Оқушыларға патриоттық тәрбие беру әдістері

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

№13 ОРТА МЕКТЕП ГИМНАЗИЯСЫ

Тақырыбы: Оқушыларға патриоттық тәрбие беру «әдістері»

Орындаған: Биология пәні мұғалімі

Найзагулова Б. М.

Ақтау - 2012ж.

Тақырыбы: Оқушыларға патриоттық тәрбие беру «әдістері»

І. Кіріспе

Жерлесіміз ұлттық педагогиканы мұрат тұтқан Ш. Әленұлы «Педагогика кітабында»: «Патриоттық тәрбиені сабақ процесінде де, сабақтан тыс тәрбие саласында да үзбей беру керек. Ұлттық мектептің алға қойған ең негізгі мақсаты, маңызды міндеті де осы болмақ» деген еді.

ҚР-ның үздік білім беру жүйесінің тәрбие тұжырымдамасында басым бағыттардың бірі болып патриоттық тәрбиенің бекітілуі де бекер емес. Шынында да, ұлтқа деген сүйіспеншілігі жоқ адамнан адамгершілікті де, сұлулықты да, мәдениетті күтуге болмайды. Ендеше, патриоттық тәрбие - тәрбиенің басты бағыттарының бастауы десек, қателеспейміз. Алғаш ұстаздың жолын бастаған жас ұстаздың тәрбие жұмысын ұйымдастыруда қиындықтарға жолығатыны жасырын емес. Өзіне тапсырылған сыныптың тәрбие жұмысының жоспарын жасап қойғанмен, әр сынып сағатын өткізгенде «қалай қызықты жүргізіп, түрлендіруіме болады?» деген заңды сұрақ туады. Әрине, бұл кезде біз тәлімгер ұстаздарымыздың кеңесіне, баспасөз материалдарына, «Мектеп», «Тәрбие құралы» сынды әдістемелік журналдарға жүгінеміз. Алғаш еңбек жолымды сынып жетекшілік ғана емес, тәлімгерлікпен бастаған маған тәрбие саласында көбірек жұмыс істеуге тура келді. Осы 1 жылдық тәжірибемде де мен патриоттық тәрбие беруде пайдаланатын жұмыс түрлерін жинақтауға тырыстым. «Тәуелсіздіктің 20 жылдығы» тойлап өттік. Тәрбие сағатынан алдымызда отырған әр шәкірт бір нәрсе алып кетсе, санасына жақсы ой түйіп кетсе деп ойлаймыз. Егер менің жинақтаған жұмыс түрлерім сіз және сіздің шәкірттеріңіздің игілігіне жараса мен өз мақсатыма жеткен болар едім. Сонымен, патриоттық тәрбиені ұйымдастыруға мен мынадай жұмыс түрлерін ұсынамын.

Бұл жұмыс түрлерін әр сынып деңгейінде ұйымдастыруға болады.

ІІ. Негізгі бөлім.

1. 1. Теориялық бөлім

Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдасы Білім және ғылым Министрінің 16 қараша 2009 жылғы №521 бұйрығымен бекітілді

Республика аймақтарында тәрбие беру ісінде шешімі табылмай жатқан мәселелер:

  • тұлғаға қоғам тарапынан жаңа талаптар қойылуда;
  • тәрбиенің мақсаты мен басым бағыттарын белгілеуге мүмкіндік

беретін нақты идеологиялық бағдар жеткіліксіз;

  • қоғамның әлеуметтік жіктелуі;
  • оқыту рөлінің жоғары бағаланып, тәрбие рөлінің толық бағаланбауы;
  • педагогтардың жалпы адамзаттық құндылықтарға жауапкершілікпен қарауды қалыпқа келтіру әрекеттері үнемі тиімді бола бермейді;
  • отбасының тәрбиелік рөлі әлсіреген;
  • адам өмірін аса маңызды құндылық ретінде бағаламау, салауатты өмір сүру салтын қалыптастыру дағдыларының толық қалыптаспауы;
  • тәрбиенің жаңа парадигмасының ғылыми-әдістемелік жағынан

жеткіліксіз қамтамасыз етілуі;

  • педагогтардың осы заманғы тәрбие технологияларын жеткіліксіз

меңгеруі және т. б.

Тұжырымдаманың басты мақсаты:

Жас ұрпақтың тәрбиесіне бірыңғай көзқарас қалыптастыру, Қазақстан Республикасында балалар мен жастарға тәрбие беру міндеттерін шешудегі тәрбие үрдісіне барлық субъектілердің іс-қимылдарын келістіру және сабақтастықты қамтамасыз ету.

Тұжырымдаманың міндеттері:

  • Жас ұрпақты тәрбиелеудің әлеуметтік маңызы мен болашағын

қоғамның түсінуін өзектендіру;

  • Тәрбиенің міндеттерін жүзеге асыруда интеллектуалдық,

ұйымдастырушылық-педагогикалық, кадрлық, экономикалық, әдістемелік және т. б. ресурстарды шоғырландыру;

  • Балалар мен жасөспірімдердің және жастардың түрлі әлеуметті топтармен өзара қарым-қатынасты реттеуінде жауапты шешім қабылдай алатын және өзіне жетекшілік рөл ала білетін, дербес жеке тұлға ретінде ашық ақпараттық, білікті, іскерлік және коммуникативтік әлеуметтік кеңістік құруды ұйымдастыру;
  • Жас қазақстандықтарды толеранттық құндылықтар, келісімділік пен ұлтаралық қатынас мәдениеті негізінде тәрбиелеу;
  • Балалар мен жастардың қоршаған ортаға, қоғамға, табиғатқа оң көзқарасын қалыптастыруға мүмкіндік туғызу, әлеуметтік-педагогикалық жағдай жасау және т. б.

Тәрбиенің мақсаты

Үздіксіз білім беру жүйесінде мектеп жасына дейінгі балалардың және білім алушылардың Қазақстан Республикасының азаматтары және патриоттары ретінде қалыптасуы мен өзін-өздері тануларына, әлеуметтенуіне, болашақ мамандық иесі болып, кәсіби, интеллектуалды және әлеуметтік шығармашылыққа жетуіне оңтайлы жағдай жасау.

Тәрбиенің міндеттері

  • білім беру ұйымдарында денсаулығы зор, рухани дүниесі бай, адамгершілікті, тәуелсіз жеке тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін тәрбие жүйесін құру және дамыту;
  • балалар мен жастарды азаматтылыққа, отансүйгіштікке, зиялылыққа, адам құқықтары мен бостандықтарын, мемлекеттік рәміздер мен ұлттық дәстүрлерді сыйлауға тәрбиелеу;
  • өзінің және қоғамның, болашақ ұрпақ алдында әлеуметтік, табиғи және мәдени ортадағы өз іс-әрекетінің нәтижесі үшін жауапкершілікті сезінуде гуманистік дүниетанымын қалыптастыру және т. б.

Тәрбиенің басым бағыттары

  1. Азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік
  2. Рухани-адамгершілік
  3. Отбасы тәрбиесі
  4. Өзін-өзі тану мен өзін-өзі дамыту қажеттілігін қалыптастыру
  5. Әлеуметтік-мәнді және жеке қасиеттерін қалыптастыру
  6. Коммуникативті мәдениетті қалыптастыру
  7. Экологиялық
  8. Эстетикалық
  9. Дене тәрбиесі мен салауатты өмір сүру салтын және денсаулық қорғаушы орта қалыптастыру
  10. Еңбек және экономикалық
  11. Кәсіби-шығармашылық
  12. Интеллектуалды мәдениетті дамыту

Тұжырымдаманы орындаудан күтілетін нәтижелер

  • тәрбиенің басымдығы мен маңызын қоғам сезінеді, тәрбиенің

қоғамдағы мәртебесі нақты бекітіледі;

  • білім беру жүйесінің барлық деңгейінде тәрбиенің үздіксіздігі

және сабақтастығы қамтамасыз етіледі;

  • балалардың, жасөспірімдердің және жастардың тәрбиелілігін

жоғары деңгейге жеткізеді;

  • салауатты өмір сүру салтын норма ретінде бекітеді;
  • қоғамның рухани және адамгершілік деңгейі жоғарылайды;
  • барлық деңгейлі білім беру ұйымдарында қолданыстағы өзін-өзі

дамытушы тәрбие жүйелері қамтамасыз етіледі

1. 2. Практикалық бөлім

  1. Пікірлесу. Тақырып: « Ел тірегі- тәуелсіздік »

а) «Тәуелсіздік» деген не? - сұрағы қойылады, оқушылар ойлана отырып өз пікірін айтады.

б) 20 жыл не берді? - осы 20 жылдық мереке қарсаңында елімізде көптеген мерекелік шаралар тарихи мағыналы көріністердің куәсі болдық.

в) «Көшбасшы . . . бұл кім? -

халықты біріктіруші хан Н. Ә. назарбаев

ел мақтаны

Ел қорғаны Басқарушы

көшін бастаушы

елді аузына халыққа үлгі

қарататын адам

Тиімділігі: Білімі толық қамтылады, ұмытылған көптеген тарихты еске түсіреді.

Оқушыларды неге үйретеді: Еліне деген жауапкершілікке, жан - жақты оқушы болуға үйретеді.

Нәтиже: Оқушыларға ой салынады, білімі анықталады, қызығушылығы артады, партиоттық сезімі күшейеді, болашақта мамандық тандауда тиімді жолдарын таба алады.

«Жақсының жақсылығын айт нұры тассын,

Жаманың жамандығын айт құты қашсын» - дегендей, ел басының барлық халқы үшін жасаған еңбегін айпай кету мүмкін емес.

  1. Мақал-мәтелдің мағынасын ашу.

а) Ырыс алды - ынтымақ. (Ымырашылдық, ынтымақтың арқасында біз 20 жылдық мерекені атап өтудеміз. )

б) Халық - кеуде, патша - бас. ( Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің халқының арқасында көш басшылық жасап отыр. Оның барлық жарлығын халқы қолдауда. Назарбаев халқын өзіне қарата білді, себебі ол кісі басқа елдермен тығыз байланыста)

в) Қатты жерде қақ тұрар,

Ынсапты елде бақ тұрар. ( Елбасын әр қашанда қолдап тұрар болсақ, бағымыздың тұрақты болатынына сенімдіміз) .

г) Татулық - байлық (Еліміздің байлыған игере алуымыздың бірден бір себебі осы татулық қасиетінің арқасы деп білеміз) .

ғ) Ер есімі - ел есінде. (Қазақстан тарихында өшпес алтын әріппен Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев мәңгі ел есінде қалады)

Тиімділігі: тіл байлығы дамиды, ұлт жандылыққа, ҚР тарихын, тәуелсіздікті бүгінгі өмірімен байланыстыра отырып мәнін ашуға үйретеді.

Оқушыларды неге үйретеді: елін жерін сүйуге, ұлт жандылыққа тәбиелейді.

Нәтиже: ұлттық құндылықтарды бағалауға үйренеді.

  1. Жәрмеңке (қолөнер көрмесі) . Пластилиннен сурет, ағаш, мата, т. б. материалдардан жасалған, «Тәуелсіздікке сый» сұлбасы.

Тиімділігі: шығармашылық қабілеті дамиды, оқушылардың ой өрісі артады.

Оқушыларды неге үйретеді: сұлулыққа, әсемдікке, еңбекқорлыққа, шыдамдылыққа үйретеді.

Нәтиже: Шығармашыл, еңбекқор оқушы қалыптасады.

  1. Патриоттық әндер байқауы, шеру.

Бұл ұсыныс арқылы оқушыларды еліміздің патриоттық әндерін насихаттау.

Тиімділігі: дарынды, өнерлі бала табуға көмектеседі.

Оқушыларды неге үйретеді: өнерлі, шығармашыл болуға үйретеді.

Нәтиже: дарынды, өнерлі, жан-жақты бала анықталады. Патриоттық әндер оқушы жадында сақталады. Өнерге деген құштарлығы артады.

  1. Суретпен жұмыс. «Суреттер сөйлейді»

Дайын суреттер бойынша ойын айту

Тиімділігі: Баланың есте сақтау қабілеті артады.

Оқушыларды неге үйретеді: біреудің ойын түсінуге, суретке қарау арқылы сурет салушы адамның қандай екенін біле алады.

Нәтиже: суретті сөйлете біледі, ойлау, шығармашылық қабілеті дамиды, тіл байлығы дамиды, қиялдау қабілетін дамытады.

  1. Баяндама (Конференция)

Қазақтың көрнекті тұлғалары:

Н. Ә. Назарбаев

Абылай хан

Қайрат Рысқұлов

Ә. Кекілбаев

Тәуелсіздік жолында тер төккен қазақ тұлғалары.

Тиімділігі: оқушы ізденеді, өз бетімен жұмыс жасауға үйренеді, жауапкершілігі артады.

Оқушыларды неге үйретеді: қиындыққа мойымауға үйретеді, өжеттіліке, қайсарлыққа, батырлыққа тәрбиелейді.

Нәтиже: Осы аталған тұлғалардың өмірімен танысады.

  1. Тренингтер.
  1. Жағдаяттар.

1) Сенің сыныбыңда әр түрлі ұлт өкілдері оқиды. Олардың арасында ұрыс туындаса не істейсің?

  1. Сенің бір досың «алаңға ту бекер қойылған, орнына ескерткіш қою керек еді» деген пікір айтты. Сенің әрекетің?
  1. Танысу (доп лақтыру)

а) Атың кім? (6 оқушы)

ә) Сен кімсің? (оқушы, бала, азамат)

б) Сен қандай оқушысың? (тәртіпті, озат, т. б. )

в) Оған қалай жеттің?

Енді дәл осы тренингті өз мақсатымызға сай тақырыптық жағынан өзгертуге болады.

а) Сенің елің? (Қазақстан)

ә) Қазақстан - ол не? (Мемлекет, отаным, атамекенім, туған жерім, жер кіндігі)

б) Ол қандай мемлекет? (Бірлігі мықты, бейбіт, зайрылы, тәуелсіз, егеменді, демократиялы, жасампаз, т. б. )

в) Қазақстан бұл дәрежеге қалай жетті? (Елбасының саясатының арқасында, халық бірлігі арқылы, еңбекқорлығы нәтижесінде, мақсат қоя білуі арқылы)

  1. «Менің есімім»

Туған ел тарихымен байланысты ма?

Мақсаты: оқушыларды өз-өзіне жауапкершілікпен қарауға үйретеді.

Қазіргі мектеп оқушылары тәуелсіз ел ұрпақтары. Ендеше, оладың аттары да қазақ тарихымен байланысты болуы мүмкін. Мәселен, Томирис, Бекарыс, Бейбарыс, Нұрсұлтан, Абылай, Темірлан, Шыңғыс, т. б. аттар жиі кездеседі.

Тиімділігі: баланың машықтандырады, сергітеді, қызықтырады.

Оқушыларды неге үйретеді: өзін-өзі тануға, білуге, ізденуге үйретеді.

Нәтиже: ойын ашық айта біледі, өзін құрметтеуге, бағалауға үйретеді.

  1. Тарихи - мәдени кеш«Тәуелсіздік - ту етер жалғыз кие».

Сахналанған қойылым, мәнерлеп оқу, жас ақындар, күй, қазақ биі, патриоттық әндерді пайдаланып үлкен кеш өткізу. Кеш өткізерде үлкен дайындықпен өткізу.

Тиімділігі: Уақытты үнемдеу, осы кеш арқылы баланың жан-жақты алған білімін бекіту.

Оқушыларды неге үйретеді: Өнерлі болуға, еліне деген сүйіспеншілін, жауапкершілігін арттырады.

Нәтиже: Эстетикалық тәрбие, сахна мәдениетін біледі. Дарынды баланы анықтайды.

  1. Кездесу.

Ә. Кекілбаев - тәуелсіздік жайында сындарлы пікір айтып жүр.

К. Ыбыраев - патриоттық әндер жазып жүр.

С. Нұржанов - «Тәуелсіздік - ту етер жалғыз кие» өлеңінің авторы.

Тиімділігі: осы тұлғалардан үлгі алады, олардың отанға деген патриоттық сезімін өз аузынан естиді.

Оқушыларды неге үйретеді: отанға деген үлес қосуға ынтасын арттырады, жауапкершілікті дамытады.

Нәтиже: үлкенді құрметтеуге үйретеді. Осы кісілердіғң жақсы жақтарын өз өміріне қолдануға үйренеді.

ІІІ. Қорытынды

Отансүйгіштік сезімі туа біте пайда болатын қасиет. Сәбидің бойында ең алдымен анасына, өз отбасына, өз үйіне, туған жеріне деген жылы сезімнен бастау алатын, тұлға есейген сайын біртіндеп ұлт, халық, әлеумет, мемлекет деңгейіне көтеріле беретін бұл сезім адамның бүкіл ғұмырына жалғасып жатады. Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіз мемлекет екендігін бүкіл әлемге дәлелдеді. Енді басты міндет - осы мемлекеттің өркендеп өсуі, халықтың әлеуметтік, экономикалық жағдайын көтеру. Қазақстанды - Отаным деп таныған әрбір азаматтың осыған өз мүмкіндігінше үлес қосуы тиіс. Мұның басты шарттарының идеяларын Н. Ә. Назарбаев өзінің «Қазақстан- 2030» Жолдауында «біздің балаларымыз бен немерелеріміз бабаларының игі дәстүрін сақтай отырып қазіргі заманғы нарықтық экономика өркендеу үстіндегі күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады» деп нақты көрсеткен болатын. 2010-2011 жылдар Қазақстан үшін елеулі тарихи оқиғаға толы жыл болды. Бұл жылы біз дамыған әлем мемлекеттерінің қатарында басымызды жоғары көтеріп, аяғымыздан нық тұрып өз күшімізбен қуатымызды әлем алдында көрсете алдық. ОБСЕ-ге төраға етіп көптеген мемлекеттердің арасындағы саяси шиеленістерді шештік. 1-2 желтоқсан аралығында Елордамыз Астана қаласындағы самиттің тарихи маңызы өте зор, себебі болашақ - ұрпақтың көкірегінде патриоттық сезімнің алаулап ұшуына үлкен септігін тигізді. 7-ші қысқы Азия ойындары халықтың спортқа деген қызығушылығын, салауатты өмір салтын ұстанатын, рухы таза - бойы әсем, жігері берік ел екендігін көрсетті.

Отанымыздың аумағының бүтіндігін сақтау, халықтың тыныштығын алатын лаңкестермен қарсы ұйымшылдықпен күрес, мемлекеттерге қауіп төндіретін кез келген сыртқы және ішкі күштерге қарсы тұрудың өзі жастардың отаншылдық рухта тәрбиелеу міндетін жүктейді.


Ұқсас жұмыстар
Ұлттық тәрбие
Ағылшын тілінде сөйлейтін елдер
Оқушыларға әскери - патриоттық тәрбие берудің маңызы
Жас ұрпақтың бойына патриоттық сезімді қалыптастыру
Шығармашылық жұмыстар – оқушы дарынын қалыптастырудың негізгі көзі
Бастауыш сынып оқушыларын ана тілі сабағы арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу. дипломдық жұмыс
Оқушылардың мемлекеттік рәміздерге деген құрмет сезімін тәрбиелеу
1000 метрге жүгіру. 8 сынып
Пәнге деген қызығушылық - оқып - үйренудегі жетістік негізі
Оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру жолдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz