Сабақ жоспары :: Қазақ тілі
Файл қосу
Ұстаздық тұлға Ұстаздық еткенің, Білім дәнін еккенің
Ұстаздық тұлға
Ұстаздық еткенің,
Білім дәнін еккенің.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүріңдер-
бүгінгі мектеп оқушылары , мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол
деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелген міндет ауыр» деген болатын.
Еңбек жолы жеңіл болмағанымен, бұл мамандық иесінің әр жеткен
жетістіктен рахаттанып, әр оқушының ақ жарқын күлкісінен өзіне бақыт
нұрын сезінуге мүмкіндігі мол.
Ұстаз! Мен үшін осы сөздің өзінде қаншама мән-мағына, күш құдіретті,
қасиетті ұғым жатыр. Ұстаз алдынан өтпейтін ешкім жоқ. Жақсы мұғалім-
мектептің жүрегі,-деген Ы.Алтынсарин атамыз. Жүрексіз өмір болмаса,
мұғалімсіз білімнің, тәрбиенің іске аспайтыны белгілі. Өмірдегі қоғам
қайраткері, небір данышпан адамдар, ғарышкерлер, қарапайым еңбеккерлер бәрі
де ұстаздан білім нәрін алған. Өйткені мұғалім елдің ертеңгі тізгінін
ұстайтын ұрпақты тәрбиелейді. Ал жас өркеннің қалай болып өсуі ұстаздан
алған тәлім-тәрбиесіне байланысты екендігі белгілі.
Мектепте білім беру жауапты іс. Өйткені, мектеп арқылы жеке тұлға
тәрбиеленеді. Бүгінгі мектеп оқушысы ертеңгі ел тізгінін ұстайтын азамат.
Бастауыш мектептің негізгі міндеті – жеке тұлғаны дамытып, оның
алғашқы қалыптасуын қамтамасыз ету, білімге деген сенімін нығайту,
іскерлігі мен дүниетанымын қалыптастыру, оқуға деген қызығушылығын оятып,
ынтасын арттыру болып табылады. Ендеше, осы міндеттерді жүзеге асыратын
басты тұлға ұстаз. Тек мықты ұстаз ғана ауыр жүкті алып жүре алады.
Егеменді еліміздің дүние жүзі елдерімен терезесі тең болу үшін
оның негізгі тұтқасын ұстайтын дүние әлемін шарлайтын біздің дарынды да,
қабілетті ұландарымыз. Халқымыз « Басында бұлағы бар өзен ұзақ ағады» -
деп бекер айтпаған.
Нағыз мұғалім болу-үлкен абырой, зор еңбек, ішкі қажеттілік және
балаларға деген жалындаған махаббат. Ұстаз деген атаққа ие болудың өзі бір
бақыт. Қай заманда болмасын, ұстаз үздіксіз ізденуші, ұшқыр ойлы болуы
тиіс деп ойлаймын.
Мектеп табалдырығын тарыдай болып аттаған бүлдіршіндері білім
тұңғиығына еркін сүңгісе, шәкірттері білім додасында қатарласынан оза
шауып, оң нәтижеге қол жеткізіп жатса, ұстазға бұдан артық қуаныш бар ма?
Кезінде ұлы ғұламалардың бірі «Баланың бақыты жақсы ұстаздың қолында»
деген екен. Бұл қанатты сөз ешқашан өзінің мәнін жойған емес. Сондықтан
ертең ел тұтқасын ұстайтын бүгінгі жас ұрпақтың болашағы бірінші кезекте
мұғалімнің берген білімі мен тәлім-тәрбиесіне тікелей байланысты деп
ойлаймын.
Мұғалімнің тәрбие мен білім беру жолында атқарған адал еңбектері ғана
жас азаматтардың өмір жолдарына шуақ шаша алып, дұрыс бағыт бере алады.
Сұлтанова Сандуғаш
Ө.Жаңабаев атындағы орта мектептің
бастауыш сынып мұғалімі.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz