Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Руханият ордасы- кітапхана
Алматы облысы
Балқаш ауданы
Бақбақты ауылы
«№1 Жамбыл атындағы
орта мектебі»мкм
кітапхана меңгерушісі
Өнербекова Света
Бертілеуқызы
Тамыз кеңесі
Шығармашылық есеп
Тақырыбы:
Руханият ордасы- кітапхана
2015 жыл
Кітапхана – білім мен ғылым ордасы
Бұл демалуға,
ойлануға, әрине көп нәрсе
білуге болатын жер.
Кітапхана – ғылым отаны.
Руханият ордасы- кітапхана.
Кітапхана жұмысының мақсаты:
- Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан 2030
стратегиялық бағдарламасын басшылыққа ала отырып, жас ұрпақ зердесіне ұлтқа
тән рухани құндылығымызды ұялататын халықтық тәрбие тағылымдарын, салауатты
өмір салтын насихаттау;
- Ұлтымыздың сан ғасырлық өмір-тіршілігі тәжірибесі де қорытылып, үзілмес
рухани желі тартып келе жатқан озық салт-дәстүрлерін, өнер-білімдерін жан-
жақты тарату,
- Тілі мен дінінің, тарихы мен дүниетанымдылығын насихаттай отырып,
елжандылыққа, отансүюшілікке баулу;
- Егеменді еліміздің ертеңіне тіреу, іргесіне сүйеу болатын жастарымызды
жан-жақты жетілдіруге байланысты этнопедагогика, жантану, тарих, филология,
математика және т.б. ғылыми салалардағы тәжрибелерді, ғылыми зерттеулерді,
әдістемелік сипаттағы материалдарды үзбей насихаттау;
- Жастарымыздың ой-санасымен талғам таразысын жан-жақты дамуына әсер ететін
дүниежүзінде болып жатқан саяси жаңалықтармен үнемі хабардар ету .
Кітапхана жұмысының міндеті:
- Кітапханаға оқырмандарды үнемі тартып отыру;
- Кітапхананың қорын насихаттау;
- Оқырмандарға абонементте және оқу залында қызмет көрсету;
- Кітап қорын толықтыру;
- Кітап қорын ретке келтіре отырып, алфавиттік және жүйелі каталогтар
ұйымдастыру;
- Мәдени көпшілік жұмыстар жүргізу;.
- Оқу жылы бойы оқулықтармен, жаңа кітаптармен, борышкерлермен жұмыс
жүргізу;
- Мектепшілік өткізілетін жұмыстарға материалдар жинақтау;
- Жаңа әдеби кітаптардың ұсынба тізімдерін жасау.
Кітапханашының күнделікті жұмыс міндеті:
- Оқырмандарды кітапханаға жазу;
- Қарыз оқырмандардың формулярларын қарап,тізімін жасау;
- Баспасөз беттеріндегі ағымды жаңалықтар легіне карточкалар толтырып,
картатекаларды толтырып отыру.
Электронды оқулықтардың қоры
және оларды пайдалану
Кітап қоры жақсы қалыптасқан кітапханада, әр оқу жылында оқырмандар саны
артып, оқуға деген сұраныстар күшейе түсері сөзсіз. Мектеп кітапханасы
оқырманның сұраныстарын толық қанағаттандыра алады. Кітап қорында жоқ
материалдарды, қосымша іздену мақсатында интернет желісі қосылса артық
болмас еді. Мектеп кітапханасы қазіргі заманға сай мектептің оқу тәрбие
процесінің сұранымына толық жауап беруге тиісті. Электронды ақпараттану
қарқынды дамыған кезеңде, кітап қоры электронды оқулықтармен әр оқу жылында
толықтырылып отырылуы керек. Электронды оқулықтар пәндер бойынша
сыныптарына байланысты. Сондықтан әр мұғалім сабаққа пайдалана алады, ал
оқушы пайдалануға кітапханада жағдай жасалады.
Мектеп кітапханасы екінші қабатта орналасқан, кітап сақтайтын бөлмесі және
он орындық залы бар.
1. Компьютерлермен және электрондық оқулықтармен қамтылған;
2. Оқу залы қазіргі заманға сай жаңа технологиялық стендтермен,
мерекелік көрмелер стеляждарымен жабдықталған;
3. Оқушылар кез келген уақытта мектеп кітапханасында кітапхананың фондын
пайдалана алады;
4. Анықтамалық шығармаларды пайдаланып, өздеріне берілген тапсырмаларын
орындайды және баспасөз басылымдарын қарап, кітапханада отырып
дайындалады. Компьютермен электронды оқулықтарды оқиды;
5. Кітапханаға күніне 25-30 оқырман келеді, әсіресе жоғарғы сынып
оқушылары мен орта буын оқушылары.
Тәуелсіз елді өркениетті әлемге танытатын дамыған елдер қатарында
терезесі тең ететін күш- білім мен білімді ұрпақ. Қазіргі таңда жан-
жақты білім мен тәрбие берер еліміздегі бірден –бір руханият ордасы-
кітапхана. Оқушылардың рухани қазына кітапқа деген талап- тілегі мен
сұранысын қанағаттандыруды күннен – күнге жақсарта беру- уақыт талабы.
Жас ұрпақты тәрбиелеуде кітапхананың орны ерекше. Бүгінгі шәкірттер-
ертеңгі ел тұтқасы. Болашақ мамандардың көзі ашық, көкірегі ояу,
заман талабына сай тұлға болып қалыптасуына тигізер әсері мол.
Өйткені, тәрбие
мен тәлім егіз ұғым десек, тәрбие мен білім берудің жаңа жолын
кітапханадан табамыз.
Кітапхана- оқушылардың сапалы білімінің кепілі. Кітапхана-кітап
арқылы жеке адамның жан-жақты білім алуымен қатар патриоттық рухта
тәрбиеленуіне, саяси сапасына қалыптастырып, ғылыми, кәсіби, мәдени
дәрежесінің дамуына әсер ететін бірден-бір әлуметтік орын. Кітап
мұхитында бағыт табуға, рухани тәрбие мен патриоттық тәрбиеден
өмірлік азық алуға көмектесетін кітапхана мен кітапханашы.Жас ұрпақтың
бойында патриоттық, отансүйгіштік, адамгершілік, әділдік бауырмалдық
қасиеттерді қалыптастыруда кітапхананың маңызы орасан зор.
Кітап-адам баласының ақыл-ойын сақтап, оны ұрпақтан-ұрпаққа
жеткізіп отыратын,білім және тәрбие беретін құрал. Кітап сенің ақылшың,
досың, сырласың. Ең алғаш дүниеге келгенде анадан тәрбие алсаң, өсе келе ер
жетіп, мектепке келгенде қолыңа ұстап, білім көзін ашатын,өмір қызығын
көрсететін,дүниенің сырын ұқтыратын кілт- кітап екенін білесің. Кітап оқи
білу адамның есте сақтау, түсіну, ұмытпау қабілеттерін арттырады. Бұл
кітаптар қайдан шығатынын, онда қаншама кемеңгер адамдардың ойлары,
зерттеулері, пікірлері т.б. сақталатын қол жетпес алтын сандық десек те,
артық болмас. Міне осындай қолжазбаларды қалай күтіп ұстау керек екенін жиі-
жиі оқырмандарға насихаттап отырамыз.
«Жансызды жандандыратын, жандыны жаңғыртатын - кітап», екенін
білген, көптеген кітап сүйген оқырмандарымыз да бар. Іздегенін бізден
сұрап, сабақтан тыс кезде келіп, көркем-әдеби кітаптарды оқитын
оқырмандарымыз да аз емес. Міне осыған байланысты кітапхана күнделікті
статистикалық есеп жүргізіп отырады. Бұл есеп кітапхана қорының қозғалысы
мен оқырмандардың құрамын, санын айқындайды, кітап беру және
библиографиялық жұмыстың мөлшерін айқындауға мүмкіндік береді
Сіздердің назарларыңызға Стратегиялық жоспардың 2012-2015 жж. салыстырмалы
түрдегі соңғы нәтижелерінің талдауы беріліп отыр (слайдтар).
Мектеп кітапханасындағы кітап қорының деңгейі

|р/с |Оқу жылы |Жалпы кітап қоры |оқулық |
|1 |2012-2013 |20413 |11937 |
|2 |2013-2014 |20047 |12387 |
|3 |2014-2015 |19091 |11314 |
2011-2015 оқу жылындағы әдеби кітаптардың
оқылуының өсу деңгейі
Оқушыларды оқулықпен қамту
|№ |сыныптар |1 |2 |
|Оқырмандар |800 |812 |800 |
|Саны | | | |
|Кітапханаға |7274 |7300 |7274 |
|келуі | | | |
| Кітап берілімі |14500 |14600 |14500 |
Әдістемелік және оқулықпен қамтылуы
|Оқу жылы |2012-2013 |2013-2014 |2014-2015 |
|1-4 сынып |100% |100% |95 |
|5-9 сынып |88% |62% |90 |
|10-11сынып |100% |100% |95 |
Кітапхана қоры

|Кітапхана жалпы қоры |18713 |20047 |19091 |
|Оқулықтар, әдістемелік|11937 |12387 |11314 |
|құралдар | | |1450 |
|Көркем әдебиет |7491 |7564 |7564 |
|Электронды оқулық |61 |83 |89 |
|Газет- журнал |12 |13 |13 |
Кітапханадағы негізгі құжаттар:
1. Мектеп кітапханасының қызметін реттейтін, басшылыққа алатын
нормативтік құжаттар.
2. Кітапхананың жылдық ,айлық жоспарлары
3. Кітапхана жұмысының жылдық есебі.
4. Кітапхана қорының өсуінің жинақ есебі (құн есеп)
5. Кітапхана қорын жинақтау толықтыру кітаптары
6. Әдебиеттерді кітапхана қорынан шығару.
7. Кітапхана жұмысының күнделігі.
8. Оқулықтарды оқу қорынан шығару кесімдері.
9. Мүлік кітаптары
Педагогика қызметкерлері үшін әдістемелік оқу құралдары да
жеткілікті: Осы оқу жылына 1020 дана әдістемелік нұсқаулар, анықтамалар,
кестелер.Ұстаздарға арналған әдістемелік , ғылыми-танымдық оқулықтарды
мұғалімдер күнделікті сабақтарына үнемі қолданып отырады.
Жылдан жылға қызықты әдеби-көркем кітаптарымызбен оқырмандарымызды
қамтамсыз етілуі саны өсіп келеді. Оқырмандардың кітап оқу мәдениетінің
дәрежесін көтеру, әдебиеттерді кеңірек қолдануды насихаттау шараларын
тиімді ұйымдастыруды басшылыққа алды. Әдебиеттерді насихаттау үш тақырыптық
кітап көрмелері ұйымдастырылды. Мысалы: « Туған елге ту болған-
Тәуелсіздік», «Ұлт тірегі тіл », оқырмандардың жас ерекшеліктеріне қарай
бүлдіршіндерге арналған « Ертегілер ордасы», 5-8 сынып оқушылары қызығып
оқитын «қызықты әңгімелер» атты кітап көрмелері ұйымдастырылды. Биылғы оқу
жылындағы кітап көрмелері: «Қазақстан туған атамекенім», «Жаңа әлемдегі
Қазақстан», оқырмаларды туған жер тарихымен, экономикасы , өмірімен кеңінен
таныстыра алады. «Тарих тағылымы»әдебиеттер сөресінде ерте заманнан бастап,
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тарихымызға байланысты әдебиеттер
топтастырылған. «Айбарлы Ата Заң» сөресінде заң және құқық туралы кітаптар
бар. «Фантастика әлемінде» кітап сөресі оқырмандарға қызықты әңгімелер және
хикаяттар ұсынады. Бастауыш сынып оқушыларына арналған әдебиеттер
«Ертегілер елінде»атты кітап көрмесінде орналасқан. «Табиғат тал бесік
»кітап көрмесі экология тақырыбына арналған.
Оқырмандарды кітапхана ережесімен таныстыратын: «Кітапхана ережесі»
атты көрнекі құрал ілінген. Мерзімді баспасөз басылымдарына арналған
мақалалар газет-журнал мақалаларының картотекасында берілген. Оқырмандар
қажетті мәліметті тақырыптық тігінділер арқылы іздестіре алады.
Оқушылармен өткізілген әңгімелер әр түрлі тақырыптарға арналған: «Туған
тілім- тағдырым» көрме, «Тіл елімнің тірегі» бүктеме, «Мақсұтым- тіл
ұстатып, өнер шашпақ» әдеби кеш, «Руханият- өзегі тіл» мақалалар папкасы,
«Мемлекеттік тіл- ұлттық бірегейліктің негізі» биб/лық дайджест, «Бабамнан
қалған мұра киелім ең» сауалнама. «Рухани уыз-кітаппен» , «Сәлем сөздің
анасы», «Темекі шегу- зиянды әдет», «ЖҚТБ» туралы не білеміз?» .
Балалардың жеке мәдениетін қалыптастыруға ықпал ету, өнегелі эстетикалық
тәрбие беру мақсатында : «Әдептілікке жатпайтын әдеттер » «Алдымен
ардақта ата- атаңды» атты әңгімелер өткізіліп, тақырыпқа байланысты
кітаптар ұсынылды.
Оқушыларға оқулықтардың сақталуы, ұсталуы туралы, мемлекет мүлкіне
ұқыптылықпен қарап, көңіл бөлуге тәрбиелеу мақсатында: « Кітапты аяла»,
«Кітаптарға ұзақ ғұмыр тілеймін», « Оқушыларды ұқыптылыққа тәрбиелеу» атты
әңгімелер өткізілді.
Оқушылардың кітапханалық- библиографиялық білімін қалыптастыру
мақсатында анықтамалармен, сөздіктермен, энциклопедиялармен жұмыс жасай
білуге, каталог, картотекаларды қолдана білуге үйрету үшін кітапханалық
сабақтар өткізілді.
Қазан айында жыл сайын 1- сынып оқушылары кітапханамен танысады.Балалар
«Ақылды кітапқа қонаққа бару»атты кітаптар әлемімен кездеседі. Жалпы шолу
жасалынып, ертегі кітаптармен таныстырылады.
Тәуелсіздік алғалы бергі жеке мемлекет ретінде күнтізбеміздің парағына
«1-желтоқсан Тұңғыш Президент күні» деген жаңа мереке жазылды. Қазақстан
Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаев- қоғамды
топтастырушы басты тұлға. Бұл сан ғасырлар бабалар аңсаған еркіндікке
қолымыз жеткенде елінің көшін бастап, тізгінін ұстап, қиын- қыстау кезеңнен
туған халқын, жарқын болашақ, жайдарлы күнге алып келген еліміздің Тұңғыш
Президенті, Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевқа деген үлкен құрметтің бірі.
Қазақстанның қарыштап дамуы, тәуелсіздік тұғырының берік болуы мемлекет
басшысы Н.Ә. Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты. Н.Назарбаевтың
сарабдал саясатының жемісі, халқымыздың бірлігі мен ынтымағының
жарасқандығының айқын белгісі деп айтуға негіз бар. Ол- халқым аман,
бейбітшілікте, бірлікте болсын деген ұлы мақсат. Елбасы болашақтың өзекті
мәселесі мен өркендеудің нақты жоспарын жасақтап, сол мақсаттарға қол
жеткізу үшін жағдай туғызды. Осыған орай кітапханада «Елбасы жасампаздық
пен жарқын болашақ кепілі» кеш, «Тәуелсіздік тарихы- достық пен келісім»
биб/лық дайджест, «Ұлылыққа тағзым- ұрпаққа тағылым» көрме, «Елі сүйген
Елбасы» көрме, «Түркі әлемінің тарланы» әдеби танымдық кеш өтті.
Тәуелсіздік күніне орай «Арманымның тәтті мұны, азаттықтың нақ тұғыры»
әдеби- тарихи композ/лық кеш, «Тәуелсіз еліміздің нұрлы таңы» көрме
ұйымдастырылды.
Көркем әдебиетті насихаттау мақсатында Мағжан Жұмабаев осы бір есім
елге таныс болғаннан бері «Мен қазақпын» деген азаматтың бір селт етпейтіні
жоқ шығар. Өйткені, басына ажал оғы таяп тұрса да, айбынды ақын алған
бетінен бір
қайтпай, елінің егемендігі мен ұлтының бақытын жырлаудан тайынбай өткені
баршаға мәлім. Мағжан Жұмабаев елін ездіктен ерлікке, қараңғылықтан
білімнің
биік шыңына шақырып, артына өлмес мұра қалдырды. Осының айғағы ретінде
«Жұлдыздай аққан жыр ғұмыр» атты көрме қойылды.
«Алтайдың Кербұғысы» атанған даңқты жазушысы Оралхан Бөкейдің -70 жылдық
мерей тойы да келіп жетті, осыған орай кітапханада мектеп оқушыларының
қатысуымен «Өр Алтайдың өр мінез ақыны» атты әдеби кеш, «Алтайдың
Кербұғысы» атты кітап көрме ұйымдластырылды. Белгілі жазушы Қазақстан
Республикасы Мем лекеттік сыйлығының иегері Әкім Таразидің 80 жылдық мерей
тойына орай «Қазына кеудем тозбасын» кітап көрме, биік реализм мен терең
психологизм жазушысы Тахауи Ахтановтың 90 жылдығына орай кітап көрме
ұйымдастырылды. Қазақ балалар әдебиетінің ақсақалы М.Әлімбаевтың 90
жылдығына библиографиялық шолу жасалды.
Халқымыздың біртуар азаматы Д.А.Қонаевтың еңбегін ел жақсы біледі,
жақсы бағалайды. Бүкіл Қазақстан жұртшылығы тәрізді, Балқаш елі де қазақтың
дара да, дана перзенті, ХХ ғасыр адамы атанған ірі қоғам қайраткері, елу
жылдан аса мемлекет басшысы болған Д.А.Қонаевтың туған күніне орай еске алу
кеші өткізілді. «Қазақтың бағын асырған, асқақта дана, ұлы адам» әдеби-
тарихи кеш, «Тарихи тұлғаға тағзым» кітап көрме ұйымдастырылды.
«Ауданымыздың ақын- жазушылары» кітап көрме.
Дарабоз ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай «Поэзия әлемі» кітап
көрме, «Мұқағали- қазақ поэзиясының Хантәңірі» атты әдеби сазды кеш өтті.
«Алатаудың әйгілі Жамбылымын,Өлең сөздің дария даңғылымын», деп теңіздей
терең де, тұнық, бұлақтай сұлуда мөлдір жырлары ғасыр көшіне ілестірген жыр
алыбы Жамбыл бабамыздың сарқылмас қазынадай бай мұрасы өмір керуенінен бір
сәтте қалып көрген емес. Осыған орай кітапханада «Жамбыл- менің жай атым,
халқым менің шын атым» атты әдеби кеш өтеді, «Жыр бұлағы- Жамбыл» кітап
көрмесі ұйымдастырылды. Қазақ хандығына- 550 жылдығына орай «Қазақ хандығын
құрушылар» ауызша журнал және «Қазақ хандығының шежіресі» атты кітап көрме
ұйымдастырылды.
Қазақстан халқы ассамблеясына 20 жылдығына орай сәуір айында "Ұлттар
достастығы" атты фестиваль өтті. Фестиваль барысында корей, орыс, неміс,
шешен, украин, өзбек халықтарының өнері, салт - дәстүрлерінен көрініс
көрсетіліп, ұлттық тағамдары насихатталды.
Ұлы Жеңістің-70 жылдығына «Ұлы таулар аласармайды Ұлы есімдер
ұмытылмайды»тақырыбында әдеби кеш болып өтті.Оқушылардың бойына Ұлы Жеңісті
дәріптей отырып, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілігін, қасиеттерін
арттыру туған елін қорғай білуге тәрбиелеу мақсатында оқушылардың
қатысуымен әдеби кеші болып өтті.
Мектеп кітапханасы – мектептің жүрегі, бір бөлігі. Жаңа заман компьютер
дәуірі болғанымен рухани азық іздеген, көзі ашық, көкірегі ояу әрбір
адамның келер шаңырағы-кітапхана.Сондықтан да , мектеп кітапханасын – білім
беру мекемелерінің ақпараттық орталығы деп айтамыз.
Кітап оқу мәдениетін қалыптастыру- бұл кітапхананың алдына қойған
мақсаты. Оқушыларды оқырман ретінде кітапханаға тарту,оқырманның
әдебиетке деген қызығушылығын арттыру, білімнің қайнар бұлағы кітапты
насихаттау мақсатында кітапханада жұмыстар атқарылады.
Кітап – әлемдегі ұлы күш. Ол сананы нұрға бөлеуші. Кітапқа қызықтыру –
білімге қызықтыру. Ата тарих пен ұлттық сананы калыптастыру. «Жақсы кітап
оқу – жақсы адаммен сырласқанмен бірдей» деп Л.Толстой айтқандай, оқу-
білімсіз, рухани демеусіз, тәлім-тәрбиесіз ешкім де алысқа ұзай алмайды.
Кітапхана біздің рухани құндылығымыз, теңдесіз байлығымыз. Замандардың
өрнектеріндей тарихты да, әдебиетті де, басқа ғылым кереметтерін де содан
табамыз. Бала – болашағымыз, өсер ұрпақ өзгеден емес, өз ішімізден іздесе
мадақтар да, мақтанар да ұлы перзентіміз болмақ. Кітапхана қашан да ғажайып
қазына. Осы қазынадан нәр алып, оны бойына сіңіре білген жас ұрпақ –
Отанымыздың ертеңгі берік тірегі болмақ.
Өзімнің сөзімді қорытындылай келе және кітапхананың «Өзгерістерден басқаның
бәрі мәңгілік емес» ұстанымына сүйене отырып, «№1 Жамбыл атындағы орта
мектебі» мкм кітапханасы 2014-2015 оқу жылын жемісті, позитивті, маңызды
болды деп айта аламын. 2015-2016 оқу жылын кітапхана ұжымы алға қойған
негізгі миссиясын орындауға бар күш-жігерін салады, яғни өзінің
шығармашылық потенциалын дамытып, оқырмандар үшін барлық жағдайды жасай
отырып
балалар мен жасөспірімдер арасында ақпараттық-кітапханалық ресурстарды
насихаттауды белсенді жүргізеді.
Өмірде бар нәрсе өзгереді, тек кітапхана халық қажетіне жарап, ғасырлар
бойы жасамақ. Осы құндылығымыз ешқашан жоғалмай, келешек ұрпақ осы асыл
қазынамыздан нәр алып, сусындай берсін.
Ел Президентінің «Қазақстан-2030» бағдарламасында:
«ХХІ ғасырда білімсіз өмір сүру мүмкін емес, халықты салауатты да, сауатты
өмірге бағыттауымыз керек» деген сөздері бүгінгі ұрпақ, ертеңгі ел
азаматтарына білім мен тәрбие берер жандарға міндеттелген тапсырма іспетті.
Бүгінгі күні жас ұрпаққа берілер білім мен тәрбиенің өз мәнінде сапалы
болуы бірінші кезекте тұрғаны анық.
Осыған орай еліміздегі бірден бір руханият ордасы кітапхананың алар орны
ерекше. Тәуелсіз Қазақстанның келешегі жас ұрпақты тәрбиелеп отырған
мектеп дейтін болсақ, сол мектепте орналасқан кітапхана осы міндетті бірге
атқарады. «Кітап – адамзат мәдениетінің ең ұлы туындыларының бірі,
сондықтан да кейбірлерге тосын көрінгенімен кез - келген елдің мәдениетінің
ең бастасы - кітапхана.
Педагогикалық кеңестің шешімі бойынша № 43 бұйрық
Өзін-өзі аттестаттаудың қорытынды есебі
Мектеп кітапханасы
2013-2014 оқу жылы
Оқу үрдісіндегі кітапхананың қызмет көрсетуі

терезесі тең ететін күш- білім мен білімді ұрпақ. Қазіргі таңда жан- жақты
білім мен тәрбие берер еліміздегі бірден –бір руханият ордасы- кітапхана.
Оқушылардың рухани қазына кітапқа деген талап- тілегі мен сұранысын
қанағаттандыруды күннен – күнге жақсарта беру- уақыт талабы. Жас ұрпақты
тәрбиелеуде кітапхананың орны ерекше. Бүгінгі шәкірттер- ертеңгі ел
тұтқасы. Болашақ мамандардың көзі ашық, көкірегі ояу, заман талабына сай
тұлға болып қалыптасуына тигізер әсері мол. Өйткені, тәрбие мен тәлім егіз
ұғым десек, тәрбие мен білім берудің жаңа жолын кітапханадан табамыз.

дәрежесінің дамуына әсер ететін бірден-бір әлуметтік орын. Кітап мұхитында
бағыт табуға, рухани тәрбие мен патриоттық тәрбиеден өмірлік азық алуға
көмектесетін кітапхана мен кітапханашы.Жас ұрпақтың бойында патриоттық,
отансүйгіштік, адамгершілік, әділдік бауырмалдық қасиеттерді қалыптастыруда
кітапхананың маңызы орасан зор.
Кітапхана мектептің екінші қабатында 125,15кв.м көлемі
кабинетінде орналасқан.
Мектеп кітапханасында жалпы кітап қоры - 19091 дана
Көркем әдебиет- 7564д
Оқулық- 11314 д
Әдістемелік әдебиет саны-1500д
Электронды оқулық- 89 д
Газет –журнал – 13 д

| |Оқу жылы |Жалпы кітап қоры |оқулық |
| |2012-2013 |20413 |11937 |
| |2013-2014 |20047 |12387 |
| |2014-2015 |19091 |11314 |
2014-2015 оқу жылындағы әдеби кітаптардың
оқылуының өсу деңгейі
Оқушыларды оқулықпен қамту
|№ |сыныптар |1 |2 |3 |
|Оқырмандар |812 |800 |812 | |
|Саны | | | | |
|Кітапханаға |7300 |7274 |7300 | |
|келуі | | | | |
| Кітап берілімі|14600 |14500 |14600 | |
Әдістемелік және оқулықпен қамтылуы
|Оқу жылы |2011-2012 |2012-2013 |2013-2014 |2014-2015 |
|1-4 сынып |93 % |100% |100% |95 |
|5-9 сынып |89% |88% |62% |90 |
|10-11сынып |92% |100% |100% |95 |
Кітапхана қоры
|Оқу жылы |2011-2012 |2012-2013 |2013-2014 | |
|Кітапхана жалпы қоры |19538 |18713 |20047 | |
|Оқулықтар, әдістемелік|13070 |11937 |12387 | |
|құралдар | | | | |
|Көркем әдебиет |7274 |7491 |7564 | |
|Электронды оқулық |49 |61 |83 | |
|Газет- журнал |12 |12 |13 | |
Әр балаға шаққанда кітап қоры 2013-2014 оқу жылында 14
кітаптан келеді
Оқушылардың оқулықпен қамтылуы мектеп қорынан берілген
оқулық пен ата-аналардың сатып алынған оқулықтарын есепке алу
|Оқу жылдары |Мектеп |Ата-ана алған |Жалпы қ Жалпы қамтылуы |
| |тарапынан |оқулықтар | |
|2011-2012 |92 |8 |100 |
|2012-2013 |85 |15 |100 |
|2013-2014 |90 |10 |100 |

2. Кітапхананың жылдық айлық жоспарлары

кестелерҰстаздарға арналған әдістемелік , ғылыми-танымдық оқулықтарды

Қазан айында жыл сайын 1- сынып оқушылары кітапханамен
танысады.Балалар «Ақылды кітапқа қонаққа бару»атты кітаптар әлемімен
кездеседі. Жалпы шолу жасалынып, ертегі кітаптармен таныстырылады.
Тәуелсіздік алғалы бергі жеке мемлекет ретінде күнтізбеміздің парағына «1-
желтоқсан Тұңғыш Президент күні» деген жаңа мереке жазылды. Қазақстан

бетінен бір қайтпай, елінің егемендігі мен ұлтының бақытын жырлаудан
тайынбай өткені баршаға мәлім. Мағжан Жұмабаев елін ездіктен ерлікке,
қараңғылықтан білімнің биік шыңына шақырып, артына өлмес мұра қалдырды.
Осының айғағы ретінде «Жұлдыздай аққан жыр ғұмыр» атты көрме қойылды.

«Ауданымыздың ақын- жазушылары» кітап көрме. Дарабоз ақын Мұқағали
Мақатаевтың туған күніне орай «Поэзия әлемі» кітап көрме, «Мұқағали- қазақ
поэзиясының Хантәңірі» атты әдеби сазды кеш өтті. «Алатаудың әйгілі
Жамбылымын,Өлең сөздің дария даңғылымын», деп теңіздей терең де, тұнық,
бұлақтай сұлуда мөлдір жырлары ғасыр көшіне ілестірген жыр алыбы Жамбыл
бабамыздың сарқылмас қазынадай бай мұрасы өмір керуенінен бір сәтте қалып
көрген емес. Осыған орай кітапханада «Жамбыл- менің жай атым, халқым менің
шын атым» атты әдеби кеш өтеді, «Жыр бұлағы- Жамбыл» кітап көрмесі

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz