Бастауыш математикадан қайталау сабағы: мақсаттар мен сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы: Қайталау.

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Оқушылардың өткен сабақтары бойынша алған білімдерін тексеру.

2. Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, есте сақтау, іскерлік дағдыларын, пәнге деген қызығушылығын арттыру. Топпен жұмыс істей білуге дағдыландыру.

3. Тәрбиелілік: Оқушыларды ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, еңбекқорлыққа, тапқырлыққа, алғырлыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: Қайталау сабағы

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, көрнекілік,

Көрнекілігі: интерактивті тақта, топтамалар.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Білімдерін жан-жақты тексеру.

ІV. Сергіту сәті

V. Сабақты бекіту.

VI. Үйге тапсырма.

VII. Қорытынды

І. Ұйымдастыру кезеңі

а) сәлемдесу

ә) түгендеу

б) сабаққа даярлау

в) керекті құрал-жабдықтарын түгендеу

г) зейінін сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

52 бет №5

Дәптерден тексеру

Балалар бүгінгі сабақта осы уақытқа дейін не үйрендік, білген білімімізді еске түсіріп, қайталап өтейік.

Енді сендерге біраз сұрақ қойғым келіп тұр.

- Санды немен белгілейміз?
- Аптада неше күн бар?
- Қосудың компоненттерін ата.
- Заттарды біріктіргенде қандай амал қолданамыз?
- Заттарды бөліп алғанда қандай амал қолданамыз?

1 дм неше см бар?

ІІІ. Білімдерін жан-жақты тексеру.

1 тапсырма

Сандар қатарын табу

5 6 0 4 1 9 7 2 8 3 10

2 тапсырма

Сандардың құрамы

3 тапсырма

Салыстыру

4<7 5>3 10>4 7>6

8<5 1<6 5<7 3<9

3<9 8>2 9>4 5>0

10>6 1<7 0<2 4<10

2<4 10>9 6>1 8>2

2<3

4 тапсырма

«Қатесін тап» ойыны

Сергіту сәті

Қызықты математика

1. Он асықтың үшеуін

Досың сұрап алады.

Айтшы сонда нешеуі.

Өз қолында қалады?

Шешуі: 10-3=7

2. Аулада 5 үйрек,

Қорада 3 үйрек.

1 үйрек тығылды,

1 үйрек жығылды.

Қалғаны нешеу үйрек?

Шешуі: 5+3= 8

8 -1 -1=6

3. Тал басында 1 ара

Қонушы еді күнара.

Бүгін 5 туысын

Ертіп келді бұл ара . /барлығы қанша ара ?

Шешуі: 1+5=6

5 тапсырма

Тиісті санды таңда :

3+5> 3+5 * 3+ 5см-2см < см

4-3< 4-3 * - 1 см * 3см+4см

Дәптермен жұмыс

53 бет

6 тапсырма

«Жасырынған санды тап» ойыны

4 6 . . . 1 3 . . .

0 3 . . . 4 7 . . .

2 4 . . . 3 5 . . .

1 4 . . . 2 5 . . .

7 тапсырма

Геометриялық фигураларды ата:

8 тапсырма

«Математикалық тізбектер»

9 тапсырма

Математика сөзін топтастыру

Математика

Келесі тапсырмамыз семантикалық картаны пайдалана отырып, осы уақытқа дейін не үйренгендеріңді тиісті белгіні қою арқылы көрсетіңдер.

10 тапсырма

Семантикалық карта

ІҮ. Сабақты бекіту.

Ү. Үйге тапсырма. №4, 53 бет.

Оқушыларды бағалау.


Ұқсас жұмыстар
Математикадан қайталау сабағы: ойын түріндегі ашық сабақ жоспары
Математикадан ҰБТ-ға қорытынды дайындық: мақсаттар, ұйымдастыру және әдістемелік тәсілдер
Гидросфера тарауын қайталау сабағы: мақсаттар мен тапсырмалар
Биосфера тарауын қайталау сабағы: мақсаттар, әдістер және бағалау
Математикадан қайталау: есептеу мен салыстыру дағдыларын дамытуға арналған жарыс сабақ
Бастауыш математикадан ашық сабақ: 6 санын қосу және азайтуды пысықтау
Математикадан 2-б сыныпқа арналған ашық сабақ: Теңдеуді қайталау (09.12.2015)
Бастауыш сыныпқа арналған өткен шақты қайталау сабақ жоспары
Бастауыш сыныпқа арналған Сөз таптарын қайталау сабақ жоспары
Бастауыш сыныпқа арналған сын есімдерді қайталау сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz