Есептегіш техника кабинетіндегі қауіпсіздік техника ережесін сақтау.(КОМПЬЮТЕРМЕН ІС ҚАҒАЗДАРДЫ ЖҮРГІЗУ КУРСЫ)

САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»
Оқу ісінің меңгерушісі
«» 20 ж
Класы: 11«А»
Пән аты: КДП (КОМПЬЮТЕРМЕН ІС ҚАҒАЗДАРДЫ ЖҮРГІЗУ КУРСЫ)
Сабақтың тақырыбы: Есептегіш техника кабинетіндегі қауіпсіздік техника ережесін сақтау.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Бала бойынша бүгінгі тақырыпты өту барысында білімдерін арттыру.
Тәрбиелігі: Әр оқушының іскерлікке, нақтылыққа, ынтымақтыққа тәрбиелеу.
Дамытушылығы: оқушының әрбір сабаққа ынтасы мен қабілетін біріктіріп, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың өту әдісі: сөздік, көрнекті
Сабақтың көрнектілігі: компьютер
Дидактикалық материалдар: оқулық дәптер
Сабақтың барысы:
а) ұйымдстыру кезеңі
б) сабақ сұрау
в) бағалау
г) жаңа сабақ
д ) бекіту
е) үйге тапсырма
ж) қорытынды
Қоңырау соғылып сабақ басталған соң балаларды ұцымдастыра отырып сабақты бастаймын.
Жаңа материалдың мазмұны:
Сендердің жұмыс орындарында компьютердің құрамдас бөліктері орналасқан: жүйелік блок, пернетақта, монитор. Жұмыс кезінде монитордың сәуле түтігі жоғары кернеуде жұмыс істейді.
I. Төменгі әрекеттерді жасауға болмайды:
1. Кабельдердің қосылған орындарына тиюге болмайды
2. жұмыс істеп отырған экранға, монитормен пернетақтаның сырт жағына тиюге болмайды
3. Оқытушының рұқсатынсыз апаратураларды тоқ көзіне қосуға, үзуге болмайды.
4. Кітап, дәптенр және т. б. артық заттарды монитордың, пернетақтаның үстіне қоюға болмайды.
5. Су киіммен, су қомен компьютерде жұмыс істеуге болмайды.
II. Жұмыс тәртібі:
- компьютер экранынан 60-70 см қашықтықт дұрыс еңкемей, жатып алмай отыру қжет, ал ұдайы көзілдірік тағатындар - көзілдірікпен отыру керек.
- Дисплей алдында 20 минут жұмыстан соң міндетті түрде 5 минут дем алу керек.
III. Жұмыс кезінде:
- Апаратуралардың дұрыс жұмыс істеуін қадағалаңдар, егер апааратураның дұрыс жұмыс істемей тұрғанын сезсеңдер, немесе өзгеше дыбыс пайда болса, немесе пернетақта өз бетімен өшіп қалса, дереу жұмысты тоқтатыңдар.
- Пернелерді қатты тақылдатпай жай басыңдар.
- Пернетақтада жұмыс істегенде қалдарын таза болсын.
- Апараттардың ақауын ешқашан өз беттеріше жөндеуге болмайды.
Жаңа сабақ бекіту: Ол үшін балалрға жаңа сабақтан бірнеше сұрақтар қоя отырып сабақты аяқтаймын.
Үйге тапсырма : Есептегіш техника кабинетіндегі қауіпсіздік ережесін сақтау.
Сабақты қорытындылау : Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін талдау, бағалау.
Оқушыларды бағалау
САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»
Оқу ісінің меңгерушісі
«» 20 ж
Класы: 11 «А»
Пән аты: КДП (КОМПЬЮТЕРМЕН ІС ҚАҒАЗДАРДЫ ЖҮРГІЗУ КУРСЫ)
Сабақтың тақырыбы: Excel редакторлерінің қосымша мүмкіндіктері. Жұмыстық беттерді редакторлеу. Жұмыстық бет элементтерімен жұмыс.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Бала бойында бүгінгі тақырыпты өту барысында білімдерін арттыру.
Тәрбиелігі: Әр оқушысы іскерлікке, нақтылыққа; ынтымақтылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Оқушының әрбір сабаққа ынтасы мен қабілетін біріктіріп, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың өту әдісі: сөздік, көрнекі, практикалық
Сабақтың көрнекілігі: Компьютерлер, топтамалар, тест сұрақтары т. б. б.
Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық.
Сабақтың барысы:
а) ұйымдастыру кезеңі
б) Сабақ сұрау
в) бағалау
г) жаңа сабақ
д) бекіту
е) үйге тапсырма
ж) қорытынды
Қоңырау соғылып сабақ басталған соң балаларды ұйымдастыра отырып сабақты бастаймын.
Жаңа материалдар мазмұны:
Microsoft Excel кестелік процессоры деректермен әр түрлі операциялар орындауға мүмкіндік береді:
1 Кесте құруға және оларға ат қойып, дискіде сақтауды.
2. Сақталған кестелерді ашуға және оларға түзету жасауды.
3. Кестеге жол, баған немесе ұяшық қосуды.
4. Кестеге жол, баған немесе ұяшықтарды алып тастауды.
5. Жол, баған немесе ұяшықтар ішіндегісін көшіруді немесе орын ауыстыруды.
6. Ұяшықтар ішіндегісін өсуі немесе кемуі бойынша сұрыптауды.
7. Пайдаланушының өзі құрастырған формулалар бойынша немесе кестелік процессорда бар дайын формулаларды қолданып кестеге кірістіруді.
8. Кесте деректері бойынша диаграмма құруға және оларды кестеге кірістіруді.
9. Кестеге графикалық объектілерді, яғни стандартты суреттер қорынан суреттер кірістіруді.
10. Кестелерді баспаға, яғни принтерге шығаруды.
Кесте - ақпараттың жолдар мен бағандарда реттеліп берілуі. Кесте жолдар мен бағандардың кез келген санынан құрылуы мүмкін. Жол - көршілес ұяшықтардың көлденең бірлестігі.
Баған - көршілес ұяшықтардың тік бірлестігі. Бағандар мен жолдар қиылысып ұяшықтар түзеді. Ұяшық - дерек сақталатын орын. Ұяшықтарда алғашқы немесе бірінші, сондай-ақ алғашқы деректермен орындалатын операциялардың нәтижесі болып табылатын туынды ақпараттар болуы мүмкін. Ұяшықтарда алғашқы немесе бірінші, сондай - ақ алғашқы деректермен орындалатын операциялардың нәтижесі болып табылатын туынды ақпараттар болуы мүмкін.
Қазіргі компьютерлерде Microsoft Excel кестелік процессоры кең тараған. Электрондық кесте- ұяшықтарында деректер жазылған кәдімгі кестенің компьютерлік бейнесі. Электрондық кестелерде сол бағандар мен жолдар қолданылады. Мұнда графалар алфавит әріптерімен белгіленеді оны бағандар деп атайды, ал жолдар санмен белгіленеді. Көптеген ЭК-де бағандары «А» -дан « Z » -ке дейінгі латын әріптерімен, ары қарай «АА»-дан «» IV -ға дейінгі екі әріп комбинацияларымен белгіленеді. Әрбір жол 1-ден басталатын реттік нөмермен нөмірленеді. Баған мен жол қиылысқан жерінде ұяшықтар құрылады. Электрондық кестеде ұяшық дерек сақтаудың ең кіші элементі болып табылады. Әрбір ұяшықтың өз адресі болады. Мысалы «А» бағаны мен «5» жолының қиылысуындағы ұяшық адресі «А5» болады.
Microsoft Excel-ді іске қосу және жұмыс кестенің элементтері
Microsoft Excel - ді іске қосу үшін келесі әрекеттер тізбегін орындаңдар:
Пуск → Программы → Microsoft Excel
Excel іске қосылғаннан кейін экранда оған ақпарат енгізілетін жұмыс кестесі түріндегі терезе ашылды.
Excel кестелік процессорының терезесі
Жұмыс кестенің элементтері
Excel іске қосылғаннан кейін, экранда кестенің жұмыс істеу бетінің ашылғанын көресіңдер. Жұмыс беттері жұмыс кітабына біріктірілген. Excel жұмыс кітабы үнсіз келісім бойынша 3 жұмыс бетінен тұаратын дискіде бір файл сияқты сақталады. Жұмыс бетінің санын бір кітапта 255 бетке дейін көбейтуге болады.
Жұмыс кестенің элементтері
Жұмыс кестесі жол мен баған түрінде ұйымдастырылған. Әрбір бет 255 бағаннан және 65 536 жолдан тұрауы мүмкін. Бағандар латынның А, В, С, Д, әріптерімен белгіленеді, жолдар нөмірленеді. Жол мен бағанның қиылысқан жерінде координаталармен белгіленетін (А1, В2 және т. б. ) ұяшықтар болады.
Excel жұмыс кітабы, жұмыс кестесі беттерінен басқа диаграмма беттерін, модуль беттерін, макрос беттерін, сонымен қатар диалогтік терезелердің беттерін қамтауы мүмкін.
Жаңа сабақты бекіту: Ол үшін балаларға жаңа сабақтан бірнеше сұрақтар қоя отырып сабақты аяқтаймын.
Үйге тапсырма:
Excel редакторлерінің қосымша мүмкіндіктері. Жұмыстық беттерді редакторлеу. Жұмыстық бет элементтерімен жұмыс.
Сабақты қорытындылау: Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін талдау бағалау.
САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»
Оқу ісінің меңгерушісі
«» 20 ж
Класы: 11 «А»
Пән аты: КДП (КОМПЬЮТЕРМЕН ІС ҚАҒАЗДАРДЫ ЖҮРГІЗУ КУРСЫ)
Сабақтың тақырыбы: Жұмыстық столды форматтау: сандарды форматтау, ұяшықтың өлшемін өзгерту, шрифт өзгерту, грифт таңдау т. б. элементтері. Графиктік объектімен жұмыс.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Бала бойында бүгінгі тақырыпты өту барысында білімдерін арттыру.
Тәрбиелігі: Әр оқушысы іскерлікке, нақтылыққа; ынтымақтылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Оқушының әрбір сабаққа ынтасы мен қабілетін біріктіріп, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың өту әдісі: сөздік, көрнекі, практикалық
Сабақтың көрнекілігі: Компьютерлер, топтамалар, тест сұрақтары т. б. б.
Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық.
Сабақтың барысы:
а) ұйымдастыру кезеңі
б) Сабақ сұрау
в) бағалау
г) жаңа сабақ
д) бекіту
е) үйге тапсырма
ж) қорытынды
Қоңырау соғылып сабақ басталған соң балаларды ұйымдастыра отырып сабақты бастаймын.
Жаңа материалдар мазмұны:
Қоңырау срғылып сабақ басталған соң балаларды ұйымдастыра отырып сабақты бастаймын. Кезекшіден оқушыларды түгелдеп журналға белгілеп алып үй тапсырмасын бірнеше сұрақтар қою арқылы сұраймын.
Жаңа сабақ:
Пуск - Программы - Microsoft Excel осы кезде жұмыс кестесі терезесі шығады. Excel жұмыс кітабы үнсіз келісімі бойынша 3 жұмыс бетінен тұратын дискіде бір файл сияқты сақталады. Жұмыс бетінің санын бір кітапта 255 бетке дейін көбейтуге болады. Жұмыс кестесі жол мен баған түрінде ұйымдастырылған. Әрбір бет 256 бағаннан және 65536 жолдан тұрады. Бағандар латынның А, В, С, Д әріптерімен белгіленеді, жолдар нөмірленеді. Excel жұмыс кітабы, жұмыс кестесі беттерінен басқа диаграмма беттерін, модуль беттерін, макрос бетттерін, сонымен қатар диалогтік терезелердің беттерін қамтуы мүмкін. Кестеге жұмыс беттерін қосу үшін Вставка - Лист командасын орындау керек. Немесе тышқанның оң жақ батырмасымен шертіңдер және Добавить командасын орындау керек. Кестенің ұяшығына мәтін енгізгенде көбінесе мәтін ұяшық шекарасына сыймай қалады. Бағанның енін маустың көмегімен өзгертуге болады, ол үшін маустың нұсқағышын бағанның аты бар жолының, оң жақ шекарасына орналастырып, меңзер қосбағдарша түріне айналғанда маустың сол жақ батырмасын шертіңдер де, оны жібермей басып тұрып, қажетті бағытта тартыңдар. Ұяшықтың шекарасына өзгерткеннен кейін мауысты босатыңдар. Маустың көмегімен жол биіктігін өзгерту үшін маустың нұсқағышын нөмірленген жолдың төменгі шекарасына орналастырып, меңзер тағы да қосбағдарша түріне айналғанда, оның сол жақ батырмасын шертіңдер де басып тұрып, маусты төмен қарай тартыңдар.
Жаңа сабақты бекіту : Ол үшін балаларға жаңа сабақтан бірнеше сұрақтар қоя отырып сабақты
аяқтаймын.
Үйге тапсырма : Жұмыстық столды форматтау, сандарды форматтау, ұяшық өлшемін, шрифті
таңдау элементтері.
Сабақты қорытындылау : Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін
талдау, бағалау.
САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»
Оқу ісінің меңгерушісі
«» 20 ж
Класы: 11 «А»
Пән аты: КДП (КОМПЬЮТЕРМЕН ІС ҚАҒАЗДАРДЫ ЖҮРГІЗУ КУРСЫ)
Сабақтың тақырыбы: Формулаларды қолдану: енгізу және көрсету арқылы формулаларды құру, түрлі амалдарды орындау тәртібі.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Бала бойына бүгінгі тақырыпты өту барысында білімдерін арттыру.
Тәрбиелігі: Әр оқушыны іскерлікке, нақтылыққа, ынтымақтылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Оқушының әрбір сабаққа ынтасы мен қабілетін біріктіріп,
пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың өту әдісі: сөздік, көрнекі, практикалық
Сабақтың көрнекілігі: компьютер.
Дидактикалық материалдар: оқулық, дәптер.
Сабақтың барысы:
а ) ұйымдастыру кезеңі
б) сабақ сұрау
в) бағалау
г) жаңа сабақ
д) бекіту
е) үйге тапсырма
ж) қорытынды
Қоңырау оғылып сабақ басталған соң балаларды ұйымдастыра отырып сабақты бастаймын.
Жаңа материалдың мазмұны:
Қоңырау срғылып сабақ басталған соң балаларды ұйымдастыра отырып сабақты бастаймын. Кезекшіден оқушыларды түгелдеп журналға белгілеп алып үй тапсырмасын бірнеше сұрақтар қою арқылы сұраймын.
Жаңа сабақ:
Excel -де барлық формулалар әрқашан теңдік белгісінен басталады. Егер оны тастап кетсек, онда енгізілген формула мәтін ретінде қабылданады. Ұяшықтар ауқымын қосқанда формулаларды өзіміз құруға болады. Мысалы: = Д2+Д3+Д4+Д5+Д6+Д7 формуласын енгізуге, әйтпесе Excel -де бар дайын функцияларды қолдануларына болады. Мысалы: мұндай ұзын формуланың орнына = СУММ(Д2:Д7) деп енгізуге болады. Немесе қосылатын ұяшықтардың ауқымын белгілеп, аспаптар панеліндегі Автосумма ∑ батырмасын шертуге болады. Функция мастерін шақыру үшін аспаптар панеліндегі Вставка функции f(x) батырмасын шертуге, яғни Вставка - функции командасын орындау керек. Excel үнсіз келісім бойынша ұяшықта формулалардың өзін емес, оның есептеулерінің нәтижесін көрсетеді. Егер жұмыс кестесінің барлық формуласын бірден көру керек болса, онда Сервис және Параметры командасын орындаңдар. Параметры диалогтік терезесінде Вид қосымшасын таңдап, Параметры окно бөлімінде формулы опциясының жалаушасын орнатыңдар да, ОК батырмасын шертіңдер. Ұяшыққа, қандай да болсын өзгеріс енгізген кезде, жұмыс кестесінің барлық формулалары үнсіз келісім бойынша автоматты түрде қайта есептеледі. Егер өзгеріс көп болса, онда автоматты түрде есептеу функциясын өзгеріс енгізіп болғанша өшіріп қоюға болады. Ол үшін Сервис - Параметры командасын орындап, Параметры диалогтік терезесінде Вычисления қосымшасын таңдап, вручную опциясына жалауша орнатыңдар және ОК батырмасын шертіңдер. Өзгеріс енгізілгеннен кейін <F9> пернесін басып, қай уақытта болса да қайта есептеуді орындауға болады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz