Технология пəнінен оқу бағдарламасы

«Технология» пəнінен оқу бағдарламасы
(қоғамдық-гуманитарлық жəне жаратылыстану-математикалық бағыттары)
1. Түсінік хат
1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сəйкес əзірленген.
2. Білім беру саласы оқушының технологиялық жəне еңбек мəдениетін, жеке тұлғаны еңбек етуге, азаматтық жəне патриоттық сезімге тəрбиелеуге, бұйымды жобалау, конструкциялау жəне дайындау негізінде, материалдарды, энергиялар мен ақпараттарды қайта өзгертуге байланысты, практикалық мəселелерді шығармашылықпен шешу үшін оқушылардың бастапқы түсініктері мен біліктіліктерін қалыптастыруға, нарықтық еңбек жағдайына байланысты кəсіби бейімделуіне бағытталған.
3. Оқу пəнінің мазмұны оқушының жеке тұлғасы, отбасы жəне қоғамның қажеттіліктерін, қазіргі заманғы педагогикалық ғылымның жетістіктерін ескере отырып белгіленген.
4. Бағдарлама мазмұнының материалдарын меңгеру үшін келесі білім беру бағыты қарастырылып
1) қауіпсіздік техникасы жəне еңбекті қорғау;
2) ауыл шаруашылық өндірісінің техникасы мен технологиясы;
3) ағаш пен ағаш материалдарын қолмен жəне механикалық түрде өңдеу технологиясы;
4) металды қолмен жəне механикалық түрде өңдеу технологиясы;
5) сəндік-қолданбалы өнер элементтерін қоса отырып, материалдарды көркем өңдеу технологиясы;
6) электротехника жəне электроника негіздері;
7) шығармашылық жобалау іс-əрекеті;
8) қазіргі заманғы өндіріс, техникалық жəне кəсіптік білім бере отырып оқытуды көздейді.
5. Оқу курсының мақсаты - техника мен технология саласында оқушылардың заманауи өндірісінде алған білімі жүйесінің нəтижелілігіне бағытталған функционалдық сауаттылығын қамсыздандыру, сонымен қатар, технологиялық ойлау қабілетін, болмысқа деген шығармашылық көзқарасын дамыту.
6. Оқыту міндеттері:
1) техника, технология жəне заманауи өндіріс негіздерінен жүйеленген білімді қалыптастыру;
2) құрылымдық материалдарды өңдеу технологиясы, жобалау іс-əрекеттерін іске асыру бойынша жалпы еңбектік, жалпы өндірістік жəне арнайы икемділіктер мен дағдыларын қалыптастыру;
3) технологиялық ойлау қабілетін және еңбекке деген шығармашылық көзқарасын дамыту;
4) оқып жүрген технологиялармен байланысты мамандықтар əлемі, еңбек нарығындағы олардың талап етілуі туралы түсініктерін қалыптастыру, өзінің өмірлік жəне кəсіби жоспарларын саналы түрде анықтауына ықпал ету;
5) еңбек ету жəне кəсіби іс-əрекеті үрдісінде эстетикалық, адамгершілік, экономикалық, экологиялық, дене жəне құқықтық тəрбие беру;
6) оқушылардың Қазақстан халықтарының ұлттық мəдениетіне, салт-дəстүрлеріне деген құрмет көзқарасын қалыптастыру.
