сабақ басталған соң балаларды ұцымдастыра отырып сабақты бастаймын.
Жаңа материалдың мазмұны:
Сендердің жұмыс орындарында компьютердің құрамдас бөліктері орналасқан: жүйелік блок, пернетақта, монитор. Жұмыс кезінде монитордың сәуле түтігі жоғары кернеуде жұмыс істейді.
I. Төменгі әрекеттерді жасауға болмайды:
1. Кабельдердің қосылған орындарына тиюге болмайды
2. жұмыс істеп отырған экранға, монитормен пернетақтаның сырт жағына тиюге болмайды
3. Оқытушының рұқсатынсыз апаратураларды тоқ көзіне қосуға, үзуге болмайды.
4. Кітап, дәптенр және т. б. артық заттарды монитордың, пернетақтаның үстіне қоюға болмайды.
5. Су киіммен, су қомен компьютерде жұмыс істеуге болмайды.
II. Жұмыс тәртібі:
- компьютер экранынан 60-70 см қашықтықт дұрыс еңкемей, жатып алмай отыру қжет, ал ұдайы көзілдірік тағатындар - көзілдірікпен отыру керек.
- Дисплей алдында 20 минут жұмыстан соң міндетті түрде 5 минут дем алу керек.
III. Жұмыс кезінде:
- Апаратуралардың дұрыс жұмыс істеуін қадағалаңдар, егер апааратураның дұрыс жұмыс істемей тұрғанын сезсеңдер, немесе өзгеше дыбыс пайда болса, немесе пернетақта өз бетімен өшіп қалса, дереу жұмысты тоқтатыңдар.
- Пернелерді қатты тақылдатпай жай басыңдар.
- Пернетақтада жұмыс істегенде қалдарын таза болсын.
- Апараттардың ақауын ешқашан өз беттеріше жөндеуге болмайды.
Жаңа сабақ бекіту: Ол үшін балалрға жаңа сабақтан бірнеше сұрақтар қоя отырып сабақты аяқтаймын.
Үйге тапсырма : Есептегіш техника кабинетіндегі қауіпсіздік ережесін сақтау.
Сабақты қорытындылау : Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін талдау, бағалау.
Оқушыларды бағалау
САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»
Оқу ісінің меңгерушісі
«» 20 ж
Класы: 10«А», 10 «Б»
Пән аты: КДП (КОМПЬЮТЕРМЕН ІС ҚАҒАЗДАРДЫ ЖҮРГІЗУ КУРСЫ)
I. Сабақтың тақырыбы: ЭЕМ- нің программалық және ақпараттық қамсыздандыруы. Жан-жақты мағлұмат. Жаңа программалық қамсыздандыруға шолу.
II. Сабақтың мақсаты:
а) Бейімділігі: білімділікке, сауаттылыққа, ойлау ұшқырлығын дамыту.
ә) Тәрбиелігі: иілгіш ж/е компакт дискілердің айырмашылығы туралы түсіндіру
б) Дамытушылығы: іденімпаздылыққа баули отырып, өз беттерінше жұмыс істеуге, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
III. Сабақтың түрі: Аралас сабақ
IV. Сабақтың көрнектілігі: компьютерлер, топтамалар, тест сұрақтары т. б. б
V. Оқыту әдістері: сөздік, көрнекті, практикалық.
VII. Балапанов «Информатикадан 30 сабақ»
Н. Ермеков «Информатика» 10класс, Информатика 7-8 класс оқулықтары.
VIII. Сабақтың барысы: а) ұйымдастыру
ә) сабақ сұрау
б) бағалау
в) жаңа сабақ
г) бекіту
д) үйге тапсырма
е) қорытынды.
Саламатсыздар ма, балалар!
Кәнекей, «Кім айтады?» үйге қандай тапсырма берілді деп, бірнеше оқушыдан үйге берілген сабақтың тақырыбын сұраймын да, оқушылардың сабаққа дайындығын білу үшін бірнеше сұрақтар қоямын.
- ЭЕМалдындағы қауіпсіздік ережелері.
- Компьютер алдында қанша уақыт отыра аласыз?
- Компьютер мен оқушының ара қашықтығы?
- Неге ақ халат киеміз?
- Компьютердің негігі қандай құрылғылары бар?
- Жүйеліе блок дегеніміз не?
- Монитор дегеніиіз не?
- Пернелік тақта дегеніміз не?
- Тышқан дегеніміз не?
- Қосымша жалғанатын қандай құралдарды білесін?
Осы жауаптарды ал отырып оқушыларды білімдеріне қарай бағалаймын да, күнделіктерін әкелуін талап етемін.
Жаңа сабақ.
Компьютерге арналған программалардың жиынтығы программалық жабдықтаманы құрады. Қызмет ету қасиеттері бойынша программалық жабдықтаманың келесі түрлерін ажыратады.
- Жүйелік
- Қолданбалық
Жүйелік жабдықтама деп өзіне:
- операциялық жүйелерді;
- желілік программалық жабдықтаманы;
- сервистік программаларды;
- программаларды жасау құралдарын
операциялық жүйелердің негізгі қызметі:
- физикалық;
- логикалық
- есептеуіш жүйелердің процестері ресурстарын басқару болып табылады.
Физикалық ресурстарға: жедел жад, процессор, монитор, баспа құрылғысы, магниттік және оптикалық дискілер жатады. Логикалық ресурстарға: программаларды, файлдарды, оқиғаларды және т. б. жатқызуға болады.
Желілік программалық жабдықтама желілік есептеуіш жүйелердегі жалпы ресурстарды: магниттік дискілердегі желілік жинақтауышарды, принтерлерді, сканерлерді, жіберілетін хабарламаларды және т. б. басқаруға арналған.
Желілік программалық жабдықтамаға:
- желілік ОЖ
- желілік емес ОЖ-лерде бар кейбір желілік программаларды жатқызады.
Қолданбалы деп белгілі бір қызметтер саласының белгілі мақсаттық мәселелерін шешуге арналған программалық жабдықтама аталады.
Операциялық жүйелердің мүмкіндіктерін кеңейту үшін және қосымша қызметтер жиныны ұсыну үшін сервистік программалар қолданылады. Сервистік программалардың ішінен утилиталарды қарастырамыз. Утилиталар пайдаланушыларға компьютер мен оның жабдықтамасына қызмет көрсету құралдарын ұсынады.
Олар келесі әрекеттердің жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді:
- магниттік дискілерге қызмет көрсету;
- файлдар мен каталогтарға қызмет көрсету;
- компьютер ресурстары жайлы ақпарат ұсыну;
- ақпаратты шифрлеу;
- компьютерлік вирустардан қорғау;
- файлдарды архивтеу және басқалары.
Программаларды жасау құрлдары жүйелік те, қолданбалы да жаңа программалық жабдықтамаларды жасау үшін пайдаланылады.
Қолданбалы деп белгілі бір қызметтер саласының белгілі бір мақсаттық мәселелерін шешуге арналған программалық жабдықтама деп аталады. Көбінесе мұндай програмамларды қосымшалар деп атайды.
Қызмет салаларының спектрі қазіргі кезде өте кең және кем дегенде өзіне: өндірістік өрекәсіпті, инженерлік тәжірибені, ғылыми зерттеулерді, медицинаны, басқаруды, іс-жүргізуді, баспа қызметін, білім беруді және т. б. қосады.
Типтік қолданбалы программалық жабдықтамаға келесі программаларды жатқызады:
- мәтіндік процессорларды;
- кестелік процессорларды;
- безендіру және іс қағаз грфика жүйелері;
- деректер базасын басқару жүйелері;
- сараптау жүйелері;
- математикалық есептеулер, эксперименттік деректерді модельдеу және талдау программалары жатады.
Программалық жабдықтама нарығында ұсынылатын қосымшалар, жалпы жағдайда, жеке программалар немесе біріктірілген жүйелер ретінде орындалуы мүмкін.
Жаңа сабақты бекіту
Сабақты бекіту сұрақтары:
- Жүйелік программалық жабдықтамаға не жатады?
- ОЖ қызметкері қандай
- ОЖ дамуына не себепші болды?
- Желілік программалық жабдықтамаға не жатады?
Оқушыларды бағалау
ІХ. Үйге тапсырма
ЭЕМ- нің программалық және ақпараттық қамсыздандыруы. Жан-жақты мағлұмат. Жаңа программалық қамсыздандыруға шолу.
САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»
Оқу ісінің меңгерушісі
«» 20 ж
Класы: 10«А», 10 «Б»
Пән аты: КДП (КОМПЬЮТЕРМЕН ІС ҚАҒАЗДАРДЫ ЖҮРГІЗУ КУРСЫ)
Сабақтың тақырыбы: Тышқан туралы түсінік
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Бал бойына бгінгі тақырыпты өту барысында білімділерін арттыру.
Тәрбиелігі: Әр оқушыны іскерлікке, нақталаққа, ынтымақтылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Оқушының әрбір сабаққа ынтасы мен қабілетін біріктірп, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Оқыту әдістері: сөздік, көрнекі, практикалық
Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, топтамалар, тест сұрақтары т. б. б.
Оқыту формасы: Жеке. Топтық және ұжымдық.
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезңі
б) сабақ сұрау
в) бағалау
г) жаңа сабақ
д) бекіту
е) үйге тапсырма
ж) қорытынды
Қоңырау соғылып сабақ басталған соң балаларды ұйымдастыра отырып сабақты бастаймын.
Жаңы материалдың мазмұны:
Қазіргі кездегі компьютерлер тағы бір ақпараттарды енгізу құрылғысы-тышқан манипуляторымен жабдықталған. Ол тышқан деп бекер аталмаған. Себебі ол - сұр түсті, тышқанның құйрығына ұқсайтын компьютерлерге жалғанған иілгіш сымы бар қорап. Ол алақаға ынғайлы және кілемше бетінде еркін жылжыйтын арнайы құрылғы. Тышқанның екі түрі болады: екі батырмлы, үш батырмалы. Қазіргі кезде екі батырмалы тышқан жие қолданылады. Себебі ортадағы батырма жұмыс кезінде көп қолданылмайды. Тышқан қорабының ішінде ауыр резеңкемен қапталған металдан жасалған ауыр шар орналасқан. Ол қораптың сыртына аз ғана шығып, кілемше бетіне тиіп тұрады. Тышқан арнайы кілемше бетінде жылжытқанда шар йналады. Оның айналуы өзара перпендикуляр айналатын екі білікті айналдырады да, ол компьютерге оңға-солға, жоғары-төмен жылжыту сигналдарын береді. Алынған сигналдарды компьютер өндейді. Нәтижесінде тышқан нұсқаушының экрандағы орны өзгереді, яғни тышқан нұсқаушы экранға жылжиды. Егер тышқан жылжитын бет өте тайғанақ болса, онда шар дөңгелемей сырғиды, сондықтан арнайы резеңке кілемше пайдыланылмайды.
Жаңа сабақ бекіту.
Оқушыларға пысықтау ретінде бірнеше сұрақтар қоя отырып, сабағымды аяқтаймын.
Үйге тапсырма
Тышқан туралы түсінік
Оқушыларды бағалау
Сабақты қорытындылау
Жаңа материалдарды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін талдау, бағалау.
Бағалау. Оқушыларға баға қою
САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»
Оқу ісінің меңгерушісі
«» 20 ж
Класы: 10«А», 10 «Б»
Пән аты: КДП (КОМПЬЮТЕРМЕН ІС ҚАҒАЗДАРДЫ ЖҮРГІЗУ КУРСЫ)
Сабақтың тақырыбы: Пернетақтамен жұмыс
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Бала бойында бүгінгі тақырыпты өту барысында білімділерін арттыру.
Тәрбиелігі: Әр оқушыны іскерлікке, нақтылыққа, ынтымақтылыққа тәрбиелеу:
Дамытушылығы: Оқушының әрбір сабаққа ынтасы мен қабілетін біріктіріп, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Оқыту әдістері: сөздік көрнекті, практикалық
Сабақтың көрнекіліктері: компьютерлер, топтамалар, тест сұратары т. б. б.
Оқыту формулары: жеке, топтық және ұжымдық.
Сабақтың барысы:
а) ұйымдастыру кезеңі
б) сабақ сұрау
в) бағалау
г) жаңа сабақ
д) бекіту
е) үйге тапсырма
ж) қорытынды
Қоңырау соғылып сабақ басталған соң балаларды ұйымдастыра отырып сабақты бастаймын.
Жаңа материалдар мазмұны:
Пернетақта -компьютерге ақпарат енгізуге арналған құрылғы. Ол әріптің және цифр пернелерінің көмегімен компьютерге кез келген ақпаратты беруге мүмкіндік жасайды. Қазіргі компьютердің пернетақтасында 101 немесе 102 перне болады.
Пернелер бірнеше блокқа бөлінеді:
- Символдық пернелер, олар пернетақтның ортасына орналасқан. Ол пернетақтаның негізгі бөлігі балып табылады. Бұл пернелердің көмегімен кез келген алфавитті- цифрлық ақпаратты енізуге болады.
- Функциялық пернелер, олар латынның F (F1. F2…. F12) әрпімен белгілеген.
- Нұсқаушы немесе меңзерді экранда басқару пернелері. Меңзер дегеніміз экранда жыпылықтап тұратын символ. Ол символдық пернені басқанда, символ пайда болатын орынды көрсетеді.
Цифрлық пернелер. Олар 10 пернеден тұрады. Пернетақтада оң жақта орналасқан
Оқушыларға пернетақтаның пернелерін жеке-жеке түсіндіріп болған
Соң әр оқушыға өздерінің өмірбаяндарын жазуға тапсырып беремін. 30 минут уақыт беріп осы уақыт та жазу жылдамдықтарын анықтаймын. Мәтінді жазу барысында мәтінді үлкен әріппен бақанда және әрбір әрәпті түстерге бояуға үйрету. Сонымен бірге мәтінді сақтауға үйрету.
Жаңа сабақ бекіту
Оқушыларға пысықтай ретінде бірнеше сұрақтар қоя отырып, сабағымды аяқтаймын.
Оқушыларды бағалау
Үйге тапсырма
Пернетақтамен жұмыс
Сабақты қорытындылау
Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін талдау, бағалау.
САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»
Оқу ісінің меңгерушісі
«» 20 ж
Класы: 10«А», 10 «Б»
Пән аты: КДП (КОМПЬЮТЕРМЕН ІС ҚАҒАЗДАРДЫ ЖҮРГІЗУ КУРСЫ)
І. Сабақтың тақырыбы: Windows операциялық жүйесінің негізгі сипаттамалары
мен қосымша мүмкіндіктері
ІІ. Сабақтың мақсаты:
А) Білімділігі: білімділікке, сауаттылыққа, ойлау ұшқырлығын дамыту
Б) Тәрбиелігі: икемділік, қасиетімен шабытты болуға қалыптастыру
В) Дамытушылығы: оқушылардың ойлау қабілітімен қызығушылығын
арттыру
ІІІ. Сабақтың түрі: аралас сабақ
ІV. Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, топтамалар, тест сұрақтары, т. б.
V. Оқыту әдістері: сөздік, көрнекі, практикалық
VІ. Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық
VІІ. Қолданылған әдебиеттер: Балапанов Инфоматикадан 30 сабақ. Н. Т. Ермеков, Н. Ф. Стифутина 7-8 класс оқуклықтары, Информатика негіздері журналы.
VІІІ. Сабақтың барысы:
А) ұйымдастыру кезеңі
Б) сабақ сұрау
В) бағалау
Г) жаңа сабақ
Д) бекіту
Е) үйге тапсырма
Ж) қорытынды
Қоңырау соғылып саба қ басталған соң балаларды ұйымдастыра отырып, сабақты бастаймын. Кезекшіден оқушыларды түгелдеп журналға белгіліп алып, үй тапсырмасын бірнеше сұрақтар қою арқылы сұраймын.
- ЭЕМ алдыңдағы қауіпсіздік ережелері
- Компьютер алдында қанша уақыт отыра аламыз
- Компьютер мен оқушының арақашықтығы
- Неге ақ халат киеміз?
- Компьютердің негізгі қандай құрылғылары бар?
- жүйелік блок дегеніміз не?
- Монитор дегеніміз не?
- Пернелік тақта дегеніміз не?
- Тышқан дегеніміз не?
- Қосымша жалғанатын қандай құрылғыларды білесің?
- Ақпарат дегеніміз не?
- Ақпаратты сақтайтын қандай құрылғыларды білесің?
Осы жуаптарды ала отырып оқушыларды бағалаймын.
Жаңа сабақ
Операциялық жүйе - бұл компьютерді іске қомқапн кезде жүктелетін және оның барлық құрылғыларының жұмысын басқаратын арнайы поррамма. Операциялық жүйелер екі топқа бөлінеді.
- Бірміндетті опреациялық жүйелер- қай кезде де адамның компьютерде тек бір ғана іспен шұғылдануы, яғни тек бір ғана мәселені шешуіне мүмкіндік береді.
- Көпміндетті операциялық жүйелер- бірнеше программнаы қатар іске қосуға мүмкіндік береді.
Windows 95 және Windows NT операциялық жүйелері көпміндетті және олардың көптерезелі графикалық интерфейсі бар. Windows тұйық жұмыс ортасы болып табылады. Windows графикалық жүйе болып табылады. UNIX - бұл командалық интерфейсі бар көпміндетті, бірнеше адам пайдаланатын ОЖ.
Windows-тың барлық бастауы дерлік Басқару панелі деп аталатын жүйелік қапшық арқылы орныдалады.
Пуск настройка - панель управления. Басқару панелі қапшығын іске қосу. Жаңа сабақты бекіту. Ол үшін балаларға жаңа сабақтан брнеше сұрақтар қоя отырып сабақты аяқтаймын.
V. Үйге тапсырма:
Windows операциялық жүйесінің негізгі сипаттамалары мен қосымша мүмкіндіктері
Оқушыларды бағалау
ІХ. Сабақты қорытындылау :
Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін талдау, бағалау.
САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»
Оқу ісінің меңгерушісі
«» 20 ж
Класы: 10«А», 10 «Б»
Пән аты: КДП (КОМПЬЮТЕРМЕН ІС ҚАҒАЗДАРДЫ ЖҮРГІЗУ КУРСЫ)
І. Сабақтың тақырыбы: Windows операциялық жүйесінің параметрлерін іске қосу. Панель басқаруда: жүйе, құралдар мен программалар, шрифтер, экран, дыбыс, тілдерді орнату мен ажырату және стандарттар.
ІІ. Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Білімділікке, сауаттылыққа, ойлау ұшқырлығын дамыту
Тәрбиелігі: Икемділік қасиетімен шабытты болуға қалыптастыру
Дамытушылығы: оқушылардың ойлау қабілетімен қызығушылығын арттыру
ІІ. Сабақтың түрі: аралас сабақ
ІІІ. Оқыту әдістері: сөздік, көрнекі, практикалық
IV. Сабақтың көрнекілігі: компьютер, топтамалар, тест сұрақтары.
V. Оқыту формасы: Жеке. Топтық және ұжымдық.
VI. Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезңі
б) сабақ сұрау
в) бағалау
г) жаңа сабақ
д) бекіту
е) үйге тапсырма
ж) қорытынды
Қоңырау соғылып сабақ басталған соң балаларды ұйымдастыра отырып сабақты бастаймын.
Жаңа сабақ
Балалар біз өткендегі тақырыпты бір қайталап алайық деп, бірнеше оқушыға сұрақ қою арқылы оқушылардан сұрап, одан әрі компьютер алдында 30 минут отырғызып практика жүзінде тапсырмалар беремін.
Ал бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы: Операциялық жүйе.
Операциялық жүйелердің мүмкіндіктерін кеңейту үшін және қосымша қызметтер жиынын ұсыну үшін сервистік программалар қолданылады.
Желілік программалар жабдықтамаға:
Желілік ОЖ
Желілік емес ОЖ-лерде бар кейбіржелілік программаларды жатқызады.
Қолданбалы деп белгілі бір қызметтер саласының белгілі мақсаттық мәселелерін шешуге арналған программалық жабдықтамалар аталады. Біір мезгілде орындалатын міндеттеріне, санына қарай:
Бір міндетті
Көп міндетті деп бөлінеді.
Бір міндетті ОЖ-лер пайдаланушыға ықтимал машинаны береді және оған файлдарды, тысқары құрылғыларды басқару және
Операциялық жүйені орнатқанда жүйе пайдаланушылардың көпшілігіне есептелінген белгілі бір стандартқа сәйкес бапталуы керек. Бірақ әрбір пайдаланушының компьютерді өз «мәнеріне» сәйкес - терезелердің түсін өзгертіп, жұмыс үстелінің бетіне өрнек таңдап немесе оған стандртты сурет қойып, командалар мәтіні қарпінің өлшемін үлкейтіп немесе кішірейтіп, маустың қозғалу жылдамдығын орнатып және баптауына болады. Бас меню мен Міндеттер панелінен басқа Windows-тың барлық баптауы дерлік Басқару панелі деп аталатын жүйелік қапшық арқылы орындалады.
Бұл қапшықты ашу үшін, Пуск - настройка - панель управления командасы орындалады. Компьютердерде жұмыс істеген кезде Windows-тың жұмыс процесіне әр алуан дыбыс - шиқыл, сиқыр, лепті үн және т. с. с. күйін келтіруге болады. Мысалы, қалқыма менюдің шығуына қандай да бір дыбыс қосуға болады, қалқыма меню пайда болған сайын өздерің таңдаған дыбыс ойнатылатын болады.
Компьютерді іске қосқанда Windows операциялық жүйесінің жүктелу процесінен кейін, Жұмыс үстелінің стандартты суретін көруге болады. Осы Windows Жұмыс үстелінің сырт көрінісін қосымша мүмкіндіктері. Бар. Стандартты өрнектерді пайдалануға болады. Әрбір ұнаған суретті немесе салынған суретті орнатуға болады. Өрнек - бұл экранды жауып тұратын дастархан сияқты, өз қалауымызша ауыстыруымызға болады.
VІІ. Үйге тапсырма:
Windows операциялық жүйесінің параметрлерін іске қосу. Панель басқаруда: жүйе, құралдар мен программалар, шрифтер, экран, дыбыс, тілдерді орнату мен ажырату және стандарттар.
Оқушыларды бағалау
VІІІ. Сабақты қорытындылау :
Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін талдау, бағалау.
САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»
Оқу ісінің меңгерушісі
«» 20 ж
Класы: 10«А», 10 «Б»
Пән аты: КДП (КОМПЬЮТЕРМЕН ІС ҚАҒАЗДАРДЫ ЖҮРГІЗУ КУРСЫ)
Сабақтың тақырыбы: Көмекші программалар: уақыт және күнтүзбе, нөмір теруші, парольдар.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: білімділікке, салауаттылыққа, ойлау ұшқырлығын дамыту
Тәрбиелігі: икемділік қасиетімен шабытты болуға дамыту
Дамытушылығы: оқушылардың ойлау қабілетімен қызығушылығын арттыру
Сабақтың түрі : аралас сабақ
Оқыту әдістері: сөздік, көрнекі, практикалық
Сабақтың көрнекілігі : компьютерлер, топтамалар, тест сұрақтары, т. б.
Оқыту формалары : жеке, топтық және ұжымдық
Сабақтың барысы :
а) ұйымдастыру кезеңі
б) сабақ сұрау
в) бағалау
г) жаңа сабақ
д) бекіту
е) үйге тапсырма
ж) қорытынды
Қоңырау соғылып сабақ басталған соң балаларды ұйымдастыра отырып сабақты бастаймын. Кезекшіден оқушыларды түгелдеп журналға белгілеп алып үй тапсырмасын бірнеше сұрақтар қою арқылы сұраймвн.
- ЭЕМ алдындағы қауіпсіздік ережелері.
- Компьютер алдында қанша уақыт отыра алмыз?
- Компьютер мен оқушының арақашықтығы.
- Неге ақ халат киеміз?
- Компьютердің негізгі қандай құрылғылары бар?
- Жүйелік блок дегеніміз не?
- Монитор дегеніміз не?
- Пернелік тақта дегеніміз не?
- Тышқан дегеніміз не?
- Қосымша жалғайтын қандай құрылғыларды білесің?
- Ақпарат дегеніміз не?
- Ақпаратты сақтайтын қандай құрылғыларды білесің?
Осы жауаптарды ала отырып оқушыларды бағалаймын.
Жаңа сабақ
Экранның төменгі жағында жіңішке сұр жолақ бар, оны Есептер тақтасы (Панель задач) деп атайды. Есеп тақтасын жылжытуға болады. Ол үшін тышқан нұсқағышын есептер тақтасының бос орнына орналастырып, оның сол жақ батырмасын шертіп және оны жібермей басып отырып, Есеп тақтасының контурын қажетті орынға апарып, тышқан батырмасын жіберу керек. Есеп тақтасының сол жағында «Пуск» батырмасы бар. Оң жақ бұрышында сағат орналасқан. Сағатты түзету үшін оның белгішесінде тышқанның сол жақ батырмасын екі рет шерту жеткілікті. Сағаттың суреті бар терезе пайда болады. Онда уақыт пен мерзім көрсетуін өзгертуге болады. Мерзімді өзгерту үшін, ай атының жанындағы бағдаршаны шертіңдер, ашылған менюдегі белгілі бір қажетті ай атында тышқанды шертіңдер. Күнтүзбеден кез келген санды таңдауға болады. Осы терезеде уақыт көрсытуін де өзгертуге болады. Ол ұшін сағаттың астындағы жақтауды тышқанмен шертіп, батырма-бағдаршалардың көмегімен уақыт тузетуге болады.
Әрбір компьютерді іске қосу алдында экранда пароль енгізуді сұрайтын хабарлама шығатын болады. Егер сендердің парольдерің оңай табылатын болса, онда ол ақпаратқа рұқсатсыз шығудың ең қарапайым жолы болады. Парольді қорғауға байланысты кейбір ұсыныстар:
- Оңай табылатын белгілі сөздерді пайдаланбаңыздар, мысалы, туыстарыңның, достарыңның аты.
- Парольде бос орынды сивол және әріп үйлесуін қолданыңдар.
- Шығармашылық тәсіл қолданыңдар. Есте оңай сақталатын, бірақ қиын шешілетін сөздер ойлап табыңдар.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz