Файл қосу

Химиялық марафон (8 а , 9 а - сыныптар)

Батыс Қазақстан облысы
Зеленов ауданы
Макаров жалпы орта білім беретін мектебі

Тақырыбы: «Химиялық марафон»
(8 «а», 9 «а» - сыныптар)

Дайындаған: ІІ санатты химия пәні мұғалімі
А.У. Сергазиева

2015 – 2016 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: «Химиялық марафон»

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру бөлімі. Оқушылармен амандасу. Оқушылардың назарларын аудару.

Видеоролик көрсетіледі

Сайыстың бөлімдері
1-бөлім. «Кім жылдам?»
2-бөлім. «Не? Қайда? Қашан?»
3-бөлім. “Жұмбақтар аралы”
4-бөлім.“Есептер сыры”
5-бөлім.“Химиялық потрет”

1-бөлім. «Кім жылдам?»
Ережесі: 1 минут ішінде лездік сұрақтар қойылады. Дұрыс жауапқа бір балл)

8-сыныпқа қойылатын сұрақтар
1.Заттар дегеніміз (денелерді құраушылар)
2.Химия пәні нені оқытады? (заттарды, олардың қасиеттерін, басқа заттарға
айналып түрленуін оқытады)
3.Екі немесе одан да көп заттардан тұрады. Ол қалай аталады және қанша түрі
бар? (қоспа деп аталады. Екі түрі бар: әртекті және біртекті қоспа)
4.Сүзу әдісімен бөлінген ерітіндіні қалай атайды? (сүзінді)
5.Химиялық реакцияның қандай белгілерін білесің? Атаңыз. (жылудың бөлінуі,
тұнбаның түсуі, газдың бөлінуі, т.б)
6.Заттың құрамы мен қасиетін сақтайтын ең кіші бөлшегі (молекула)
7.Берилий, мырыш, кальций, магний валенттіліктері (тұрақты екі валентті)
8.Химиядағы басты ұғым (химиялық элемент)
9.Формуланың алдына қойылатын сан (коэффициент)
10.Химиялық реакция типтерін атаңыз (қосылу, айырылу, орынбасу, алмасу)
11.Авогадро тұрақтысының мәні (6,02*1023)
12.Заттардың өзара әрекеттесетінін көрсететін таңба («+» қосу таңбасы)
13.Алмасу реакцияна қандай заттар қатысады? (екі күрделі)
14.Зат мөлшерінің белгіленуі, немен өлшенеді? (ню, мольмен өлшенеді)
15.Қосылу реакциясы дегеніміз (екі немесе бірнеше заттар өзара әрекеттесіп,
бір күрделі заттың түзілуін айтады)

9-сыныпқа қойылатын сұрақтар
1.Реагенттер дегеніміз (әрекеттесуші заттар)
2.Әрбір газ қанша көлем алады (22,4 л/моль)
3.Заттың химиялық жолмен бөлінбейтін ең ұсақ бөлшегі (атом)
4.Газ заңдарын атаңыз (Авогадро заңы мен газдың молярлық көлемі)
5.Орынбасу реакциясына қандай заттар қатысады? (жай және күрделі заттар)
6.Химиялық элементтердің оризонтал қатары (период)
7.Қышқылдар оттек атомына байланысты қалай жіктеледі? (Оттекті және
оттексіз)
8.Металл атомы мен гидроксо тобынан тұратын қосылыс қалай аталады?
(негіздер)
9.Бейэлектролиттерде болатын химиялық байланыс (коваленттік полюссіз
байланыс)
10.Латынша диссоциация ұғымы нені білдіреді? (ыдырау)
11.Диссоциациялану дәрежесі 3% бен 30% аралығында болатын электролиттер
(орташа)
12.Сулы ерітіндіде дисссоциацияланғанда анион ретінде ОН иондарын түзетін
қосылыс (негіздер)
13.Иондық реакциялар қандай жағдайда толығымен жүреді? (тұнба түзілсе, газ
бөлінсе, су түзілсе)
14.Литий, натрий, күміс валенттілігі (бір валентті)
15.Суда еритін негіздер қалай аталады? (сілтілер)

2-бөлім. «Не? Қайда? Қашан?»
Ережесі: Оқушылар тарапынан таңдау арқылы тапсырмалар шығады. Сол
тапсырмаларға жауап беру қажет.
Тапсырмалары:
1.Периодтық заңды кім және қашан ашты? (1869 жыл, Менделеев)
2.Валенттілік дегеніміз не? (химиялық элемент атомының басқа химиялық
элемент атомдарының белгілі бір санын қосып алу қабілеті)
3.Химиялық реакция типтерінің қанша түрі бар? (төрт)
4.Темірдің валенттіліктері қанша? (2, 3)
5.Химиялық әрекеттесуге кіріскен заттардың массасы одан түзілетін заттардың
массасына тең қандай заң тұжырымдамасы? (заттар массасының сақталу заңы)
6.Атом-молекулалық ілімнің қанша қағидалары бар? (жеті)
7.Алюминийдің атомдық массасы қандай? (27)
8.Құрам тұрақтылық заңының кім және қашан ашты? (ХІХ ғасырда, француз
ғалымы Ж.Пруст)
9.Заттар масасының сақталу заңын қашан және кім ашты? (1748 жылы М.В.
Ломоносов)
10.Ауаның құрамында оттектің массалық үлесі қандай? (21 пайыз)
11.Химиялық реакция теңдеуі деген не? (химиялық реакцияны химиялық таңбалар
және формулалар арқылы шартты түрде жазу)
12.Авогадро заңының мәні қандай? (6,02*1023)

3-бөлім. “Жұмбақ аралы”
Ережесі: химиялық элементерге қатысты жасырылған жұмбақтардың жауабын
қазақша оқылуын айтасыздар. Әр сұраққа 10 балмен есептеледі. Толық болмаса
5 балмен есептеледі.

8 сынып
1.Күміс түсті металл өзі
Ақ бор, әктас, мәрмәр еді
Жер металы десек те
Сан құрылыстың өзегі (кальций, кальций)

9-сынып
2.Жануарда да адамда да болатын
Талай снаряд, бомбаларды ж аратын.
Полиграфияда да сенім артып,
Жапырақта хлорофилді түзетін (магний, магний)

8-сынып
3.Күмістей түсі жылтыр, өзі сұйық,
Буланбас, қайнатсаң да отынды үйіп.
Көрсететін суықты, жылуды анық
Қандай зат құрал жасар соны құйып (сынап, гидраргирум)

9-сынып
4. Тағады оны төсіне
Алтыннан басқа алдына
Салмақты та сабырлы
Теңеу айтып оған да (күміс, аргентум)
8-сынып
5. Иісі, дәмі де жоқ ұсталмайды,
Ол болмаса тіршілік өмірде жоқ.
Ол болмаса, отын да тұтанбайды,
Қалады қарауытып көмір боп шоқ (оттек, о)
9-сынып
6.Алғаш болды белгілі
Күнде қандай элемент?
Одан кейін біз оны
Жерден зерттеп тауып ек? (гелий, гелий)
8-сынып

7. Қолданамын электр желісінде
Осы менің негізгі ж еңісім де
Ж арқыратып үй – үйге ж арық берем
Бағалымын адамға сол үшін де (алюминий)
9-сынып
8.Өзі сұйық, иісі де жағымсыз,
Ғалымдар да сондықтан
Сасық деген ат беріп,
Қолданады дәріге (бром, бром)
8-сынып
9. Өзім газбын, жоқ болсам ауа жетпей қиналасың (оттегі)

9-сынып
10. Су бетінде қалықтап қандай металл жүзеді
айтшы ойланып денеңде жетпейтін қандай тұз еді? (натрий, ас тұзы)

4-бөлім. «Есептер сыры»

8-сынып: Берілген реакция теңдеуіне сай: 4Fe + 3O2 = 2Fe2O3 5,6 гр темір
әрекеттескенде шығатын темірдің оттекті қосылысының массасын және зат
мөлшерін есепте
Массасы 12,25 г бертолле тұзы (KClO3) айыйрылғанда бөлінетін оттектің зат
мөлшерін есепте

9-сынып: Массасы 620 гр натрий оксиді сумен әрекеттескенде сілтінің қандай
массасы және қанша мөлшері түзіледі?
Массасы 12,6 гр азот қышқылын бейтараптау үшін мыс (ІІ) гидоксидінің қанша
массасы және мөлшері қанша екенін есепте

5-бөлім. «Химиялық потрет» тапсырмалары

9-сынып.
Швед ғалымы, Нобель сыйлығының лауреаты, 1887 жылы электролиттік
диссоциациялану теориясының негізгі қағидаларын ұсынған ғалым кім? (Сванте
Аррениус)

8-сынып.
Орыс химигі, Петербург Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі (1876).
1834 ж. 27-қаңтарда Ресейдің Тобольск қаласында дүниеге келген. Химиялық
элементтерді ретке келтіріп 35 жасында өзінің атақты ғылыми жаңалығын паш
еткен, математика мен физиканың әдістерін химияның күрделі мәселелерін
шешуге қолданған орыстың ұлы ғалымы, педагог және қоғам қайраткері (Д.И.
Менделеев)
9-сынып
Радиоактивтілік және атом құрылысы жөніндегі ілімнің негізін салушы. Оның
негізгі ғылыми жұмыстары атом ядросын зерттеуге арналған. Ол 1911 жылы атом
құрылысының Күн жүйесіне ұқсайтын планетарлық моделін ұсынған ағылшын
физигі (Эрнест Резерфорд)

8-сынып.
Шығармашылық қызметі өзінің қызығушылық өрісінің кеңдігімен және табиғат
сырларына терең енуімен ерекшеленеді. Оның зерттеулері математика, физика,
химия, Жер туралы ілім, астрономия салаларына жатады. Бұл зерттеулердің
нәтижелері қазіргі заманғы жаратылыстанудың негізін салды. 1748 жылы атом-
молекулалық ілімінің негізін жариялаған және де химиялық реакция кезіндегі
массаның сақталу заңын ұсынған орыстың ұлы ғалымы, жаратылыстанушы,
суретші, тарихшы (М.В. Ломоносов)

9-сынып
Француз ғалымы 1755-1826 жылы заттың массалық құрамын анықтаумен айналысты.
Химияның жеке ғылым ретінде дамуына құрам тұрақтылық заңын ашуға өз ықпалын
тигізді. (Ж.Пруст)
8-сынып
1811 жылы жай газдардың молекуласы бiр немесе бiрнеше атомдардан тұрады
деген жорамал жасап, осы жорамал негiзiнде ол негiзгi идеал газ заңдарының
бiрiнiң айтылуын (өрнектелуiн), атомдық және молекулалық массаны анықтау
әдiсiн анықтады. Ол өз есiмiмен универсалдық тұрақты сан (6,02*1023) –
идеал газдың 1 молiндегi молекулалар саны деп атаған итальян физигi және
химигі (Амедео Авогадро)

Ұқсас жұмыстар
Ауылдың гүлденуі - Қазақстанның гүлденуі атты жастардың марафон эстафетасының ашылу рәсімі
Әдемі боя
Алюминий атом ядросында
«жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» танымдық сайыс
Интерактивті тақтамен берілетін сабақтардың бағалау сынамалары
Жас эрудит байқауның ІІІ орын иегері
Топтың өнері
Білімділер мен білгірлер
Көрмені қызықтаушы оқушылар
Атом орбитальдарының гибридтенуі(sp, sp2, sp3), молекулалар геометриясы, зат қасиеттерінің молекулаларының химиялық, электрондық және кеңістік құрылысына, атомдардың өзара әсеріне, кристалдық торы мен химиялық байланыс типіне тәуелділігі
Пәндер