7. Оқыту барысында келесі пəндермен пəнаралық байланыс жүзеге асырылады:
1) «Қазақ тілімен», «Орыс тілімен»: технологиялық терминдерді меңгеру арқылы сөздік қорларын байыту, технологиялық терминдерді меңгеру, оқулықтағы мəтінмен жұмыс істеу барысында ауызша жəне жазбаша тіл байлығын дамыту;
2) «Қазақстан тарихымен»: қазақ халқының мəдениетімен (салт-дəстүрлерімен, жол-жоралғыларымен жəне сəндік қолданбалы өнерімен) танысу;
3) «Алгебрамен»: технологиялық карта құрастыру кезінде əртүрлі математикалық өлшеулер мен есептеулерді пайдалану, бұйымдарды құрастыру кезінде математикалық формулаларды пайдалануда;
4) «Геометриямен»: кеңістіктік фигуралардың көлемі: тік бұрышты параллелепипед жəне тік призма, пирамида, цилиндр, конус жəне шар; кеңістіктік фигуралардың симметриялығы туралы;
5) «Физикамен»: еріксіз қозғалыс; кинематика туралы негізгі түсінік, механикалық жұмыс, кинетикалық энергия жəне потенциальды энергия;
6) «Химиямен»: азық-түліктерді сақтау үшін консерванттардың химиялық құрамы туралы білімін қалыптастыру;
7) «География»: əлемнің табиғи ресурстары, ғылыми-техникалық революция, экономика салаларының орналасу сипаттамасы жəне географиясы;
8) «Информатикамен»: компьютерлік графика, жеке жобаларды жəне практикалық жұмыстарды, сызбалар, үлгі, кесте, сурет, эскиздерді орындау кезінде ақпараттық технологияларды қолдануда;
9) «Денешынықтырумен»: қол жұмыстарына арналған құралдармен əр түрлі жұмыс жасау кезінде қол мен аяқтың бұлшық еттерін нығайтуда.
8. Технология пəнінің сағат саны аптасына типтік оқу жоспарына сəйкестендірілген:
1 ) 10 сыныпта аптасына - 1 сағат, оқу жылында 34 сағатты құрайды;
2) 11 сыныпта аптасына - 1 сағат, оқу жылында 34 сағатты құрайды.
9. Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар арқылы оқыту нəтижелері айқындалып, оқушыларды негізгі мектеп курсы бойынша жағымды (ойдағыдай, дұрыс) аттестациялануының міндетті шарты болып табылады.
10. Оқушылардың дайындық деңгейі үш көзқарас (аспект) ескеріле отырып:пəндік, тұлғалық, жүйелі іс-əрекет нəтижелеріне қарай бағаланады.
Технология оқу пəінің 10 сыныптағы базалық білім мазмұны
Технология ер балаларға арналған
1. Қауіпсіздік техникасы жəне еңбекті қорғау - 1 сағат:
1) негізгі теориялық мəліметтер, қауіпсіздік техникасы мен өндірістік санитария.
2. Ауыл шаруашылығы өндірісінің техникасы мен технологиясы - 2 сағат:
1) негізгі теориялық мəліметтер, Қазақстанның ауыл шаруашылығы өндірісі туралы жалпы мəлімет, өсімдіктер мен ағаштарды күтуге арналған;
2) жаңа технологияларын пайдалану, өсімдіктердің жаңа сорттарын шығару барысында инновациялық технологияларын қолдану;
3) практикалық жұмыстар: егін шаруашылығындағы көктемгі-жазғы жұмыстары. Бидай, қызылша жəне картоп тұқымдарын оқу-тəжірибе учаскесінде егуге дайындау. Жерді қопсыту жəне арамшөптермен күрес, өсімдіктерді сиректету жəне түптеу, суару жəне қоректендіру, егін дақылдарының өнімін жинау;
4) еңбек нысандарының түрлері қызылша, қызанақ, бидай, картоп.
3. Ағаш пен ағаш материалдарын қолмен жəне механикалық түрде өңдеу технологиясы - 8 сағат:
1) негізгі теориялық мəліметтер, балташы, ағаш ұстасы жұмыстарына арналған қазіргі заманғы табиғи жəне жасанды материалдары: ағаш, АЖТ, АТТ, орташа тығыздықтағы АТТ(МДФ) ;
2) есік жəне терезе қораптарын дайындау жəне орнату технологиясы: қорапты жинау, есік жəне терезе қораптарын орнату жəне бекіту əдістері. Терезе алды тақтайы мен жақтауын дайындау жəне орнату, есік қораптарын, терезе жақтауларын, терезе алды тақтайларын, терезенің ашпалы көзін, су ағызғыштарын жөндеу;
3) топсаны орнату, есіктерде пайда болған жарықтарды бітеу əдістері, жөндеу жұмыстары барысындағы қауіпсіздік техникасы;
4) практикалық жұмыстар: жұқа тақтайлардың, фанералардың жəне тақталардың түрлері. АТТ, АЖТ, орташа тығыздықтағы АТТ(МДФ) құрамы. Есік құрылымының түрлері, қаңқалы есіктерді жасау технологиясы, есіктер мен терезе ағаштарын орнықтыру, жармаларды жоңғыштау, терезе жəне есік құралдарын өлшеп кесіп беру, жылжымалы есік жасау технологиясы, жағын кесігі бар металл бұрыштарынан бағыттаушы құралын жасау, есік ілмектерінің құрылымдары;
5) еңбек нысандарының түрлері: терезенің жақтауын жасау жəне орнату, тақтай мен ағаш кесектерінен қораптарды жасау, қораптарды шегемен құрастыру, буат арқылы есік құрастыру, топсаларды орнату, есіктерді қиюластыру, есіктер мен терезе ағаштарын ілу.
4. Машинатану элементтері қосылған құрылымдау материалдарды өңдеу технологиялары - 8 сағат:
1) негізгі теориялық мəліметтер, механизмдермен машиналар теориясы, жалпы мəліметтер;
2) ғылыми пән ретінде механизмдер мен машиналар теориясының даму тарихы;
3) механикалық берілістер түрлері жəне кинематикалық схемаларындағы олардың шартты графикалық белгілеулері, типтік жəне арнайы бөлшектер;
4) металлкесу станоктары үлгілерінің түрлері мен белгілері. станоктарды мақсатына, автоматтандыру деңгейіне жəне өңдеу дəлдігіне байланысты жіктеу. Шойыннан, болаттан жəне əр-түрлі қорытпаларынан дайындамаларды жасау үшін қолданылатын материалдар;
5) дайындамалар түрлері, оларды жасап алу əдістері. Кескіш аспаптарын жасау үшін қолданылатын металлкерамикалық материалдары, өлшеу саймандары, өлшеу дəлдігі жəне əдістері;
6) практикалық жұмыстар: механикалық берілістер түрлері жəне кинематикалық схемаларындағы олардың шартты графикалық белгілеулері. Типтік бөлшектерді токарлық əдіспен өңдеу технологиясы, металлдық құрылымдау материалдарын токарлық əдіспен өңдеудің ерекшеліктері, металлдық құрылымдау материалдарын фрезерлеу арқылы өңдеу;
7) еңбек нысандарының түрлері: токарлық - бұранда кесу жəне үстелге орнатылатын жазықтық-фрезерлік станоктарында қолданылатын қозғалысты өзгерту механизмдерінің жіктелуі. Бұрандама, сомын, тығырықтарды жону. Конус тəрізді жəне қалыпты беттерді токарлық-бұранда кесу станогында өңдеу, кертпеш, дөнеш жəне ойықтарды фрезерлеу.
5. Сəндік-қолданбалы өнері элементтерін қоса отырып, материалдарды көркем өңдеу технологиясы - 6 сағат:
1) негізгі теориялық мəліметтер, ағашты көркем өңдеу ерекшеліктері;
2) сəндік-қолданбалы бұйымдар жасау кезінде қолданылатын ағаш түрлері, ағаш өңдеуге арналған жұмыс құралдары мен саймандары;
3) практикалық жұмыстар: бұйымның жəне оны көркем безендіру эскиздерін дайындау, материалдарды таңдау, бөлшектерін жасау жəне бұйымды құрастыру реттілігін анықтау, құрылымдау жəне өндіру материалдарынан қолмен жəне машинамен өңдеу технологияларын қолдана отырып бұйым жасау;
4) еңбек нысандарының түрлері: шаруашылық-тұрмыстық мақсатындағы бұйымдар, асүйлік бұйымдар, интерьер жəне əшекейлеу бұйымдары.
6. Электротехника жəне электроника негіздері - 2сағат:
1) негізгі теориялық мəліметтер, электр машиналарындағы энергияның өзгеруі, бір фазалық ауыспалы тоқ туралы қысқаша мəліметтер. Генератордың құрылысы, электрқабылдағыштарды жұлдыз жəне үшбұрыш əдістері арқылы жалғау схемалары. Бейсинхрондық үш фазалық қозғалтқыштың жұмыс істеу қағидаттары, техникалық мінездемесі, оны құрастыру жəне қосу əдістері;
2) негізгі жартылай өткізгіш құрылғылары: диодтар, тұрақтандырғыштар, транзисторлар, олардың мақсаттары, типтері, негізгі параметрлері, принциптік электр схемаларындағы белгілеулері;
3) практикалық жұмыстар: электрқабылдағыштарды жұлдыз жəне үшбұрыш əдістері арқылы жалғау, бейсинхрондық қозғалтқышты құрастыру;
4) еңбек нысандарының түрлері, түзеткіштер мен күшейткіштерді құрастыру.
7. Үй мəдениеті, тұрмыстағы жөндеу жұмыстары - 1 сағат:
1) негізгі теориялық мəліметтер, қазіргі заманғы пəтердің құрылымын жоспарлау жəне қайта жоспарлау. Жиһазды бөлгіш аралықтар ретінде қолдану;
2) практикалық жұмыстар: қазіргі заманғы пəтердің құрылымын жоспарлау жəне қайта жоспарлау;
3) еңбек нысандарының түрлері: пəтер жоспары.
8. Шығармашылық жобалау іс-əрекеті - 6 сағат :
1) практикалық жұмыс;
2) құрылымдау жəне өңдеу материалдарынан жеке тұлғалық жəне қоғамдық маңызы бар бұйымдарды жоспарлау жəне жасау.
Технология - 10 сынып, аптасына -1 сағат, оқу жылына - 34 сағат.
Рет №
Сабақ №
Сағат
Қазақстанның ауыл шаруашылығы өндірісі туралы жалпы мəлімет.
ҚР еңбек нарығы.
Балташы, ағаш ұстасы жұмыстарына арналған қазіргі заманғы табиғи жəне жасанды материалдары.
Еңбек ресурстары.
Қорапты жинау, есік жəне терезе қораптарын орнату жəне бекіту əдістері.
Еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныс.
Терезе алды тақтайы мен жақтауын дайындау жəне орнату.
Жалақы.
Есік құрылымының түрлері, қаңқалы есіктерді жасау технологиясы.
Жұмыссыздық. Жұмыссыздықтың түрлері.
Механизмдер мен машиналар теориясы, жалпы мəліметтер.
ҚР еңбек заңы.
Металлкесу станоктары үлгілерінің түрлері мен белгілері.
Ақша және қаржы институттары .
Кескіш аспаптарын жасау үшін қолданылатын өлшеу саймандары, өлшеу дəлдігі жəне əдістері.
ҚР банк жүйелері .
Бұрандама, сомын, тығырықтарды жону.
Инфляция.
Ағашты көркем өңдеу ерекшеліктері.
ҚР салықтар мен салық жүйелері.
Ағаш өңдеуге арналған жұмыс құралдары мен саймандары.
Салықтың түрлері.
Материалдарды таңдау, бөлшектерін жасау жəне бұйымды құрастыру реттілігін анықтау.
Мемлекеттік бюджет.
Электр машиналарындағы энергияның өзгеруі, бір фазалық ауыспалы тоқ туралы қысқаша мəліметтер.
Экономикалық тұрақтылық.
Қазіргі заманғы пəтердің құрылымын жоспарлау жəне қайта жоспарлау.
ЖІО және ЖҰО.
Құрылымдау жəне өңдеу материалдарынан қоғамдық маңызы бар бұйымдарды жоспарлау жəне жасау.
Іскерлік белсенділіктің циклдары.
Құрылымдау жəне өңдеу материалдарынан жеке тұлғалық маңызы бар бұйымдарды жоспарлау жəне жасау.
Дағдарысқа қарсы саясат.
Шығармашылық жобаны қорғау.
Экономикалық өсу.
Технология оқу пəінің 11 сыныптағы базалық білім мазмұны
1. Қауіпсіздік техникасы жəне еңбекті қорғау - 1 сағат:
1) негізгі теориялық мəліметтер. Еңбекті қорғау. Еңбекті қорғауға байланысты құқықтық, нормативтік жəне заңнамалық актілері.
2. Ауыл шаруашылығы өндірісінің техникасы мен технологиясы - 1 сағат:
1) негізгі теориялық мəліметтер. ауыл шаруашылық өндірісімен байланысты кəсіптер мен мамандықтар;
2) практикалық жұмыстар: агроөндіріс мамандықтарымен таныстыру, жоғары білім алу мүмкіндіктері туралы мəліметтерді іздестіру;
3) еңбек нысандарының түрлері: жоғары білім орындары анықтамалықтары, диагностикалық тесттер жинақтары, компьютер.
3. Ағаш пен ағаш материалдарын қолмен жəне механикалық түрде өңдеу технологиясы - 8 сағат:
1) негізгі теориялық мəліметтер, үй жиһазын құрылымдау, қазіргі заманғы жиһаз бұйымдары жəне олардың құрамдас бөліктері;
2) жиһазды құрылымдау негіздері, жиһаз элементтері;
3) жиһаз құрылымдауныда қолданылатын негізгі біріктірулер, корпустық жиһазды құрылымдау, салмақ түсетін бағандарына көлемді секциялар мен сөрелерді ілу əдістері, бөлгіш аралықтар-шкафтарын құрылымдау технологиясы, жұмсақ жəне жартылай жұмсақ жиһазды құрылымдау, диван-керует, кресло-керует, демалуға арналған диван жəне креслолардың құрылымы.
4) практикалық жұмыстар: жиһаз бұйымдары жəне олардың құрамдас бөліктері, құрылымдаудың негізгі ережелері, жиһаздың жиылмалы емес элементтері, жиһаз құрылымдауныда қолданылатын негізгі біріктірулер, салмақ түсетін бағандарына көлемді секциялар мен сөрелерді ілу əдістері. Диван-керует, кресло-керует, демалуға арналған диван жəне креслолардың құрылымы, ағаш ұстасы орындығының құрылымы, бекіту бөлшектері жəне орындықтардың біріктірулері;
5) еңбек нысандарының түрлері: секциялық жихазды, көйлек-көншек шкафтарын бөлгіш аралықтар-шкафтарын жасап шығару және құрастыру. Шынтақшаларды жасау, желімделген орындықтарды, тамақ ішетін үстелдерді, ирек сөрелерді және шкафтарды практикалық түрде құрастыру.
4. Машинатану элементтері қосылған құрылымдау материалдарды өңдеу технологиялары - 8 сағат:
1) негізгі теориялық мəліметтер. Токарлық топтағы станоктар: токарлық-əмбебап, токарлық-револьверлік, токарлық-айналдырғы білдектік;
2) станоктардың құрылымдық жəне функционалдық айырмашылықтары, токарь станогының негізгі тораптары;
3) цилиндр тəрізді беттерді өңдеу;
4) айналшақты-бұлғақты механизм, айналшақты-бұлғақты механизмнің қозғалмалы жəне қозғалмалы емес бөлшектері, айналшақты-бұлғақты механизмнің негізгі бөлшектері мен тораптары. Іштен жану қозғалтқыштары туралы қысқаша мəлімет;
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz