Ата –анаммен бірге мерекедемін (ОҚО-ның 80 жылдық мерейтойы туралы)

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

№ 28 жалпы орта мектеп

Ашық тәрбие әрі бірлескен сабақтың тақырыбы:

«Ата -анаммен бірге мерекедемін»

(ОҚО-ның 80 жылдық мерейтойы туралы)

9 «В» сыныпта жүргізген сынып

жетекші Р. Б. Есенаманова

Шымкент қаласы, 2012 жыл

Ашық сабақтың тақырыбы: Ата -анаммен бірге мерекедемін

Сабақтың мақсаттары:

білімдік: көпшілік алдында дұрыс сөйлеуге, өңір таоихын тануға қарай дағдыны арттыру;

дамытушылық: тарихи мағлұматтарды қолдануға, ата -анасымен еркін тіл табысумен қатар

өңірді жарнама арқылы дәлдікпен танытуға, тіл дағдысына бейімдеу;

тәрбиелік : адами құндылықтарды, жаңаны тануды, үлкен алдында сыпайы жүріп -тұруды,

мереке мазмұнын әңгімелеумен туған ел -жерге құрметін танытуға, адалдыққа

қарай бағыттау, өзара сыйластыққа, қазақы қонақжайлылыққа баулу, осыларды

насихаттау.

Сабақтың көрнекіліктері, жабдықтары : интербелсенді тақтаға арналып жасалған аудардар туралы жарнамалар, тарихи

мәліметтер мен суреттер, буклеттер, домбыра, мақта май, ши мақта, қара үй макеті,

СД дискілер, сылдырмақ, есеп -шот, үкі, қамшы, отбасылардың тектері жазылған А4,

аудандардың атаулары берілген кеспелер, музыка аспаптары, жарнама үшін түрлі керек

жарақтар, шарлар мен фотоаппараттар, бейнекамера мен цитат сөздер

Сабақтың барысы мен кей мәліметтер: сабақ ата -ананың қатынасуы мен балалармен бірге аудандар тарихын танытуға

арналған мерекелік те, дәстүрлік те танымдық та үрдіс арқылы жүреді, сабаққа

басшылықты ата -анасы, отбасының басқа мүшесі өз қолдарына ала сыйластық пен

отбасы сыйластығын, балаға туған жердің қадірін танытуға, мектеп өміріне қатысуға

да, бала тәрбиесінің дұрыс арнамен баруына арналған ата -аналар жауапкершілігін

арналған ата -аналармен бірлескен жоба-сабақ

Сабақ жалпы алғанда мына ретпен әрі тәртіппен жүреді ( арнайы кеспеде үлгі амалдары берліген ), тәрбиелік мақсаттарында балаға ел мен жердің тарихын таныту көзделген. әрбір бірлескен жарнама жасау, көпшілікке кәде -сый тартуда қазақы бұру амалдары, ұлттық болмыстағы кей заттарды отбасыдан келесі отбасына тарту жасатумен, балаларға өлең оқыту, әндерді шырқату, досына қарап ата - анаға өз перзентін басқа қырынан тануға мүмкіндік тудыру, аудандарда өндірілетін өнімдердің тұрмысқа қалай жетуін, еңбекпен ғана адам баласы мақтана да, мақтаулы да бола алатынын, балаларға мерекеге қарай тілек сөзді білдіруге, қонаққа сыйлықты арнаумен ұсынуға тарту, адами құндылықтарды тануға ыңғайлануға тарту .

1. Мұғалімнің кіріспе сөзі мен қорытынды сөздері, мадақтаулар.

2. Ата -аналардың баласымен бірлікте жұмыс жасауына жағдай тудыра жарыс ұйымдастыру.

3. Әрбір белгіленген я жоспарланған жұмыс түріне сай бір ғана отбасына бағалау жүретінін таныту, соған лайық ықшамдық пен тапқырлықтың болуын тапсыру.

4. Қатынасушы әрбір отбасы мүшелері өзіндік сый -сияпатты бір - біріне ұсынғанда сыпайылылық пен жеке басты сыйлау әдептеріне лайық болуын қадағалау .

5. Мектеп басшылығынан я көрермендерден пікіорді тыңдау мәдениеті болуы тиістігін таныту, алғы жұмыстарды орындау.

