PISA және ХХІ ғасыр құзыреттіліктері: мұғалімдердің кәсіби дамуы мен көшбасшылығы

PISA - Оқушылардың білімі мен біліктілігін бағалаудың халықаралық бағдарламасы.

PISA Қазіргі әлемде болып жатқан қарқынды өзгерістер әлемдік білім беру жүйесін қайта қарау қажет екендігін паш етті. Қарқынды өзгеріп жатқан әлемде білім саласындағы саясаткерлер үшін де, жалпы мектептер үшін де, соның ішінде мұғалімдер үшін де ең басты, маңызды мәселе болып отырғаны: «ХХІ ғасырда нені оқыту керек?» және де екіншісі- ол да маңызы жағынан біріншіден еш кем емес: «Мұғалімдер оқушыларды ХХІ ғасырға қалай дайындайды?»

Білім-тоқтаусыз, толассыз үрдіс. Қазіргі таңда әлемнің көптеген алдыңғы қатарлы елдерінде білім беру саласында енгізілген реформалар жемісті нәтижесін беріп келетінін көріп-танысып жүрміз. «Ел болам десең- бесігіңді түзе» демей ме дана халқым. Міне, сондықтан Қазақстанның әлемдік қоғамдастыққа ықпалдасуы үшін білім беру саласының алдында шетелдік тәжірибелерді зерделеп енгізу талабы туындап отыр.

PISA - (Programme for International Student Assessment) . Оқушылардың білімі мен біліктілігін бағалаудың халықаралық бағдарламасы. PISA негізінде - бұл өмірде кездесетін ситуацияларды шешуге қатысты пәндік білімін, біліктілігін, дағдысын жинақтап көрсетуге бейімділігі. Бұл 15 жастағы оқушының құзырлылығының даму деңгейін анықтауға арналған диагностикалық құрал. Бұл оқытудың басты бағыты ойлауды дамыту, сол арқылы оқушылардың танымдық көкжиегін кеңейтуге жағдай туғызу болып табылады.

Ең алдымен, ұлттық құндылықтармен ықпалдастырылған сабақтарды жоспарлауға болатынын бізге үйретті. Осы оқу барысында біз, оқытып жатқан оқушыларды өзіндік ойлауға, өзіндік шешім қабылдауға, ойын батыл түрде жеткізуге үйретіп отырмыз. Курс барысына біз сонымен қатар, шығармашылық орта құра отырып, тұлғаның дамуына кедергі келтіретін проблемаларды анықтауға және осы проблеманы шешу бағытында тұлғаның дамуына өзгеріс енгізуге көшбасшылық жасауға үйрендік.

Заман талабына сай, көшбасшы мұғалімдер желілік қоғамдастық аясында бірлесіп тәжірибе алмасуға, өздерімізді толғандырып жүрген мәселелер төңірегінде пікір алмасу арқылы білім саласын дамытуға үлесімізді қосуға тиіс екенімізге көзіміз жетті.

Осы курстың менің кәсіби дамуыма, оқыту жүйесіне жаңа көзқараспен қарап, өзімнің болашақ бағытымды айқындауыма көмегі зор болды деп ойлаймын.

Әр уақытта білімді алға қоюшы ұстаз үлкен көрсеткішке қол жеткізу жолында талмай талаптанып, шаршамай еңбектенеді. Елді өсіретін де, төмен түсіретін де - білім. Сондықтан да барлық жаңашыл әдіс-амалдарды тиімді пайдалана білу біздің үлесімізде екенін ұмытпаған жөн.

Есенаманова Жанат Байжановна

Қаратөбе ауданы, Қаратөбе ауылы, Мұхит атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің математика пәні мұғалімі


Ұқсас жұмыстар
Құрық орта мектеп-гимназиясында ХХІ ғасыр мектебін қалыптастыру: жаңашылдық пен педагогтардың кәсіби дамуы
Кембридж тәсілі бойынша мұғалімдердің кәсіби дамуы: сыни ойлау, диалогтық оқыту және көшбасшылық
Lesson Study әдісі: мұғалімдердің кәсіби дамуы мен сыныптық іс-әрекеттегі зерттеу
Колледж педагогикасын жаңарту: инновациялық оқыту технологиялары және мұғалімдердің кәсіби дамуы
Мұғалімдердің кәсіби дамуы: топтық жұмысты ұйымдастыру және сыныптағы ынтымақтастық атмосферасын құруға арналған коучинг
Мұғалім көшбасшылығы және коучинг-тәлімгерлік арқылы мектептегі кәсіби даму мен оқу сапасын арттыру
Тәжірибедегі рефлексия бағдарламасы аясындағы мұғалімдердің кәсіби дамуы және Үздік тәлім алушы сайысының қорытындысы
Білім мен тәрбие егіз: XXI ғасыр мұғалімінің кәсіби дамуы мен көшбасшылық стратегиялары
Оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдер: ХХІ ғасыр мұғалімінің кәсіби өзгерісін дамытуға арналған коучинг-семинар
Коучинг пен тәлімгерлік: 7 модульді бағдарлама негізінде мұғалімдердің кәсіби дамуы (С. Мәуленов атындағы гимназия тәжірибесі)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz