Бейінді оқытудағы Практикалық қазақ тілі курсының білім сапасына ықпалы

Тақырыбы
Бейінді оқытуда «Практикалық қазақ тілі» курсының білім сапасына ықпалы
Курстың мақсаты:
Тіл білімінің салаларын жүйелі меңгере отырып, оны практикада қолдана білетін коммуникативті біліктілігі дамыған тұлға даярлауға мүмкіндік туғызу
Курстың міндеттері:
- оқушының лингвистикалық дүниетанымын жетілдіру;
- таңдаған бағыты бойынша өз даму деңгейіне шығуына қолайлы жағдай туғызу;
- базалық білімді түрлі жағдайда жан-жақты қолдануға мүмкіндік жасау;
- теориялық білімді шығармашылық- жобалаушылық әрекетпен ұштастыра білуге дағдыландыру.
Болжам:
Егер ана тілінің қызметін жүйелі меңгеріп, сөздердің орнын, қызметін білсе, онда
Күтілетін нәтиже:
- әлеуметтік ортада білімді өздігінен табуы, жаңа танымдық-практикалық міндеттерді осы білім арқылы шеше білетін;
- түрлі жағдаяттардың барлық түрлерінен, оның ішінде эвристикалық, ізденушілік әдістерге негізделген шығармашылық әрекеттерді шешуге, өмірлік қажеттіліктерін қанағаттандыру мәселесіне байланысты сұрақтардың жауабын табуға мүмкіндік алады.
Пререквизит:
Курсты жеткілікті дәрежеде игеру үшін оқушыларда тіл білімінің тараулары бойынша толық теориялық мағлұмат болу қажет.
Постреквизит:
« Практикалық қазақ тілі» курсы арқылы тіл білімінің салаларын практикалық тұрғыдан сатылай талдайды, пәнішілік / әдебиет, тарих, музыка, бейнелеу өнері/ байланыс арқылы бекітеді.
Оқушыда қалыптасатын негізгі құзыреттіліктер
- Ақпараттық құзыреттілік
- Коммуникативтік құзыреттілік
- Проблеманы шеше білу құзыреттілігі
Курс бойынша тапсырмаларды орындау және өткізу тәртібі
Білімді бағалау саясаты
Оқушылардың курс бойынша оқу жетістіктері пайыздық көрсеткіші арқылы бағаланып, оның деңгейлері төмендегідей анықталады:
Оқушыны қорытынды бағалау
Межелік бақылау-40%
Қорытынды жоба -60%
Қ % =( М 1 +М 2 +М 3 ) /3*0, 4+ҚЖ*0, 6
М 1 , М 2, М 3 - межелік бақылаулардың пайыздық көрсеткіші