«Ата -анаммен мерекедемін » атты бірлескен сабақтың жоспарынан ата -анаға дайындық амалдары үшін тапсырмалар:

р/с
берілетін тапсырма атауы
түсіндірмесі

қажет

заттары

уақыт

ықтимал

әрекеттер

р/с: 1
берілетін тапсырма атауы: Өз отбасымыз осындай
түсіндірмесі: Отбасын мақамдап, жарнамалап я бір шумақпен таныту
қажетзаттары: . . .
уақыт: 2 мин
ықтималәрекеттер: ән салу, би арқылы
р/с: 2
берілетін тапсырма атауы: Тақтаға назар салсаңыз . . .
түсіндірмесі: Домбыра, салттық әркеттер, Президент пен ОҚО туралы сұрақтар тұрады, жауапты іліп әкетумен өзге топтан озу керек
қажетзаттары: Жауап-ты ықшам-дау
уақыт: 1 + 1 минут-та
ықтималәрекеттер: көрнекілікті пайдаланса/да болады
р/с: 3
берілетін тапсырма атауы: Мына өнерлі бала кім болады?
түсіндірмесі: Ұл - қызыңыздың достарын аты - жөнін нақ атап, өнерліге алғыс білдіріңіз, ОҚО-ның 80 жылдығымен құттықтарсыз
қажетзаттары: оқушы-сының есімін атау
уақыт: 1 минут-тан
ықтималәрекеттер: мүмкін өзге сыныптан болар
р/с: 4
берілетін тапсырма атауы: Шымшыма сауалдар
түсіндірмесі: Педагогикалық әрі әзіл түріндегі кей сауалдарға тапқырлық көрсете жауаптассаңыз жарар еді «Перзентіңіз сабақтан 40 минут қана кешіккен-ді мұғалім сізден себебін сұрауда, не айтасыз? Тікенек сөзді ұлыңыз тағы да бір оқушыны ыңғайсыз әзілі арқылы жылатып алды да сіз соған тап болдыңыз, жылағанды жұбата алармысыз?тб»
қажетзаттары: Оқиға-дан амал тауып шығу
уақыт: 1+1 мин
ықтималәрекеттер: Аз сөйлеп саз айтсаңыз екен!
р/с: 5
берілетін тапсырма атауы: Өз ауданымыз - мерейіміз: « Жарнама, жарнама --- еттім әрекет қармана »
түсіндірмесі: ОҚО-ға қарасты бірнеше аудандарды кеспемен таңдап, солардың біріне жарнама жасауыңыз керек, өнімін, халқын, өндірісі мен табиғатын, сол туралы шығарманы атап дегендей мақтаныңыздар
қажетзаттары: Арна-уы, мақалы, тарихи әңгімесі
уақыт: 3 мин
ықтималәрекеттер: өлең, эссе, шағын сюжетті суреттер
р/с: 6
берілетін тапсырма атауы: Сый-кәде ұсынсақ
түсіндірмесі: домбыра, қара үй, үкі, пышақ, есеп-шот, қамшы, ОҚО-ның атақты жерлері туралы картиналар
қажетзаттары: кәдені жарата айтыңы
уақыт: 2 мин
ықтималәрекеттер:

ауылдың алтыауызы

я арнаумен бұруыңыз керек

р/с: 7
берілетін тапсырма атауы: Сынып жетекшімен сырлассақ
түсіндірмесі: Бүгін қай мерекедесіз?Осы бас қосуымыз Сіздерге не бере алды? «Атасы жақсы жарға жықпас» дегенге қалай қарайсыз? Туған өлке тарихынан балаларыңыз деректер біледі деп таныдыңыз ба?
қажетзаттары: Жауап-та бала еңбегін атау
уақыт: 1+2 мин
ықтималәрекеттер: мақтауға, бата беруге даяр болыңыз

Ескерту: әрбір сөз алушы ата -ана мен оқушы ОҚО-ның 80 жылдықерейтойын тілге тиек етуі мен мерекеге сай киініп, көңіл күйі де мерекедегідей болуы, әзілі мен жауаптары да сай болуы керек!


Ұқсас жұмыстар
Махамбет Өтемісұлы туралы
Қазақстан компартиясы басқару жүйесіндегі тоқырау
Деңгейлік тапсырма
Балалар 1986 жылы желтоқсан оқиғасында қазақ жастарымыз көшеге
Оқо әкімшілік аумақтары мен тарихи ескерткіштері
Кураторлық сағатының тақырыбы
Киелі шаңырақтың өшпес естеліктері.
ХІХ ғасырдың аяғындағы 80 - 90 жж. реформалардың мазмұны
Кім Қайда Қашан
Абайдың суреттері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz