Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Су асты патшалығына ойша саяхат

Су асты патшалығына ойша саяхат.
(Оқушылардан шеңбер құрып отыруды, қолдарын тізесіне немесе үстел үстіне
қоюды, аяқтарын айқастырмауды өтініңіз. Арқаларын тік ұстауын қадағалаңыз.
Жайлы, баяу музыка қойыңыз).
Мұғалім: Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз;
денеіңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.
Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл
шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды
сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин
екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте
әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына
отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып
отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-
жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған
әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді,
суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор
балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор сегізаяқ. Су
асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда
неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.(Мұғалім бірнеше
секунд үнсіз қалады).
Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға
жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ
түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері
қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің
арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін
ризашылық білдіріңіз.
Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң
көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.

Минута позитивного настроя мысленное путешествие в подводное царство
(Попросите учеников сесть в круг, руки на коленях или на столе, ноги не
скрещиваются. Следите за тем, чтобы они держали спину прямо. Включите
негромкую спокойную музыку).
Учитель: Закройте глаза и сделайте несколько глубоких вдохов; расслабьте
тело. Через несколько секунд мы отправляемся в путешествие на дно моря.
Представьте, что вы идете по берегу моря (вдоль берега). Послушайте
(прислушайтесь) к мягкому всплеску волн и крику чаек. Почувствуйте песок
под босыми ногами. На расстоянии вы видите черную точку: когда она
приближается, вы понимаете, что это дельфин. Он приплыл, чтобы взять вас с
собой на дно моря. Это очень деликатное существо, и он терпеливо ждет вас.
Медленно заберитесь к нему на спину, держитесь крепко и отправляйтесь в
путь. Как замечательно плыть под водой, когда вы чувствуете себя в
безопасности и удобно на спине у дельфина. Посмотрите вокруг: сколько здесь
ярких красивых, рыбок, скользящих как радуга туда-сюда. Опускаясь вглубь
моря, смотрите, как меняется все вокруг, сколько причудливых водорослей
покачивается в воде. Посмотрите, какие огромные попадаются рыбы, а теперь
поглядите вон туда ... это огромный осьминог. До чего забавный и
увлекательный мир здесь под водой. Заметили ли вы одну вещь? Какая здесь
глубокая, полная тишина. Побудьте в этом состоянии покоя. (Учитель может
помолчать несколько секунд).
А сейчас приготовьтесь в обратный путь наверх, в наш мир. Посмотрите как
следует вокруг. Рассмотрите еще раз все удивительные цвета и прислушайтесь
к тишине. Как освежающе действует на нас такой покой. Теперь дельфин
отправляется в обратный путь. Вы достигаете поверхности воды и
приближаетесь к берегу. Спуститесь с дельфина, погладьте его и
поблагодарите за то, что он взял вас в такое интересное путешествие.
Возвратитесь в класс и вернитесь на ваше место. Через несколько секунд
вы откроете глаза, но попробуйте сохранить в себе это ощущение покоя и
тишины.

Тыныс алуға зейін қою.
Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды
өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған
кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен
қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды
сыртқа шығарамыз.
Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз...,арқамызды
тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады...

Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет)

Немесе
1..................2

Тыныштық сәті. ОРМАНҒА ОЙША СЕРУЕН.

(Ескерту: егер бұл сабақ ашық алаңда өткізілсе, онда серуенді сыныпта
емес, бақтағы бір орыннан бастау керек).
Мұғалім: Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс
алыңыз. Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға
тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне
қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды
елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен желдің лебін және
бетіңізді сәл-пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре
бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут
тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз.
Гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін
салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені
бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер, гүлдер мен ағаштардың иісі,
құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы. Орманға ендей түсіңіз,
қараңызшы, ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті. Жарық пен көлеңкенің ойынын
қызықтаңыз, жапырақтардың сыбдырын тыңдаңыз. Біз өзімізді орманда бақытты
әрі қауіпсіз сезінеміз. Алаңқайға шығып, осында бірнеше минут демалыңыз.
Түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да оны
діңінен құшақтаңыз. Оның қуаттылығын сезініңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге
және ұғынуға тырысыңыз. Енді оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз.
Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның жым-жырт
тыныштығына көңіл бөліңіз. (Осы жерде мұғалім 1-2 минут үзіліс жасауына
болады).
Бізге қалайша жеңіл әрі тыныш және бақытты сезіну қандай. Табиғат
неткен ғажап, оны қалайша сүйетінімізді бен қадірлейтінімізді, бірде бір
тірі жәндікке зиян тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің өз
ағашыңыз бар екенін және кез келген уақытта оған келе алатыныңызды есте
ұстаңыз. Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыз. Орныңыздан тұрып, айналаға
тағы бір көз қырын салыңыз. Келген жолыңызбен кері қайтыңыз, жолыңыздағы
жәндіктерді басып кетпеңіз. Міне, мектептің алдына да келдік. Айналаңызға
тағы бір қараңыз, таза ауаны терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға
қайтып келіңіз. Осы жым-жырттық, тыныштық, қанағат сезімін өзіңізде
сақтаңыз. Көзіңізді ашып, Мен осындамын деп, күлімсіреңіз!

Концентрация на дыхании. Учитель: Прошу вас сесть прямо, не скрещивая
руки, ноги. Мы сейчас будем делать упражнение на дыхание. Когда мы
концентрируемся на дыхании, у нас успокаивается ум. При вдохе мы будем
вбирать в себя покой и радость. А при выдохе будем выдыхать из себя все
беспокойства.
Давайте приготовимся, ребята. Закроем глаза…, спинки прямо…, руки можно
положить на колени… Вдо-о-ох…, вы-ы-ыдох… (9-10 раз, медленно)

Минута позитивного настроя мысленная прогулка в лесу.

(Замечание: если этот урок проводится на открытом воздухе, то
воображаемую прогулку можно начать с какого-нибудь места в саду, а не из
класса).
Учитель: Сядьте, держа спину прямо. Закройте глаза и дышите глубоко. С
каждым вздохом старайтесь все больше расслабиться и стать спокойными.
Сейчас мы идем гулять в лес. Представьте, как вы идете к двери класса,
открываете дверь, проходите по коридору и выходите на улицу. Вдыхаете
свежий воздух, ощущаете дуновение ветра на волосах и лучи солнца, мягко
греющие лицо. Начинайте идти в сторону леса. Будьте осторожны, когда идете,
не наступайте на насекомых. Остановитесь на минуту и оглянитесь вокруг.
Ощутите красоту и свежесть природы. Подойдите к какому-нибудь цветку,
наклонитесь и посмотрите на него внимательно какой он хрупкий и тоненький.
Понюхайте его и вдохните его аромат. Идите дальше, замечая все, что есть
вокруг. Цвета, запахи цветов и деревьев, песни птиц и негромкое жужжание
насекомых. Углубляясь в лес, смотрите, как деревья становятся выше и
больше. Полюбуйтесь игрой света и тени, послушайте шелест листьев. В лесу
мы чувствуем себя счастливыми и в безопасности. Мы выходим на поляну, здесь
мы отдохнем несколько минут. Выберите дерево, под которым вам хочется
посидеть. Подойдите к дереву и обхватите руками его ствол. Ощутите, какой
он мощный, постарайтесь почувствовать и осознать энергию жизни, текущую в
нем. Теперь сядьте под ним, прислонившись спиной к стволу. Закройте глаза,
глубоко вдохните и обратите внимание на покой и тишину, которые окружают
нас. (В этом месте учитель может сделать паузу на 1-2 минуты). Как легко и
спокойно нам и какое ощущение счастья. Как удивительна природа, и мы
понимаем, как должны любить и уважать ее, заботясь о том, чтобы не
причинять зла ни одному живому существу. Помните о том, что это ваше
собственное дерево и вы можете вернуться к нему в любое время. А сейчас
приготовьтесь идти обратно в школу. Поднимитесь и бросьте вокруг еще один
взгляд. Медленно идите назад по той же тропинке, не наступая по пути на
насекомых. И вот мы дошли до дверей школы. Оглянитесь вокруг ещё раз,
глубоко вдохните свежий воздух, откройте дверь и вернитесь на свое место.
Сохраните в себе это чувство тишины, покоя и удовлетворенности. Откройте
глаза и улыбнитесь!

Ұқсас жұмыстар
Салауатты отбасы
Сабыр түбі - сары алтын
Отбасы татулығы
Қызыққа толы әлем
Соңғы тыныштық
Ішкі энергия
Кеңпейілділік пен жомарттық
Шындық сөзі
Соңғы тыныштық сәті
Мен елімнің азаматымын
Пәндер