Ермексазбен мүсіндеу бойынша ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық карталары: қоянға сәбіз және отбасына тәтті тоқаш

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.

3. 11. 17 ж.

Білім беру саласы: Таным.

Бөлімі: Мүсіндеу.

Тақырыбы: Қоянға арналған сәбіз.

Мақсаты: Ермексазбен қарапайым заттарды біріктіру үйрету. Сәбізді мүсіндеуді үйрету. Денсаулығын күтуге тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар және құрал-жабдықтар: ермексаз, ермексаз кесуге арналған құрал, тақтайша, үлестірмелі материалдар, ойыншық қоян.

Сөздік жұмыс: ұзын құлақты, бадырақ көзді.

Билингвальді компонент: қоян-заяц, сәбіз-морковь.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері: Мотивациялық қозғаушылық
Тәрбиешінің іс-әрекеті:

-Балалар, бүгінгі біздің сабағымызға қонақ келеді.

Ұзын құлақты, бадырақ көзді. Ойлы -қырлы жерлермен ытқып-ытқып жүгіретін, ең сүйікті асы -сәбіз. Ол не?

-Дұрыс айтасындар, ол-қорқақ қоян. Ал бәріміз оны ортаға шақырайық.

Сөздік жұмыс: ұзын құлақты, бадырақ көзді.

Балалардың іс-әрекеті:

Қызығушылығын туғызу.

-Ол қоян.

« Ұзын құлақты, бадырақ көзді» сөздерін қайталайды. .

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері:

Ұйымдастыру

шылық ізденістіктер

Тәрбиешінің іс-әрекеті:

Хормен: «Қоян, ортаға кел».

Ғажайып сәт:

Біраз уақыттан кейін қоян келіп кіреді.

Қоян:

-Сәлеметсіңдер ме, балалар.

-Балалар, оны сипап көріңдерші, оның тоны қандай?

-Ол несімен ерекше?

-Оның құлағы қандай?

-Ал мынау несі?

-Оның құйрығы қандай?

-Дұрыс айтасындар. Қоянның құлағы ұзын, ал құйрығы қысқа болады екен. Қоян тағы не істей алады?

-Ендеше қалай секіретінін көрсетіңдерші. Қолымызбен құлақ жасаймыз, бәріміз бірге секіреміз.

Сергіту сәті.

Ұзын құлақ сұр қоян.

Естіп қалып сыбдырды.

Ойлы-қырлы жерлермен,

Ытқып-ытқып жүгірді.

-Мұнда қоян не жасырып қойды екен?Себеттің ішінде не бар екенін көрейік.

Тәрбиеші себеттің ішінен көкеністерді біртіндеп шығарып, балаларға түсіндіреді.

-Бұл не?

-Ол үлкен доп тәрізді көлемде, жасыл, көп қабатты.

-Ал мынау не?

-Ол кішкене көлемді, дөңгелек, қызыл түсті.

-Ал мынау не?

-Бұл үлкен, ұзын, қызыл сары түсті.

-Ал мына көкеніс қалай аталады?Оны қоян бізге сыйға әкелген.

Тәрбиеші жұмысты орындаудың ретін түсіндіреді; ермексазды алақанға салып, сәбіз көлеміне келтіріп есеміз, бас жағын жуандау етіп, төменгі жағын жіңішкертеміз.

-Қараңдаршы, сәбізге ұқсады ма?

-Енді сендер алдарыңда тұрған ермексазды алып, өздерің сәбіз сомдап көріңдер.

Балалардың іс-әрекеті:

-Сәлеметсің бе, қоян!

-

-Жұмсақ әрі әдемі.

-Құлағымен.

-Ұзын.

-Құйрығы.

-Қысқа.

-Секіре алады.

Балалар қимыл жасайды.

Орманның ішінен себет тауып алады. Себеттің іші көкеніске толы; сәбіз, қызанақ.

-Қырыққабат.

-Қызанақ.

-Сәбіз.

-Сәбіз әкелді.

-Қызанақ әкелді.

Балалар қарайды.

Тәрбиешіні мұқият тыңдайды.

Балалар ермексазбен жұмыс бастайды.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері:

Рефлексиялық

түзетушілік

Тәрбиешінің іс-әрекеті: -Қоян сендерге рақмет айтып, сау болыңдар деп қоштасуда. Тәрбиеші әр баланың сомдаған сәбізін ата-анаға арналған көрме тақтасына қояды.
Балалардың іс-әрекеті:

Балалар өздеріне ұнайтын көкеністерді, сабақта не ұнағанын айтады.

-Сау бол, қоян!

Күтілетін нәтиже:

Біледі: бала мүсіндеуде ермексаз бөлшектерін алақандарына салып есуді.

Түсінеді: қоянның дене мүшелерін (көзі, құлақ, құйрығы, аяғы) таниды, қоян сәбізбен қырыққабатты жақсы көретінін.

Қолданады: ермексаздан шымшып үзіп алып, алақанмен дөңгелетіп, жоғары жағын -жуан, төмен жағын жіңішкелеп мүсідеу амалдарын.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.

06. 10. 17 ж.

Білім беру саласы: Шығармашылық.

Бөлімі: Мүсіндеу.

Тақырыбы: Отбасыма арнап тәтті тоқаш пісіремін.

Мақсаты: Балаларды қамырмен жұмыс жасауға үйрету, балалардың ой-өрісін арттыру мақсатында, ермексаздың бөлігін алақан арасына домалату және саусақпен жай ғана басуды үйрету. Бауырмалдыққа баулу.

Қолданылатын көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар: үлестірмелі матералдар, ұшақ суреті, гүлдің дайын пішіні.

Қос тілді компонент: гүл- цветок.


Ұқсас жұмыстар
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық карталары: Мүсіндеу - Біздің аю және Тіл дамыту - Қыс (Абай Құнанбаев)
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы: Сурет салу - Шырша шамдары
Мектепалды даярлық тобы үшін ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық карталары
Сабақ жоспары: Үй жануарларын ермексазбен мүсіндеу
Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы: Нан дастарханға қалай келеді
Ашық ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы - Экология негіздері: Күзге алғыс айтайық
Жануар мүсіні: көлемді композиция және ермексазбен мүсіндеу әдістері
Кішкентай бағбан: ауылдағы адам еңбегі туралы ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Мектепке дейінгі даярлық тобының Валеология мен Экология бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің технологиялық карталары және Қоңыр күз ертеңгілігі
Мектепалды даярлық тобына арналған С дыбысы мен әрпі бойынша ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz